Елбасы Жолдауында Стратегиялық жоспарлау ХХІ ғасырдың №1 қағидасы екенін кесіп айтты. Осы бағытта, 2013 жылдың соңында өткен аудандық мәслихаттың қорытынды сессиясында «Жаңақорған ауданының 2011- 2015 жылдарға арналған «Даму» бағдарламасы



Дата29.02.2016
өлшемі52.47 Kb.
#32956
түріБағдарламасы
Аудан әкімі С. Тәуіпбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстандық жол 2050» бір мақсат, бір бағыт, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын идеологиялық түсіндіруге арналған актив жиынында сөйлейтін сөзінің желісі
Қымбатты жерлестер!

 

Мемлекет басшысы қаңтардың 17-сінде «Қазақстандық жол 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы қоғамдық-саяси маңызы ерекше тарихи оқиға.



Ұлт Көшбасшысы халықты өз Жолдауымен жігерлендіруі жүректерімізге сенім ұялатып қана қоймай, болашаққа дұрыс бағыт-бағдар беруі нағыз заңғар тұлғаның, болашаққа нық қарайтын салиқалы, көреген адамның қолынан келетін іс екені белгілі. Бағытымызды жандырған бұл Жолдау өзінің кемеңгер Елбасымен бірге тәуелсіз Қазақ елін әлі талай биік шыңдардан көрсететіні айқын.

Мемлекет басшысының «Қазақстан 2050» Стратегиясында жаңа экономикалық саясаттың бағыты бірінші кезекте экономикалық тиімділік пен ұзақ мерзімді мүдделер тұрғысынан қарау айқындалған. Осы орайда қабылданған барлық экономикалық және басқару шешімдері де соған бағытталуы тиіс. Біздің де мақсат-мүддеміз осы бағытпен үндеседі. Сондықтан осы Жолдаудың негізгі міндеттерінің ауданда орындалу барысына қысқаша тоқталайын.

Өңірдің экономикасын тиімді дамыту үшін металлургиялық кластерді қалыптастыру жоспарлануда, ол үшін өңірде барлық алғышарттар бар: мыс, цинк, сирек кездесетін металл қорлары және тағы басқалар. Осыған байланысты жұмысы тоқтап тұрған «Шалқия-Цинк ЛТД» ЖШС-ін қайта ашу жоспарлануда.

Елбасы Жолдауында Стратегиялық жоспарлау ХХІ ғасырдың №1 қағидасы екенін кесіп айтты. Осы бағытта, 2013 жылдың соңында өткен аудандық мәслихаттың қорытынды сессиясында «Жаңақорған ауданының 2011- 2015 жылдарға арналған «Даму» бағдарламасы қабылдадық.

Бұл құжатымыздың басты мақсаты - ауданның дамуы және тиімді әлеуметтік-экономикалық әлеуеті негізінде тұрғындардың ахуалын жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады.

Біз осы ретте, Жалпы, 2013 жылды біз оң нәтижелермен аяқтадық.

Өнеркәсіп өндірісінде 31 млрд. 413 млн теңгенің, ауыл шаруашылығында 6 млрд. 738,2 млн теңгенің, 10 млрд. 417 млн 107 мың теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылды. 25420 шаршы метрдің тұрғын үйі пайдалануға берілсе, өңірге 12 млрд. 958,8 млн теңгенің инвестициясы құйылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 115,3 пайызға артып отыр.

Жолдауда Елбасы бізге зор ауқымды міндеттер артып отыр.

Осы орайда, біз Стратегия шеңберінде өңірдің алдағы «даму тетіктері» нақты белгіленіп, оны жүзеге асыру жолдары да айқындадық.

Олардың ішіндегі ең негізгілеріне тоқталсақ, бұл – «кен өндіру», «химия өнеркәсібін» дамыту. Бұл бастамалар ойдағыдай жүзеге асырылса, тек өнеркәсіп өндірісі, ауыл шаруашылығы ғана дамып қана қоймай, оған қоса құрылыс индустриясы, көлік әлеуеті артып, өңірге 2014 – 2016 жылдар аралығында жалпы көлемі 60 млрд теңгенің инвестициясы құйылатын болады.

«Дамудың тетіктері» ретінде біз келесі жобаларды жүзеге асыруымыз қажет:

«Шалқия цинк ЛТД» ЖШС –іске асыру мерзімі 2014-2016 жылдар аралығында 638 жұмыс орны, Цемент зауыты «Сыр цемент» ЖШС іске асыру мерзімі 2014 жыл 450 жұмыс орны ашылатын болса, өңірдің экономикасын тиімді дамыту үшін металлургиялық кластерді қалыптастыру жоспарлануда, ол үшін өңірде барлық алғышарттар бар: мыс, цинк, сирек кездесетін металл қорлары және тағы басқалар. Осыған байланысты жұмысы тоқтап тұрған «Шалқия-Цинк ЛТД» ЖШС-ін қайта ашу және Шалқия қорғасын-мырыш кен орнын одан әрі игеру;

Уран өндірісін одан әрі дамыту;

Инновациялық технологияларды қолдана отырып қолданыстағы кен орындарының ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемін арттыру.

Аталған жобалардың қай-қайсысы болмасын үлкен капиталды тарта отырып, жаңа жұмыс орындарының құрылуына, одан қалды салық түсімдерінің артуына ықпал етпек.

Яғни, олар өңіріміздің экономикасының өсуіне қосымша серпіліс беріп, өнеркәсіп өндірісінің аудандағы үлесінің артуына өз септігін тигізеді. Осы бағыттағы жұмыстардың жүйелі орындалуын аудан әкімінің орынбасарлары Ибрагимов Абдрасил Ысқақұлына тапсырамын.

Жолдауда біздің алдымызға қойған маңызды талаптарының бірі - аграрлық сектордың өндірісін дамыту. Өйткені, алдағы уақытта азық – түлікке деген сұраныс жыл сайын өсетін болады. Осыған байланысты ауыл шаруашылығы саласына қомақты инвестиция тарта отырып, жаңа технологияларды өндіріске енгізу арқылы өнімділікті арттыруымыз қажет.

Жолдауда Елбасының «Ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлікке кедергі келтіретін бөгеттердің барлығын алып тастауымыз қажет. Жерді тиімді пайдалануда, шаруалардың кооперациясында кедергілер болмау керек» деген сөзі Сыр елі аудан ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің ойынан шығып, жігерлендіре түсері сөзсіз..

Елбасы Жолдауында аграрлық саланы дамытуға үлкен басымдық беріп отыр, Осы ретте, өңірімізде мал шаруашылығын дамыту мақсатында, «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың нәтижесінде 2012 жылы мал өсіруші шаруашылықтар 143,0 млн. теңге, 2013 жылы 210,0 млн. теңге субсидия алып, төленген субсидия көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 147,0%-ға артып отыр. Сонымен қатар, 9 шаруашылық 155 га жеміс- жидек, 36 га жүзім дақылдарын тамшылатып суару технологиясымен егуді межелеп отырсақ, өткен жылдары тамшылап суару технологиясымен 40 га жеміс- жидек, 40 га жүзім дақылы егілген болатын.

Сонымен қатар, Елбасы Жолдауындағы генномодификациялы дақылдар көлемін ұлғайту үшін Италиялық тәсілмен күрішті өсірудің эксперименттерін ұйымдастыру керектігін тапсырды.. Осыған сай, суармалы дақылдарды өсіруде су үнемдеу технологияларын зерттеу, өндірілетін өнімнің көлемі мен сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі түрде қолға алуды аудан әкімінің орынбасары Ыдырысов Серқожа Ыдырысұлына тапсырамын.

Елбасының бизнесті дамытуға кедергі келтіретін құқықтық нормаларды жою қажеттігін баса айтуы бұл еліміздің барлық өңірінде кәсіпкерліктің қарқынды дамуына серпін бермек. Осы орайда, шағын бизнесті отбасылық дәстүрге айналдырып, оны ұрпақтан ұрпаққа мұраға қалдыру - біздің кәсіпкер азаматтарымыздың құлшына еңбек етуіне жол ашады. Осы мақсаттағы жұмыстарды одан әрі жандандыра түсуді аудан әкімінің орынбасары Ибрагимов Абдрасил Ысқақұлына тапсырамын.

Елбасы біздің жарқын болашаққа жету жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін дамытудың жаңа мүмкіндіктерін құрумен тығыз байланысты екендігін айтып, «Білім дегеніміз – жекелеген адамдар үшін де, сондай-ақ, бүтіндей ел үшін де ең басты құндылық және табысқа жетудің негізі» деді.

Елбасы Жолдауда «Үлгерімі жоғары оқушыларға қолдау көрсетудің тиімді жүйесін құру қажеттілігін тапсырды. Білім сапасына байланысты нақты шешімдер қабылдануда. Былтырғы жылы ауданымызда 4 мектеп, 2 мемлекеттік бала – бақша пайдалануға берілсе, биылғы жылға 4 мектеп , 2 мемлекеттік бала – бақша беріледі деп жоспарлануда

Осы тұста Елбасы Стратегияның жастар үшін, болашақ үшін жасалғанын, жастардың немқұрайлық танытпай, елдің тағдырын өз қолдарымен жасауға шақырды.Осы реттегі жұмыстарды жүйелі атқаруды аудан әкімінің орынбасары Бүркітбаев Қаржыбек Тәжібайұлына және білім бөлімінің басшысы Ибрагимов Болат Мақсұтұлына тапсырамын.


Құрметті жерлестер!

Президент Мәңгілік ел болу жолында тұрақтылық, бірлік, бәсекеге қабілеттілік керек екендігін баса айтты. Елбасы: «Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел. Ол Стратегияның түпқазығына айналды» деді.

«Мәңгілік Елдің» қағидаттары - тағдыры ортақ, мүддесі бір Қазақстан халқының әлеуметтік-экономикалық, рухани дамуының негізі.

Аудан халқы Тұңғыш Президентіміз – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстанның «Мәңгілік Ел» болу жолындағы ұлы идеясын орындауға зор үлесін қосатын болады деп сенемін.



Біз халқымызды осы жолда ауызбіршілік пен ынтымақтан ажырамауға, мәңгілік бірге болуға, Қазақстан Республикасының Президентің Жолдауынан туындайтын мақсаттар мен міндеттерді бірге атқаруға, дамыған мемлекет қалыптастыруға, туған жерімізді көркейтуге шақырамыз. Ол мақсатқа бірге жететінімізге сенеміз. Өйткені, бізді біріктіретін бір Отан, бір тағдыр және Бірінші Президент!

Баршаңызды туған Отанымыз – Қазақстанның дамуы үшін қызмет етуге шақырамын.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет