2. Философия және дүниетаным. Дүниенің ғылыми, философиялық, діни бейнелері. Мифология, дін және философия. Қоғам дамуындағы мифтің рөлі. Философия – білім мен рухани қызметтің ерекше түрі.
3.Шығыс философиясы (Қытай,Үнді)
4.Антикалық философияның кезеңдері : сократка дейінгі кезең,классикалық кезеңі (немесе сократтан кейінгі),эллинистік кезең
Философия
Философия -әлемдік өркениеттің ажырамас бөлігі ,баршаға ортақ рухани жемісі.Ол үнемі дамып, адамзат ақыл-ойының жетістіктерімен толықтырылып отыратын ғылым.
Философия- бұл адам болмысының іргелі принциптері мен негіздері туралы,білімдер жүйесін талдайтын дүниетанудың айырықша формасы.
Философия ең маңызды ,дүниеге басқа көзқараспен қарауға үйретеді дүниені тану арқылы өзіңді –өзің тануға және өз өміріңді өзгеруге септігін тигізеді.
Философия жалпы адамзаттық ілім,адамзаттың рухани табысы.
Философия жалпы теориялық ілім,ол обьективті шындықтың жалпы заңдылықтарын зерттеп , теориялық қорытынды жасайды.
Философия –адамзат білімінің, рухани мәдениеттің ең көне де, ең қызықты салаларының бірі.Оның өз тарихында 25 ғасырдай ғұмыры бар. Философия ежелгі Шығыс (Үндістан,Қытай) елдерінде пайда болып, өзінің классикалық даму жолын Грецияда өркендей түсті. «Философ» сөзін алғаш қолданған ежелгі гректік математик ойшылы Пифагор (б.з.д.580-500 жж. шамасында) болса,ал оны ғылыми тұрғыдан негіздеген Платон болды.Дәлме-дәл мағынасында «философия» сөзі (грекше phileo- құштармын және sophia- даналық) «даналыққа құштарлық» дегенді білдіреді.