Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жарияланатын конкурс туралы хабарландыру



Дата04.07.2016
өлшемі95 Kb.
#176073

БАҚ-ң жариялану күні:

«Ақ жол» 25.07.2015 жыл




«Знамя труда» 28.07.2015 жыл


Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға

жарияланатын конкурс туралы хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

Е-R-4 санаты үшін: жоғары білімі, мемлекеттік қызметтегі өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымдық функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Е-G-3 санаты үшін : жоғары білім; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Е-G-4 – санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білім; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары



Санаты

Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде

1

Е-R-4

56376

76235

2

Е-G-3

53813

72391

3

Е-G-4

48047

64704

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды.

(080900, Жамбыл облысы. Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек Жолы көшесі №75 үй, каб.№ 220, анықтама үшін телефондар, код: 8(726-31) 21542, 21498, 21381, факс 22699,

электрондық почта: ryskulov_akimat@mail.ru

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы (санаты Е-R-4, 1 бірлік, №04-10-3, Б корпусы)

Функционалдық міндеттері: Бөлімде іс-қағаздар жұмыстарын нұсқаулыққа сәйкес жүргізуде және бақылауда тұрған жоғарғы органдардың актілеріне «жинақ папка» ашып, қорытындылап, тиісті мерзімде аудан әкіміне хабарлама жасау. Нормативтік актілерді, бөлімдегі бұйрықтарды, іс қағаз өндірісін аудандық құрылыс бөлімінің әр айдағы есебін тапсыру, бөлімнің қызметін қамтамасыз ету үшін «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес конкурс өткізуге тиісті құжаттарды дайындау, нармативтік актілерді, басқа да құқықтық құжаттардың жобаларын дайындау, нормативтік актілерді, басқа да құқықтық құжаттардың жобаларын дайындау және арыз-шағымдармен жұмыс жасау. Құрылыс саласындаағы нормативтік актілер жобаларын әзірлеуді, мемлекеттік саясатын жүргізуді үйлестіру. Құрылыс саласына қарасты ақпарат сұрауды және алуды үйлестіру. Құрылыс саласындағы әрі жобалық құжаттарға, құрылыс жұмыстарының көлемінің нақтылығын қадағалау. Құрылыс жұмыстарының жүруін және сапалығын бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – техникалық ғылымдар және технологиялар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес

Мамандығы – Құрылыс немесе есеп және аудит немесе экономика немесе қаржы.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты даму стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерінің орындалуы үшін қажетті басқа да білімдер, компьютермен жұмыс істей білу.



Новосел ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (санаты Е-G-3, 1 бірлік, №03-2-2, Б корпусы)

Функционалдық міндеттері: Округ аумақтарында сатып алынған ауылшаруашылығы жануарларының карантинде ұсталуын ұйымдастыру. Ауыл әкімі аппараттарындағы штаттан тыс қызметкерлердің құжаттарының, жеке істерінің заңдылығын қарау, барлық құжаттарды заң шеңберінде жүргізу, ауыл жастарымен жұмыстар жүргізу, шаруашылық кітаптарын (қағаз және электронды түрде) жүргізу. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарымен жұмыс жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі - ветеринария немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар.

Мамандығы-ветеринарлық медицина немесе ветеринарлық санитария немесе экономика немесе қаржы немесе есеп жәнге аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе менеджмент немесе маркетинг немесе техникалық ғылымдар немесе технологиялар (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары (жалпы).

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты даму стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерінің орындалуы үшін қажетті басқа да білімдер, компьютермен жұмыс істей білу.



Қайыңды ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (санаты Е-G-3, 1 бірлік, №03-2-3, Б корпусы)

Функционалдық міндеттері: Жалпыға бірдей әскери міндеттілер және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс бойынша жұмыстарды барлық міндеттілерді және әскерге дейінгілердің толық әскери есепке алуға жауапты, ауылдық округ көлемінде «Жалпы әскери міндетті және әскери қызмет туралы» заңын орындап, бақылау жасайды. ҚР Заңдарын, ҚР Президентінің және Үкімет актілерін, аудан әкімінің өкімдері мен шешімдерін өздеріне бекітілген аумақтық атқаратын қызметтеріне сәйкес тапсырылған ауылдық әкімінің жұмыстарын орындалуын қадағалайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – ветеринария немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар.

Мамандығы-ветеринарлық медицина немесе ветеринарлық санитария немесе ауылшаруашылық ғылымдары (жалпы) немесе экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе менеджмент немесе маркетинг немесе техникалық ғылымдар немесе технологиялар (жалпы).

«Қазақстан-2050» Стратегиясын қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты даму стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерінің орындалуы үшін қажетті басқа да білімдер.



Көгершін ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (санаты Е-G-3, 1 бірлік, №03-2-2, Б корпусы)

Функционалдық міндеттері: Әкімшіліктің статистикалық және бухгалтерлік есептерін жүргізу, штаттық кесте жасау, экология, әлеуметтік, табыс салығы туралы есептер беріп тұру,негізгі құралдардың тауар-материалдық құндылықтардың, мүліктердің есебін жүргізу, банк, қаржы бөлімімен, салық комитетімен жұмыстарды ұйымдастырады. ҚР Заңдарын, ҚР Президентінің және Үкімет актілерін, аудан әкімінің өкімдері мен шешімдерін, өздеріне бекітілген аумақтық атқаратын қызметтеріне сәйкес тапсырылған ауылдық әкімінің жұмыстарын орындайды, құжаттардың уақтылы, сапалы орындалуына бақылау жасайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – әлеуметтік ғылымдар немесе экономика және бизнес.

Мамандығы - экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе менеджмент немесе маркетинг.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты даму стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерінің орындалуы үшін қажетті басқа да білімдер, компьютермен жұмыс істей білу.



Луговой ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (санаты Е-G-3, 1 бірлік, №03-2-4, Б корпусы)

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңдарын, Президент және Үкімет актілерін, облыс, аудан әкімінің өкімдерімен шешімдерін, өздеріне бекітілген аумақтық атқаратын қызметтеріне сәйкес тапсырылған ауылдық әкімінің жұмыстарын орындайды. Көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу. Бекітілген учаскелерінде сайлаушылардың тізімін жасау, сондай-ақ сайлаушылар туралы деректердің дұрыстығы үшін жауап беру. Мемлекеттік қызметтік стандартына сәйкес жұмыстар жүргізеді, ауыл жиындары мен көше жиындарының хаттамаларының дайындалуын ұйымдастырады. Мемлекеттік сатып алу жұмыстарын заң аясында жүргізілуін ұйымдастырады. Ауыл әкімінің өкімдерін, шешімдерін заң аясында орындалуын үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі – ауылшаруашылық ғылымдары немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе білім немесе гуманитарлық ғылымдар.

Мамандығы - ауылшаруашылық ғылымдары (жалпы) немесе экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқықтану немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы) немесе білім (жалпы) немесе мәдениеттану.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты даму стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерінің орындалуы үшін қажетті басқа да білімдер, компьютермен жұмыс істей білу.



Тереңөзек ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (санаты Е-G-4, 1 бірлік, № 03-3-2, Б корпусы)

Функционалдық міндеттері: ҚР Заңдарын, ҚР Президентінің және Үкімет актілерін, аудан әкімінің өкімдері мен шешімдерін, өздеріне бекітілген аумақтық атқаратын қызметтеріне сәйкес тапсырылған ауылдық әкімінің жұмыстарын орындайды. Көріктендіру, санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізеді және сайлаушылар тізімін жасайды ауданға есеп береді. Шаруашылық кітаптардың толтырылуын қадағалайды. Ауыл әкімінің қосымша жүктелген тапсырмаларын орындалуын жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мамандығы –жалпы.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты даму стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерінің орындалуы үшін қажетті басқа да білімдер, компьютермен жұмыс істей білу.

Қорағаты ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (санаты Е-G-4, 1 бірлік, № 03-3-1, Б корпусы)

Функционалдық міндеттері: Ауыл әкімшілігіндегі әскери есеп стол жұмыстарын, төтенше жағдайлар, ауылдағы санитарлық тазалық жұмыстарын, ауыл жастарымен жұмыс жүргізу және шаруашылық кітаптарын компьютерлік базаға енгізу жұмыстарын істейді. ҚР Заңдарын, ҚР Президентінің және Үкімет актілерін облыс, аудан әкімінің өкімдері мен шешімдерін, өздеріне бекітілген аумақтық атқаратын қызметтеріне сәйкес тапсырылған ауылдық әкімінің жұмыстарын орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мамандығы –жалпы.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты даму стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерінің орындалуы үшін қажетті басқа да білімдер, компьютермен жұмыс істей білу.

Көкдөнен ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (санаты Е-G-4, 1 бірлік, № 03-3-1, Б корпусы)

Функционалдық міндеттері: ҚР Заңдарын, ҚР Президентінің және Үкімет актілерін облыс, аудан әкімінің өкімдері мен шешімдерін, өздеріне бекітілген аумақтық атқаратын қызметтеріне сәйкес тапсырылған ауылдық әкімінің жұмыстарын орындайды. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті және он сегіз жасқа дейінгі балаларға ай сайын тағайындалып төленетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындайтын учаскелік комиссияның, кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес жұмыстарын жүргізеді. Ауыл әкімі аппаратының іс-қағаздарын жүргізу, кіріс, шығыс құжаттарын тіркеу және олардың орындалуына бақылау жасау, қызметтік бланкілерді тіркеп, жарамсыз болғандарын жояды. Бөлімдер мен мекемелерге жіберілетін құжаттарын мерзімінде орындалуын бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мамандығы –жалпы.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты даму стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерінің орындалуы үшін қажетті басқа да білімдер, компьютермен жұмыс істей білу.

Көкдөнен ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (санаты Е-G-4, 1 бірлік, № 03-3-2, Б корпусы (уақытша, негізгі қызметкер шыққанға дейін))

Функционалдық міндеттері: ҚР Заңдарын, ҚР Президентінің және Үкімет актілерін, аудан әкімінің өкімдері мен шешімдерін, өздеріне бекітілген аумақтық атқаратын қызметтеріне сәйкес тапсырылған ауылдық әкімінің жұмыстарын орындайды. Мемлекеттік қызметтік стандартына сәйкес жұмыстар жүргізеді. Көпшілік жиындарын ұйымдастырып, хаттамаларын дайындайды. Ауыл тұрғындарының мүлік, жер салықтарының жиналуына және есебіне жауапты. Көп балалы аналарды мемлекеттік наградаға ұсыну үшін құжаттарын қабылдайды және анықтамаларын беруді ұйымдастырады. Көктемгі және күзгі мезгілдегі әскери есеп стол жұмыстарын «Жалпыға міндетті әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес жұмыстарды ұйымдастырады.

Мамандығы –жалпы.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты даму стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерінің орындалуы үшін қажетті басқа да білімдер, компьютермен жұмыс істей білу.

Ақыртөбе ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (санаты Е-G-4, 1 бірлік, № 03-3-1, Б корпусы)

Функционалдық міндеттері: ҚР Заңдарын, ҚР Президентінің және Үкімет актілерін аудан әкімінің өкімдері мен шешімдерін, өздеріне бекітілген аумақтық атқаратын қызметтеріне сәйкес тапсырылған ауылдық әкімінің жұмыстарын орындайды. Іс қағаздарын жүргізеді. Сайлаушылар тізімін жасайды. АИСТ бағдарламасын орындайды, шаруашылық кітаптарын толтырады, статистика бөліміне тоқсандық есеп беру жұмыстарын істейді. Ауыл әкімінің қосымша жүктелген тапсырмаларын орындалуын үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мамандығы –жалпы.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты даму стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерінің орындалуы үшін қажетті басқа да білімдер, компьютермен жұмыс істей білу.

Өрнек ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші мамандары (санаты Е-G-4, 2 бірлік, № 03-3-1, №03-3-3, Б корпусы)

Функционалдық міндеттері: ҚР Заңдарын, ҚР Президентінің және Үкімет актілерін аудан әкімінің өкімдері мен шешімдерін, өздеріне бекітілген аумақтық атқаратын қызметтеріне сәйкес тапсырылған ауылдық әкімінің жұмыстарын орындайды.Ауыл әкімінің қосымша жүктелген тапсырмаларының орындалуын үйлестіреді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мамандығы – жалпы.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты даму стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерінің орындалуы үшін қажетті басқа да білімдер, компьютермен жұмыс істей білу.

Луговой ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (санаты Е-G-4, 1 бірлік, № 03-3-4, Б корпусы)

Функционалдық міндеттері: ҚР Заңдарын, ҚР Президентінің және Үкімет актілерін облыс, аудан әкімінің өкімдері мен шешімдерін, өздеріне бекітілген аумақтық атқаратын қызметтеріне сәйкес тапсырылған ауылдық әкімінің жұмыстарын орындау. Ауыл әкімі аппаратының шығыс сметаларының орындалуын қамтамасыз етеді, ауыл әкім аппаратындағы мемлекеттік қызметкерлердің айлық есебін жүргізеді, ай сайын кассалық шығындар мен кірістер туралы аудандық қаржы бөліміне, салық бөліміне есеп береді, мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады, мекеме теңгерімдегі мүлік есептерін жүргізіп отырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мамандығы –жалпы.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты даму стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерінің орындалуы үшін қажетті басқа да білімдер, компьютермен жұмыс істей білу.

Көгершін ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (санаты Е-G-4, 1 бірлік, № 03-3-2, Б корпусы)

Функционалдық міндеттері: Негізгі құралдардың тауар-материалдық құндылықтардың, мүліктердің есебін жүргізеді. Келісім-шартпен жұмысқа алынған қызметкерлердің айлық жалақыларын аударуды үйлестіреді.

ҚР Заңдарын, ҚР Президентінің және Үкімет актілерін облыс, аудан әкімінің өкімдері мен шешімдерін, өздеріне бекітілген аумақтық атқаратын қызметтеріне сәйкес тапсырылған ауылдық әкімінің жұмыстарын орындайды.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мамандығы –жалпы.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты даму стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерінің орындалуы үшін қажетті басқа да білімдер, компьютермен жұмыс істей білу.

Құлан ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (санаты Е-G-4, 1 бірлік, № 03-3-1, Б корпусы (уақытша, негізгі қызметкер шыққанға дейін))

Функционалдық міндеттері: ҚР Заңдарын, ҚР Президентінің және Үкімет актілерін , аудан әкімінің өкімдері мен шешімдерін, өздеріне бекітілген аумақтық атқаратын қызметтеріне сәйкес тапсырылған жұмыстарын орындау. Ауыл аймағындағы тұрғын үй иелерінен жиналатын жер, мүлік салықтарының өзіне бекітілген аймақта жиналуын қамтамасыз етеді, аудандық салық комитетінде жиналған салықтардың есебін береді. Шаруашылық және алфавиттік іс кітаптарын жүргізу, толтыру және көрсетілген мәліметтердің дұрыстығына жауап беру. Жеке азаматтардан және заңды тұлғалардан келіп түскен арыз шағымдарды тексекру және анықтау, мезгілінде жауап беру. Бекітілген учаскелерінде жайластыру, көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу. Бекітілген учаскелерінде сайлаушылардың тізімін жасау, сондай-ақ сайлаушылар туралы деректердің дұрыстығы үшін жауап беру. Құлан ауыл тұрғындарына бекітілген учаскесі бойынша анықтама беру, шығу, келу парақтарымен жұмыс атқару. Әскери есеп жұмыстарын жүргізу. Құлан ауылы округі әкімінің, орынбасарының қосымша жүктеген тапсырмаларының орындалуын үйлестіру. Бекітілген учаскелері бойынша ауыл көшелеріне электр жарығы берілуін қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Мамандығы –жалпы

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты даму стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерінің орындалуы үшін қажетті басқа да білімдер, компьютермен жұмыс істей білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:



  1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының 2- қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі-Қағида);

  2. 3х4 үлгідегі суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

  3. Білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

  4. Еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі.

  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік

құқықтық актілерінің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

7) Құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификаты немесе нотариалдық куәландырылған сертификаттың көшірмесі ;

Конкурсқа қатысуға құқық беретін сертификатты алу үшін Е-4, Е-G-3, Е-G-4 санаттары бойынша келесі тестілеу бағдарламасы қарастырылған:



  • мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма)

  • логикалық тест (10 тапсырма)

Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тест:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ),

  • «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ),

  • «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ),

  • «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ),

  • «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ),

  • «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ).

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен жай бойынша орналасқан Т.Рысқұлов ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін көрсетілген құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді. Аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберілген туралы хабар алған күннен

бастап 5 жұмыс күні ішінде Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Жібек жолы №75 мекен жайда орналасқан Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясының үміткерлермен әңгімелесу отырысына байқаушылардың қатысуына жол беріледі.



Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет