Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит
Пререквизит – 101 кредит
Постреквизит – жоқ
Оқытудың мақсаты: Коммерциялық банк қызметіндегі қаржылық талдаудың теориялық негіздерін мейлінше кешенді және құрылымдық түрде оқыту. Бұлай оқыту курсты оқып білуді белгілі дәрежеде жеңілдетеді.
Қысқаша мазмұны: Коммерциялық банктердегі қаржылық талдауды ұйымдастыру ерекшеліктері, қаржылық талдаудың ақпараттық қамтамасыз етілуі, коммерциялық банктер қызметіндегі қаржылық талдаудың ролі мен мәні, банк балансын талдаудың әдістері мен тәсілдері, негізгі көрсеткіштерді және банктің меншікті капиталын пайдалану жеткіліктілігін талдау, банк кірістері мен шығыстарын талдау, салық салуды және қаржылық нәтижелерді талдау, коммерциялық банктердің активтернінің сапасы мен депозиттік портфелін талдау, коммерциялық банктердің экономикалық нормативтерді орындауын талдау. Негізгі аналитикалық амалдар, ресурстарды тарту шығындарын, операциялардың табыстылығын және тәуекелдерді бағалау тәсілдері.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Коммерциялық банк қызметіне экономикалық талдауды ұйымдастыру және жүргізуді, яғни оны ақпараттық қамтамасыз етуді, меншікті және тартылған қаражаттарға талдауды, қаржылық талдау нәтижелерін білу. Коммерциялық банк операцияларына қаржылық талдау жүргізудегі шетелдік тәжірибелерді пайдалануды білу.
Икемділік: Әр түрлі талдау әдістерін пайдалану негізінде банк қызметіне толық кешенді баға беру және сауатты экономикалық талдау жасай білу.
Дағды: Коммерциялық банк қызметіне қаржылық талдау жүргізу және ұйымдастырудағы жүйелі білімді меңгерудегі және ие болудағы дағдының болуы сонымен қата тәжірибелік қызметте талдаудың әр түрлі әдістерін меңгере білу дағдысының болуы.
Құзіреттілігі: Нарық шарттарында қажетті болып табылатын коммерциялық банкті сапалы басқару үшін коммерциялық банктің экономикалық қызметін кәсіби бағалау жүйесі аясында базалық білімді көрсету. Қазіргі заман маманының кәсіби тұрғыда дамуы үшін қажетті сапалы түрде өз ойын айта білу, мәселені шеше білуі табылады.
Бағдарлама жетекшілері: аға оқытушылар С.Ж. Есенгельдинова, И.С. Жұртыбаева.
9
|
VO 0309
|
Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит
Пререквизит – 101 кредит
Постреквизит – жоқ
Оқытудың мақсаты: Банктердің қызмет етуі мен теориялық аспектісін, сонымен қатар қазіргі банктік тәжірибеде валюталық операцияларды жүзеге асыру әдістері мен нысандарын, сонымен қатар шарттары мен тәртібін оқып үйренеді.
Қысқаша мазмұны: ҚР валюталық реттеу, реттеудің әдітері мен тәсілдері. Валюталық операциялардың түрлері. Жабық валюталық позициялардың әдістері және олардың түрлері. Қолма қол «спот» операцияларды және «форвард», «валюталық фьючерстер», «своптар», «опциондар», «арбитраждар» жүргізу тәртібі. Валюталық тәуекелдерді сақтандыру. Ұйымдастрылған және ұйымдастырылмаған валюталық нарықтар мен валюталық биржалар. Жүзуші бағамдар. Валюта бағамын қалыптастырудың нарықтық әдісі. Валюталық интервенция.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Банктердің қызмет етуінің негізгі заңдылықтары мен тенденциялары, сонымен қатар қазіргі заманғы банктердің валюталық операцияларының, валюталық мәмәлелердің жағдайларын қарастыру, банк қызметіндегі валюталық операциялардың тиімді ұйымдастыру әдістері, формалары мен принциптерін сонымен қатар Қазақстан Республикасы территориясында жүргізілетін валюталық операциялардың механизмі мен тәжірибесінің теориялық негізін білу.
Икемділік: Қазақстан Республикасының территориясында валюталық операцияларды, халықаралық валюталық есеп айрысуларды жүргізу ептілігі.
Дағды: Валюталық операцияларды жүргізу бойынша заңдық материалдармен жұмыс істей алу дағдысы, валюталық операциялар бойынша табысты есептеу дағдысы, сонымен қатар валютаайырбастау операциясы барысындағы яғни қазақстандық теңгеге шетел валютасының қатынасы анықтамасында технологияларды меңгерудегі практикалық дағдының қалыптасуы, валюталық дилинг операциясы кезеңіндегі құжат айналысының тәртібі.
Құзіреттілігі: Валюталық дилинг аясындағы базалық білімді көрсету, қаржылық нарықтарды жобалаудағы және өз бетінше талдау әдістерін білу.
Бағдарлама жетекшілері: аға оқытушылар С.Ж. Есенгельдинова, И.С. Жұртыбаева.
|
10
|
BK 0310
|
Банктік қадағалау
Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS – 5 кредит
Пререквизит – 101 кредит
Постреквизит – жоқ
Оқытудың мақсаты: Нарықтық экономика жағдайындағы банк жүйесінің қызметінің ерекшелігімен шартталған және банктер қазіргі қоғам құрылымындағы маңызды элемент ретінде көрініс тапқан. Сондықтан да банк қызметіне үнемі қадағалау мен аудиторлық тексетістерді жүргізу қажет болып табылады.
Қысқаша мазмұны: Қазақстан Республикасында банктік қадағалау мен аудитті жүзеге асыру. Құқықтық инфрақұрылым. Құрылтайшылық құжаттарды тексеру және жарғылық қордың қалыптастырылуының заңдылығы. Банктік қадағалау және аудит банктердің міндетті пруденциялдық нормативтерінің сақталуы табылады. Қадағалу және аудит банктің несиелік портфелін анықтау табылады. Банкке бухгалтерлік есепті қоюдың қадағалауы және аудиті. Кассаның және кассалық операциялардың аудиті және банктік қадағалауы. Банктің есепайрысушылық операциясының аудиті және банктік қадағалауы. Банктің активті операцияларының аудиті және банктік қадағалауы. Бағалы қағаздармен операуияларының аудиті және банктік қадағалауы. Банк табыстары, шығыстары, түсімдерін банктік қадағалау. Валюталық операциялардың аудиті және банктік қадағалауы. Қадағалау мен аудиттің қорытынды баптары.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі: Банк қызметіне қадағалау және аудит жүргізудің теориялық және әдістемелік аспектілерін білу, бұл жағдай оладың жұмысын объективті бағалауға мүмкіндік береді.
Икемділік: Банктермен пруденциялдық нормалардың сақталуын, кіріс және шығыстар туралы, қорлар, несиелер, ақша құралдары, банк мүліктерінің қозғалысы және жағдайы туралы коммерциялық банктерге аудит және қадағалауды жүргізуді білу. Банктік қадағалауды жүргізу тек қана банк үшін ғана емес, сонымен қатар құрылтайшы, инвесторлар, салықтық қызметкерлер үшін де қажет.
Дағды: Банктің қаржылық жағдайына бағалау және талдау жүргізу, банктермен тағайындалған пруденциялдық нормалардың сақталуына тексеріс жүргізу, сонымен қатар банктік жүйе аясындағы заңдық актілердің бұзылуына әсер ететін шараларды жүзеге асырудағы заңдық актілердің қабылдану дағдысының болуы.
Құзіреттілігі: Қазіргі заман маманына қажетті кәсіби біліктілігін дамытуға әсер ететін банктік қадағалау аясындағы базалық білімін көрсету.
Бағдарлама жетекшілері: аға оқытушылар С.Ж. Есенгельдинова, И.С. Жұртыбаева.
|
«Салық және салық салу» білім беру траекториясы
|
11
|
ZhMS 0311
| |
Достарыңызбен бөлісу: |