Елбасы Нўрсўлтан Јбішўлы Назарбаев «Ќазаќстан жолы – 2050: бір маќсат, бір мїдде, бір болашаќ» атты Жолда¬уында Ќазаќ елініѕ жарќын келешегін Мјѕгілік ел идеясынан ґрістете айќындап



бет3/3
Дата18.11.2022
өлшемі76 Kb.
#465188
1   2   3
Ысқақ Ә

Қазақ қолөнері – қолданбалы-безендіру өнерінің дәстүрлі ұлттық саласы. Тарихын тереңнен алған қазақ қолөнері дәстүр сабақтастығын үзбеген, рухани мәні мен мәдени құндылығын жоймаған. Қазақстан жерінде асыл тастан, сүйектен, жүннен, ағаштан, қыштан, құнды металдан, былғарыдан, саздан – қару-жарақ, құрал-сайман, үй жиhазы, т.б. тұрмысқа қажетті тұтыну бұйымдарын, түрлі сәндік қолөнер туындыларын жасаумен қатар, оларды өздерінің дүниетанымына, эстетикалық талғамына сай әшекейлеп, безендіру ерте замандардан дамыған. Қазақ қолөнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы сонау көне замандардан басталады [2]. Оған Қазақстан жерінде бұрын-соңды жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел болады. Мұның өзі қазақ өнерінің республика жерінде мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ және тағы басқа көне түркі тайпаларының мәдениеті мен төркіндестігінің айғағы. Қазақ халқы – кең-байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы. Бұл үдеріске әр кезеңде Қазақстан жеріне жан – жақтан келген көшпелі тайпалар мен халықтардың, сондай – ақ, Оңтүстік Сібір, Орта Азия мен орыс халқының да мәдениеті де әсер етті.Сайып келгенде, жергілікті көне мәдениет сырттан келген мәдениет элементтерінің сан толқынын бойына сіңіріп, үнемі жақсару, жаңғырту үстінде болды.
Қазіргі өркениетті қоғам мен құқылы мемлекеттің гүлдене түсуі өскелең ұрпақтың байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі. Жастарымыздың ұлттық мәдениет пен дәстүрлердің негіздерін меңгергенде ғана жалпы адамзаттық мұраларды игеріп дүниеге дұрыс көзқарасы, озық ойлау жүйесі қалыптасатыны анық.
Дегенмен, халқымыз этникалық процестердің ассимиляция, консолидация және интеграция сияқты ұлттық санаға, дәстүрге әсерін тигізетін өзгерістердің бәрін азды-көпті басынан кешті және кешуде. Сондықтан, этномәдени болмысымыздың да нағыз айнасы болып табылатын материалдық мәдениеттің бір саласы – ұлттық қолөнерді, соның ішінде осы уақытқа дейін зерттелмей келген шетелдердегі қазақтардың мәдениетін зерттеуде қарастырылады [3].
Қазіргі уақытта болашақ мамандарды кәсіби даярлау барысында студенттер сәндік қолданбалы өнердің мәні мен ерекшелігін оқып үйренеді. Өнердің бұл түрі өзінің көркемдік ойымен және образдылығымен адамдардың қажетіне жарап жатыр. Бұл әрине Қазақстан Республикасының білім беру аясындағы Мемлекеттік саяси принциптеріне сәйкес жүргізілуде. Сондай,ақ, осы мәселелер Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы мен Мемлекеттік жалпыға міндетті жоғарғы кәсіби білім беру стандартына негізделген.
Ұлттық өнердi, дәстүрдi студенттердің бойына сiңiру, үйрету және өз елiнiң, халқының өнерiн келер ұрпаққа паш ету. Шеберлер туындыларын халық қолөнерінен, тұрмысынан бөліп алып қарау мүмкін емес. Өйткені бұл заттар ел тұрмысына сән беріп, адамдарға рухани ләззат әкелген. Көз салып, байыптаған адамға ұлттық қолөнер бұйымдарына салынған түрлі-түсті ою-өрнектер арқылы адамзат дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан сонау заманнан келе жатқан қарым-қатынасын, бөлінбес бірлігін көруге болады. Ұлттық қолөнер шеберлері табиғат сұлулығын да, өнер туындыларына арқау ете білген. Осы туындылардың бет-бедеріне ширатыла түскен ғажайып өрнектер өзегі бір тілмен ақтарыла сыр шертетіндей. Осындай толассыз дамудың нәтижесінде қазақ халқының дәстүрлі қолөнері өз дамуында айтарлықтай жоғары деңгейге көтерілді. Міне осы жоғары өрлеуді қазіргі заман талабына сай, қазақ халқының дәстүрлі қолөнерін әрі қарай дамыта беруді, жастарды, келешек ұрпақты осы салада оқытуды тереңдету мақсатында әрбір өскелең ұрпақ өзінің қолөнер шеберлігін арттырып үйреніп, оны өзінен кейінгі ұрпақтан — ұрпаққа жалғастыру.
Арғы-бергі дәуірлердегі қолөнердің қай-қайсына назар салсаңыз да, солардың бірде-бірінен үміт үзу сияқты пессимистік сезімдерді көре алмайсыз. Тіпті, өз заманының аса ауыр қиындықтарын, сол бір тұстағы өмірдің ауыртпалықтарын арқау ете отырып, өміріндегі бейнелерді тау-тастарға сызып көрсетсе де, бәрібір, қолөнер туындыларының түпкі мазмұнынан ертеңгі күнге үміт арту, келешекке кәміл сенімділік аңғарылып тұрады. Қазақ қолөнер туындыларының темірқазық идеясы, қай уақытта да, біртұтас ел болып, жақсы күндерге ұмтылуға үндейтін абзал ойлармен желілесіп жатады. Қолөнерінің дәуірден дәуірге жалғаса, қасиетті қолөнер туындыларының тінінен ажырамай жетуінде ел қаншалықты маңызды рөл атқарса, екінші жағынан, елдің еңсесі түспей, ұлттық қасиетті жоғалтпай, асқақ рухынан ажырамай, ұрпақтан ұрпаққа Елдік қасиетін сақтай ұласуында қолөнердің де маңызды орын иеленгені даусыз. Әр дәуірден өткен сайын салт-дәстүр, өнер қалыптасу, даму сатыларын бастан кешіреді. Оның озық үлгілері ұрпақтан-ұрпаққа көшіп, біздің дәуірімізге жетті. Сондықтанда ұлттық санамыздың оянып, ұлтымыздың өткен тарихына зерде салып, болашағымызға көз жіберуіміз қуантады. Бұл салада бүкіл дүние жүзі бойынша да әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени өзгерістерге байланысты этникалық процестердің күшеюі, жандануы байқалады.
Мәдениетке тек білім арқылы жетуге болады. Олай болса, жастарымызға білім беру арқылы қолөнер түрлерін үйретіп, жан-жақты жеткізу қажет.
Қазіргі таңдағы білім беру саласындағы саясат – тарихи өзінің қажеттілігін дәлелдеген, адам мен табиғат арасындағы ғасырлар бойы сақталған дәстүрлі құндылықтар мен мәдениеттегі жаңа бағыт-бағдарларды сақтау мен оны қайта жаңғырту тұрғысында қарастыру.
Асылы ұлттық мәдениеттің болмыс бітімі ұлттық рухпен біте қайнасып жатқан құбылыс. Рухы күшті ұлттың мәдениеті де өзгеше.
Мәдениеттің өзегі, оның өзіндік даму дәрежесінің көрсеткіші болып табылатын дәстүр мен жаңашылдық сипаты, сырт әсерге берілгіштігі де мұндай рухы күшті ұлттардың мәдениетінде тіршілікке лайық үйлесімін тапқан.
Ондай ұлттар берісі өз мемлекетінің аумағында төл мәдениетінің өсіп өркендеуіне, үстемдік құруына жағдай тудырса, арысы өзге халықтардың мәдени өміріне де әсер ете алады.
Мәдениеттің жаратушысы да, тұтынушысы да адам болғандықтан оның озығы мен тозығын пайымдап, елеп-екшеп отыруға басты қажеттілік, бұл әрбір қоғамның интелектуалдық қабілетіне байланысты.
Кәсіби және ұлттық өнерге, мәдени және рухани туындыларды жаратушы халық шеберлерінің еңбектеріне, дәстүрлі ұлттық мәдениеттен бастау алатын жаңаша әлемдік өркениеттің рухына сәйкес жаңа мәдениет пен өнер үлгілеріне қолдау көрсетуді, салауатты өмір салтына жетелейтін өнер туындыларына орын беру қажет.
Өнерді дамыту мәселелерін студенттерге көркем мұраларын үйрету арқылы олардың дүние танымымен, шығармашылық қабілетін арттыра алатын орны ерекше. Өнер талабына сай жаңаша жырлауы керек. Қай өнердің зерттеушісі болмасын, өнер шеберлерінің негізіне сүйенбесе, оның еңбегі де, туындылары да іргетассыз салынған үймен тең, ондай туындының өмірі ұзақ болуы мүмкін емес. Бұл жағдай өнердің қай саласы болмасын барлығына бірдей қойылатын қатаңда заңды талап. Бұл талапты мүлтіксіз орындау -өнер шеберлерінің баршасының қасиетті борышы. Адамның бойына адамгершілік қасиеттердің сіңісуі, өнер-білімді игеруі тәрбиеге өскен ортаға, үлгі-өнеге берер педагогқа байланысты. Осы тұрғыда шеберлердiң өздерiмен кездесулер, бұйымдарымен тiкелей таныстыру студенттердің эстетикалық талғамын, өнерге деген қызығушылығын арттыра түседi. Осы тұрғыда шеберлердiң өздерiмен кездесулер, бұйымдарымен тiкелей таныстыру студенттердің эстетикалық талғамын, өнерге деген қызығушылығын арттыра түседi.
Этнокөркемдік білім беру идеяларында қатысты ретте айтар болсақ, болашақ мамандарды даярлауда ұлттық көркемдік және этнокөркемдік мәдениеттің жетістіктерін меңгеру студент жастар бірлігінің символы болуы керек. Білім беру ортасында студент жастардың эстетикалық негізі қалыптасады, оның рухани әлемі, көркемдік ойлау қабілеті, бүкіл әлемдік көркем-шығармашылық ізденімпаздығы арта түседі. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан – бүкіл әлемдік ежелгі өркениеттің ошағы ретінде танылуда. өйткені қазақ жеріндегі көптеген тарихи ескерткіштер мен құнды қолөнер туындылар соның айғағы.
Қазақ халқының ұлттық мәдениетінің өркендеуі жағдайында жеткіншек ұрпақты ұлттық рухани негіздерін қалыптастыратын халық дәстүрлерімен тәрбиелеудің маңызы зор. Әрбір адам өз халқының рухани қазынасы мен оның ұлттық мәдениетімен, әдет-ғұрпы, дәстүрлерімен неғүрлым тереңірек танысуы қажеттігі туындап отыр. Өйткені өз халқының ұлттық ерекшеліктерін сезінбей басқа халықтың өзіне тән белгісін толық түсіну мүмкін емес. Қазақстанда эстетикалық тәрбиенің қалыптасуы мен дамуы халықтың сан ғасырлық тарихымен, тұрмыс-тіршілігімен және мәдениетімен тығыз байланысты. Адамдардың сырт-тұрпатында, қарым-қатынастарында, киім-кешегімен үй-жайларында, тіл мен өнер туындыларында эстетикалық мәдениеттің, эстетикалық талғам мен ұғымдардың ерекшеліктерімен әдістері көрінетіні даусыз[4].
Ұлттық қолөнерге тән ерекшеліктер – айналадағы ортамен, өмірмен, еңбекпен тығыз байланыста болуы. Ұлттық қолөнердің әлеуметтік-тәрбиелік ролі тек оның туындыларының өзіндік көркемдік, эстетикалық құндылығымен бағаланбайды, сонымен қатар адамның өз заманына сай талғамын білдіруінен, өткендегі мәдениетпен, ұлттық дәстүрлермен сабақтастығынан көрінеді. Қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеу дәстүрі отбасыңдағы еңбек тәрбиесінде негізделген. Кәсіп пен өнердің түрлері олар үшін күнкөріс көзі ғана емес, рухани қажеттілік тәрбие құралы да болған. Отбасындағы еңбек тәрбиесі екі түрлі мақсатта: баланы еңбек етуге, қабілет, икем дағдысын дамытуға немесе сол негізде оның бойында халықтық ізгі қасиеттерді дарытуға бағытталған. Балалардың отбасындағы еңбек дағдыларын одан әрі дамытуға елге танымал өнер мен кәсіп шеберлерінің халықтық тәрбиеші ретіндегі тәрбиелеу ықпалы зор болған. Халқымыз тек қана еңбек тәрбиесі емес, әр алуан саладағы тәрбиеге көңіл бөліп, оны алуан жолмен берудегі дағдыға енгізген.
Осы орайда Мәнгілік ел идеясын басшылыққа алып жастарға тәрбие беріп, қолөнерге баулуда мынадай мәселелерді шешуді қажет етеді:

  1. Қазақ халқының ұлттық қолөнер дәстүрін қалыптастыру, өнерге бейімдеу, талғампаздығын, әсемдік ерекшеліктерін, жеке басына қажет нәрсені тоқып алу мүмкіндігін арттыру;

  2. Қолөнер түрлерін анықтап, оның тарихи құндылығын зерттей отырып, тәрбиелік мәнінің өте жоғары деңгейде екенін дәлелдеу;

  3. Халық шеберлері жасаған үлкен талғаммен өрнектелген бұйымдарды зерттеудің олардың нұсқаларын жариялап отыру;

  4. Ұлттық өнерге деген мақтаныш сезімі мен елжандылығын қалыптастыру;

  5. Қолөнер шеберлігін арттырып үйреніп, оны өзінен кейінгі ұрпақтан — ұрпаққа жалғастыру.

Халқының ұлттық қолөнері турасында ауқымды зерттеулер жүргізіп, арнайы ғылыми еңбектер мен шығармашылық көрмелер ұйымдастырылып отыруы – өсіп келе жатқан жастарымыздың қызығушылығын туғызып отырғанын айғақтайды. Қазіргі таңда да мұражайлардағы ұлттық қолөнер туындыларының тарихына, бүгінгі жай-күйіне байланысты зерттеулер жүргізіліп, насихатталып да келеді. Осы жағдайлардың бәрі де біздің халық үшін ұлттық қолөнеріміздің қадір-қасиетінің қаншалықты жоғары екенін, сондай-ақ, алдағы уақытта сол маңызынан айырыла қоймайтынын, керісінше, күннен-күнге мәні артып, тұғыры биіктей берерін айқын танытады. Олай болатын себебі, ұлттық қолөнеріміз – Мәңгілік елдің Мәңгілік өнері.
«Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі де биік болады» - деп Елбасымызы Н.Ә. Назарбаев өз Жолдауында атап кеткендей, ендігі кезекте, Мәңгілік елдің – мәңгілік болуы мына біз жастардың қолында. Әрбір азамат ұлт жанашыры ретінде ұлттық құндылықтарымызды бағалай білсе, онда еліміздің өзге елдер арасында мерейі мен белсенділігі, тұғыры биік болмақ!
Бұл жағдай өнер пен қазақ болмысы ажырамас тұтастықта жаралғанын байқатады. Демек, қолөнер- ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші алтын көпір, ұлттық рухтың сақтаушысы әрі қозғаушы күші.
Қолөнеріне тән қазақы дүниетаным өрнек үлгісінен бастап, ішкі мазмұнына дейін сабақтаса өріліп, тіпті, әлдебір жайтты бейнелеуге пайдаланылған детальға дейін қамти көрінеді. Әр қазақтың жанына жақын, ойына етене болуының сыры да – осында, ұлттық танымға негізделуінде. Ұлттық таным, түсінік – қолөнердің сарқылмас құнары Ұлт мұраты, ұлт мүддесі – қолөнердің мызғымас тұғыры.


Әдебиеттер:
References:
1. Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 желтоқсан. – Алматы: Юрист, 2014. – 5, 6, 8 бб.
2. Абдуалиева Ш. Халық қолөнері. А.,1992 .70 б.

  1. Қожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика. –Алматы: Ғылым, 1998. -317 с.

  2. Жарықбаев Қ. Қазақ тәлім-тәрбиесі.-Алматы, 1995 ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет