«Электроэнегетика» пәні «Электрлік жүйелер және тораптар» бөлімі Есептеу-графикалық жұмыс
Ноябрь 30, 2012 · Физика · (Еще не коментировали)
Есептеу графикалық жұмыс екі бөлімнен турады. Бірінші бөлімінде 35кВ кернеулі тұйықталмаған тораптың түйін нүктелеріндегі кернеуді анықтау және торап бөліктеріндегі қуаттың таралуын табу.
Сонымен қатар, электр торабының орынбасу сұлбасын құру қажет. Торап бөліктеріндегі қуаттың таралуын, активті және реактивті жүктемелердің тізбектей қосындысымен анықтау. Тораптағы толық кернеу шығынын және түйіндік нүктелеріндегі кернеу деңгейін анықтау қажет.
Ал екінші бөлімінде бақылау сурақтарына жауап беру қажет. Читать реферат →
Тұтқырлық
Октябрь 27, 2011 · Физика · (Еще не коментировали)
Тұтқырлық – сұйықтар мен газдардың негізгі қасиеттерінің бірі. Мысалы, машиналарды майлау үшін жанармайды алдын ала тұтқырлығына қарап таңдап алады. Сұйық тұтқырлығының температураға байланыстылығын өте күшті болады. Себебі сұйықтың температурасы жоғарылап кризистік температураға жеткенде (мысалы, суды алсақ ол 1000с-та қайнап буға айналады) басқа фазаға өтеді. Әсіресе майлар тұтқырлығының тәуелділігі күшті , мысалы, температурасы 180 С-тан 400 С-қа дейін көтерілгенде кастор майының тұтқырлығы төрт еседей кемиді.
Читать реферат →
Октябрь 27, 2011 · Физика · (Еще не коментировали)
Магниттік тұтқырлық —
Ферромагнетиктердегі Магниттік тұтқырлық (магниттік қалдық әсер деп те атайды) — ферромагнетиктердің магниттік сипаттамалары (магниттелушілік, магниттік өтімділік, т.б.) өзгерісінің сыртқы магнит өрісі кернеулігінің өзгерісінен уақыт бойынша қалуы. Магниттік тұтқырлық салдарынан үлгінің магниттелушілігі өріс кернеулігінің өзгерісінен соң 10–9с-тен ондаған минутке дейін, кейде бір сағат уақыт өткеннен кейін айқындалады. Магниттік тұтқырлық ферромагнетиктің құрылымына, оның магниттелу шартына, температурасына, т.б. себептерге байланысты табиғаты әр түрлі болуы мүмкін;
Магниттік гидродинамикада — магнит өрісінде қозғалған электр өткізгіш сұйықтықтар мен газдардың кинематика және динамика қасиеттерін сипаттайтын шама. Бірліктердің СГС жүйесіндегі Магниттік тұтқырлықтың өлшем бірлігі:
,m=с2/4 — ортаның электр өткізгіштігі.мұндағы
Ұялы телефон
Октябрь 25, 2011 · Физика · 1 comment
Ұялы телефон — радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал.
Тарихы
1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландтықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді.
Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды. Иллинойс технологиялық институтының түлегі Мартин Купердің өнертапқыштық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына жуығы күнделікті қолданып отыр
Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату саналады. Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу хаттамасының негізгі құрастырушысы еді. Ал ол қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы ұялы телефон 1,15 килограмм тартатын.
Сол уақыттары Нью-Йорк әлемдегі ұялы байланыстың базалық станциялары орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте болды, төрт жылдан соң Чикагода 2000 абоненттік тәжірибелік ұялы желі құрылды. Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштық жаңалыққа Күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп, 88 базалық станциядан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады.
Қазір әлемде ұялы телефондардың қолданыс аясы өзінің байланыс орнату шегінен асып кетті. Телефондар өмірдің барлық саласында қолданылуда.
Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды.
Түрлері
Ұялы телефондарды мынадай түрлерге бөлуге болады:
Жай ұялы телефон/смартфон
Ұялы бейнетелефон
Пішініне қарай: моноблокты, жайылмалы, сырмалы, т.б.
Жай ұялы телефонда қоңырау шалу/қабылдау, SMS, соңғы кездері фото/бейнекамера, саз, флеш-жад, Интернет, MMS, Bluetooth, IrDA деген сияқты функциялары бар. Бұл қатар уақыт өткен сайын көбейіп барады.
Смартфон (ағылш. smart — білімді, ақылыды) құрылымы жағынан компьютерге ұқсас болып келеді. Оның ішіндегі функциялар бағдарлама ретінде жасалынған, ал олар смартфонның амалдық жүйесінде істейді. Мұнымен қатар өз бағдарламаларыңызды қосуға болады. Мысалы ойындар, ойнатқыш, шолғыш т.с.с. Сол себепті смартфон жай ұялы телефонға қарағанда күрделі, функциялары кеңейтілетін құрылғы.
Бейнетелефонда ұялы телефонның бейнекамерасы мен бейнебет арқылы бірін бірі көріп сөйлесуге болады.
Фотоаппарат
Октябрь 25, 2011 · Физика · (Еще не коментировали)
Фотоаппарат, фотографиялық аппарат, фотокамера – нәрсенің оптикалық кескінін фотопленканың, фотоматериалдың жарық сезгіш қабатына түсіруге арналған оптикалы-мех. құрылғы. Оның әуесқойлық, кәсіптік және арнаулы түрлері бар.
Күш
Октябрь 20, 2011 · Физика · (Еще не коментировали)
Күш
Күш – материалдық нүктеге немесе денеге басқа денелер немесе ерістер тарапынан болатын механикалық әсердің өлшемі. Күнделікті өмірде біз «күш» ұғымы арқылы бір дененің екінші бір денеге әрекетін сипаттаймыз. Мысалы, қолдың доп ка, желдің қайык желкеніне, магниттің темірге, судың жүзгішке әрекеті туралы айтуға болады. Сонымен қатар Бұл үғым ауыспалы мағынада да колданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |