Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ



Дата07.07.2016
өлшемі80.81 Kb.
#183714
БЕКІТІЛДІ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Ғылыми жұмыс бойынша проректор

Темиреков Н.М.

______________________

« _____» ____________ 2009 г.




әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің
СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ ҚОҒАМЫНЫҢ
ЖАРҒЫСЫ

Студентердің ғылыми қоғамы (СҒҚ) үнемі ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің өз еріктерімен ұйымдасқан қоғамдық ұйым болып табылады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің қоғамдық бірлестігінің ресми атауы: «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің ғылыми қоғамы».

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71

СҒҚ Жарғысы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің ғылыми қоғамының (бұдан әрі СҒҚ) тәртібін белгілейтін негізгі құжат болып табылады (бұдан әрі Жарғы).

Жарғы – міндетті істерді, мақсаттарды, тапсырмаларды, ортақ жағдай мен СҒҚ-ның ұйымдасқан құрылымын анықтайды.

Жарғы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мүшелерінің ұйымдастырылуымен болған конференция жиналысында 5-қарашада, 2008 жылы қабылданды.

1 Бөлім. Мақсаты мен міндеті


Студенттердің ғылыми қоғамы келесі міндеттерді шешеді және келесі мақсаттарды көздейді:
Мақсаты:
Мақсат – жүйелі жұмысты ұйымдастыру және университеттің ғылыми өміріндегі салтанатты шараларды өткізу.

Мақсат – университет әкімшілігіне студенттердің ең ерекше деген қызығушылықтары мен ұсыныстарын таныстыру, сондай-ақ, жоғарғы оқу орындары арасында, мемлекет және халықаралық деңгейде жария ету.

Мақсат – студенттердің ғылыми жұмыстарының іске асуына көмек көрсету.
Міндеті:
1.1. Студенттерге олардың құқықтары мен міндеттері туралы кеңес беру, ғылыми үйірмелер мен кафедралардағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының өткізілу механизімі жайлы толық ақпарат беру.

1.1.1. Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына көптеп тарту.

1.1.2. Ғылыми конференциялар өткізу, ғылыми жұмыстар арасында сайыстар жүргізу, ғылым мен техниканың жетістіктерін жариялау.

1.1.3. Ең үздік студенттердің жұмыстарын жариялау және оны қолданысқа енгізгуге жәрдем жасау.


1.2. Факультетті басқару жүйесінің барлық деңгейінде фкультет әкімшіліктерімен СҒҚ-ның байланыс механизімін ұйымдастыру және оны жүзеге асыру (Ғылыми кеңес, деканат, кафедра, зертханалар мен тағы басқа әкімшілік құрылымдар).
СҒҚ ұйымының өкілдерін қоғамдық өмір және ғылыми-зерттеу

мәселелер бойынша университет стратегиясына қатысты құжаттарды дайындауға қатыстыру.


Факультетаралық, жоғарғы оқу орындары арасындағы және

халықаралық байланыстарды нығайтуға бағытталған іс шаралар өткізу; университеттің басқа ұйымдарымен тәжірибе алмасу.


1.5. СҒҚ ақпарат тасымалдауын ұйымдастыру және көмек көрсету.
1.6. Конференция және СҒҚ кеңесінің хабарларын жариялау.
1.7. Университет көлемінде өтетін ғылыми-зерттеу жұмыстарын СҒҚ ақпараттық тасымалдаушылары арқылы жариялау.
2 Бөлім. Жалпы ережелер.
2.1. Студенттердің ғылыми қоғамы – университет студенттерінің инициативасы бойынша құрылған, өзін-өзі басқаратын, өз еркімен, коммерциялық емес негізде құрылған университет студенттерінің қоғамдық ұйымы.
2.2. СҒҚ мүшелерінің Қорытынды конференциясы СҒҚ жоғары басқару ұйымы болып табылады.
2.3. CҒҚ заңды тұлға болып табылмайды. Студенттердің ғылыми қоғамы материалдық, кардылық және басқа да ресурстарды келісімде қаралғандай белгілі тәртіпте пайдаланады.

3 Бөлім. Мүшелері.

3.1. СҒҚ мүшелері (әрі қарай мүшелер) төмендегідей құқықтарға ие:
3.1.1. СҒҚ мүшелерін таңдауға және сайлануға;
3.1.2. CҒҚ арқылы университеттің басқару органдарында жұмыс істеуге, маслихат мүшесі болуға және тағы басқа;
3.1.3. Университеттің СҒҚ дамуына жеке инициативасын білдіріп, оны жүзеге асыруда қолдау алуға мүмкіндігі бар;
3.1.4. СҒҚ жұмыстарын жүзеге асыруда өзінің ұсыныстарын білдіре алады;
3.1.5. Өзін шыңдауда СҒҚ мүмкідіктерін пайдалануға;
3.1.6. Жекелей немесе топтық тәртіп бойынша кафедра мен зертханалардағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуға;
3.1.7. Кафедралардың нақты ғылыми-зерттеу тапсырмаларын орындауға;
3.1.8. Ғылыми тақырыбы бойынша курстық және диплом жұмыстарын жазуға;
3.1.9. Университеттің ғылыми зерттеу институттары мен кафедралардың құрылғыларын, құралдарын, кітапханаларын, оқу залдарын, аудиторияларын, кабинеттерін қолдана алады;
3.1.10. Ғылыми конференцияларда, көрмелерде, конкурстарда, конгрестерде, олимпиядаларға қатысуға;
3.1.11. Өз жұмыстарын Хабаршы және т.б. ғылыми журналдарда жариялау;

Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қатар сабағын белсенді оқитын студенттерге СҒЗЖ кеңесі мен СҒҚ, сондай-ақ университеттің қоғамдық ұйымдарымен бірлесе отырып атаулы стипендия тағайындау.


3.1.12. Ғылыми-зерттеу және басқа да тәжірибелік, зерттеу жұмыстарда үйренгегн білімді шығармашылық тұрғыда қолданып, белсенді қатысу;
3.1.13. Ғылым мен техниканың жетістіктеріндегі ғылыми техникалық білімнің таралуы мен танылуына өз үлесін қосу;
3.1.14. СҒҚ ұйымдастырушылық қызметіне белсенді қатысу. СҒҚ ғылыми ұйымдастырушылық жұмысына белсенді және нәтижиелі қатысқан үздік студенттер «СҒҚ Дипломымен» марапатталады.
3.2. СҒҚ мүшелері оның Жарғысы және басқа да нормативті құжаттарын ұстануға міндетті.
3.3. Академиялық демалыс алған, PhD доктаранутасына ұсынылған тұлғалар СҒҚ құрамынан шығарылып, өзіне тиісті барлық қызметтерден босатылады;
3.4. СҒҚ мүшелігіне оқу жоспарын үздік орындаған және таңдаған мамандығы бойынша терең шығармашылық жұмысқа қызығушылық танытқан, үнемі университеттегі студенттер ұжымында жұмыс істейтін студенттер мүше бола алады;
3.5. СҒҚ мүшелігіне қабылдауды университеттің СҒҚ кеңесі жүргізеді.

4 Бөлім. СҒҚ Құрылымы


4.1. СҒҚ — өзін-өзі басқаратын құрылым. Өз жұмысын ұтымды құрастыруы үшін басқарудың өкілетті органын құрды.

Ғылыми үйірме алғашқы ұйымдардың бірі болып саналады (студенттік ғылыми семинар, студенттік ғылыми топ және студенттік бюро). Студенттік бюро университеттің СБ бекіткен ережесі бойынша іске асырылады.


4.2. СҒҚ бақарма органы арнайы белгіленген негізде құрылады.
4.2.1. СҒҚ құрамын сайлау жылына бір рет болып отырады.
4.2.2. СҒҚ басқармасының жұмыс мерзімі – жаңа құрам іріктеліп болғаннан кейін аяқталады.
4.3. СҒҚ басқармасының органы жоғарғы оқу орнының көпсатылы құрылымынан құралған.
4.4. СҒҚ жоғарғы басқару органы болып Конференция табылады.
4.5. СҒҚ Конференцияларының нәтижиелерін шығару және оларды іске асыру үшін СҒҚ Кеңесі жұмыс істейді.
4.6. СҒҚ НИРС Кеңесінің басшылығымен ҚазҰУ профессорлар мен оқытушылар құрамының белсенді қатысуымен жұмыс атқарады.
4.7. Кеңесті СҒҚ жетекшісі құрады.

5 Бөлім. Конференция


5.1. Конференция жылына бір рет өтеді.
5.2. Конференцияның өтілетін уақыты және қаралатын мәселелер тізімі туралы мүшелерге СҒҚ ақпараттық тасымалдаушылары арқылы бір ай бұрын жеткізіледі(сайт, басылымдар, ақпарат тақталары және т.б.).
5.3. Конференцияға СҒҚ Мүшелері, ғылыми жетекшілері және СҒҚ-ның құрметті мүшелері қатыса алады.
5.4. Конференция делегаттары тіркеуден өтеді. Әр тіркелген делегат сайлау кезінде бір дауысқа ие болады.
5.5. Конференцияның ерекше міндеттеріне келесілер жатады:


  • Жарғы қабылдау;




  • Жарғыға өзгеріс енгізу туралы шешім;




  • СҒҚ төрағасын сайлау;




  • «СҒҚ-ның құрметті мүшесі» атағын Кеңестің ұсынған кандидаттарына беру туралы шешім қабылдау;

5.6. Конференция күн тәртібінде міндетті тәртіпте келесі сұрақтар енгізіледі:




  • СҒҚ Төрағасының СҒҚ қызметіндегі бір жылдық есебі;




  • Төраға есебін талқылау;




  • СҒҚ қызметінің бағасы мен оның дамуына байланысты есепке резолюция шығару;

6 Бөлім. СҒҚ Кеңесі


6.1. Кеңес — СҒҚ -ның жоғарғы атқарушы ұйымы.
6.2. Кеңес өзінің қызметін Конференциялар аралығындағы кезеңде жүзеге асырлады.
6.3. Кеңес өзінің шешімін қарапайым көпшілік дауыс арқылы шығарады.
6.4. Кеңестің ерекше компетенциясына келесілер жатады:


  • Жарғы,а өзгертулер мен толықтырулар енгізу;




  • Басқарма мүшесін сайлау және оны қатарға алу мәселелерін шешу;




  • «СҒҚ-ның құрметті мүшесі» атағына кандидаттарды ұсыну;

6.5. Кеңес келесі функцияларды жүзеге асырады:




  • СҒҚ-ның жарғылық мақсаттарына жетуге бағытталған Кеңестің жыл бойына жасалатын жұмысының жоспарын тағайындай және оны орындау;




  • СҒҚ іс-шараларын реттеу;




  • СҒҚ-ның барлық деңгейлерінде басқарудың бірыңғай саясатын ұстануды қадағалау;

6.6. Кеңес шешімдері СҒҚ-ның ақпараттық тасымалдаушыларында жарияланғаннан кейін өз күшіне енеді.


6.7. Кеңес жұмысын басқаруды, сонымен қатар СҒҚ мүддесін факультетаралық және университетаралық деңгейде қорғауды СҒҚ Төрағасы жүзеге асырады.
6.7.1. Төраға Қорытынды-сайлу коныеренциясында тіркелген кандидаттардың қатарынан сайланады.
6.7.2. Бұрын СҒҚ Төрағасы немесе оның орынбасары болған кез-келген СҒҚ мүшесі Төраға орнына кандидат бола алады.
6.7.3. Төраға орнына бір адам екі реттен көп сайлана алады.
6.8. Төраға жылына екі рет ашық түрде есеп береді.
6.9. Төраға Кеңесті әр факультеттің СҒҚ Төрағалары қатарынан, Маслихат мүшелерінен және басқа да студенттік ұйымдардан құрайды.
6.10. Төраға 1 орынбасарды тағайындауға немесе орнынан босатуға құқылы.
6.11. Төраға функционалды, ақпараттық және координациялық бөлімдердің жетекшілерін тағайындауға немее орнынан босатуға құқылы.
6.12. Төраға өзінің болмаған жағдайда Төраға міндеттерін атқаратын 1 орынбасарын тағайындайды.
7 Бөлім. Қорытынды ережелер
7.1. Жарғы мәтіні Конференцияда қабылданғаннан кейін Жарғы өз күшіне енеді.
7.2. Жарғыға өзгертулер мен толықтырулар кезекті Конференцияларда енгізіледі және белгіленген тәртіппен қабылданады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет