Бородулиха ауданы әкімдігінің
2008 жылғы «__»________
№ ___ қаулысына
2 қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
«Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азматтарды тіркеу және есепке алу»
-
Жалпы ережелер
1. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азматтарды тіркеу және есепке алу – қалалық арнайы комиссиямен, мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың комиссияларымен іс макеттерін құрастыру, аудандық зейнетақы төлеу орталығы бөлімшесіне төлемге істерді тапсыру үшін аудан әкімінің шешімімен құрылған арнайы комиссиямен істерді бекіту (бұдан әрі мелекеттік қызымет).
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны – ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысының 2-бөлімінің негізінде көрсетіледі.
4. Осы мемлекеттік қызметті «ШҚО Бородулиха ауданының Жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, (бұдан әрі – Бөлім), Молодежная көшесі, 25 ұсынады.
5. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азматтарды тіркеу және есепке алу мемлекеттік қызыметтің нәтижесі Бородулиха ауданы әкімімен Қазақстан Республикасы азматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендігін мойындау (Мойындаудан бас тарту) туралы Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азматтарды тіркеу және есепке алу бойынша арнайы комиссияның шешімі.
6. Мемлекеттік қызмет 1949 және 1990 жылдары радиациялық қауіпті аумақтарда тұрған заматтарға көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу
мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған, электронды сұрау берген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері – 30 күнтізбелік күн;
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге, электронды сұрау толтыруға ең ұзақ уақыт – 45-50 минут;
3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт, файлдың рұқсат берілген жоғары мөлшері – 45-50минут.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты туралы ақпарат Бөлімнің Молодежная көшесі, 25 мекенжайы бойынша № 2 және 9 кабинеттерде орналастырылған, «Пульс района» газетінде жарияланады.
10. Жұмыс кестесі: сейсенбі, сәрсенбі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Осы мемлекеттік қызметті алу үшін алдын ала жазылу және жедел қызмет көрсету қарастырылмаған.
11. Осы мемлекеттік қызметті ұсыну үшін келесі жағдайлар жасалған: күту залы, (үстелдер, жұмсақ орындақтар), өтініштерді, бағыттағыш бланктерді толтыру үшін үлгілер.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушыға келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1) жеке куәлiгi (төлқұжаты), мына мекемеде берілетін «Өскемен қаласының № 3 халыққа қызымет көрсету орталығы» ММ Бородулиха филиалы.
2)салық төлеушiнi тiркеу нөмiрi (СТТН), мына мекемеде берілетін
«ҚРқаржы министрлігінің ШҚО Бородулиха ауданы бойынша салық комитеті» ММ.
3) әлеуметтiк жеке кодының берiлгенi туралы куәлiк (ӘЖК), мына мекемеде берілетін «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК ШҚО филиалының Бородулиха аудандық бөлімшесі.
4) жинақ кітапшасы немесе өтемақы берілгендігі жөніндегі уәкілетті органмен шарт;
5) 1949 жылдан 1965 жылға дейінгі, 1966 жылдан 1990 жылға дейінгі кезеңдерде Семей ядролық сынақ полигоны аймағында тұрған кезеңдерін (әскери қызметін, жұмысын) және деректерін растайтын құжаттар;
6) «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңында белгiленген тәртiппен берiлген, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушiге берілетін жеңiлдiктер құқығын растайтын куәлiк.
а) мұрағаттық анықтамалар, ауылдық (селолық) округтардын, ауыл, кент әкімдерінен анықтама;
ә) жеке еңбек кітапшасы
б) оқу орнын бітіргендігі жөніндегі диплом;
в) әскери билет
г) тууы туралы куәлік, негізгі мектепті бітіргендігі туралы куәлік, орта білімі туралы аттестат;
Көрсетілетін анықтамалар фирмалық бланкілерде толтырылулары немесе тіркелген номері және берілген күні белгіленген бұрыштық мөртабаны бар болуы керек. Оларда қол қойылған анықтаманы растайтын ұйымның мөрі және
берілген анықтамалардың басшылығымен, лауазымы, тұлғаның аты-жөні, тегі, көрсетіледі.
Ұйымдардың байланыс деректемелері (жұмыс кестесі және қабылдау уақыты, мекен-жайы, телефоны):
«Өскемен қаласының № 3 халыққа қызымет көрсету орталығы» ММ Бородулиха филиалы.
Қабылдау күндері: дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, үзіліссіз, сенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін
Мекенжайы: ШҚО, Бородулиха ауданы, Бородулиха селосы, Молодежная к-сі 25.
Телефон: 2 -20-48.
«ҚР қаржы министрлігінің ШҚО Бородулиха ауданы бойынша салық комитеті» ММ.
Мекенжайы: ШҚО, Бородулиха ауданы, Бородулиха селосы.
Телефон: 2 –10 –88.
«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК ШҚО филиалының Бородулиха аудандық бөлімшесі
Қабылдау күндері:
Мекенжайы: ШҚО, Бородулиха ауданы, Бородулиха селосы, Коммунистическая, 1 көшесі
Телефон: 2 – 18 – 44.
«Қазпошта» ААҚ,
Мекенжайы: ШҚО, Бородулиха ауданы, Бородулиха селосы
Телефон: 2 -18-87.
«Қазақстан Ұлттық банкі»
Мекенжайы: ШҚО, Бородулиха ауданы, Бородулиха селосы, Киров көшесі
Телефон: 2 – 18 – 87.
Бородулиха селосындағы «Альянс-Банк» бөлімшесі
Мекенжайы: ШҚО, Бородулиха ауданы, Бородулиха селосы, Киров көшесі
Телефон: 2 – 19 – 03.
«Туран Әлем Банкі»
«ШҚО Бородулиха аудандық мемлекеттік мұрағат»
Мекенжайы: ШҚО, Бородулиха ауданы, Бородулиха селосы, Молодежная, 25 көшесі
Телефон: 2 – 14 – 58.
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін берілетін өтініштер үлгілері бланктер, ШҚО, Бородулиха ауданы, Бородулиха селосы, Молодежная көшесі 25, мекенжайы бойынша, № 2, 9 кабинеттерге тапсырылады.
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар және өтініштер Бөлімнің біржолғы ақшалай өтемақы төлеу құжаттарын қабылдау жөніндегі секторының мамандарына Молодежная көшесі 25, № 9 кабинетке тапсырылады.
15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті барлық құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушының мемлекеттік қызметті алған күні бар барлық құжаттарды тапсырғанын растайтын талон алады.
16. Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі тұтынушы жеке келген уақытта немесе келесі телефондар арқылы 2-22-74, 2-14-47 жеткізіледі. Соңғы нәтиже – істің макеттері тізіммен «Жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мамандары Бородулиха бөлімшесінің МЗТО өткізеді. 17. Мемлекеттік қызыметті тоқтата тұруға құжаттардың толық пакетін тапсырмау негіз болып табылады.
3. Жұмыс қағидаттары
18. Тұтынушыға қатысты Бөлім келесі қағидаттарды басшылыққа алады:
1) сыпайылық;
2) кәсіпқойлық;
3) қызымет көрсетудің мәдениеті және шапшаңдығы;
4) ұстамдылық;
5) тиімділік;
6) ақпаратты мазмұнды және жете түсіндіру;
7) құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.
-
Жұмыс нәтижелері
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттағы қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Бөлімнің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
-
Шағымдану тәртібі
21. Бөлімнің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі және шағым дайындауға көмек көрсететін мемелекеттік мекеме «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, Молодежная көшесі, 25, 1 кабинет, электронды пошта: bor-с@ mai1.kz телефон 8 (72351) 2-22-74.
22. Шағым берілетін мемлекеттік мекеме «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, Молодежная көшесі, 25, 1 кабинет, электронды пошта: bor-с@ mai1.kz телефон 8 (72351) 2-22-74 беріледі.
23. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат шағымды қабылдағаны туралы, тіркеу журналында тіркелген талон болып табылады, онда берілген шағымға жауап алу мерзімі және орыны көрсетіледі. Тұтынушы шағымның қаралу барысы туралы мәліметті келесі телефондар арқылы білуге болады
2-22-74, 2-16-65.
6. Байланыс ақпараты
24. Бородулиха ауданының жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы: Молодежная көшесі, 25, 1 кабинет. қабылдау күндері: сейсенбі, бейсенбі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс 13-00-ден 14-00-ге дейін, ШҚО, Бородулиха ауданы, Бородулиха селосы Молодежная көшесі, 25, электронды пошта: bor-с@ mai1.kz телефон 8 (72351) 2-22-74
сайт
«Шығыс Қазақстан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті» мемлекеттік мекемесі, Өскемен қаласы Киевская көшесі 1;
электронды пошта: @ mail .kz
телефон: 8 (7272) 47-86-39
сайт
25. Тұтынушы үшін басқа да пайдалы ақпарат ресми сайтта орналастырылған.
Аудан әкімі аппаратының басшысы М.Қыдырбаев
«Семей ядролық сынақ полигонындағы
ядролық сынақтардың салдарынан зардап
шеккен азматтарды тіркеу және есепке алу»
мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартына
қосымша
Сапа және қол жетімділік көрсеткішінің мәні
Сапа және қол
жетімділік
көрсеткіштері
|
Көрсеткіштің
нормативтік
мәні
|
Көрсеткіштің
келесі жылдағы нысаналы
мәні
|
Көрсеткіштің
есепті жылда-ғы ағымдағы
мәні
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1. Уақтылығы
|
1.1.құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну ұсыну оқиғаларының % (үлесі)
|
95%
|
60%
|
55%
|
1.2.қызмет алуды кезекте 40 минуттан
аспайтын уақыт күткен тұтынушы-ларының % (үлесі)
|
90%
|
65%
|
60%
|
2. Сапасы
|
2.1.қызметті ұсыну үдерісінің сапасына
қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
|
90%
|
60%
|
50%
|
2.2.құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс
ресімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)
|
95%
|
90%
|
85%
|
3. Қол жетімділік
|
3.1.қызметті ұсыну тәртібі туралы са-паға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %(үлесі)
|
80%
|
80%
|
75%
|
3.2.тұтынушы құжаттарды дұрыс тол-тырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың %(үлесі)
|
80%
|
75%
|
70%
|
3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі)
|
50%
|
50%
|
45%
|
4. Шағымдану үдерісі
|
4.1. қызметтің осы түрі бойынша қыз-мет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымда-рдың % (үлесі)
|
0,1%
|
0,1%
|
0,2%
|
4.2.белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген ша-ғымдардың % (үлесі)
|
95%
|
95%
|
90%
|
4.3.шағымданудың қолданыстағы тәр-тібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
|
95%
|
85%
|
80%
|
4.4.шағымдану мерзіміне қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)
|
90%
|
85%
|
80%
|
5. Сыпайылық
|
5.1.қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
|
90%
|
90%
|
85%
|
Аудан әкімі аппаратының басшысы М.Қыдырбаев
Достарыңызбен бөлісу: |