Ел болам десең,экраныңды түзе



Дата02.01.2022
өлшемі7.16 Kb.
#453356
Телеэкран


Ел болам десең, экраныңды түзе

“Ел болам десең,экраныңды түзе” демекші,қазіргі ғаламдану мен жаһандану заманында теледидар- ұрпақтың тікелей дамуына әсер ететін құрал. Теледидарды қосып қалсаң, үнді мен түріктің мағынасыз сериалдары экран бетін бермей тұр. Сондағы берер тәрбиесі махаббаттан баз кешкен ғашықтардың қайғылы оқиғалары. Ал жарнамаларды айтуға тіптен ұят. Көгілдір экранның жарты уақытын алып, болмашы заттардың мақтауын асырып, жаманын жасырып жарнамалайды.Еріккеннің ермегіне айналған бағдарламалар да аз емес. Мәселен, оқшау жүректерді қосамыз дейтін “ Қалаулым” бағдарламасы. Махаббатымды іздеймін деп келген он сегізде бір гүлі ашылмаған жас қыздар, рейтинг санын көтереміз деп боқауыз сөздің төркінін білетін қатысушылар өскелең ұрпаққа,дүйім жұртқа не өнеге беріп жатыр?



3 сағат бойы халықтың миын жоспарланған сценарий бойынша мағынасыз махаббат дастанымен улауда. Телеэкранды тамашалайтын көрермендер саны жыл сайын азаюда. Себеп неде? Себебі теледидардағы өнімдер интернет платформаларында(ютуб, гугл, инстаграмм, Facebook) көрсетілетін ақпараттардан қызықсыз болуында.Дүйім жұртты елең еткізер жаңалықтармен еліктіре алмауында деп санаймын.

Көкжәшіктің алар орны айрықша екені белгілі. Сол себептен экран бетінде құнды өнімдер көрінсе екен деп тілеймін.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет