Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
№ 125 С.Сапарбеков атындағы орта мектеп кітапханашысы Алима Мырзаханова,
тарих пәні мұғалімі Гүлжазира Жалғасбекова
Ауған соғының қасіреті
Мақсаты: Еліміздің ауған соғысы ардагерінің мерекелерін атап өту қарсаңында «ауған ақиқатында» және де «Кешегі ауған соғысының бүгінгі саяси салдары» тарихына шолу жасау
Оқушыларымызды ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін насихаттау
Отанды, елін сүю, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу
Ұлттық сана, ұлттық болмысымызды қалыптастыру, әсіресе ұлттық намыс, ұлттық рух қасиеттерін қалыптастыру, дағдыландыру
Күтілетін нәтиже:
-Ауған соғысы туралы толық мағлұмат алады,
- Оқушылардың бойында отанға деген патриоттық сезімдері қалыптасады,
-Ауған жерінде Кеңес Одағы армиясының құрамында болған Қызылордалықтар туралы мәліметтер алады.
Көрнекілігі: презентация, бейнеролик, кітап көрмесі «Туады ерлер елі үшін »
Формасы: Тақырыптық кездесу кеші
Барысы:
1Жүргізуші:
Батырлыққа уызынан жаралған,
Ер төркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халықта
Кім айта алар
Болмаған, деп- Әнұран ?!
(Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады)
2 Жүргізуші:
Жалт ете қап оқ жаудан ұшқан,
Сен құлаған көлбетіп таулы алыстан.
Елестейсің көзіме қасірет боп,
Қайғым да сен мәңгілік – Ауғаныстан!
Армысыздар қымбатты ұстаздар, оқушылар және бүгінгі кездесуіміздің аса құрметті қонақтары!Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 27 жыл толуына байланысты «Ауған соғының қасіреті» тақырыбындағы ерлік сағымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер
1Жүргізуші:
Сол Ауғанда талай досты жерледік,
Қырлы шыңға күн түн демей өрледік.
Сұрапылда ерледік те шерледік,
Намыс туын қолдан бірақ бермедік
Ауған жерінде, саясат шытырманы шайқалтқан соғыс өртін басуға қатысқан, қиямет атыс пен шабысты көзімен көріп, ерлік туын жықпай елге аман-есен оралып, жастарға патриоттық тәрбие беруде және батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда. Олай болса,кешке қатысушы қонақтарымызбен таныстырайық: ауған соғысының ардагарлері: Ағманов Ерік ағай, Сейтжаппаров Нұрлан ағай, Әмзеев Манап ағай және аудандық «Жаңақорған тынысы» газетінің бас редакторы Абуов Қаныбек ағайларымыз ортамызда
Хор: «Алға қазақ жігіттері», сөзі мен әні Ержан Серікбаевтікі
«Қазақ елі», ақын Әбілхайыр Сыздықовтың сөзіне жазынған Шарбану
Жиенбаеваның әні
Оқушылардың арнаулары:
1 оқушы:
Армысыздар, ауғандық жауынгерлер,
Жырым бар жараланған жаныңды емдер
Өлгендердің жаннатта болсын жаның,
Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер
Ерлік қылған аталарым аспан асты, ер үсті,
Біз сәндікке кимейміз деп,- шалбан менен бөрікті
Отан –ана алдыңдағы өтеймін деп,- борышты,
Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты
2 оқушы:
Жастығыңмен жауға атылдың оқ болып,
Әндететін кездеріңде ауылында төс керіп.
Жаудың оғы сом мүшеңді төрт бөліп,
Кейбіреулерің кеттің мүлде жоқ болып,
Жау дейміз ау, қолдан жасап жауыңды
Саясаттың сайқалдағы ай уаланған тамырды
3 оқушы:
Жетпесем де шегіне шын арманның,
Қырқылғанша қанатымнан самғармын
Жалын жастан зарын тартқан ауғанның,
Тар жол тайғақ кешіп өткен тарланмын
Айтқан сөзін екі етпеген сардардың,
Дайын тұрар сайыпқыран сарбазбын
Өмір үшін өлімге де, сан бардым,
Ал бармауға намыстандым , арландым
Бұл күндері ортасында жанжалдың,
Ойым дал боп жауап қатпай сандалдым
Отанымды от кешсемде қорғармын
4 оқушы:
Ауғанда сонау жылдар хат келетін,
Қанармен хаттар тола хат келетін
Тыншымай тыпыршыған тола солдат,
Хатты көрсе, топырлап тап беретін
Ауғанда сонау жылдар хат келетін,
Ауылдың ақ сәлемін ап келетін
Күткенде жақсы хабар жолдасының,
Қуантып құлашынан шап беретін
Аңсартып алты айда шақ келетін
5 оқушы:
Жаулардан қарсы келген жасқанбаған,
Жасаған ерлігіне мастанбаған
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
Тарихта ардагерлер асқан баған
Қызықғы балалықтың тарқамаған,
Кезінде әр ауылдан, әр қаладан
Соғыстың бар азабын арқалаған
6 оқушы:
Мен қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен қазақпын тірегімін жерімнің
Ұланымын туын көкке көтерген,
Болашаққа, алға бастап жетелер.
Қиындығын қазағымның әрқашан,
Қайыспайтын қара нардай көтерер.
1-жүргізуші: Ән. «Самға»
Орындайтындар: Шанжархан Әсел, Балғабаев Бақдәулет
2 Жүргізуші: «Ауғанның асуында от кешкендер» тақырыбында баяндама.
Баяндамашы 10 «б» сынып оқушысы Керімбек Аймереке.
Тұтастай алғанда 1979 жылдың 25-ші желтоқсаны мен 1989жылдың 15-ші ақпаны аралығында КСРО-ның 620 мың азаматы Ауғанстан жерінде әскери қызметтен өтті.
Соның ішінде:
Қазақстандықтар саны-22мың 269 жауынгер
Соғыс даласында Қазақстан 761 боздағынан айрылды.
Соғыс мүгедегі-1015 адам
Хабарсыз кеткендер-20 адам
Ал жалпы шығынның 362-сі қазақ халқының перзенті екендігі анықталды.
Қызылорда облысынан-821 адам аттанды.
Соғыс мүгедегі-31 адам
Қаза тапқандар-18 адам
Жаңақорған ауданынан қатысқаны -54 адам
Қайтыс болғаны-1 адам
Нарымбетов Мұхтар Оразбекұлы 1960 жылы 6-шы маусымда Жаңақорған ауданында дүниеге келген.Сол туған жеріндегі №169 орта мектепті бітірісімен ДОСААФ-тың жүргізуші мамандыған бітірді. 1979 жылы әскер қатарына шақыртылып,әскери борышын өтеуге Ауғанстанға жіберіледі.Ол жақта атқыштар құрамасында болады. 1980 жылы 29-шы тамызда Базарак қаласында Мұхтардың ротасы қоршауға түсіп, Мұхтар екі жерден ауыр жараланып қаза болады.Жалындаған жас ғұмырдың жасындай жарқ етіп сөнген қыршын денесі ата-анасының қолына беріліп,сол туған жеріндегі бейттерге жерленеді. Марқұмның соғыстағы көрсеткен ерен ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталады.
1Жүргізуші
Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,
Қабірлері нұрға орансын,суық жерде жылынсын.
Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда біз үшін
Мәңгі бақи тірісіңдер,тірісіңдер,тірісіңдер!
Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут үнсіздікпен еске алуыыңызды сұраймын.
Рахмет отырыңыздар!
1Жүргізуші:
Ағманов Ерік Ахметжанұлы 1962 жылы 26 қаңтарда Жаңақорған ауданында дүниеге келген.1983-1985 жылдар аралығында әскери қызметте болып,Ауғанстан жерінде саперлер ботальонында қызмет атқарған.Жанұялы Қазіргі таңда көлік жүргізушісі болып қызмет атқарады. Ауған жеріндегі қызмет үшін:
«Войну интернационалисту»,
«Воину интернационалисту от благодарного Афганского народа»,
«Ветеран боевых действий»,
«За боевые заслуги» медальдарымен марапатталған.
Сейтжаппаров Нұрлан Алиакбарұлы 1963 жылы дүниеге келген. 1970 жылы №163 орта мектебіне барып,,онда сегіз жыл оқып,СПТУ-187 училищесіне оқуға барады. 1982 жылы әскер қатарына алынап, Термез қаласында жаяу әскер полкінде,наводчик болып қызмет атқарды. 1984 жылы Ауғанстанның Руха деген жерде қызмет бітірді. Отбасылы. 3ұл,1 қыз тәрбиелеуде. Ауған жеріндегі қызмет үшін:
«Войну интернационалисту»,
«Воину интернационалисту от благодарного Афганского народа»,
«Ветеран боевых действий»,
«За боевые заслуги» медальдарымен марапатталған.
Әмзев Манап 1965 жылы 17 қаңтарда Жаңақорған қонысында дүниеге келген.1972 жылы №163 қазақ орта мектебіне барып,1982 жылы бітірді.1983 жылы әскер қатарына шақырылып,Герат провинциясында болды. Отбасылы. Ұл-қыз тәрбиелеуде. Ауған жеріндегі қызмет үшін:
«Войну интернационалисту»,
«Воину интернационалисту от благодарного Афганского народа»,
«Ветеран боевых действий»,
«За боевые заслуги» медальдарымен марапатталған.
2-жүргізуші: Көрініс:
1-жүргізуші:
Ардагерлер
Айтса ертерек көргендері
Табандары таймаған өрден кері
Сыңғырлап сыр шертеді жиындарда,
Кеуде толы жарқырап ордендері.-дей келе сөз кезегін Ауған соғысының ардагерлеріне береміз.
Сыр сұхбат
-
Адам жүрегіне жара,санасына ауыр салмақ түсірген сұм соғысқа өз еркіңізбен бардыңыз ба?
-
Өз тәжірибеңізден қазірге жастар өз елінің патриоты ретінде қандай болу керек деп ойлайсыз?
-
«Ерлік,батырлық,жауынгерлік» ұғымдарын жастар арасында қалай насихаттаған дұрыс деп ойлайсыз?
-
Қазақ жастары арасында әскерге шақырылған жігіттер Отан алдындағы
-
борышын өтуден көбісі қашады.Себебі неде деп ойлайсыз?
-
Сіздер Ауған соғысына барғанда шын өзіңіз ниетіңізбен бардыңыз ба, әлде Кеңес Одағының тапсырмасы болды ма?
-
Бейбіт өмірде сүріп жатқан адамдарға тілегіңіз?
-
Ауған соғысы ардагерлеріне қазіргі уақытта қандай көмек берілуде?
Қорытынды сөз: Біздің парызымыз бірге сыр елінің көсегесін көгертуге атсалсып
жүрген аудандық ардагерлерді қадірлеп-құрметтеу-біздің
борышымыз. Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған
сын сағатттарда бірін-бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда
еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етуде. Аяулы ағалар уақыт
тауып келгендеріңізге рахмет! Сіздерге ұзақ
ғұмыр, денсаулық,жанұяларыңызға бақыт тілейміз!
Аспанымыз ашық болсын,бейбіт өмір жасай берсін.
Достарыңызбен бөлісу: |