Электр энергетикасы туралы 2004 жылғы 9 шілдедегі №588-ii қазақстан Республикасының Заңы



бет2/7
Дата12.06.2016
өлшемі0.66 Mb.
#131057
1   2   3   4   5   6   7

4-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң құзыретi

Қазақстан Республикасының Yкіметі:

1) электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;

2) электр энергетикасын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын әзiрлейдi;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік энергетикалық қадағалау туралы ережесін бекiтедi;

4) тармақшаға өзгерістерді қара - 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңы (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

4) есептiк тарифтi айқындау, шектi және жеке тарифтердi бекіту тәртібін бекiтедi;

5) тармақша 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталады (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

5) үлгiлiк инвестициялық шартты, үлгiлiк келiсiмдi бекiтедi;

2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 5-1), 5-2) және 5-3) тармақшалармен толықтырылды

5-1) электрмен жабдықтаудың үлгілік шартын бекітеді;

5-2) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылысына арналған үлгілік шартты бекітеді;

5-3) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шартты бекітеді;

6) тармақшаға өзгерістерді қара - 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңы (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

6) шектi тарифтердi бекiтедi;

2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 4-бап 6-1) тармақшамен толықтырылады (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

7) электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын бекітеді;

8) электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекітеді;

2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды

8-1) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларын бекітеді;

9) электр энергиясының теңгерімді нарығының жұмыс істеуі қағидаларын бекітеді;

2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 4-бап 10-1) және 10-2) тармақшалармен толықтырылады (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

10) электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын бекітеді;

11) Қазақстанның біртұтас электр энергетикасы жүйесінде авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою жөніндегі қағидаларды бекітеді;

12) энергетикалық сараптама жүргізу қағидаларын бекітеді;

13) электр энергетикасы саласындағы техникалық регламенттердi бекiтедi;

14) электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекітеді;

15) электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекітеді;

16) электр қондырғыларын орнату қағидаларын бекітеді;

17) электрмен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықтарды бекітеді;

18) электр энергиясын пайдалану қағидаларын бекітеді;

19) жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекітеді;

20) жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы қызмет көрсету нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын бекітеді;

21) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электр энергиясын сауда-саттықтарда (аукциондарда) өткiзiлетiн, сатып алынатын мүлiк (активтер) тiзбесiне енгізу туралы шешiм қабылдайды;

22) электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету қағидаларын бекітеді;

23) электр-желілік қағидаларды бекітеді;

24) тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын бекітеді;

25) тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекітеді;

26) энергетикалық кәсіпорындар үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекітеді;

27) шаң тәріздес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидаларын бекітеді;

28) аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекітеді;

29) біртұтас электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларын бекітеді;

30) техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларын бекітеді;

31) энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлау туралы ережені бекітеді;

32) жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алу қағидаларын бекітеді;

33) электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

34) жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібі туралы ережені бекітеді;

35) Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;

36) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

37) электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидаларын бекітеді;

38) сарапшы ұйымдарды және дайындаушы зауыттарды тарта отырып, электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының, ғимараттары мен құрылыстарының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық жай-күйіне мерзімді тексеру жүргізу қағидаларын бекітеді;

2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 38-1) тармақшамен толықтырылды

38-1) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекітеді;

2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 38-2) және 38-3) тармақшалармен толықтырылды

38-2) электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;

38-3) жүйелік операторды айқындайды;

2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 4-бап 38-4) тармақшасымен толықтырылады (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 38-5)-38-7) тармақшалармен толықтырылды

38-5) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортының нысанын, оны алу тәртібін және мерзімін бекітеді;

38-6) энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын бекітеді;

38-7) энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын бекітеді;

39) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

 

2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен ; 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



5-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

Уәкiлеттi орган:

1) электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты iске асырады;

2) электр энергетикасын дамыту бағдарламаларын әзiрлейдi және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

3) электр энергетикасы саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлейдi;

4) электр энергетикасы саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) өз құзыретi шегiнде электр және жылу энергиясын өндiру, беру және тұтыну, сондай-ақ электр қуатының әзірлігін ұстап тұру және электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлейдi;

6) энергия өндiрушi, энергия берушi, энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың технологиялық мұқтаждықтарына электр және жылу энергиясын жұмсау нормаларын регламенттейтін нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi;

7) жабдықтарды жобалау, салу, олардың пайдаланылу және техникалық-экономикалық сипаттамалары саласындағы нормативтiк техникалық құжаттарды әзiрлейдi;

8) тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын әзiрлейдi;

9) тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзiрлейдi;

10) электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын әзiрлейдi;

11) электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзiрлейдi;

12) тармақшаға өзгерістерді қара - 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңы (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

12) энергия өндiрушi ұйымдар тобын қалыптастырады;

2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды

12-1) энергия өндіруші ұйымдардың осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 2), 4) - 8) тармақшаларында, 13-бабы 3-2-тармағының 3) тармақшасында көзделген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 5-бап 12-2) тармақшамен толықтырылады (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

13) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;

2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

14) тармақшаға өзгерістерді қара - 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңы (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

14) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы нарығының операторын айқындайды;

2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 14-1) - 14-3) тармақшалармен толықтырылды

14-1) энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа әзірлігі паспортының нысанын, оны алу тәртібін және мерзімін әзірлейді;

14-2) мемлекеттік техникалық инспектордың қызметтік куәлігінің, нөмірлік мөртабанның және пломбирдің үлгісін белгілейді;

14-3) мемлекеттік техникалық инспекторлар актілерінің нысандарын бекітеді;

15) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiмен электр байланысы жоқ аймақтар үшiн электр энергиясының көтерме сауда нарығы жұмыс iстеуiнiң және оны ұйымдастырудың ерекшелiктерiн айқындайды;

2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды

15-1) мемлекеттік техникалық инспекторға қызметтік куәлік, нөмірлік мөртабан және пломбир беру тәртібін бекітеді;

16) электр энергиясының теңгерімді нарығының жұмыс істеуі қағидаларын әзiрлейдi;

17) электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын әзiрлейдi;

18) Қазақстанның біртұтас электр энергетикасы жүйесінде авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою жөніндегі қағидаларды әзiрлейдi;

2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 18-1) - 18-3) тармақшалармен толықтырылды

18-1) энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын әзірлейді;

18-2) энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын әзірлейді;

18-3) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

19) энергетикалық сараптама жүргізу қағидаларын әзiрлейдi;

20) электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын әзiрлейдi;

21) электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзiрлейдi;

22) тармақша 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталады (2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

22) келiсiмдерде көзделген инвестициялық мiндеттемелердi және инвестициялық шарттарда көзделген инвестициялық бағдарламаларды энергия өндiрушi ұйымдардың орындауына мониторинг жүргiзедi;

23) энергетикалық сараптама жүргiзуге ұйымдарды және электр зертханаларын аккредиттеу әдiстемесiн, тәртібі мен мерзiмдерiн айқындайды;



24) энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын аттестаттаудан өткізу әдiстемесiн, тәртібі мен мерзiмдерiн айқындайды;

25) электр қондырғыларын орнату қағидаларын әзiрлейдi;

26) электрмен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықтарды әзiрлейдi;

27) электр энергиясын пайдалану қағидаларын әзiрлейдi;

28) жылу энергиясын пайдалану қағидаларын әзiрлейдi;

29) жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы қызметтер көрсету нарығын ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі қағидаларын бекітеді;

30) электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын әзiрлейдi;

31) электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету қағидаларын әзiрлейдi;

32) электр желілік қағидаларды әзiрлейдi;

33) инвестициялық бағдарламаларды әзiрлеуге арналған техникалық тапсырманы әзiрлейдi;

34) энергетикалық кәсіпорындар үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын әзiрлейдi;

35) шаң тәріздес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидаларын әзiрлейдi;

36) аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын әзiрлейдi;

37) біртұтас электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларын әзiрлейдi;

38) техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларын әзiрлейдi;

39) энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлау туралы ережені әзiрлейдi;

40) жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алу қағидаларын әзiрлейдi;

41) тармақша 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен алып тасталады (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

41) энергия өндiрушi ұйымдармен келiсiмдер және инвестициялық шарттар жасасады;

42) жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібі туралы ережені әзiрлейдi;

43) Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын әзiрлейдi;

44) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларын әзiрлейдi;

45) электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидаларын әзiрлейдi;

46) сарапшы ұйымдарды және дайындаушы зауыттарды тарта отырып, электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының, ғимараттары мен құрылыстарының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық жай-күйіне мерзімді тексеру жүргізу қағидаларын әзiрлейдi;

2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 46-1) - 46-5) тармақшалармен толықтырылды

46-1) тармақша 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады

46-1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, энергия өндіруші ұйымдардан инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат сұратады және алады;

46-2) электр қуатын орналастырудың перспективалық схемасын әзірлейді және бекітеді;

46-3) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізеді;

46-4) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің қорытындылары бойынша осы тендердің жеңімпазымен шарт жасасады;

46-5) жүйелік операторға тендер негізінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасу үшін жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің жеңімпазын, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу бағасын, көлемін және мерзімдерін айқындайды;

2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 5-бап 46-6) тармақшасымен толықтырылады (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 46-7) тармақшамен толықтырылды

46-7) электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімдерін бекітеді;

2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 5-бап 46-8) тармақшасымен толықтырылады (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

47) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды



5-1-бап. Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның құзыреті

Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган:

1) өз құзыреті шегінде электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

2) елді мекендер шегінде электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау саласындағы нормативтік-техникалық құжаттаманы өз құзыреті шегінде әзірлейді және бекітеді;

3) елді мекендер шегінде электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау саласында әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

4) елді мекендер шегінде электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау саласында жобалау, іздестіру, қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың жүргізілуін ұйымдастырады;

5) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын әзірлейді;

6) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

 



2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет