Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің № хаттамасымен бекітілген «6М050700 «Менеджмент»



Дата19.06.2016
өлшемі268.59 Kb.
#148152
әл-фараби атындағы қазақ ұлттық УНИВЕРСИТЕТі





Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми - әдістемелік кеңесінің

2012 ж. «_____»_____ мәжілісінің

____ хаттамасымен



бекітілген




«6М050700 - «Менеджмент»

мамандығы бойынша

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН

ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ


АЛМАТЫ 2012

Бағдарлама «6М050700 - «Менеджмент» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны құрастырушылар: э.ғ.к., доцент Тажиева С.К.


Бағдарлама менеджмент және маркетинг кафедрасы мәжілісінде қарастырылған

2012 ж. ____ _________ № ___ Хаттама

Кафедра меңгерушісі__________________ э.ғ.д., профессор Мухтарова К.С.

Факультеттің әдістемелік бюросында мақұлданған ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­

2012 ж. ____ _________ № ___ Хаттама

Әдістемелік бюро төрағасы __________________ Абен А.С.

Ғылыми кеңес мәжілісінде бекітілген

2012 ж. ____ _________ № ___ Хаттама

Ғылыми кеңес төрағасы,

Факультет деканы __________________ Ермекбаева Б.Ж.


Ғалым хатшы __________________ Смагулова Г.С.

МАЗМҰНЫ
1. Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері

Түсу емтиханының мақсаты - магистратура бөліміне түсуші талапкердің теориялық және тәжерибелік бідлім деңгейін анықтау және менеджмент мамандығын даярлау бағыты бойынша қойылатын талаптарға талапкердің білім деңгейін, дағдыларын, ойлау қабілетін анықтау.

Түсу емтиханының негізгі міндеттері:

  • «менеджмент» бағыты бойынша негізгі пәндерге қатысты талапкердің теориялық білімінің тереңдігін анықтау;

  • талапкердің ғылыми зерттеу жүмысына деген дағдысының деңгейін анықтау;

  • арнайы әдебиеттер мен ғылыми әдебиеттерге сүйену қабілетінің деңгейін анықтау;

  • ойлау мәдениетін игеру және қолдану деңгшейін, және ойлау нәтижесін тиімді ұсыну деңгейін анықтау;

  • мамандану саласы бойынша мақсат қою және оның негізгі міндеттерін анықтай білу қабілетін тексеру;

  • мамандыққа сай арнайы терминология мен лексиканы игеру және қолдану деңгеңгейін анықтау.

Қабылдау емтиханының нысаны – жазбаша. Емтихан тапсырушылар өз жауаптарын жазбаша жауап парақтарына жазады, ол өз кезегінде емтихан комиссиясымен шифрланған түрде тексеріледі.
2. Магистратураға түсуші тұлғалардың даярлық деңгейлеріне қойылатын талаптар

6М050700 –Жоғары базалық білім беру Менеджмент (бакалавриат) немесе жоғары арнайы базалық білім беру немесе келесе бағыттардың біреуі бойынша жоғары арнайы білім беру мамандығы бойынша магистратураның білім беру бағдарламасын меңгеруге ынталы білім беру деңгейі Жоғарғы және ЖОО-нан кейінгі білім беру, соның ішінде шетелдік ЖОО-дар мамандықтары



Mагистратураға азаматтарды қабылдау тәртібі жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының типтік қабылдау ережелеріне сәйкес жүргізіледі және келесі талаптарға сай болуы тиіс:

  • Ғылыми есептердiң қойылуы және қоғам пайда болатын мәселелердiң шешiмi үшiн бар және жаңа әлеуметтiк бiлiмдердi интегралдауға икемi болу

  • Пәнаралық бiлiм аяларының контекстiндегi қолдану және логикалық және кризистiк ойлауды ары қарай дамыту, ұсынылатын шешiмдердiң дәлелдемесiнiң дағдыларын жетiлдiру;

  • Қолданбалы және кәсiби мәселелерді, оқыту және еңбек қызметiнiң күрделi және болжамсыз ахуалдарындағы басқарушылық қызмет және ақпараттық iзденiсi мәселелерін шешу.

  • Қазақстан экономикасының және шет елдердің қазiргi күйi туралы сұрақтар, сонымен бiрге дамудың болашағын анықтау үшiн компаниялардың сыртқы ортасы мен бәсекеге қабілеттілігін талдауға икемi болу;

  • Қазiргi экономиканың талаптарына сәйкес теориялық бiлiмдер және тәжірибелік дағдыларына ие болу;

Басқару, инновация, өндiрiстiк және стратегиялық менеджмент, персоналды басқару, жобаларды басқару облыстарында жоғары білікті болу.
3. Білім беру бағдарламасының пререквизиттері


  1. Менеджмент

  2. Персоналды басқару

  3. Бизнесті ұйымдастыру




  1. Емтихан тақырыптарының тізімі


«Менеджмент» пәні


  1. Менеджмент қызмет түрі ретінде.

Менеджменттің теориялық және әдістемелік негіздері. Басқарушылық қарым - қатнас және менеджмент. ХІХ-XX ғғ. шетелдерде менеджменттің пайда болуы. Менеджменттің даму кезеңдері және тарихи алғы шарттары. Менеджменттің заманауый коцепциясы. Заманауый менеджменттің әлеуметтік экономикалық негіздері. Менеджмент жүйелерінің және меншік түрлерінің байланысы. Менеджменттің және мелекеттік басқарудың қарым- қатнасы. Мемлекеттік және нарықтық экономика секеторының қызмет саласының арасындағы шектеулерді алу. Шаруашылық жүргізудің тиімділігін анықтауға ресурсты-әлеуетті әдіс-тәсілі. Қазақстандағы менеджменттің дамуы мен қалыптасуының алғы шарттары. Басқару, экономика және саясаттың өзара қызмет етуі.


  1. Ұйым туралы түсінік және оның түрлері.

Ұйым: жалпы түсініктері, ұйымды зерттеп білудің әдіс-тәсілдерінің сипаты. Шаруашылық жүргізуші ұйымның субьекті ретіндегі түсінігі және ұйымның жалпы мінездемесі. Ұйым жүйе ретінде. Ресми және беиресми ұйымдар. Коммерциялық және комерциялық емес ұйымдарды басқару: салыстырмалы мінездеме, айырмашылығы мен сәйкестілігі.

Ұйымды басқарудың қажеттігі: менеджметтің мақсаты мен міндеттері. Ұйымдағы басқару үрдісі. Еңбектің көлденең және тік бөлінуі. Басқарудың негізгі деңгейлері. Басқарудың объектісі мен субьектісі. Өндірісті басқару жүйесіндегі басқару субьектісінің белсенді рөлі. Ішкі өзгермелі ұйымның байланысы: адамдары, технологиясы, құрылымы, мақсаттары мен міндеттері.

Ұйымдық миссияның мағынасы. Ұйымдық миссияны қалыптастыру: сатылары және негізгі ережелері. Ұйым миссиясы: әсерету факторлары. Ұйым миссиясы: әсерету саласы. Ұйым миссиясының функциялары: имидждік функциясы, бірігу функциясы, тиімді басқару функциясы және т.б.

Ұйым мақсатының мағынасы. Мақсаттардың мерзімі, жету объектісі, қызмет ету бағыты мен сапасы және т.б. бойынша классификациясы. Мақсаттар ирархиясы. Ұйымның эталонды мақсаттары. Мақсаттарды қалыптастырудың негізгі сатылары. Қойылғын мақсаттарға жету.


  1. Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы.

Ұйым қоршаған орта элементі ретінде. Ішкі және сыртқы орта бизнесті стратегиялық талдаудың құраушысы ретінде.

Сыртқы талдау. Сыртқы орта түсінігі. Сыртқы ортаның маңызы және ұйымның экономикалық өсуі мен қызмет етуіне әсері. Сыртқы орта сипаттары: факторлардың өзара байланысы, орта күрделілігі, ортаның жылжымалылығы, ортаның анықталмағандығы. Ұйымға әсер ететін сыртқы күштер: әлеуметтік (демографиялық, мәдениет, этика, дәстүр, дін және т.б.), саяси (федералды, аймақтық және жергілікті заңдар), экономикалық (коньюктура, бәсекелестер, технология нарығының тенденциясы және т.б.).

Ішкі талдау. Басқару ұйымдарының құрылымы. Ұйымдастырушылық құрылымның тиімділік параметрлері. Ұйымдастырушылық құрылым бөлімшелерінің интеграциясы және координаттау меxанизмі. Басқарудың заманауый ұйымдастырушылық құрылымы. Ұйымда басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық формасы. Күшті және әлсіз жақтарын талдау. Компанияның функциялары: ең қажетті немесе негізгі; көмектесүші; қызмет көрсетүші. Кедергісіз әсер ету ортасы. Компанияның ресурстары және оның құрылымдары: адамдар, теxнологиялар, қаржы, капитал салымдары, қызмет көрсетулер.



Менеджментті ақпаратпен қамтамасыз ету. Басқару тиімділігіне ақпараттық әсер ету. Ішкі фирмалық ақпарат жүйесінің формалары мен міндеттері, негізгі қағидалары. Ақпарат саласына әсер ететін факторлар. Ақпараттық құрылымы. Ақпараттық жүйелер. Ақпаратты жинау және өңдеу, ақпараттық ағымдарды ұйымдастырудың әдістері. Менеджмент жүйесіндегі ақпараттық дифференцациясы. Менеджменттің ақпараттық икемділігі. Заманауый ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.


  1. Коммуникациялар және шешімдерді қабылдау.

Коммуникациялық үрдіс компанияның мақсаттары мен және оларға жетудің арасындағы байланысты қамтамасыз ететін стратегиялық басқарудың негізі ретінде. Стратегиялық басқару және стратегиялық шешім. Стратегиялық шешім бизнес-мақсаттар мен оларға жету құралдарының байланысы ретінде. Шешім қабылдау компанияның өзі мен (оның ішкі күштері мен әлсіз жақтары) қоршаған ортасы (сыртқы даму факторлары) арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету құралы ретінде. Стратегиялық шешімді қабылдаудың қиындығы. Үш ирархиялық стратегиялық деңгей және әр деңгейдегі коммуникациялардың ерекшеліктері: корпоративтік стратегия; бизнес-стратегия; функционалдық стратегия. Үш ирархиялық стратегия деңгейлеріне байланысты қызмет ету жоспары бойынша шешімдерді қабылдау, қаржы жоспары бойынша шешімдерді қабылдау, мақсаттар бойынша шешімдерді қабылдау.

Корпоративтік стратегия негізінде шешімді қабылдау: миссия байланысы мен әртүрлі мақсаттар. Корпоративтік мақсаттар. Қаржылық қызметтің көрсеткіштері. Компанияның беделі. Стратегиялық бедел лидерлік стратегиясы, айырмашылық стартегиясы, фокустеу стратегияларының байланысы ретінде.

Бизнес стратегия деңгейінде шешім қабылдау. Бизнес-жоспардың құрастырылуы мен мақсаттары. Бизнес түрлерін жинауға қажетті анықтама. Әртүрлі бизнес түрлерінің мақсаттары. Бизнес – мақсат қажетті бәсекеге қабілеттілік ретінде. Әртүрлі бизнес түрлерінің стратегиясы. Бизнес стратегия деңгейіндегі шешім қабылдау: стратегия және оперативті жоспар байланысы.

Функционалдық стратегия деңгейінде шешім қабылдау. Функционалды қызмет түрлері бойынша шешім қабылдау: функционалды қызметтер жоспары және бизнес жоспар арасындағы байланыс.


  1. Ұйымды стратегиялық басқару.

Стратегиялық басқару басқарудің стилі ретінде. Стратегиялық басқару ақпараттық үдерісте негізделген байланыс үрдісі ретінде және шешім қабылдау мен жоспарлау үрдісі ретінде. Стратегиялық басқарудың компоненттері: байланыс, ақпарат, шешім қабылдау, микрожоспарлау, жүзеге асыру. Стратегиялық басқару үрдісінің негізгі мақсаттары. Динамикалық стратегия тұрақты бәсекелік басымдықтың көзі ретінде. Бизнес ортаны талдау. Стратегияны құрастыру. Бәсекелестік стратегия. Тұрақты бәсекелестік басымдықты қалыптастыру. Инновациялық ортаны қалыптастыру. Маркетингтік стратегия. Стратегияны жүзеге асыру. Лидерліктің нәтижелілігі. Стратегиялық лидерлік. Өзгерістерді стратегиялық басқару. Жобаларды стратегиялық басқару. Көрсеткіштердің балансталған жүйесі. Компанияның стратегиялық мінез-құлығындағы негізгі жетістіктер.


  1. Инновациялық менеджмент.

Инновация және инновациялық үрдіс. Инновациялық үрдіс басқару обьектісі ретінде. Инноввациялық стратегия. Инновацияларды басқарудағы концептуалды модель. Арнайы білімнің инфрақұрылымдық моделі: аралық институттар, зерттеу институттары, компаниялар, оқу орындары. Қосылған құнды ұлғайту үрдісіндегі инновациялық бірлестікті жоспарлау. Басқарудың ерекшеліктері және инновациялық компаниядағы персонал. Инновациялық қызметті қаржыландыру. Жаңа технологияларды инвестициялау. Жаңа нарықтарды ашуды инвецтициялау. Жаңа технологиялар үйлестіру негізінде тікелей стратегиялық топтастыру және альянсы. Мемлекеттік инновациялық саясаат. Ұлттық инновациялық жүйелер және инновациялық дамуды басқарудағы тенденция. Инновациялық қызметке мемлекеттің әсер ету әдістері. Инновациялық тиімділік. Инновациялық қызметтегі тәуекел.


  1. Дағдарысқа қарсы басқару.

Дағдарысқа қарсы басқарудың функциялары және факторлары. Дағдарысқа қарсы басқарудың түрлері. Дағдарысқа қарсы басқарудың проблемалары. Дағдарыстық жағдаяттардың диагностикасы. Ұйымның дағдарысқа қарсы стратегиясын жасау. Дағдарысқа қарсы стратегияны жүзеге асыру. Дағдарысқа қарсы басқарудың технологиясы.

Банкроттылық және тұрақсыздық. Тұрақсыздықтың алдын алу. Дағдарысқа қарсы реттеудің негізгі ескертуші іс-шаралары. Тұрақсыздықтың әлеуметтік-экономикалық салдары. Банкроттықтың үдерісі. Нарықтық экономикадағы дағдарыстық және тұрақсыздық жағдайларды мемлккеттік реттеудің негізгі бағыттары: нормативтік-заңнамалық; әдістемелік; ақпараттық; ұйымдастырушылық; әлеуметтік; кадрлық және т.б.


  1. Басқару қызметтері: жоспарлау, ұйымдастыру, уәждеу және бақылау.

Ұйымдастыру қызметі. Ұйымдастыру қызметінің мағнасы. Басқару іс әрекетін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен түрлері. Ұйымдастырушылық инновациялар. Персоналды, білімді басқару, тұтынушымен серіктестікті ұйымдастыру, өнімді бөлу сияқты жаңа ұйымдастыру әдістері арқылы кәсіпорын жұмысының бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Ұйымдастырудың тиімділігін және икемділігін қамтамасыз ету. Ұйымдастырушылық өзгерістермен ұйымды қайтақұру кешенді үрдістерін тиімді басқару арқылы икемді ұйымдастыруды құру. «Бөлімдерді басқару» басқарушылық стиль және ұйымдастырушылық форма ретінде.

Жоспарлау қызметі. Ұйым қызметін стратегиялық жоспарлау рәсім және үрдіс ретінде стратегиялық жоспарлауды әзірлеудің тәсілдері, процедуралары және ережелері. Стратегиялық жоспарлауды бағалаудың сапалық және сандық критерилері. Стратегиялық жоспарлау - жоғарғы басшылар, штаб аппаратының менеджерлері және қатардағы менеджерлердің нақты бизнес-мақсаттарға және сыртқы жетістіктерге қатысты байланыс үрдісі. Стратегияны жүзеге асыру үрдісін басқару. Тактикалық жоспарлау. Тактикалық жоспарлауды әзірлеу мінездемесі мен процедуралары. Ұйымішілік жоспарлаудың ұйымдастырушылық формалары. Ұйымды басқарудағы бизнес-жоспар. Бизнес-жоспардың тапсырмалары және бөлімдері. Қызмет түрін таңдау, бәсекелестік басымдылықтардың түрлері. Өтім нарығын бағалау. Нарықты зерттеу үрдісінің кезеңдері. Бәсекеге қабілеттілікті бағалау. Маркетингтік, өндірістік және қаржылық жоспардың негізгі элементтері.

Уәждеу қызметі. Персонал стратегиялық ресурс ретінде. Уәждеу қызметкердің резервтік мүмкіндіктерін активизациялауы ретінде. Ақпараттық функция және қызметкерді жеке танып білу арқылы уәждеу үрдісін басқару.

Уәждеу заманауый теориялары.. Б.Ф. Скиннер бойынша қызметкерлердің жауапты және операнттік реакциясы. Э.Л. Торндайктың эффект заңы. Мазмұндық теориялар (А. Маслоу, Д. Мак-Клелланд, К. Альдерфер, Ф. Герцберг). Үрдістік теориялар (Дж. Адамстың әділеттілік теориясы, В.Врумның күту теориясы, Е.О. Локкеның мақсатты белгілеу теориясы).




  1. Топтық менеджмент. Лидерлік, билік және ықпал ету теориялары.

Басқару стилінің түсінігі, түрлері, және оның құрылу факторлары. Басқарудың автократиялық, демократиялық және либералдық стильдері. Лайкерт бойынша адамға бағытталған басқарудың төрт стилі. Адам мен жұмысқа жинақталған басқару стильдердің екі өлшемде түсіндірілуі. Р. Блэйк пен Д. Мутонның басқару торына сәйкес басқару стильдерінің мінездемесі.

Қанағаттық және өндірістік стильдер. Тиімді басқаруға бағытталған ситуациялық әдіс. Фидлердің басқарудың ситуациялық моделі. Митчел мен Хаустың «жол-мақсат» әдісі. П. Херси мен К. Бланчардтың өмірлік цикл теориясы. Врум-Йеттоның басшының шешім қабылдау моделі. Басшының және қызметкердің жеке тұлғасы. Ерекшеліктері. Қол астындағы жұмысшылардың қабілет деңгейі: ынтасы және біліктілігі. Нарықтық қатынастар жағдайындағы менеджердің имиджі.




  1. Персоналды басқару. Еңбек ақысын төлеу және еңбекке ынталандыру.

Персоналды басқару методологиясы. Ұйымдағы персоналды басқару жүйесі. Персоналды басқару мәні және мәселелері. Кадрлық саясат түсінігі. Ұйымдағы кадрлық саясатты әзірлеу және жүргізу. Басқару кадрларын әзірлеу. Персоналды таңдау және орналастыру. Персоналды қолдану. Еңбектік потенциалды рационалды қолдану. Персоналды құру, үйрету және дамыту. Қызметкерлердің еңбектік мәнсабын жоспарлау. Ұйымдастырушылық құрылым негізінде персоналды басқару. Ұйымдастырушылық құрылымның өзгеруі. Басқару деңгейіндегі мәселелер. Басшылықтың персоналды әсер етуі. Корпоративтик мәдениет персоналды басқару әдісі ретінде. Корпорация мәдениетіне әсер ететін факторлар. Корпорация мәдениеті ұйымдастырушылық құрылым мен кадрлық саясатта жүзеге асатын құндылық ретінде. Корпоративтік мәдениетті жобалау. Еңбекті стимулдау және ақысын төлеу. Еңбекақыны төлеудің түрлері және деңгейі.
11 Менеджер этикасы және ұйымдастырушылық мәдениеті.

Басқару қызметінің этикасы және мәдениеті. Ұйымдастырудың әлеуметтік мәдени тәсілі. Ұйымдастырушылық мәдениет ғылымының пайда болуы, эволюциясы және тәжірибесі. Ұйымдастырушылық мәдениет түсінігі және оның ұйымдастырушылық құбылыспен байланысы. Ұйымдастырушылық мәдениет және корпоративтік мәдениет түсінігі: ұқсастықтары және айырмашылықтары. Ұйымдастырушылық мәдениет ұйымның дамуына қажетті жағдай ретінде. Ұйымдастырушылық мәдениеттің негізіг компоненттері мен элементтері. Ұйымдастырушылық мәдениетті зерттеудегі жүйелік әдіс. Ұйымдастырушылық мәдениеттің типологиясы. «Билік», « жеке тұлға», «тапсырма», «роль» мәдениеті (С. Ханди). «Мәдени карталар» ұйымы (Г. Хофштеде). У. Оучидің «Z» теориясы. «Тәуекел» және «кері байланыс» түсініктерінің қатысы негізінде ұйымдастырушылық мәдениеттің класификациясы (Т.Е.Дейл, А.А. Кеннеди.). Интеграция және ұйымдастырушылық (корпоративтік) мәдениеттің нақты типінің құрылуына жүргізілетін бақылаудың әсер ету деңгейі. Ұйымдастырушылық мәдениеттің нарықтық, бюрократиялық және мүддесі бір адамдардың топтық типтері. Ұйымдастырушылық мәдениеттің басқару қызметінің құрылуындағы ұйымның қызмет етуіне әсер ету принциптері. Басқару стилі мен басқару мәдениетінің өзара байланысы. Ұйымдастыру мәдениетіне әсер ететін факторлар. Ұйымдастыру мәдениеті жоғарғы сапалы іскерлік этиканың көрсеткіші ретінде. Менеджер қызметіндегі этикалық нормалары мен принциптері. Қызметкер жұмысын мойындау. Әдепті мінез-құлық үшін сыйақы беру. Әдепсіз мінез-құлық үшін жаза қолдану. Этикалық шешімдерді қабылдау моделі. Жемқорлықпен күрес және ар намысын сақтау. Бедел мен заңдарды, нормаларды ескеру. Іскерлік мінез-құлық кодексі.


12 Компаниядағы жанжалдарды басқару.

Келіспеушілік: мәні, негізгі түрлері және деңгейі. Келіспеушіліктің негізгі түрлері: мақсат келіспеушіліктер, көзқарас келіспеушіліктер және эмоциялық келіспеушіліктер. Келіспеушіліктің негізігі деңгейлері: ішкітұлғалық, тұлғаралық, топішілік, топаралық, ұйымішілік. Келіспеушілікке байланыста адамдардың негізгі типтері: келіспеушіліктен қашатын, келіспеушілікке әдейі түсетін, санасыз келіспеушілікке баратын, мәмілеге түсетіндер. Ұйымда болатын келіспеушіліктің негізгі себептері. Келіспеушілік туындаған жағдайды басқару. Келіспеушілікті шешу нұсқалары: келісімге келу, мәжбүрлеу, мәселелерді шешу, бас тарту, мәмілеге келу. Келіспеушілікті шешудің құрылымдық әдістері.

Стресс (есеңгіру) мәні. Стресс себептері. Стресске акелетін ұйымдастырушылық және жеке тұлғалық факторлар. Стрессті басқару.

Стресс пен келіспеушіліктің өзара байланысы.



Ұйымдастырушылық өзгерістердің мәні. Мақсаттар, технология, тапсырмалар және адамдар. Өзгерістерді басқару. Ұйымдағы өзгерістерді оңтайлы жүргізу шаралары. өзгерістерді жүзеге асыруды басқару үшін қызметкерлерді қатыстыру. Өзгерістерге қарсы шығуды жою. Ұйымдастырушылық даму. Ұйымдастырушылық дамудың құндылықтары мен алғышарттары.
13 Өндіріс басқару обьектісі ретінде. Өндірісті жедел басқару.

Өндіріс кез-келген ұйымның негізгі үш функциясының бірі ретінде. Өндірістік менеджерлер және олардың біліктілігі. Өндірістік менеджмент фукциясының көмегімен әртүрлі өндірістік жүйелерді басқару. Өндірісті басқару қағидалары: біркелкілік, міндеттерді тиімді бөлу, деңгейлердің қолайлы саны, басқарушылық ақпаратпен қамтамасыз етілуі, бақылаудың болуы, бастапқы ақпараттық бірлігі, ақпараттық жүктеменің қолайлылығы,нәтижесінде атқарушының қызығуы. өндірісті басқарудың негізгі функциялары: ұйымдастыру, нормалау, жоспарлау, үйлесімділік, ынталандыру, реттеу және бақылау. Өндірісті басқару элементтері. Уақыт және кеңіәстік бойынша өндірісті ұйымдастыру үрдісі. Өндірістік цикл. Өндіріс түрі. Өндірістік және басқарушылық үрдістері. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы. Қойманың өндірістік құрылымы. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы және даму факторлары. Ұйымдастырушылық құрылымды жобалау..

Кәсіпорынның өндірістік күші және оны жоспарлау. Ағымдық жоспарлаудың әдістері. Қорларды басқару. Дискреттік өндірісті жедел-өндірістік жоспарлау. Энергетикалық шаруашылықты ұйымдастыру. Техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру. Құрал-жабдықтар шаруашылығын ұйымдастыру. Жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру. Көмекші өндірісті ұйымдастыру. Жұмыс орындарына қызмет көрсетуді ұйымдастыру. Кәсіпорынды ақпаратпен қамтамасыз ету.
14 Сапаны басқару.

Сапа менеджментінің әдістемелік негіздері. Сапа экономикалық категория ретінде. Сапа басқару обьектісі ретінде. Өнім сапасын жүйелі түрде басқару. Сапаны басқару әдістерінің классификациясы. Квалитология және квалиметрия. өнімді сертификаттау. Сертификаттау қағидалары. Сертификаттауды басқару және ұйымдастыру. Сертификаттаудың типтік схемалары. Сертификаттаудың халықаралық органдары. Жаңа сапа философиясы және халықаралық ИСО 9000 стандарттары. Сапаны басқару экономикасы. Сапаны басқару – жаһандану жағдайында экономикадағы бәсекеге қабілеттілікті қалыптастырудың бастаушы факторы. Қазақстан Республикасындағы сапаны басқару жүйесі. Әлемнің дамыған елдеріндегі сапаны басқару.
15 Өнімділікті басқару .

Еңбек өнімділігі ұйым қызметінің тиімділігін қамтамасызетудің көрсеткіші ретінде. Өнімділік мәселелеріне кешенді тәсіл. Өнімділікке жүйелік көзқарас. Сапа және өнімділік. Кіріс-шығыс циклы. Өнімділік және сыртқы орта. Өнімділік және ішкі орта.

Өнімділік критерийлері бойынша басқару. Жоспарлау және өнімділік. Ұйымдастыру және өнімділік. Уәждеу және өнімділік. Байланысты, шешім қабылдауды және өнімділікті қамтамасыз етудегі басшылық. Ұйымның барлық деңгейіндегі өнімділігі.

«Персоналды басқару» пәні

  1. Ұйым персоналы: негізгі түсініктері және теориялары

Ұйымның қызметін басқарудағы персоналды басқару және оның ролі. Персоналды басқарудың мәні. «Кадрлар», «персонал», «адам ресурстары» түсініктерінің анықтамалары. «Персонал» және «адам ресурстары» түсініктерінің негізін айқындайтын ерекшеліктері. Персоналды басқару негіздері.

Нарықтық қатынастың қалыптасу жағдайындағы персоналды басқару жүйесін ұйымдастыру ерекшеліктері.


2.Персоналды басқарудың әдістемесі

Персоналды басқару философиясының түсінігі. Ұйым философиясының және персоналды басқару философиясының байланысы. Персоналды басқару тұжырымдамасының дамуы. Персоналды басқарудың қағидалары. Персоналды басқару қағидаларын анықтаудағы заманауи көзқарас. Персоналды басқарудың әдістері: әкімшілік, экономикалық, әлеуметтік-психологиялық.

Персонал қызметі және оның қызмет етуіне қойылатын негізгі талаптар

Ұйымды басқарудағы персонал қызметінің орны. Кадрлық саясатты жүзеге асыру мақсатында ұйымның кадрлық қызметін қалыптастыру қажеттілігі. Кадрлық қызметтің негізгі міндеттері.



3.Персонал қызметін ұйымдастыруға және оны ресурстармен қамтамасыз етуге қойылатын негізгі талаптар.

Кадрлық қызметті басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы және оның сипаттамасы. Республикадағы кәсіпорындарда кадр саясатын қалыптастырудағы персонал қызметінің функциялары. Кадрлық қызметтің қалыптасуы мен дамуындағы ұйымның салалық және де басқа спецификалық ерекшеліктерін есепке алу.




  1. Ұйымның кадрлық саясаты

Кадрлық саясаттың мәні және бағыттары. Кадрлық саясат және оның құрамдас элементтері. Кадрлық саясаттың түрлері. Ашық және жабық кадрлық саясатты талдау. Кадрлық саясатты жүргізуге әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар. Дағдарыс жағдайындағы кадрлық саясат.


  1. Ұйым персоналын басқару стратегиясы

Персоналды стратегиялық басқарудың мәні. Персоналды стратегиялық басқарудың мақсаттары мен қағидалары. Ұйым стратегиясымен персоналды басқару стратегиясының өзарабайланысы. Ұйымда персоналды басқару стратегиясын қалыптастыру. Ұйымдағы персоналды басқару стратегиясын жүзеге асыру үдерісі.


  1. Персоналды жоспарлау

Кәсiпорынның жоспарлау жүйесiндегі персоналды жоспарлаудың орны. Әртүрлi нышанмен персоналды жоспарлау түрлерiн классификациялау.

Кадрлық жоспарлаудың негізгі кезеңдері: жұмыс күшіне қажеттіліктерді жоспарлау, жұмыс күшін тарту мен босату, кадрлардың біліктілігін арттыру және қолдана білу, кадр құрамының сақталуы және оларды қамқорлыққа алу, кадрлық қызметпен шешілетін мақсаттарды жүзеге асырудағы шығындарды жоспарлау.

Персонал қажеттілігін анықтау және болжау әдістері. Персоналдың құрамын жоспарлау. Кадрды дайындау және пайдалануды жоспарлау критерийлері. Кадрлық жоспарлау саласындағы ҚР-ның кәсіпорнының тәжірибесі.


  1. Персонал маркетингі

Персонал маркетингінің түсiнiгі. Персонал маркетингiнiң мiндеттерi. Персонал маркетингiнiң негізгі бағыттары. Персонал маркетингiнiң бағыттарын анықтайтын сыртқы және iшкi факторлар.


  1. Кадрларды жинақтау, іріктеу, қабылдау және босату

Персоналды жинақтау түсінігі. Персоналды тарту көздері, олардың артықшылықтары мен кемшiлiктерi. Персоналды тарту әдістері.

Кадрларды іріктеу түсінігі және оның мақсаты. Іріктеуге әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар. Ішкі факторлары: ұйым көлемі, күрделілілігі, технологиялық өзгерілуі және ұйымның өз табиғаты. Сыртқы факторлары: жұмыс күші нарығының мәні, кәсіподақтың талаптары, кәсіпорынның орналасқан жері және т.б.

Іріктеу үдерісі және оның сипаттамасы. Іріктеу бойынша шешім қабылдау үдерісінің кезеңдері.

Менеджерлерді іріктеу және оның ерекшелігі. Менеджерлерді іріктеу процесінің спецификалық ерекше сипаттамасы.

Жұмысқа қабылдау процесі және оның сипаттамасы. Ұйым персоналын жинақтау үдерісіне әсер ететін факторлар және олардың классификациясы; сыртқы орта факторы: үкіметтік және кәсіподақтық шектеулер; жұмысқа қабылдау кезіндегі дискриминация, заңдар; жұмыс күші нарығынан хабардар болу; жұмыс күшінің құрамы және ұйымның орналасқан жері.

Ішкі орта факторы: ұйымның қазіргі кезде және болашақта жұмыс күшіне талабы; осымен байланысты шығындар, жалданбалы жұмыскерлердің қанағаттану деңгейі; ұйым тарапынан қойылатын талаптар.

Жұмыскерлерді жумысқа қабылдаудың нормативті-құқықтық базасы. Еңбек келісім-шарты және оның түрлері.

Персоналды жұмыстан босату, оның себептерi.


  1. Персоналды кәсіби бағыттау және еңбекке бейімдеу


Кәсіби бағыттаудың түсінігі жене кәсіби бағыттау жұмыстарының негізгі түрлері.

Бейімдеу түсінігі және мәні. Бейімдеудің мақсаттары мен олардың сипаттамалары. Бейімдеудің бағыттары. Бейімдеудің түрлері және оған әсер ететін факторлар. Персоналды кәсіби бағыттау және бейімдеудің басқару жүйесі, оның мақсаттары мен міндеттері.


10. Жұмыскердердің еңбек нәтижелілігін бағалау

Жұмыскердердің еңбек нәтижелілігін бағалаудың мәні мен мақсаттары. Персоналдың еңбек нәтижелілігін бағалаудың әдістері және олардың сипаттамалары. Персоналды аттестациялау. Оның түрлері мен өткізу тәртібі. Бағалауды өткізу мерзімі.


Персоналды кәсіби бағыттау және еңбекке бейімдеу


Кәсіби бағыттаудың түсінігі жене кәсіби бағыттау жұмыстарының негізгі түрлері.

Бейімдеу түсінігі және мәні. Бейімдеудің мақсаттары мен олардың сипаттамалары. Бейімдеудің бағыттары. Бейімдеудің түрлері және оған әсер ететін факторлар. Персоналды кәсіби бағыттау және бейімдеудің басқару жүйесі, оның мақсаттары мен міндеттері.




  1. Персоналды оқыту

Персоналды оқыту үдерісінің мәні. Персоналды оқыту әдістері және олардың сипаттамалары. Оқыту үдерісінің жалпы тізбегінің жалғасы. Оқыту және кадрлардың біліктілігін көтеру бойынша корпоративті саясаттың мазмұны. Оқыту корпоративті саясатының негізгі қағидалары және олардың сипаттамасы. Әр категориялы жұмыскерлерді оқыту ерекшеліктері.


  1. Персоналдың іскерлік мансабын басқару

Іскерлік мансап түсінігі. Персоналды басқару жүйесіндегі мансаптың орны. Мансаптың түрлері және олардың сипаттамасы. Іскерлік, кәсіби, ішкі ұйымдық және жеке тұлғалық мансаптың түсінігі. Мансаптың модельдері және олардың жұмыскер үшін маңыздылығы. Мансапты жоспарлау. Мансапты жоспарлауға әсер ететін факторлар.

Мансаптың негізгі кезеңдері және олардың сипаттамасы. Зейнеткерлік жастағы жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау әдістері, ҚР-ғы жұмыскерлерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік және мемлекеттік емес әдістері.


`13. Кадрлық резервті басқару

Кадрлық резервтің мәні мен қажеттілігі. Кадрлық резервті қалыптастыру тәртібі. Кадрлық резервті қалыптастыру әдістері. Кадрлық резервті жоспарлау және оған байланысты жұмыстарды ұйымдастыру. Резервті ұсынуға қойылатын талаптар және олардың классификациясы. Резерв құрамына үміткерлерді дайындау үдерісін басқару.



  1. Персоналдың еңбек әрекетін мотивациялау және ынталандыру


Персоналды мотивациялау мен ынталандырудың негізгі түсініктері. Персоналды ынталандырудың мәні мен қажеттілігі. Мотивация теориялары. Жұмыскерлердің және компанияның басым мүдделері. Мадақтау формалары және бағдарламалары, олардың мәні мен мазмұны.


  1. Жұмыскерлердің еңбек ақысының жүйесі

Еңбек ақы мотивация формасы ретінде. Персоналдың біліктілігі мен еңбек ақысы. Жұмыскерлердің біліктілік деңгейін анықтайтын факторлар.

Нәтижелікті ынталандырушы әдістері: экономикалық (тікелей); экономикалық (жанама) және ақшалай емес. Еңбек ақының мәні. Еңбек ақының формалары және олардың сипаттамасы, мәні, мазмұны. Кесiмдi және мерзімді еңбек ақы төлеу формаларының қолдану шарттары. Еңбек ақы төлеу жүйесінің құрама бөліктері: базалық ставкалар, сыйақы төлемдер, әлеуметтік бағдарламалар. Ынталандырудың дәстүрден тыс әдiстерi. Жұмыскерлердің пайдаға, акционерлік капиталға қатысу жүйесі. Ресми түрде еңбек нәтижесімен байланысты емес бонустар, жеңілдіктер және өтем ақы. Менеджерлерді ынталандыру ерекшеліктері.



Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудағы мемлекеттің рөлі. Жалдамалы жұмыскерлердің еңбек ақысын төлеуде мемлекеттік нормалар мен кепілдер.


  1. Персоналды басқару тиімділігін бағалау

Персоналды басқару жүйесінің жұмысын бағалау қажеттілігі. Кадр қызметінің жұмыс тиімділігін бағалайтын субъективті және объективті критерийлер. Персоналды басқару жүйесінің жұмысын бағалау туралы көзқарастар. Персоналды басқару жүйесінің жұмысын бағалауға қажетті мәлімет көздері. Персоналды басқарудың тиімділік көрсеткіштері: стратегиялық және локальды.


  1. Персоналды басқару аудиті

Персоналды басқару аудитінің мақсаты. Қазіргі жағдайда персонал аудитінің маңыздылығының артуы. Кадр қызметі жүргізетін аудит жұмыстарының түрлері. Аудитті объективті түрде жүргізуді қамтамасыз ету. Кадр қызметінің бюджетін жұмсау көрсеткіштерін жалпы және жұмыстың әр бағытына пайдалануын талдау. Кадрлық шешімдерді қабылдаудың негізгі бағыттарын сипаттайтын көрсеткіштерді талдау. Аудит жүргізуге жұмыскерлерді тарту. Аудиттік тексеру нәтижесі туралы жазбаша есеп беру.


«Бизнесті ұйымдастыру» пәні


  1. Кәсіпкерлік түсінігі. Оның түрлері мен нысандары. «Бизнес» және «кәсіакерлік» түсініктері. Бизнес маңызы. Экономикалық еркіндік бизнестің дамуына керекті талап ретінде. Бизнес түрлері мен олардың жіктелуі. Жеке және мемлекеттік бизнес. Шағын, орта, ірі бизнес. Өндірістк және делдалдық бизнес. Халықаралық бизнес. Банктік бизнес. Қазақстандағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы.




  1. Кәсіпкерліктің негізгі құқықтық-ұйымдастырушы нысандары. Әртүрлі құқықтық нысандарда бизнесті ұйымдастыру ерекшкліктері. Жеке және заңды тұлғалардың түсінігі мен айырмашылықтары. Жеке кәсіакерліктің түсініг мен түрлері. Заңды тұлғалар: коммерциялық және коммерциялық емес тұлғалар.

Бизнесті құқықтық реттеудің қажеттілігі мен маңызы. Құқықтық жүйенің құрылымы. Ұлттық және халықаралық деңгейде бизнестің қызметін құқықтық реттеу. ҚР-да бизнес дамуын қамтамасыз ететін негізгі заңдар.


  1. Жеке кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнесті ұйымдастырудың ерекшеліктері. Жеке кәсіпкерліктің түсінігі мен түрлері. Шағын бизнес субьектілерін анықтау. Шағын бизнестің әлеуметтік және экономикалық тұрғыдағы артықшылықтары мен кемшіліктері. Шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы.




  1. Ірі бизнесті ұйымдастыру ерекшкліктері. Ірі бизнестің түсінігі және оның субьекттерін анықтау маңызы мен критерийлері.Капитал концентрациясы. Интегралды-корпоротивті құрылым: синдикаттар, тресттер, концерндер, холдингтер, конгломераты, консорциумы, ҰКТ, стратегиялық альянстар.


5. Венчурлы бизнесті ұйымдастыру ерекшеліктері. Заманауи экономикадағы венчурлы бизнес және оның маңызы. Инновациялар мен венчурлы бизнес. Венчурлы бизнестің даму факторлары.

Мемлекеттің ғылыми-техникалық саясаты: маңызы мен негізгі бағыттары. Ұлттық инновациялық жүйе. Инновациялық жүйені дамытудағы мемлекеттік бағдарламалар.


6. Бизнес субьектілерінің пайда болуы мен мемлекеттік тіркеу.

Жеке істің пайда болуының негізгі жолдары. (фирма құру; фирманы құруға үлес қосу; қызмет етуші фирманы сатып алу; әріатестің үлесін сатып алу; жалға бері; мұраға қалдыру). Бизнестің құқықтық-ұйымдық нысанын таңдау. ҚР заңнамаларыга сәйкес Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуге алу тәртібі мен мерзімі. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуге алудан бас тарту.


7. Бизнес субьекттерін ликвидациялау. Банкрот болу.

Ликвидация түсінігі. Фирманы ликидациялаудың себеп-салдары. Фирма ликвидациясының құқықтық нысаны. Арнайы шаралардың жүргізілу тәртібі мен талаптары, дәрменсіз борышкердің реабилитациясы, заңды тұлғаны банкрот деп тауып оны ликвидациялау.



  1. Несие-қаржылық жүйе.

Ақша капиталын жинақтау және шоғырландыру бизнесті дамытудың маңызды шарты ретінде. Несие-қаржылық жүйе бизнес инфрақұрылымының маңызды құрамдас бөлігі ретінде. Несие-қаржылық жүйесінің құрылымы. Банктік және банктік емес несие-қаржылық институттары. Банктік жүйе және оның типтері. Орталықтандырылған банктік жүйе.

10. Бизнесті қоғамдық реттеудің жүйесі.

Экономикалық қатынастарды қоғамдық реттеудің мәні мен қажеттілігі. Бизнесті қоғамдық реттеу түрлерінің ерекшеліктері. Биржаны ұйымдастырудың мәні мен нысаны. Жариялы және жеке биржалар. Ашық және жабық биржалар. Тауар биржалары. Қор биржалары. Валюталық биржалар. Фьючерстік және әмбебап биржалар.



11. Бизнесті мемлекеттік реттеу жүйесі.

Бизнесті мемлекеттік реттеудің мәні және қажеттілігі. Бизнесті мемлекеттік реттеу жүйесінің құрылымы. Бизнесті мемлекеттік реттеудің құралдары мен түрлері. Салық жүйесі бизнесті мемлекеттік реттеудің базалық құралы ретінде. Салық салу жүйесінің жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасындағы салық салу қағидалары.



12. Бизнестің ресурстық қамтылуы.

Ресурспен қамтамасыз ету бизнесті ұйымдастырудың базалық шарты ретінде. Фирманың материалды және материалды емес активтері. Ресурстың түрлері. Негізгі және айналым құралдары. Материалдық активтер және олардың заманауи бизнестегі ролі. Зияткерлік меншік объектілері. Ұйымдастырушылық шығындар. Фирманың іскерлік беделі.



13. Келісім және оның түрлері.

Келісім туралы түсінік. Бизнестегі серіктестік. Құрылтайшылық келісімдер. Кәсіпкерлік келісімдер. Концессия. Экспорттық және импорттық келісімдер. Сату және сатып алу келісімдері. Лизинг. Франчайзинг. Лицензирование. Жалға беру. Аутсорсинг. Біріккен кәсіпкерлік. Фьючерс.



14. Келісім шарт және оның түрлері.

Келісім шарт түсінігі. Келісім шарт келісімге келудің негізгі құжаты ретінде. Келісім шарт мәні мен түрлері. Келісім шарт қызметі. Келісім шарттардың жіктелуі. Жақтардың келісім заты бойынша түрлері: сату сатып алу келісімшарты, жеткізіп салу келісім шарты, орындау келісімшарты, кепілдеу келісім шарты, несие келісім шарты.



15. Бизнесті стратегиялық басқару.

«Стратегия» түсігінің мәні. Стратегиялық жоспарлау. Стратегиялық басқару. Стратегиялық талдау. Бизнес ортаны талдау. Сыртқы талдау. Ішкі талдау. Бизнесті анықтау және сегменттеу. Стратегияны жасақтау. Бдәсекелік талдау. Портер моделі. SWOT-талдау. Бәсекелік стратегия. Сатып алушыларды жаулау және сақтап қалу.



16. Бизнес-жоспарлау бизнесті басқару құралы ретінде.

Бизнес жоспар түсінігі. Бизнес жоспарлаудың мақсаты. Бизнес жоспарлаудың міндеттер. Бизнес жоспарлаудың негізгі функциялары. Бизнес жоспарлардың түрлері. Бизнес жоспарлауға деген заманауи әдістер.



17. Бизнестің экономикалық тиімділігі.

Тиімділіктің экономикалық және әлеуметтік аспектілері. Бизнестің экономикалық тиімділігінің мәні. Ресурс тұрғысынан қарағандағы экономикалық тиімділік. Бизнесті талдаудың стратегиялық және оперативті түрлері.



18. Этика және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі.

Іскерлік өмірдің этикалық мәселелері. Бизнес этикасының негізгі тұжырымдамалары. Билік пен бағынушылық. Бәсекелес туралы ақпарат жинаудағы моральдық аспект. Корпорация мен қоршаған орта арасындағы қарым қатынас.


5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиет:

  1. Лютенс Ф. Организационное поведение. М.: Инфра-М, 2009.

  2. Гибсон Дж.Л., Ивансевич Дж., Донелли Дж.Х. мл. Организации: поведение, структура, процессы. – М.:ИНФРА-М, 2000.

  3. Филонович С.Р. Лидерство и практические навыки менеджера. – М.: ИНФРА-М, 2005

  4. Вратенков С. Управление проектами по стандарту PMBoK Guide 2000, www. projectbbureau.ru.

  5. Иванов Г.И. Инвестиции: сущность, виды, механизмы функционирования/Феникс, 2002. – 352 с.

  6. Мазур И.И., Шапиро В.Д., Ольдерогге Н.Г. Управление проектами – М.: Омега-Л, 2004. – с. 664

  7. Статистическое управление процессами. Оптимизация бизнеса с использованием контрольных карт Шухарта. Уилер Д. /М.: Альпина Бизнес Букс, 2009 г., 409 с

  8. Стратегический менеджмент. Классическое издание. Ансофф И. /Издательство: Питер, 2009 г., 344 с.

  9. Организация, ориентированная на стратегию: как в новой бизнес-среде преуспевают организации, применяющие сбалансированную систему показателей. Нортон Дейвид П., Каплан Роберт С. /М.: Олимп-Бизнес, 2009 г., 416 с.

  10. Курс MBA по стратегическому менеджменту. Портер М., Прахалад К.К., Самплер Дж./М.: Альпина Бизнес Букс, 2007 г., 588 с.

  11. Мустафин М.А. Раимов С.Р. Инновационный менеджмент и маркетинг Учебн. практ. Пособие. –Алматы, PRINT EXPRESS, 2009 -136 с.

  12. Мустафин М.А. Инновационный проект: концепции, алгаритмы, маркетинг, управление: Монография. –Алматы, PRINT EXPRESS, 2008 -225 с.

  13. Инновационный менеджмент. Учебное пособие/ Под. Ред. д.э.н. А.В. Барышевой – М.: Издательско-торговая корпорация «Дашков и К», 2007 г. – 384 с

  14. Управление инновациями в организации: учеб. пособие по специальности «Менеджмент организации»/ А.А. Бовин, Л.Е.Чередникова, В.А.,Якимович. - -ое изд., стер.-Москва : Издательство «Омега-Л» 2008.- 415с

Қосымша әдебиет:

  1. Волков И.М., Грачева М.В. Проектный анализ: Учебник для вузов. – М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 2002. – 423 с.

  2. Разу М.Л. и др. Управление программами и проектами: 17-модульная программа для менеджеров “Управление развитием организации”. Модуль 8. – М.: “ИНФРА – М”, 2007. – 392 с.

  3. Управление персоналом организации: Учебник/Под ред. А.Я. Кибанова. М.: ИНФРА-М, 2001.

  4. 5.Шапиро В.Д. и др. Управление проектами. СПб.: ДваТри, 2006

  5. Стратегический менеджмент. Парахина В.Н./Издательство: КноРус, 2008 г., 496 с

  6. Стратегия и структура корпорации: Учебное пособие для вузов Изд. 2-е, перераб. Гурков И.Б./М.: Дело, 2008 г., 288 с.

  7. Медынский В.Г. Инновационный менеджмент: Учебник. – М.: ИНФРА –М, 2007. – 295 с.

  8. Сурин А.В., Молчанова О.П. инновационный менеджмент. Учебник. – М. ИНФРА –М, 2008 – 368 с.

  9. Альжанова Ф.Г. Рынок технологий в условиях глобализации; институты и механизмы развития в Казахстане. –Алматы, 2007. – с 57

  10. Нысанбаев С.Н., Урузбаева Н.А., Садыханова Г.А. Управление качеством: Учебное пособие. – Алматы, 2000.

  11. Аристов О.В. Управление качеством. Учебник. - М. 2004., с.197-219.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет