Қысқаша мазмұны: Инвестициялық шешімдердің тиімділігін бағалау түсінігі, мақсаттары мен принциптері. Инвестициялық шешім қабылдау процесі. Инвестициялық жобалардың ақшалай ағымдары. Үздіксіз және үздіксіз емес инвестициялық жоболар. Инвестициялардың тиімділігін бағалау және кәсіпкерлік жобаның негізделуі. Инвестициялардың экономикалық тиімділігін бағалаудың динамикалық әдістері. Шекті бюджет кезінде инвестициялық жобаларды таңдау. Жобаның қаржылық бағалауы. Баланс өтімділігін бағалау.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Инвестициялық қызметті басқарудың қазіргі әдістері жүйесін, теориялық негіздерін және инвестициялық шешімдердің ерекшелік-ерін білу.
Икемділік: Талдау нәтижелеріне қорытынды жасауға қабілетті және санды, сапалы инвестициялық шешімдер қабылдау бойынша шаралар өңдеуге епті.
Дағды: Нақты инвестициялық жобалардың негізгі көрсеткіштерін есептеуге және инвестициялық жобалардың сезімділігін талдауға дағдылы.
Құзіреттілігі: Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау багытында базалық білімді және оны практикада қолдануды көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: аға оықтушы Акишева Д.М.
«Банк ісі» білім беру траекториясы
|
6
|
BT 0306
| Банктік тәуекелдер
Кредит көлемі - 2 (1+1+0), ECTS – 3 кредит
Пререквизит – 101 кредит
Постреквизит – жоқ
Оқытудың мақсаты: Банк ісі аясындағы жүйелі түрде білімді меңгеру, көбінесе банктік тәуекелдердің теориялық аспектілерін; тәуекелдерді басқарудың әдістерін меңгеру; банктік тәуекелдер түрлерін минимирлеу, жобалау және тани білу.
Қысқаша мазмұны: Банктік тәуекелдердің пайда болу қайнар көздері, банктік тәуекелдердің жіктелуі, банктік тәуекелдерді төмендету әдістері: тәуекелдерді сақтандыру, ссудаларды қамтамасыз ету сапасы, банктерддің несиелік қызметінен провизияларды қалыптастыру, банктік портфелдер тәуекелдерінің тиімділігі.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Банктік тәуекелдердің пайда болу қайнаркөздерін, банктік тәуекелдердің жіктелуін, банктік тәуекелдерді минимизациялау әдістерін: тәуекелдерді сақтандыру, ссуданы қамтамасыз ету сапасы, банктің несиелік қызметінен провизияны қалыптастыру, банктік портфель тәуекелін оңтайландыруды білу.
Икемділік: Банктік тәуекелдерді бағалауды және талдау жасауды сапалы жүргізуді, сонымен қатар тәуекелдерді минимизациялау бойынша есеп айрысуларды жүргізе білу қабілеттерінің болуы.
Дағды: Теориялық білімін практикада пайдалануға және практикалық жұмыста белгілі бір әдістерді меңгеру мақсатында ғылыми-теориялық білімін қортындылай білу дағдысы.
Құзіреттілігі: Банктік операцияларда тәуекелдерді жобалау және зерттеу аясындағы базалық білімін көрсету, өз еркімен экономикалық ойлау және талдау жасай алу дағдысының болуы, теориялық білімін практикада қолдана білу қабілеті, тәуекелдердің алдын алудағы сапалы шешімдерді қабылдау бойынша өз еркімен шараларды ұйымдастыра білу қабілетінің болуы.
Бағдарлама жетекшілері: аға оқытушылар С.Ж. Есенгельдинова, И.С. Жұртыбаева.
|
7
|
TZh 0307
|
Төлем жүйесі
Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит
Пререквизит – 101 кредит
Постреквизит – жоқ
Оқытудың мақсаты: Коммерциялық банктердегі төлем жүйесінің теориялық аспектілері бойынша, нарықтық экономикадағы банк жүйелерінің қызмет ету негіздері, банктің төлемдік және аударымдық жүйелерінің түрлері мен оларды жүзеге асыру әдістері бойынша біртұтас білім жүйесін қалыптастыру. Аталған курстың негізгі мақсаты болып коммерциялық банк қызметінің экономикалық категориялары, қаржылық нәтижелердің негіздері, валюталық төлемдік және аударымдық операциялараның жүзеге асырылу ерекшеліктерінің негіздері туралы, сонымен қатар коммерциялық банктер, банктік жүйе қызметтері және валюталық нарықтың қызмет ету негіздері және т.б. туралы түсінік алу табылады.
Қысқаша мазмұны: Төлем жүйесі кез келген елдің қаржылық жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстан үшін оның маңызы зор, себебі ол өтпелі кезеңдегі экономиканы реформалау мәселелерінің негізгілерінің бірі болды. Бұрынғы орталықтандырылған жоспарлық жүйеде және бұрынғы Кеңес Одағының Мемлекеттік банкінің қолдауында болған Қазақстанның қолма қолсыз есеп айырысу жүйесінарықтық экономиканың жаңа жағдайларына сай келмеді. Осыған байланысты Ұлттық Банк 1991 жылы төлем жүйесін реформалауды бастады. «Төлем жүйесі» курсының пәні болып Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің қызмет ету және ұйымдастырылу тенденцияларының негізгі заңдылықтары, сонымен қатар ҚР банктердегі есеп айырысуларды ұйымдастыру принциптері мен нысандары табылады.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Төлем жүйесінің ұйымдастырылуы мен қызмет етуінің негізін білу. Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесінің негізгі қызмет ету тенденциялары мен қаңдылықтарын білу. Қазақстандағы банктердегі есеп айырысу түрлері мен қағидаларын білу. Банкаралық есеп айрысулар және оларды жүзеге асыру тәртібін білу. Төлемдері аудару жүйесін білу. Төлем жүйесін дамытудың перспективасын білу.
Икемділік: Теорияда алған білімдерін практикамен саутты ұштастыра білу, Қазақстан Республикасының аумағында төлем жүйесін жақсы қызмет етуі үшін әртүрлі шараларды ұйымдастыра білу қажет.
Дағды: Икемді, тиімді төлем жүйесін қалыптастырудағы әр түрлі түрдегі қаржы-экономикалық міндеттерді шешу кезіндегі аналитикалық ойлау дағдысының болуы.Төлем жүйесінің құралдарының тиімді қызмет етуін бағалау және талдау жүргізу дағдысының болуы. Төлем жүйесіндегі банкаралық қатынастарда жаңа технологияларды практикалық тұрғыда пайдалану дағдысы.
Құзіреттілігі: Төлемдік құралдарды практикада қолдану, Қазақстан Республикасының қаржы нарығында да, сонымен қатар дүние, жүзінде де төлем жүйесінің дамыуының кешенді бағалау аясында базалық білімін көрсету.
Бағдарлама жетекшілері: аға оқытушылар С.Ж. Есенгельдинова, И.С. Жұртыбаева.
|
8
|
KBKT 0308
| |
Достарыңызбен бөлісу: |