ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ
ФАКУЛЬТЕТІ
ТУРИЗМ ЖӘНЕ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ГЕОГРАФИЯ
«ФИЛОСОФИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША
№1 СОӨЖ/СӨЖ
Тақырыбы:
Әл-Фарабидың «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» еңбектерінің негізінде бақыт жайлы эссе
Орындаған:
Тексерген:
Алматы, 2024
Жоспар:
Кіріспе.
Негізгі бөлім:
- «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы» трактат негізінде бақыт ұғымы.
- Әл-Фарабидің «Бақытқа жету туралы» кітабындағы бақыттың сипаттамасы.
- «Бақытқа жол сілтеу» еңбегі негізінде адамның бақыт туралы түсінігі.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе
Бақыт - ғасырлар бойы философия тарихында зерттеліп келе жатқан ұғымдардың бірі. Оның шын мәнісінде қандай мағына беретіндігі және қандай кейіпте екендігі туралы пікірлер саны өте көп. «Бақыт» дегеніміз - адамның өмір қызығы мен қуанышына, рахатына қанағаттану дәрежесін танытатын этикалық ұғым. Бақыттың негізінде адамның өмірі мағыналы және нәтижелі болған кездегі өз болмысына деген ризашылық сезімінің қалыптасуы жатыр. Сондай-ақ, бақыт-бұл жай ғана әл-ауқат немесе қуанышты көңіл-күй емес, бұл терең талдау мен түсінуді қажет ететін философиялық ұғым. Біріншіден, бақыт тек эмоционалды күйден әлде қайда үлкен, ауқымды түсінік екенін атап өткен жөн. Бұл біздің өмірді қалай қабылдауымызбен, құндылықтарымызбен және қмірлік сенімдерімізбен байланысты. Кейбіреулер үшін бақыт материалдық әл – ауқатты болуда, басқалары үшін - рухани дамуда немесе табиғатпен және қоршаған әлеммен үйлесімді өмір сүруде болуы мүмкін. Аристотель сияқты ежелгі философтар бақытты адам өмірінің түпкі мақсаты ретінде қарастырды. Ол бақытты ізгілік пен парасатты ойлау тәжірибесі арқылы қол жеткізілетін күй ретінде анықтады. Негізінде, бақыт оның мақсаты емес, дұрыс өмір салтының нәтижесі болып табылады деген ой қалдырады. Екінші жағынан, Шопенгауэр мен Ницше сияқты жаңа заман философтары өмірде азап пен қиыншылық көруді адам өмірінің ажырамас бөлігі ретінде қарастыратын идеяларға сүйенді. Олар қиыншылықты қабылдау және оны жеңу арқылы адам өзінің "бақытына" қол жеткізе алады деп сендірді. Бақыттың қазіргі философиялық тұжырымдамалары әртүрлі болып келеді. Олар бақыт туралы идеяларды ағын күйі, басқа адамдармен қарым-қатынас, хабардарлық және тіпті өмірдің мәнін түсіну ретінде қарастырады.
Адамзаттың «екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби адам өмірінің ең жоғары сатысы саналатын «бақыт» категориясына тоқталып, оған философиялық тұрғыдан терең талдаулар жасап, сипаттама беріп кеткен. Ол «Адамзат кемелдігінің ең биік дәрежесіне жеткен» адамды бақытты адам санайды. Адам бақытты болу үшін ол өмір сүріп отырған елдің басшысы да кемел адам болуы керек», «Адамдар ішіндегі ең таңдаулы жан бірінші басшы болуға тиіс» деп біледі. Әл-Фарабидің бұл сөздерінде адамның өмірде бақытты болуын сол елдің басшысының даналық қасиеттерімен тікелей байланыстырады. Бұдан бөлек Әл-Фарабидің «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Бақытқа жету туралы кітап», «Бақытқа жол сілтеу» атты еңбектерінде де «бақыт», «бақытты адам» ұғымдары тереңірек қарастырылған. Мен осы еңбектердің мазмұны негізінде «бақыт» ұғымының мән-мағынасын тереңірек ашып, қазіргі заманмен байланысын салыстыра қарастыратын боламын.
Достарыңызбен бөлісу: |