Сауран ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі
Абай атындағы жалпы орта мектебі
Әдістемелік кейс
Жобаны дайындаған: Абай атындағы жалпы орта мектебінің оқу ісі орынбасары Дагмурзаева Бағлан
Әдістемелік кейс
Елбасы Н.Ә.Назарбаев кезекті бір жолдауында «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс деген болатын. Біз білім берудің мазмұнын толық жаңартпақ ниеттеміз, деп атап көрсеткені баршаға мәлім.
Қазіргі кезде білім саласында еңбек етіп жүрген ұстаздар білім алушыларға сапалы білім беру мақсатында түрлі белсенді әдістерді қолдануда. Өйткені ұстаздың мақсаты ‒ әрбір болашақ маман иесіне сапалы білім беру, оның әр жақты дамуына мүмкіншілік жасау,білім алуға деген қызығушылығын арттыру.
Кейс әдісін қолданудағы оқытудың табысты болуы модератор жұмысына байланысты. Оның негізгі мақсаты ‒ тыңдаушылар бір командада жұмыс істеуге үйреніп, дерек көздерінің тапшылығына қарамастан, тез арада шешім қабылдау қабілетін қалыптастыру. Ашық пікірлер алмасу арқылы, әрбір қатысушының өз қабілетін, ортақ мәселелер шешуге қолдануына жағдай жасау. Оқытушы өзінің іс жобасын жүзеге асыру барысында сабаққа қатысушының атқаратын әрекеттерін: сарапшылық, аналитиктік және экспериментаторлық істер атқаруына мүмкіндік жасау. Кейсті жүзеге асыру әдістемесі: модератор талдауға алынатын жағдаятты түсіндіреді, соны шешуге қатысты барлық пікірлерді жинақтайды, соларды белгілі бір реттілікке сәйкес сараптап, топтап, сыныптап, бағалап отырады.
1.Әдістің тарихы
1. «Кейс-стади» (ағыл. Case-study ‒ «уақиға, жағдаят» және «зерттеу») ұғымы «нақтылы жағдаятты талдау әдісі» деп атауға болады. Ол оқыту кезінде де, нақтылы практикалық істерді талдауда да, зерттеу ісін жүргізуде де қолданылады. Кейс – әдісі білім алушылардың оқуға қызығушылқтарын арттырады және тұлғаның келешек маман ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Бұл әдіс оқушы тарапынан нақтылы мәселені шешуге қажетті шығармашылық қабілетін дамытуды қажет етеді және оның ой-өрісінің бейнелі көрінісі болып табады. Оқытушы да сол әдіске байланысты өзінің өмірдегі жағдаяттарды талдау мен бағалауға байланысты қабілетін де көрсетеді және жетілдіреді. Яғни екі тараптан да ойлау мен шығармашылық қабілеттері еркін ашылады.
Кейс әдісі алғаш рет Гарвард университетінде 1870 ж. дәріс беру барысында студенттер арасында мәселені кеңінен талқылау мақсатында қолданыла бастады. Оқытушы студенттер назарына әртүрлі нақтылы қайшылықты жағдаятты ұсынады. Және де соның бірнеше шешімін табу міндетін қояды. Бұл әдіске байланысты алғашқы оқулықты 1921 жылы Гарвардтық бизнес-мектебінің деканы Волос Донамның белсенді араласуымен Коупленд жарыққа шығарды.
Кейс әдісі – нарықтық экономикада және әлеуметтік жағдайларды суреттеу арқылы, оқу барысында қолданылатын оқыту техникасы деп түсінуге де негіз бар. Жағдай (кейс) деп – ұжымдағы, қоғамдағы қандай да бір нақты шынайы жағдайдың жазбаша түрде берілуін айтуға болады. Мысалы, мектептің табыстары мен қиыншылықтары және т.б. Білім алушылар ұсынылған жағдайды талдап, мәселенің маңызын түсіндіріп, шешу жолдарын көрсетеді және олардың ішінен ең тиімдісін таңдап алулары тиіс. Осы талдау барысында білім алушылар, өздерінің алған білімдерін ұтымды пайдалана алады. Ал ұстаздың міндеті, осы кейс әдісін қолдану барысында, оқушылардың белсенділігін бақылап, барлығының қатысуын қадағалауы керек. Сонымен қатар, білім алушылардың талдауына берілетін кейстің түсінікті және пән тақырыптарына сай болуы өте маңызды. Кейс әдісі, оқытудың басқа технологияларына қарағанда күрделі жүйе. Кейс әдісін қолдану барысында оқытушының іс-әрекеті екі кезеңге бөлінеді.
Бірінші кезеңде оқытушы кейсті (жағдайды) таңдайды. Соған қажетті сұрақтар әзірлейді. Бұл іс шығармашылық жұмыс болып табылады. Таңдалған жағдаят дәріс тақырыбы мен мазмұнына сәйкес келуі керек. Осы тұрғыдан кейс мазмұнының мақсаты мен оған қол жеткізудің міндеттері анықталады.
Екінші кезеңді оқытушы дәрісханада жүзеге асырады. Бұл кезеңнің өзі кейске кіріспе; жағдайдың шағын топтарда талдануы; пікірталас және қортынды шығару. Кез-келген пән мазмұнын талдау барысында қаралатын мазмұнның қисындылығы ғана емес, оның психолгиялық ерекшеліктеріне де қараудың маңызы өте зор.
ХХ ғасырдың 80-90 жылдары кейіс әдісін дүниежүзі бойынша, соның ішінде КСРО-да да қолдана бастады. Әсіресе экономикалық пәндер бойынша кеңінен қолданылды. Сол кезеңнен бастап бұл әдісті құрастыру мен ендіруде Г.А. Брянский, Ю.Ю. Екатеринославский, О.В. Козлова, Ю.Д. Красовский, В.Я. Платов, Д.А. Поспелов, О.А. Овсянников және т.б. үлкен үлес қосты.
Достарыңызбен бөлісу: |