Электр энергиясының бөлшек сауда рыногын ұйымдастыру және жұмыс iстеу, сондай-ақ осы рынокқа қызметтер көрсетудiң Ережесiн бекiту туралы



Дата17.07.2016
өлшемі197.63 Kb.
#206426
Электр энергиясының бөлшек сауда рыногын ұйымдастыру және жұмыс iстеу, сондай-ақ осы рынокқа қызметтер көрсетудiң Ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң 2004 жылғы 30 қыркүйектегi N 232 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2004 жылғы 1 қазанда тiркелдi. Тiркеу N 3119


"Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлер Бюллетенi", "Заң" "Медиа-корпарация" ЖШС басылымы 2005 ж., N 3-8, 26-құжат.


      Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң 2007.12.03. N 271 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында бұйырамын:


      1. Қоса берiлiп отырған Электр энергиясының бөлшек сауда рыногын ұйымдастыру және жұмыс iстеу, сондай-ақ осы рынокқа қызметтер көрсетудiң Ережесi бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң 2007.12.03. N 271 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
      2. Электр энергетикасы және қатты отын департаментi (Н.Б.Бертiсбаев) осы бұйрықтың заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеудi қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi Б.Е. Оразбаевқа жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық жоғарыда көрсетiлген Ережемен белгiленген мынадай нормаларды:
      2005 жылдың 1 сәуiрiнен бастап қолданысқа енгiзiлетiн 54-тармақты;
      2005 жылдың 1 шiлдесiнен бастап қолданысқа енгiзiлетiн 63-тармақтың 2) тармақшасын;
      2005 жылдың 1 қазанынан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 58-тармақтың 2) және 3) тармақшаларын, 70-тармақтың 1) және 2) тармақшаларын;
      2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 70-тармақтың 6) тармақшасын қоспағанда, мемлекеттiк тiркелу күнiнен бастап күшiне енедi.

      Министр

      КЕЛIСIЛДI:
      Қазақстан Республикасының
      Табиғи монополияларды реттеу
      агенттiгiнiң төрағасы
      ___________________________

 
"Электр энергиясының бөлшек сауда  


нарығын ұйымдастыру және жұмыс   
iстеу, сондай-ақ осы нарықтағы   
қызметтер көрсетудi ұсыну мен оған 
қол жеткiзу ережесiн бекiту туралы"
Қазақстан Республикасы     
Энергетика және минералдық   
ресурстар министрiнiң     
2004 жылғы 30 қыркүйектегi   
N 232 бұйрығымен бекiтiлген  

      Ескерту. Грифiне және тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң 2007.12.03. N 271 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

 Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және жұмыс iстеу, сондай-ақ осы нарықтағы қызметтер көрсетудi ұсыну мен оған қол жеткiзу ережесi

1-тарау. Жалпы ережелер, негiзгi
ұғымдар мен анықтамалар

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - Заң) және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасындағы электр энергиясы мен қызметтер көрсетудi бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және жұмыс iстеу тәртiбiн белгiлейдi.


      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң 2007.12.03. N 271 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      2. Электр энергиясы мен қызмет көрсетудiң бөлшек сауда нарығындағы (бұдан әрi - бөлшек сауда нарығы) субъектiлердiң арасында туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен, Заңмен, осы Ережемен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен реттеледi.

      3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылған:
      1) алынып тасталды - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң 2007.12.03. N 271 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
      2) электрмен жабдықтау шарты - соған сәйкес электрмен жабдықтаушы ұйым тұтынушыға жалғастырылған желi арқылы энергия беруге мiндеттенетiн, ал тұтынушы алған электр энергиясына ақы төлеуге, сондай-ақ оны тұтынудың шартта көзделген режимiн сақтауға, оның қарамағындағы электр желiлерiн пайдалану қауiпсiздiгiн және электр энергиясын тұтынуымен байланысты олар пайдаланатын аспаптар мен жабдықтардың дұрыстығын қамтамасыз етудi мiндеттенетiн құжат;
      3) жиналған ақпараттың ұзақ уақыттық тiркелiмi - 15 минут интервалында деректердi iрiктеу мен барлық өлшенген шамаларды 45 күн аралығында сақтау мүмкiндiгi бар коммерциялық есепке алу жүйесiнiң деректердiң сақтау құрылғысы;
      4) есеп айырысу кезеңi - шартпен белгiленетiн, көрсетiлген қызметтер және/немесе электр энергиясын жеткiзгенi үшiн есеп айырысу жүргiзiлетiн уақыт бөлiгi;
      5) реттеушi орган - табиғи монополиялар саласындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      6) бөлшек сауда тұтынушылары - өңiрлiк электр желiлiк компанияның электр желiлерiне немесе электр желiлерiне иелiк ететiн өзге ұйымдардың желiлерiне тiкелей жалғанған, және бөлшек сауда нарығында электр энергиясын алатын тұтынушылар;
      7) коммерциялық есепке алу жүйесi -электр энергиясын адрестiк таратуды есепке алуға, электр энергиясының нарығындағы теңгерiмсiздiктердi табиғи және кейiнгi қаржылық реттеу мүмкiндiгiне арналған коммерциялық есептеудiң бiрыңғай базасына шағын жүйелермен жалғанған және өлшеуiш трансформаторлардан, есептеуiштерден, деректердi сақтау құрылғыларынан, байланыстың шағын жүйелерiнен, коммерциялық есептеу есептеуiштерiнiң iстен шығу мониторингiнiң құрылғысынан тұратын коммерциялық есептеудiң автоматтандырылған техникалық құрылғысы;
      8) өңiрлiк деңгейдегi электр желiлерi - өңiрлiк электр желiлiк компанияның балансындағы электр энергиясын беруге және (немесе) таратуға арналған шағын станциялардың, тарату құрылғыларының және оларды жалғастыратын электр беру желiлерiнiң жиынтығы;
      9) нақты баланс - бөлшек сауда нарығындағы субъектiлердiң есептiк кезеңде жеткiзiлген және тұтынылған электр энергиясы көлемiнiң атаулы бөлiнуiн белгiлейтiн құжат;
      10) электр желiлерi - электр энергиясын беруге және (немесе) таратуға арналған шағын станциялардың, тарату құрылғыларының және оларды жалғастыратын электр беру желiлерiнiң жиынтығы.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң 2007.12.03. N 271 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

 2-тарау. Электр энергиясы мен қызметтер көрсетудiң бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру



1-параграф. Бөлшек сауда нарығындағы мәмiлелердiң мәнi

      4. Бөлшек сауда нарығындағы мәмiлелердiң мәнi:


      1) электр энергиясы;
      2) электр энергиясын беру жөнiндегi қызметтер көрсету;
      3) электр қуатын (жиiлiгiн) реттеу жөнiндегi қызметтер көрсету;
      4) желiге берудi диспетчерлеу жөнiндегi қызметтер көрсету және электр энергиясын тұтыну (электр энергиясының импорты);
      5) электр энергиясын шарттан тыс жеткiзу және тұтыну болып табылады.

 2-параграф. Бөлшек сауда нарығының субъектiлерi

      5. Бөлшек сауда нарығының субъектiлерi:
      1) энергия өндiрушi ұйымдар;
      2) өңiрлiк электр желiлiк компаниялар;
      3) энергия берушi ұйымдар;
      4) электр энергиясын кепiлдi жеткiзушiсi;
      5) энергиямен жабдықтаушы ұйымдар;
      6) бөлшек сауда тұтынушылары.

 3-параграф. Энергия өндiрушi ұйым

      6. Электр энергиясының бөлшек сауда нарығындағы энергия өндiрушi ұйымдардың қызметтерi:
      1) жасасылған келiсiм-шарттарға сәйкес электр энергиясын өндiру және сату;
      2) электр энергиясын өндiру кестесiн сақтау;
      3) станция құрылғысының тұрақты жұмыс iстеуiн және энергия жүйесiмен қосарлас жұмысын қамтамасыз ету;
      4) электр энергиясын өндiрудiң тәулiктiк, сағаттық кестесiн тұтынушыларды көрсете отырып, өңiрлiк электр желiлiк компаниясына берiп тұру.

      7. Энергия өндiрушi ұйымның электр энергиясын берудi тоқтатуларына (шектеуге) мынадай жағдайларда рұқсат етiледi:


      1) бiрыңғай электр энергетикасы жүйесiндегi (бұдан әрi - БЭЖ) авариялық бұзылулардың алдын алу, тартпау және жою мақсатында;
      2) бөлшек сауда рыногының субъектiсi алынған электр энергиясын төлеу шарттарын бұзған;
      3) тұтынушының жасасылған шарттармен белгiленген электр энергиясын тұтыну режимдерiн сақтамаған.

 4-параграф. Өңiрлiк электр желiлiк компания



      8. Өңiрлiк электр желiлiк компания (бұдан әрi - ӨЭК) бөлшек сауда нарығында мынадай қызметтердi атқарады:
      1) шарттардың негiзiнде өңiрлiк деңгейдегi желiлер бойынша электр энергиясын беру және тарату жөнiндегi қызметтер көрсетудi жүзеге асырады;
      2) оның желiлерi бойынша берiлетiн электр энергиясының сапасын Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген талаптарға сәйкес қамтамасыз етедi және бақылайды;
      3) электр энергиясын сатып алу-сатуға жасасылған шарттар мен оны беру шарттары туралы деректер базасын қалыптастырады;
      4) өңiрдiң бөлшек сауда нарығындағы электр энергиясының тәулiктiк тұтыну кестесiн жасайды;
      5) бөлшек сауда нарығындағы субъектiлердiң электр энергиясының бөлшек сауда нарығындағы тәулiктiк тұтыну кестесiнiң шеңберiндегi тұтыну мен жеткiзу режимiн орындау мониторингiн жүзеге асырады;
      6) бөлшек сауда нарығы субъектiлерiнiң электр энергиясын жеткiзу мен тұтынуының нақты теңгерiмiн жасайды;
      7) оларды кейiн қаржылық реттеу үшiн бөлшек сауда нарығындағы шарттан тыс жеткiзiлiмдер мен электр энергиясын тұтынудың теңгерiмсiздерiн айқындайды;
      8) бөлшек сауда нарығы субъектiлерiне электр энергиясын беру жөнiндегi қызметтерi үшiн ақы төлеуге шот бередi;
      9) электр қуатын (жиiлiгiн) реттеу жөнiндегi көрсетiлген қызметтерге ақы төлеуге шот бередi;
      10) тұтынушыларға олардың желiлерiне қосылған есептiк кезеңде шарттан тыс тұтынылған электр энергиясының (рұқсат етiлген теңгерiмсiздiк) шотын ұсынады;
      11) өзiнiң тораптарында электр энергиясының нормативтiк шығындарын өтеуге, сондай-ақ шаруашылық мұқтаждығына электр энергиясын сатып алады;
      12) тұтынушылар мәлiмдеген электр энергиясы көлемiн берудiң техникалық мүмкiндiктерiн және олардың коммерциялық есептеу жүйелерiнiң осы Ереженiң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкестiгiн қарайды;
      13) бөлшек сауда нарығына шығу құқығын алған тұтынушылар мен барлық энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға (бұдан әрi - ЭЖҰ) өңiрлiк электр желiлерiне кедергiсiз және кемсiтусiз шығуды қамтамасыз етедi;
      14) жасасылған шарттар мен нормативтiк талаптарға сәйкес, электр энергиясын берудiң сенiмдiлiгiн қамтамасыз етедi;
      15) ӨЭК тораптарына жалғанған барлық бөлшек сауда нарығы субъектiлерiнiң коммерциялық есепке алу құрылғыларының көрсеткiштерiн ай сайын алуды және аталған ақпаратты ЭЖҰ-ға берiп отыруды жүзеге асырады;
      16) жүйелiк аварияның пайда болу жағдайына байланысты электр энергиясымен үздiксiз жабдықтау объектiлерi бар ұйымдарды электрмен жабдықтау схемаларын әзiрлейдi;
      17) Өңiрдiң электр желiлерiнiң перспективалық даму жоспарын әзiрлейдi және олардың негiзiнде өңiрлiк деңгейдегi электр желiлерiнiң жоспарлы дамуын жүзеге асырады;
      18) тұтынушылардың электр желiлерi мен қондырғыларын өз желiлерiне қосуға техникалық шарттарын берудi жүзеге асырады;
      19) тиiстi актi рәсiмдеу арқылы тұтынушының коммерциялық есепке алу жүйесiн қабылдауды, сондай-ақ коммерциялық есепке алу жүйесi жұмысын бұзу жағдайларын анықтауды жүзеге асырады;
      20) ЭЖҰ-ның бөлшек сауда нарығынан кету немесе өңiрдегi тұтынушыларды немесе тұтынушылар тобын электрмен жабдықтауын тоқтату фактiлерiн анықтайды және ол туралы электр энергиясын кепiлдi жеткiзушiге (бұдан әрi - ЭКЖ) хабарлайды.

      9. Өңiрлiк электр желiлерi компаниясының электр энергиясын берудi тоқтатуына (шектеуiне) мынадай жағдайларда:


      1) БЭЖ-дегi авариялық бұзылулардың алдын алу, оқшаулау және жою мақсатында;
      2) бөлшек сауда нарығының субъектiсi электр энергиясын беру жөнiндегi қызметтерге ақы төлеу шарттарын бұзған жағдайда;
      3) жасасылған шарттарда белгiленген электр энергиясын тұтыну режимдерiн тұтынушы орындамаған жағдайда;
      4) ЭЖҰ мен ЭКЖ өтiнiмдерi бойынша тұтынушы төлемегенде және/немесе жасасылған шарттардың ережелерiн бұзғанда рұқсат етiледi.

 5-параграф. Энергия берушi ұйым

      10. Энергия берушi ұйым (бұдан әрi - ЭБҰ) мынадай функцияларды атқарады:
      1) шарт ережелерi негiзiнде электр энергиясын жеке немесе пайдаланылатын (жалдау, лизинг, сенiмгерлiк басқару және өзге де пайдалану түрлерi) электр желiлерi объектiлерi арқылы бөлшек сауда тұтынушыларына немесе электр энергиясымен жабдықтаушы ұйымдарға электр энергиясын беру;
      2) ӨЭК диспетчерiнiң нұсқаулары бойынша электр желiлерiн пайдаланудың диспетчерлiк режимiн сақтау;
      3) электр желiлерi арқылы электр энергиясын берудiң көлемi мен ағынын есептеу;
      4) жеке электр желiлерiнде электр энергиясының нормативтiк шығындарын жабу үшiн, сондай-ақ шаруашылық мұқтаждықтарына электр энергиясын сатып алуды жүргiзедi;
      5) ЭБҰ желiлерiне қосылған бөлшек сауда нарығы субъектiлерiнiң есептiк кезеңiндегi коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткiштерiн ай сайын түсiрiп алуды және осы ақпаратты ЭЖҰ мен ӨЭК-ға берудi жүзеге асырады;
      6) электр энергиясын беру жөнiндегi қызметтерге ақы төлеуге шотты ұсынады;
      7) электр қуатын (жиiлiктердi) реттеу жөнiндегi қызметтерге ақы төлеуге шотты ұсынады;
      8) тұтынушыларға олардың желiлерiне қосылған есептiк кезеңде шарттан тыс тұтынылған электр энергиясының (рұқсат етiлген теңгерiмсiздiк) шотын ұсынады;
      9) жасалған келiсiмдерге және нормативтiк талаптарға сәйкес ЭБҰ желiлерi бойынша электр энергиясын берудiң сапасы мен сенiмдiлiгiн қамтамасыз етедi.

      11. Энергия берушi ұйымдардың электр энергиясын берудi тоқтатуына (шектеуiне) мынадай жағдайларда рұқсат етiледi:


      1) БЭЖ-дегi авариялық бұзылулардың алдын алу, оқшаулау және жою мақсатында;
      2) бөлшек сауда нарығының субъектiсi алынған электр энергиясына ақы төлеу шарттарын бұзғанда;
      3) жасасылған шарттармен белгiленген электр энергиясын тұтыну режимдерiн тұтынушылар сақтамағанда;
      4) ЭЖҰ және ЭКЖ өтiнiмдерi бойынша тұтынушының төлемеген және/немесе жасалған шарттардың ережелерiн бұзған кезде.

 6-параграф. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар және электр энергиясын кепiлдi жеткiзушi

      12. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар және электр энергиясын кепiлдi жеткiзушi мынадай функцияларды орындайды:
      1) электр энергиясын энергия өндiрушi ұйымдардан немесе орталықтандырылған сауда-саттықта сатып алады және оны бiр ауданда немесе шағын ауданда орналасқан, электр энергиясымен жабдықтаудың оқшауланған схемасы бар, түпкiлiктi бөлшек сауда тұтынушыларына сатады; 
      2) жеткiзу-тұтыну режимдерiн жүргiзу бойынша ӨЭК жедел өкiмдерiн орындайды;
      3) ӨЭК-ға бекiтiлген нысан бойынша электр энергиясын сатып алу-сатуға және электр энергиясын беру жөнiндегi қызметтер көрсетуге жасасылған шарттар бойынша электр энергиясын жеткiзу-тұтынудың тәулiктiк кестесiн бередi;
      4) ӨЭК-ға электр энергиясымен жеткiзу-тұтыну режимi мониторингiн жүзеге асыру үшiн қажеттi технологиялық ақпаратты бередi;
      5) электр энергиясының бөлшек сауда нарығындағы теңгерiмдерi және теңгерiмсiздiктерi туралы өзара есептесудi жүзеге асыру үшiн коммерциялық есепке алу жүйелерiнiң деректерi бойынша есептiк кезеңнiң қорытындылары бойынша ӨЭК жасаған ақпаратты алады;
      6) тұтынушыларға электр энергиясын беруге жүйелiк оператормен, ӨЭК, ЭБҰ шарттар жасасады;
      7) электр энергиясын беру жөнiнде жүйелiк оператордың, ӨЭК, ЭБҰ-ның қызметтер көрсетуiне ақы төлейдi;
      8) электр қуатын (жиiлiктердi) реттеу жөнiндегi ӨЭК қызметтер көрсетуiне ақы төлейдi;
      9) есептiк кезеңде шарттан тыс тұтынылған электр энергиясын (рұқсат етiлген теңгерiмсiздiк) ӨЭК-ға төлейдi;
      10) шарттармен, осы Ережелермен және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленген өзге де функцияларды орындайды.

      13. ЭЖҰ-ның (ЭКЖ) қызмет көрсету аумағы олардың тұтынушылармен электрмен жабдықтау үшiн жасалған шарттарына сәйкес шекаралармен анықталады.

      14. ЭЖҰ және ЭКЖ электр энергиясын берудi тоқтатуға (шектеуге) мынадай жағдайларда рұқсат етiледi:
      1) жүйелiк оператор мен ӨЭК талап етуi бойынша БЭЖ-дегi авариялық бұзылулардың алдын алу, оқшаулау және жою мақсатында;
      2) бөлшек сауда нарығы тұтынушылары алынған электр энергиясына ақы төлеу шарттарын бұзғанда;
      3) жасасылған шарттармен белгiленген энергияны тұтыну режимдерiн тұтынушы орындамағанда.

 7-параграф. Электр энергиясын тұтынушылар

      15. Электр энергиясын тұтынушылар бөлшек сауда нарығында мынадай функцияларды атқарады:
      1) жасасылған шарттардың ережелерiне сәйкес электр энергиясын алады және тұтынады;
      2) шарттарда қабылданған мiндеттемелерге сәйкес босатылған, берiлген және тұтынылған электр энергиясына, сондай-ақ теңгерiмдеу нарығында шарттан тыс алынған электр энергиясына ақы төлейдi;
      3) тұтынушының меншiгiндегi электр қондырғылары мен электр энергиясының коммерциялық есепке алу аспаптарын тиiстi техникалық күйде ұстайды;
      4) электрмен жабдықтау шартымен белгiленген электр тұтыну режимiн сақтайды;
      5) ӨЭК, ЭБҰ және ЭЖҰ (ЭКЖ) персоналын коммерциялық есепке алу аспаптарына, сондай-ақ Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау қызметкерлерiн электр қондырғылары мен есепке алу аспаптарын пайдаланудың техникалық күйi мен қауiпсiздiгiн бақылау үшiн жiбередi.

      16. Бөлшек сауда нарығындағы электр энергиясын тұтынушылар, электр энергиясын пайдалану мақсатына байланысты, тек жарық беру және басқа да өндiрiспен байланысы жоқ мақсаттарда пайдаланатын және тауар өндiру, жұмыс iстеу және қызметтер көрсетуде пайдаланатын тұтынушыларға бөлiнедi.

      17. Электр энергиясын тек жарық беру және басқа да өндiрiспен байланысы жоқ мақсаттарда пайдаланатын тұтынушылар электрмен жабдықтауға шарттарды ЭЖҰ-мен жасасады және оларға электр тұтынудың режимдерiн сақтау жөнiнде талаптар қойылмайды.

 3-тарау. Бөлшек сауда нарығының жұмыс iстеуi



1-параграф. Электр энергиясын кепiлдi берушiнi
анықтау тәртiбi

      18. Электр энергиясының бөлшек сауда нарығында бастапқы кезеңде электр энергиясын кепiлдi жеткiзушiлердiң (ЭКЖ) мiндеттерi Заңның 25-тармағына сәйкес электржелiлiк компаниялар құрған ЭЖҰ-ға жүктеледi.

      19. ЭКЖ жедел-диспетчерлiк басқару әрекеттерi қолданылатын және ӨЭК-ке, ЭЖҰ-ның электр желiлерi арқылы электр энергиясын алатын барлық тұтынушылар, сондай-ақ осы өңiрдегi басқа да тұтынушылар аумағы ЭКЖ жауапкершiлiк аймағы болып табылады.

      20. Электр энергиясын кепiлдi жеткiзушiлер табиғи монополиялар саласындағы қызметтерге бақылау және реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган белгiлеген электр энергиясы бөлшек сауда нарығына қол жеткiзу талаптарға сәйкес келуге, басқа ЭЖҰ-ның осы тұтынушыларының кiнәсiнсiз тұтынушыларды электрмен жабдықтауды тоқтату жағдайлары үшiн жеткiлiктi көлемде электр энергиясын жеткiзу кепiлдiктерiне ие болуға тиiс.


      Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң 2007.12.03. N 271 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      21. Электр энергиясын кепiлдi жеткiзушiлер мен ӨЭК тұтынушылар тарапынан электрмен жабдықтаудың шарттық ережелерiн бұзушылық болмаған жағдайда, өздерiнiң жауапкершiлiк аймағында барлық тұтынушыларды электрмен үзiлiссiз және шектеусiз жабдықтауды қамтамасыз етуге мiндеттi.

      22. Электр энергиясының бөлшек сауда нарығында бәсекенiң даму шамасына, сондай-ақ Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң 2004 жылғы 18 тамыздағы N 183 бұйрығымен бекiтiлген бөлшек сауда нарығы субъектiлерiнiң ЭКЕАЖ жасау бағдарламасының iске асырылуына қарай электр энергиясының бөлшек сауда нарығында 2 және одан да көп ЭЖҰ-ның қолданылуы мүмкiн.

      23. Алынып тасталды - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң 2007.12.03. N 271 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      24. Алынып тасталды - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң 2007.12.03. N 271 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

 2-параграф. Бөлшек сауда нарығындағы энергиямен


жабдықтаушы ұйымның ауысу тәртiбi

      25. Энергиямен жабдықтаушы ұйым (ЭЖҰ) өз тұтынушылары мен энергия берушi ұйымдарға (ӨЭК) электрмен жабдықтау шартын бұзу туралы алдын-ала, бiр күнтiзбелiк ай бұрын хабарлайды.

      26. Тұтынушылардың бiр ЭЖҰ-дан екiншi ЭЖҰ-ға өтуi энергиямен жабдықтауда үзiлiссiз, есептi кезеңнiң басынан өтуге тиiс.

      27. Жаңа ЭЖҰ бұрынғы ЭЖҰ-ның өкiлдерiмен коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткiштерiн жазып алуды жүргiзедi және үш жақты қабылдап алу-тапсыру актiсiн жасайды, оған ЭЖҰ-ның беретiн және алатын өкiлдерi мен тұтынушы қол қояды. Бұл қабылдап алу-тапсыру актiсi тараптардың өзара есеп айырысуы үшiн негiз болады. Қабылдап алу-тапсыру актiсiне сәйкес бұрынғы ЭЖҰ түпкiлiктi есептесу үшiн тұтынушыға шот бередi.

      28. Электр энергиясының теңгерiмiн жасау үшiн қабылдап алу-тапсыру актiсiнiң көшiрмесi ӨЭК-ке берiледi.

      29. Тұтынушылардың кiнәсiнсiз, осы Ереженiң 25-28-тармақтарында белгiленген нормаларды iске асырмай, тұтынушыларды электрмен жабдықтауды тоқтатуға жол берiлмейдi.

 3-параграф. Бөлшек сауда нарығында жасалған
мәмiлелердi iске асыру

      30. Бөлшек сауда нарығында жасалатын электр энергиясын сату және беру жөнiндегi мәмiлелердi iске асыру белгiленген тәртiппен жүйелiк оператормен келiсiлген алдағы тәулiктерге өтiнiмдер бойынша ӨЭК қалыптастыратын тәулiктiк кестеге сәйкес жүргiзiледi.

      31. ЭЖҰ, соның iшiнде ЭКЖ тұтынушылар берген тәулiктiк кестелер бойынша, сондай-ақ осы Ереженiң 17-тармағының ережелерiне сәйкес тәулiктiк кестелердi жасау жөнiндегi талаптар қойылатын тұтынушыларды есепке ала отырып алдағы тәулiктерге өтiнiмдердi қалыптастырады.

      32. Тәулiктiк кестеде бөлшек сауда нарығына электр энергиясын жеткiзетiн әрбiр энергия өндiрушi ұйымның электр энергиясын жеткiзуiнiң сағаттық шамалары және әр ЭЖҰ (соның iшiнде ЭКЖ) мен солар үшiн электр энергиясы сатып алынған тiкелей тұтынушылардың тұтынулары көрсетiледi.

      33. ӨЭК күн сайын берiлетiн ЭЖҰ мен тiкелей бөлшек тұтынушылардың энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен келiсiлген және ӨЭК-те тiркеуден өткен барлық шарттар негiзiнде жасалған тәулiк сайын берiлетiн өтiнiмдерi негiзiнде бөлшек сауда нарығы субъектiлерi жұмысының тәулiктiк кестесiн қалыптастырады.

      34. Бөлшек сауда нарығының тәулiктiк кестесiнiң жобасын ӨЭК жүйелiк операторға келiсу және оның көрсеткiштерiн Қазақстан Республикасының БЭЖ-дегi электр энергиясын жеткiзу - тұтынудың тәулiктiк кестесiне енгiзу үшiн жiбередi.

      35. Келiсiлген және бекiтiлген тәулiктiк кесте ӨЭК-ке, ЭЖҰ-ға және тiкелей тұтынушыларға орындау үшiн жiберiледi.

      36. Бөлшек сауда нарығының тәулiктiк кестесiн жүзеге асыру процесiнде ӨЭК бөлшек сауда нарығы субъектiлерiнiң электр энергиясын жеткiзу - тұтыну мониторингiн жүзеге асырады.

      37. ЭЖҰ мен тiкелей бөлшек сауда тұтынушылары өтiнiм берген, ӨЭК тәулiктiк кестеде бекiткен және уақтылы келiсiлмеген электр энергиясы көлемдерiнiң асып кетуi ӨЭК-пен жасасылған шарттарға сәйкес реттеледi.

      38. Авариялық жағдайларда, ӨЭК Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген авариялық жағдайларды жою жөнiнде жедел шаралар қабылдайды. Кiнәлi жақты анықтау және болуы мүмкiн шығындарды өтеу тәртiбi заңнамада белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

      39. Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткiштерi және басқа да техникалық құралдар бойынша ӨЭК күн сайын бөлшек сауда нарығының диспетчерлiк пункттер арқылы бөлшек сауда нарығындағы электр энергиясын жеткiзу - тұтынуды жедел бақылауды жүргiзедi.

      40. Есептiк ай өткеннен кейiн ӨЭК бөлшек сауда нарығында электр энергиясын өндiру - тұтынудың нақты теңгерiмiн жасайды және ӨЭК пен бөлшек сауда нарығы субъектiлерi (ЭБҰ, ЭЖҰ, бөлшек сауда тұтынушылары) арасында өзара есеп айырысу үшiн негiздеме болып табылатын теңгерiмсiздiктердi анықтауды жүзеге асырады.

 4-параграф. Бөлшек сауда нарығының нақты теңгерiмiн
жасау және теңгерiмсiздiктердi анықтау тәртiбi

      41. Электр энергиясын өндiру мен тұтынудың нақты теңгерiмiн ЭЖҰ мен бөлшек сауда тұтынушылар берген есепке алу аспаптарының көрсеткiштерi туралы ақпарат негiзiнде ӨЭК жасайды және ол ӨЭК-тiң ЭБҰ, ЭЖҰ-мен және тiкелей бөлшек сауда тұтынушыларымен өзара есеп айырысуға негiз болып табылады.

      42. Электр энергиясының теңгерiмсiздiктерiн анықтау және оларды ЭЖҰ мен тiкелей бөлшек сауда тұтынушыларымен арасында бөлудi ӨЭК осы Ережеге сәйкес есептiк кезеңдегi коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткiштерi бойынша жүзеге асырады.

      43. Бөлшек сауда нарығының әр субъектiсi бойынша теңгерiмсiздiктi анықтау үшiн бөлшек сауда нарығының тәулiктiк кестесiнде мәлiмделген және уақтылы түзетiлген электр энергиясының мөлшерi мен есепке алу аспаптарының - коммерциялық дискреттi есептегiштердiң, коммерциялық индукционды есептегiштер мен телеөлшемдер көрсеткiштерi бойынша анықталған, нақты жеткiзiлген - тұтынылған электр энергиясының мөлшерi қолданылады.

      44. Бөлшек сауда нарығының субъектiлерi - электр энергиясын сатып алушылар (сатушылар) шекарасында орнатылған коммерциялық есепке алу аспаптарының теңгерiмдiк тиесiлiгiне байланысты үш негiзгi топқа бөлiнедi:
      1) теңгерiмдiк тиесiлiгi шекараларында дискреттi есептегiштер, телеметрия және индукционды есептегiштер орнатылған электр энергиясын жеткiзу - тұтынудың нақты сағаттық мөлшерi туралы есептiк ақпарат беруге мүмкiндiгi бар бөлшек сауда нарығының субъектiлерi;
      2) теңгерiмдiк тиесiлiгi шекараларында телеметрия мен индукционды есептегiштер орнатылған, электр энергиясын жеткiзу - тұтынудың нақты сағаттық мөлшерi туралы индукционды есептегiштер бойынша түзетiлген ақпаратты жеткiзуге мүмкiндiгi бар бөлшек сауда нарығының субъектiлерi;
      3) электр энергиясын жеткiзу - тұтынудың сағаттық мөлшерi туралы есептiк ақпаратты беру мүмкiндiгi жоқ бөлшек сауда нарығының субъектiлерi.

      45. Осы Ереженiң 44-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген, телеметрия аспаптарымен және электр энергиясын дискреттi есептегiштермен жарақтандырылған бөлшек сауда нарығы субъектiлерi үшiн операциялық тәулiк iшiнде электр энергиясын нақты жеткiзу - тұтынудың сағаттық есебi жүзеге асырылады, оның нәтижелерi дискреттiк есептегiштер деректерi бойынша анықталады.

      46. Осы Ереженiң 44-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген, телеметрия аспаптарымен және электр энергиясының индукционды есептегiштерiмен жарақтандырылған бөлшек сауда нарығы субъектiлерi үшiн операциялық тәулiк iшiнде электр энергиясын жеткiзу - тұтынудың алдын-ала сағаттық (жақындатылған) есебi жүзеге асырылады, оның нәтижелерi операциялық тәулiк аяқталғаннан кейiн индукционды есептегiштер мәлiметтерi бойынша электр энергиясының тәулiктiк тұтынуына тура пропорционалды түзетiледi.

      47. Осы Ереженiң 44-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген, индукционды есептегiштерi бар бөлшек сауда нарығы субъектiлерi үшiн, сағаттық алудың және олардың көрсеткiштерiн өңдеудiң физикалық мүмкiндiгiнiң болмауы салдарынан сағаттық теңгерiмсiздiктер есебi тұтастай аймақ бойынша анықталған электр энергиясының сағаттық теңгерiмсiздiктерi мен осы Ереженiң 44-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген бөлшек сауда нарығы субъектiлерiнiң теңгерiмсiздiктерi есепке алынған коммерциялық есепке алу аспаптарының әр күн сайынғы көрсеткiштерiне (электр энергиясын дискреттi сағаттық коммерциялық есепке алу жөнiндегi қазiргi заманғы есептегiштер орнатылған сәтке дейiн) негiзделедi.

      48. ӨЭК өз желiлерiндегi теңгерiмсiздiктердi өтеу үшiн пайдаланылған электр энергиясының көлемдерi бөлшек сауда нарығының әрбiр субъектiсi бойынша электр энергиясын жеткiзу - тұтынудың жасалған нақты айлық теңгерiмiне сәйкес анықталады және одан әрi қаржылық реттеу үшiн жүйелiк операторға, энергиямен жабдықтау ұйымына және тiкелей бөлшек сауда тұтынушыларына жiберiледi.

      49. Бөлшек сауда нарығының әрбiр субъектiсi бойынша бөлшек сауда нарығындағы электр энергиясын жеткiзу - тұтынудың нақты айлық теңгерiмiнде:


      1) түзетулер ескерiлiп тәулiктiк кестеге өтiнiм берiлген бөлшек сауда нарығы субъектiлерiнiң әрқайсының, оның iшiнде энергия жеткiзушi ұйымның электр энергиясын сатып алу-сату шарттары бойынша бөлшек сауда нарығындағы электр энергиясының мөлшерi;
      2) электр энергиясының бөлшек сауда нарығында жеткiзiлген және тұтынылған, коммерциялық есепке алу аспаптарында тiркелген нақты мөлшерi;
      3) бөлшек сауда нарығында электр энергиясының шарттан тыс жеткiзу мөлшерi көрсетiледi.

 5-параграф. Электр энергиясының экспорты мен импорты

      50. Электр энергиясының экспорты мен (немесе) импортына арналған мәмiлелер бойынша бөлшек сауда нарығында туындаған қатынастар тиiстi шарттарда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және мемлекетаралық шарттарда көзделген тәртiппен реттеледi.

 6-параграф. Электр энергиясын беру кезiндегi шығындармен байланысты шығыстарды өтеу тәртiбi

      51. Электр энергиясының оны энергия берушi ұйымдардың (ӨЭК) электр желiлерi бойынша берудегi нақты шығыны бөлшек сауда нарығы субъектiлерiне электр энергиясын жеткiзу нүктелерiнде орнатылған, коммерциялық есеп аспаптарының деректерi бойынша өндiрушi көздерден және басқа да электр желiлiк компаниялардан электр желiсiне кiрген электр энергиясының жиынтық мөлшерi арасындағы ЭБҰ-ның шаруашылық қажеттерiне пайдаланылған және ЭЖҰ тұтынушылары мен бөлшек сауда тұтынушылары алған электр энергиясы көлемдерiн алып тастағандағы айырма ретiнде анықталады.

      52. Энергия берушi ұйымдардың (ӨЭК) электр желiлерiндегi электр энергиясының нормативтiк шамаларын анықтау заңнамада белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.

      53. ӨЭК (ЭБҰ) желiлерiндегi осы Ереженiң 51-тармағына сәйкес есептелген электр энергиясының нақты шығынының шамалары олардың желiлерiнде оны беру жөнiндегi электр энергиясының нормативтiк көрсеткiштерiнен асып кеткен жағдайда, электр энергиясының осы көлемдерi ӨЭК (ЭБҰ) шығындарына жатады.

      54. Өңiрлiк электр желiлiк компаниялардың оның желiлерi мен басқа да ЭБҰ желiлерiндегi электр энергиясын ЭЖҰ-ға және тiкелей тұтынушыларға беру үшiн пайдаланылатын электр энергиясының нормативтiк шығындарын өтеуге байланысты шығындар ӨЭК, ЭБҰ тарифiнде есепке алынады және оларды ЭЖҰ мен бөлшек сауда тұтынушылары заңнамада белгiленген тәртiппен төлейдi.

 7-параграф. Қаржылық өзара есеп айырысулар

      55. Бөлшек сауда нарығы субъектiлерi арасындағы қаржылық өзара есеп айырысулар электрмен жабдықтау, сатып алу-сату, қызметтер көрсету шарттарында айтылған тәртiппен, мерзiмдер мен шарттарда жүргiзiледi.

      56. Бөлшек сауда нарығында теңгерiмсiздiктердi реттеу жүйесiндегi қаржылық өзара есеп айырысулар бөлшек сауда нарығындағы нақты теңгерiмдi құрастыру, теңгерiмсiздiктердi анықтау және реттеу жөнiндегi нұсқаулықтарға сәйкес жүйелiк оператор мен ӨЭК-тiң ЭЖҰ, ЭБҰ, бөлшек сауда тұтынушыларымен шартында көзделген тәртiппен және Бөлшек сауда нарығындағы электр энергиясының нақты теңгерiмiн жасау, теңгерiмсiздiктерiн анықтау мен реттеу жөнiндегi нұсқаулықтарға сәйкес жүргiзiледi.

      57. Электр энергиясын беру жөнiндегi нақты көрсетiлген қызметтер үшiн қаржылық өзара есеп айырысулар реттеушi орган бекiткен тарифтер мен тұтынылған, есептiк айда электр энергиясының нақты теңгерiмiне енгiзiлген электр энергиясының мөлшерi бойынша жүргiзiледi.

 4-тарау. Субъектiлердiң электр энергиясы мен қызметтер көрсетудiң бөлшек сауда нарығына қатысуына рұқсат алуы

      Ескерту. 4-тарау алынып тасталды - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң 2007.12.03. N 271 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.



 5-тарау. Бөлшек сауда нарығы субъектiлерiнiң
жауапкершiлiгi

      78. Электр энергиясы мен қызметтер бөлшек сауда нарығының субъектiлерiне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершiлiк жүктеледi.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет