Әл-фараби атындағЫ Қазақ Ұлттық



бет3/3
Дата13.04.2024
өлшемі30.41 Kb.
#498606
1   2   3
срс философия

Қорытынды
Бақытқа қалай жетуге болады? Бақытты сақтап қалуға болады ма? Осы сұрақтарға жауап іздеу шығыс араб-мұсылман философиясының өкілі әл- Фараби мұрасындағы басты мәселе болды және ол бұл сұрақтарға толығымен жауап бере алды деп толық сеніммен айтуға болады. Бақытқа жету- ғұлама философтың алға қойған мақсаттарының бір болды. Адам баласы бақытты болуға немесе бақытты қылуға үнемі талпынып отырады. Дегенменде бақыттың не екенін әркім әрқалай, өз түсінігіне сай қолданады. Мысалы, біреулер үшін бақыт ол отбасының амандығы, бала-шағаның уайым-қайғысыз өмір сүруі болса, ал кейбіреулері үшін бақыт ол ақшамен өлшенеді, яғни, таршылық көрмей жақсы өмір сүру. Біреулер білім қуып, ғалым болсам дейді, ал кейбір адамдар үшін бақыт ол он екі мүшеңнің сау болуы мен иманыңның берік болуы және жасаған құлшылығыңның ақталуы. Әр адамның бақыт туралы түсінігі бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Фараби өзінің «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы» трактатында, «Бақытқа жету туралы» және «Бaқытқа жол сiлтеу» атты еңбектерінде адам қоғамының шығуы, өмір сүру формалары, адамның мінез-құлқы туралы ой толғай отырып, қайырымдылық пен бақыт мәселесіне көп көңіл бөледі. Қайырымдылық дегенде ақыл-ой, әділдік, бақыт және теңдік идеяларын құптаған ежелгі ойшылдар дәстүріне сүйенді. Тек бақыт туралы нақты білімі бар, оған жету жолдарын айқын білетін, соған сәйкес әрекет жасайтын қауым ғана қайырымдылыққа икемді екенін баса айтып өтеді. Оның аталып өткен және өзге де еңбектері сан ғасырлар бұрын жазылса да өз өзектілігін жоғалтпаған және жоғалтпайды да. Себебі, бақытқа, кемелділікке жету оңай іс емес, тіптен қазіргі күнімізді бақылай отырып бұл еңбектерге деген мұқтаждықтың әлі бірнеше ғасырлар бойы азаймайтындығына нық сенімді болуға болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Әбу Насыр әл-Фараби - Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы: трактат. – Алматы: Мазмұндама, 2022. – 217б.

  2. Әбу Насыр әл-Фараби – Бақытқа жету жайында: монография/ Әбу Насыр әл-Фараби; араб тіл. ауд. және түсініктеме берген Ж. Сандыбаев. – Алматы: Қазақ ун-ті, 2020. – 65б.

  3. Әбу Насыр әл-Фараби. Бақыт туралы кітап : төрт кітаптан тұратын таңдамалы трактаттар / Әбу Насыр әл-Фараби; бас ред. Р. Сейсенбаев; сый Ж. Алтаевтан. — Алматы: RS; Халықаралық «Абай» клубы, 2015. — 834б.

  4. Әбу Насыр әл-Фараби. Қайырымды қала : жинақ / Әбу Насыр әл-Фараби; ред. К. Серікбаева ; сый Р. Сейсенбаевтан. — Алматы: RS; Халықаралық «Абай» клубы, 2015. — 281б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет