Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының
2010 жылғы 21желтоқсандағы №351
бұйрығына 32-қосымша
«Резидент еместермен халықаралық операциялар туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын
(коды 7401202, индексі 10-ТБ, кезеңділігі тоқсандық) толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы Нұсқаулық «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы
19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес дайындалды және ведомстволық статистикалық байқаудың «Резидент еместермен халықаралық операциялар туралы есеп» статистикалық нысанын (коды 7401202, индексі 10-ТБ, кезеңділігі тоқсандық) толтырудың тәртібін нақтылайды.
2. Келесі анықтамалар және методологиялық түсініктемелер осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында қолданылады:
1) Қазақстан Республикасының резиденттері:
халықаралық ұйымдарды, шетелдік елшіліктерді, консулдықтарды және басқа да дипломатиялық және ресми өкілдіктерді қоспағанда Қазақстан Республикасының аумағындағы заңды тұлғалар;
Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі қазақстандық елшіліктер, консулдықтар және басқа да дипломатиялық және ресми өкілдіктер;
осы тармақтың осы тармақшасының екінші абзацында және 2) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағындағы филиалдары және өкілдіктері;
азаматтығына қарамастан Қазақстан Республикасында бір жылдан астам тұратын жеке тұлғалар және Қазақстан Республикасынан тыс аумақта бір жылдан кем уақытша тұратын азаматтар. Шет елде мемлекеттік қызмет, білім алу және емделу мақсатында жүрген азаматтар олардың басқа елдердің аумағында болу мерзімдеріне қарамастан резиденттер болып табылады;
2) Қазақстан Республикасының резидент еместері:
Қазақстан Республикасының елшіліктерін, консулдықтарын және басқа да дипломатиялық және ресми өкілдіктерін қоспағанда басқа мемлекеттердің аумағындағы заңды тұлғалар;
Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық ұйымдар, шетелдік елшіліктер, консулдықтар және басқа да шетелдік дипломатиялық және ресми өкілдіктер;
осы тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацында және осы тармақшасының екінші абзацында көрсетілген заңды тұлғалардың басқа мемлекеттер аумағындағы филиалдары және өкілдіктері;
азаматтығына қарамастан шет елде бір жылдан астам тұратын жеке тұлғалар және Қазақстан Республикасының аумағында кемінде бір жыл тұратын шетелдік азаматтар. Республика аумағында мемлекеттік қызмет, білім алу және емделу мақсатында жүрген шет мемлекеттердің азаматтары олардың республика аумағында болу мерзімдеріне қарамастан резиденттер еместер болып табылады.
3. Осы нысанда сұратылатын ақпарат Қазақстан Республикасының төлем балансын жасауға арналған. Осы нысан бойынша халықаралық қызмет көрсетуге, шетелдердің қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге, ағымдағы және күрделі трансферттерге байланысты төлем балансының операцияларына қатысты ақпарат жиналады. Төлемдер мен түсімдерді нақты төлеу уақыты бойынша емес, оларды есептеу мерзімі (нақты қызмет көрсету) бойынша көрсеткен жөн.
Осы нысанның А бөлігінде «Сіздің кәсіпорынға резидент еместер көрсеткен қызметтер үшін төлемдер» бөліміне сондай-ақ шетелдік тікелей инвесторлар мен кредиторлардың қаражаттары есебінен ақы төленген резидент еместер көрсеткен қызметтерді де кіргізу қажет.
Барлық операциялар мың АҚШ долларымен көрсетілуі тиіс. Басқа шетел валюталарындағы операцияларды алдымен теңгеге, содан кейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚР ҰБ) операция жасалған күнгі тиісті ресми бағамдары бойынша АҚШ долларына ауыстыру керек. Теңгемен жүргізілген операцияларды да ҚР ҰБ-нің операция жасалған күнгі бағамы бойынша АҚШ долларына ауыстыру қажет.
Барлық операциялар Тәуелсіз мемлекеттер достығы (бұдан әрі – ТМД) елдері және басқа елдер, сондай-ақ әріптес елдер бойынша көрсетіледі. Кестелердің 4-19 аралығындағы бағандары атауындағы респондент жүргізген операциялардың жалпы көлеміндегі оның (үлесінің) азаюына қарай ең көп үлесі бар (ТМД елдеріне немесе басқа елдерге қатыстылығына қарамастан) барлық әріптес елдердің аттарын көрсету қажет. Қалған елдермен жүргізілген операциялардың жалпы сомасын «басқалары» деген 20-бағанда көрсету қажет.
4. Қызмет көрсетулердің түсіндірмесі:
1) құрылыс қызметін көрсетуге резидент (резидент емес) кәсіпорын қысқа мерзім ішінде (бір жылдан аз) өзінің экономикалық аумағынан тыс жерде жүзеге асыратын құрылыс және құрастыру жұмыстары кіреді. Бұл санатқа сондай-ақ үйлер мен ғимаратты жөндеу кіреді;
2) қаржы қызметін көрсетуге кредиттер және несиелер (қаржы лизингін қоса алғанда) беруге, аккредитивтермен операцияларға, банк акцептеріне, фьючерлік тауар мәмілелеріне, шетел валютасымен операцияларға және тағы басқаларына байланысты резиденттер (резидент еместер) резидент еместерге (резиденттерге) көрсеткен делдалдық және қосалқы қызмет көрсету (сақтандыру компанияларының және зейнетақы қорларының қызмет көрсетулерін қоспағанда), сондай-ақ бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларға комиссиялық сыйақылар (брокерлер, тіркеушілер, активтерді басқару бойынша компаниялар және тағы басқалар) кіреді;
3) компьютерлік және ақпараттық қызмет көрсету резиденттер мен резидент еместер арасындағы деректерді және ақпараттық хабарларды өңдеу бойынша қызмет көрсетуге байланысты операцияларды қамтиды. Бұларға: деректер базасы – нақты уақыт режимінде деректер жиынтығын құру, сақтау және жұмыс істеу; деректер кестесін жасауды, компьютер уақытын ұжымдық пайдалану режимінде немесе сағат бойынша график негізінде деректерді өңдеуді қоса алғанда деректерді өңдеу, сыртқы пайдаланушылардың есептеу кешендерін тұрақты негізде басқару; компьютерлік техника және жабдықтар саласындағы консалтинг; тапсырыс берушілердің нақты жүйелерін әзірлеу мен бағдарламалауды қоса алғанда бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу; компьютерлерді және перифериялық құрылғыларды пайдалану және жөндеу; бұқаралық ақпарат құралдарын жаңалықтар жиынтығымен, фотографиялық материалдармен және тақырыптық баптармен жабдықтауды қоса алғанда ақпарат агенттіктерінің қызметі; мерзімдік басылымдарға тікелей (жеке) жазылу жатады;
4) роялти және лицензиялық төлемдер резиденттер мен резидент еместер арасындағы заңды негізде материалдық емес активтерді және меншік құқықтарын (патенттер, авторлық құқықтар, сауда белгілері, технологиялық процестер және тағы басқалар сияқты), пайдаланғаны, түпнұсқаларды және прототиптерді (қолжазба, фильмдер және тағы басқалар) немесе тәжірибелік үлгілерді пайдаланғаны үшін (лицензиялық келісімдер негізінде) төлемдерді қамтиды;
5) жабдықтардың қызметкерсіз операциялық лизингі (жалдау) жабдықтар лизингін (қаржы лизингін қоспағанда) және теңіз бен әуе кемелерін және басқа көлік құралдарын (теміржол локомотивтері және вагондар, контейнерлер және т.б.) командасыз немесе экипажсыз жалға беруді (чартер) қамтиды;
6) тауарларды күрделі жөндеуге резиденттер резидент еместер үшін және керісінше, орындайтын жылжымалы жабдықтарды (теңіз және әуе кемелері және басқа көлік құралдары), сондай-ақ басқа жабдықтарды жөндеу құны кіреді. Бұл ретте жөндеу құны күрделі салымға жатқызылады. Тауарларды басқа да (ағымдағы) жөндеуге құрылыс қызметтерін көрсетуде және компьютерлер мен ақпараттық қызметтерде көзделген тауарларды жөндеу кірмейді;
7) тауарларды тасымалдау көліктік болып табылмайтын (қызметтің бұл түріне мамандандырылмаған) және 2-ТБ, 3-ТБ, 5-ТБ нысандары бойынша есеп бермейтін кәсіпорындардың шығыстарын (экспорттық және импорттық тауарларды тасымалдау бойынша) қамтиды. Бұл ретте тауарларды тасымалдау өз күштерімен, яғни кәсіпорынның өзінің көлік құралдарымен (кәсіпорынның балансында тұрған) немесе көлік қызметіне мамандандырылмаған осындай кәсіпорындардың көлік құралдарын тартумен жүзеге асырылады;
8) тауарларды өңдеу бойынша резиденттер резидент еместерге (және керісінше) көрсететін қызметтерге осы мақсаттар үшін кейіннен қызмет көрсету шартына сәйкес өңдеу өнімдерін қайтарумен (кері импорт, кері экспорт) экспортталған немесе импортталған тауарларды (мысалы, шикі мұнайды, металл рудаларын және концентраттарды және тағы басқалар) өңдеу құны кіреді;
9) әр түрлі іскерлік, кәсіби және техникалық қызмет көрсетулер қызметтердің мынадай түрлерін көрсету бойынша резиденттер мен резидент еместер арасындағы операцияларды қамтиды (толтыру кезінде келтірілген тізбені пайдалану қажет):
заңгерлік және бухгалтерлік қызмет көрсету, басқару және жұртшылықпен байланыс саласындағы консультациялық қызмет көрсету, құжаттарды ұсыну және дайындау және тағы басқалар;
жарнама және нарық коньюнктурасын зерделеу саласындағы қызмет көрсетулерге жарнама агенттіктерінің жарнамаларды әзірлеуі, жасауы және сатуы, жарнама уақытын сатып алу және сатуды қоса алғанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарнамаларды орналастыру; көрмелер мен сауда жәрмеңкелерін өткізу; тауарларды шетелдерде жарнамалау; нарықты зерделеу және әр түрлі проблемалар бойынша шетелдерде пікіртерімдер жүргізу кіреді;
ғылыми-зерттеу жұмыстары және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерге бұйымдар мен технологиялардың жаңа түрлерін жасау мақсатында түбегейлі зерттеулер, қолданбалы және тәжірибелік әзірлемелер жүргізу бойынша қызмет көрсету, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласындағы тиісті жұмыстар, сондай-ақ техникалық жаңа енгізілімдерді білдіретін операциялық жүйелерді әзірлеу кіреді;
сәулет, инженерлік және басқа да техникалық қызмет көрсетуге сәулет және құрылыс жобаларын, геологиялық барлау, картография, өнім сапасын тексеру және сертификаттау, техникалық бақылау кіреді;
ауыл шаруашылығы саласындағы қызмет көрсету, пайдалы қазбаларды өндіру және өнімдерді жергілікті жерлерде өңдеуге ауыл шаруашылығы дақылдарын (мысалы, өсімдіктерді аурулардан және зиянкестерден қорғау, өнімділікті арттыру) өсіру бойынша қызмет көрсету; орман шаруашылығы; пайдалы қазбаларды өндіру (кен құрамын талдау және тағы басқалар); импорт (экспорт) бойынша келіп түскен (жіберілген) және кері экспортқа (кері импортқа) жатпайтын өнімдерді жергілікті жерлерде қайта өңдеу және өңдеу, мысалы, ядролық қалдықтарды қайта өңдеу кіреді;
тауарларды шет елдерде қайта сату және басқа да сыртқы сауда қызметін көрсету теңіз және әуе кемелерінде сауда мәмілелерін және аукциондық мәмілелерді қоса алғанда, тауарлармен және қызмет көрсетулермен сыртқы сауда мәмілелерінен комиссиялық төлемдерді қамтиды. Қайта сату тауарды резиденттің резидент еместен сатып алуы және осы тауарды кейіннен резиденттің елінің шекарасынан өтпей басқа резидент емеске сату ретінде айқындалады. Тауарларды сатып алу бағасы мен оларды сату бағалары арасындағы айырма тауарларды қайта сату бойынша қызмет көрсетудің құны ретінде тіркеледі;
басқа қызмет көрсетулерге кадрларды іріктеу, күзет және қауіпсіздік, аударма, фотосуретке түсіру, қасбеттерді тазалау және тағы басқалар кіреді;
10) жеке тұлғаларға қызмет көрсетуге және мәдениет пен демалыс саласындағы қызмет көрсетуге фильмдерді, радио- және телебағдарламалар мен сазгерлік туындылардың жазбаларын жасауға байланысты төлемдер мен түсімдерге; актерлердің, режиссерлердің және тағы басқа гастрольдерге шығуына, театр қойылымдарын жасауға, сазгерлік, спорттық және цирк бағдарламаларын жасауға байланысты еңбекке ақы төлеу; мұражайлардың, кітапханалардың, мұрағаттардың жұмыстарына байланысты қызмет көрсету және спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға байланысты қызмет көрсетулерге; сондай-ақ оқытушылар мен медицина қызметкерлерінің өз елінен тысқары жерлерде көрсететін қызметтеріне, сырттай көрсетілетін қызметті қоса алғанда, ақы төлеу кіреді. Сонымен қатар, осы санатта бұқаралық ақпарат құралдарымен бейне- және радиожазбалардың, кассеталардың құнын қоса алғанда, таратуға (көрсетуге) құқықты прокатқа беруден, сатудан түскен төлемдер мен түсімдер есепке алынады.
5. Резидент емес қызметкерлердің жалақысы.
Осы нысанның Б бөлігінде резиденттер бір жылдан аспайтын мерзімге жұмыс істеу үшін тартқан резидент емес шетелдік қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу көрсетіледі.
6. Басқа да ағымдағы трансферттер.
Басқа да ағымдағы трансферттерге сатылған лотереялық билеттер және олар бойынша ұтыстар кіреді: түсімдерде Қазақстан Республикасында резидент еместерге лотереялық билеттерді сату және резиденттердің сатып алынған шетелдік лотереялары бойынша ұтыстары; төлемдерде – резиденттердің шетелдік лотерея билеттерін сатып алуы және қазақстандық лотереялар бойынша резидент еместерге ұтыстарды төлеу көрсетіледі.
7. Басқа күрделі трансферттер.
Басқа күрделі трансферттерге күрделі активтерге немесе зиян келтірумен немесе Қазақстан Республикасының мүлкін елеулі түрде бүлдірумен (мысалы, мұнайдың ағып кетуімен, күшті жарылыстармен және тағы басқа) байланысты өтемақы төлемдері кіреді.
8. Материалдық емес активтермен операциялар.
Д бөлігінде материалдық емес активтерді сатып алу (сату) үшін резиденттер мен резидент еместер арасындағы төлемдер көрсетіледі. Материалдық емес активтерді пайдаланғаны үшін төлемдер А бөлігінде «Роялти және лицензиялық төлемдер» бабы бойынша көрсетіледі.
9. 10-ТБ нысанындағы түсіндірмені:
1) Қазақстан Республикасының аумағында тұратын халықаралық ұйымдарға, шетелдік елшіліктерге, консульдықтарға және басқа да шетелдік дипломатиялық және ресми өкілдіктерге қызмет көрсеткен кәсіпорындар;
2) осы нысанның тауарларды тасымалдау жөніндегі операциялар бойынша есеп берген кәсіпорындар толтырады;
3) тармақшада көзделген кәсіпорындар төлем валютасындағы сомасын және қызметтердің түрін (электр энергиясы, жылу энергиясы, сумен жабдықтау, газ, байланыс, көлік қызметі, негізгі қорларды жалдау) түсіндірмелерде көрсете отырып, олар көрсеткен қызметтер үшін жоғарыда атап көрсетілген резидент еместерден есепті тоқсанда алынған төлемдерді көрсетуі тиіс. Мысалы: электр энергиясы – 100 мың теңге; байланыс – 50 мың долл.;
4) тармақшада көзделген кәсіпорындар тасымалданған тауарлардың түрлерін, олардың экспортқа немесе импортқа жататынын және тасымалдың құнын түсіндірмелерде көрсетуі тиіс. Мысалы: экспорт: астық – 2 мың доллар, түсті металдар сынығы – 0,5 мың доллар және тағы басқа; импорт: арнайы киім – 0,3 мың доллар, кондитер өнімдері – 1,0 мың доллар және тағы басқа.
10. Арифметикалық-логикалық бақылау:
1) А бөлігі. 1-баған = 2+3-бағандардың қосындысы барлық жолдар үшін;
2) А бөлігі. 20-жол >=21+ 22-жолдардың қосындысы барлық бағандар үшін;
3) А бөлігі. 30-жол = 31+32-жолдардың қосындысы барлық бағандар үшін;
4) А бөлігі. 100-жол = 100/01 +100/02 + 100/3 + 100/4 + 100/5 +100/6 + 100/8 +100/09 +100/13 + 100/14 + 100/ 19 жолдардың қосындысы барлық бағандар үшін;
5) А бөлігі. 110-жол = 110/1 +110/2 + 110/3 + 110/4 +110/5+стр.110/8+ стр.110/9 жолдардың қосындысы барлық бағандар үшін;
6) А бөлігі. 130-жол >= 131+132-жолдардың қосындысы барлық бағандар үшін;
7) А бөлігі. 140-жол = 141+142-жолдардың қосындысы барлық бағандар үшін;
8) А бөлігі. 200-жол = 200/01 +200/02 + 200/3 + 200/4 + 200/5 +р.200/6 + 200/8 +200/09 +200/13 +200/14 + 200/19 жолдардың қосындысы барлық бағандар үшін;
9) А бөлігі. 210-жол = 210/1 +210/2 +210/3 + 210/4 +210/5+210/8+ 210/9 жолдардың қосындысы барлық бағандар үшін;
10) Б бөлігі 230-жолдың 1-ші бағаны =230-жолдың 2-бағаны мен
230-жолдың 3-бағанының қосындысы;
11) Б бөлігі. 240-шы жолдың 1-бағаны =240-жолдың 2-бағаны мен
240-жолдың 3-бағанының қосындысы;
12) В бөлігі. 1-баған = барлық жолдар бойынша 2+3-бағандардың қосындысы;
13) В бөлігі. 250-жолдың 1-бағаны =250-жолдың 2-бағаны мен
250-жолдың 3-бағанының қосындысы;
14) В бөлігі. 260-жолдың 1-бағаны = 260-жолдың 2-бағаны мен
260-жолдың 3-бағанының қосындысы;
15) В бөлігі. 270-жолдың 1-бағаны =270-жолдың 2-бағаны мен
270-жолдың 3-бағанының қосындысы;
16) В бөлігі. 280-жолдың 1-бағаны = 280-жолдың 2-бағаны мен
280-жолдың 3-бағанының қосындысы;
17) В бөлігі. 290-жолдың 1-бағаны = 290-жолдың 2-бағаны мен
290-жолдың 3-бағанының қосындысы;
18) Г бөлігі. 300-жолдың 1-бағаны = 300-жолдың 2-бағаны мен
300-жолдың 3-бағанының қосындысы;
19) Г бөлігі. 310-жолдың 1-бағаны = 310-жолдың 2-бағаны мен
310-жолдың 3-бағанының қосындысы.
Достарыңызбен бөлісу: |