Электронды білім басылымдарына талдау
Электронды білім беру басылымдары мен ресурстарының негізі мен өзгешелігі
Қазіргі ақпараттандыру жағдайында білім берудің міндеттерін табысты шешу дайын электрондық білім беру ресурстарын пайдаланып қана қоймай, өзіндік шығармашылығы мен төл әдістемесін жүзеге асыруға бағытталған электрондық оқулықтарды жасау және пайдалану болып табылады.
Электрондық білім беру ресурстары – бұл сандық түрде сақталып таратылатын, оны құру және жүргізу үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланатын оқу материалдары болып табылады. Ол төмендегідей мақсаттарды шешуге бағытталады:
- мультимедиа құралдарымен оқу ақпаратын ұсыну;
- интерактивті режимде пайдаланушымен кері байланысты жүзеге асыру;
- оқыту нәтижесін және оқудағы жетістігін бақылау;
- оқу-тәрбие процесін және оқу орнын ұйымдастырушылық тұрғыдан басқаруды ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету процесін автоматтандыру.
Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерін электрондық білім беру ресурстарын құра білуге даярлау деп мұғалімнің шығармашылық потенциалын қолданбалы және инструментальдық құралдардың негізінде өзінің оқу пәнінің төл оқу әдістемесін құрып, оны жүзеге асыруға бағытталған электрондық білім беру ресурстарын құру және пайдаланудың теориясы мен практикасын меңгеруді түсінеміз. Студенттерді электрондық білім беру ресурстарын құруға даярлаудың мақсаты:
- электрондық білім беру ресурстарын құруға пайдаланылатын қолданбалы және инструментальдық программалық құралдардың мүмкіндіктерін; электрондық білім беру ресурстарын жасауға қойылатын талаптарды; электрондық білім беру ресурстарының типтерін, оны жасау кезеңдерін, электрондық білім беру ресурстарын пайдалануға негізделген оқу процесін ұйымдастырудың әдістері мен формаларын; электрондық білім беру ресурстарының сапасын бағалай білуі;
- төмендегідей мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған электрондық білім беру ресурстарын жасай білу іскерлігі мен дағдысының болуы: оқушы мен электрондық білім беру ресурсы арасындағы интерактивті өзара әрекеттесуді жүзеге асыру; мультимедиа құралдарының көмегімен оқу ақпараттын көрнекілендіру; оқу ақпаратын сақтау, тарату және көбейту; оқу-тәрбие процесін ақпарттық-әдістемелік қамтамасыз етуді автоматтандыру; оқыту нәтижелерін бақылау;
- электрондық білім беру ресурстарының мазмұнын құруға қажетті мәтіндік, графикалық, дыбыстық, видео материалдарды өңдеуге байланысты негізгі операцияларды орындай білу іскерлігі мен дағдысының болуы; электрондық білім беру ресурстарын пайдалануға негізделген оқу іс-әрекетін жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыру.
Педагогикалық жоғары оқу орындарында білім беру жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік стандарты негізінде жүзеге асырылады. Стандартта көрсетілгендей әрбір базалық кәсіби пәндер таңдау компонентінің есебінен тереңдетіліп оқытылады. «Электрондық білім беру ресурстарын құру және пайдалану технологиясы» таңдау пәнінің компоненті ретінде оқытылады. Бұл курс болашақ математика мұғалімдерін даярлауға бағытталған қазіргі уақытта кез келген педагог мамандар үшін аса қажетті курс болып табылады. Курстың оқу материалының мазмұнында қамтылатын пәнаралық байланыстың ауқымы айтарлықтай кең. Атап айтқанда «Математика», «Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі», «Білім беруді ақпараттандыру», «Компьютерлік желілер, интернет және мультимедиа технологиялары» және т.б. пәндердің мазмұнымен тығыз байланысты.
Қазіргі уақытта электрогды оқулықтарды жасау мазмұны төмендегідей 5 мазмұндық блокты қамтиды және әрбір блок бірнеше модульдерден тұрады:
1. Мұғалімнің кәсіби іс-әректеіндегі кәсіби білім беру ресурстары. Бұл блок 6 модульден тұрады:
1. Білім беру жүйесіндегі электрондық білім беру ресурстары;
2. Білім беру жүйесіндегі электрондық білім беру ресурстарын пайдаланудың мақсаттары мен міндеттері;
3. Электрондық білім беру ресурстарының типологиясы;
4. Білім берудің әртүрлі деңгейінде электрондық білім беру ресурстарын қолданудың ерекшеліктері;
5. Электрондық білім беру ресурстарына негізделген дидактикалық оқыту модельдері;
6. Электрондық білім беру ресурстарын талдау және сараптау әдістері.
Аталған блокты оқытудың мақсаты білім беруді ақпараттандырудың қазіргі жағдайында мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінде электрондық білім беру ресурстарын пайдаланудың теориялық негіздерін қарастыру болып табылады. Бұл бөлімде студенттер электрондық білім беру ресурстарының түрлерімен, олардың дидактикалық тиімділігін бағалау, талдау әдістерімен танысады. Сондай-ақ жеке тұлғаға бағдарланған оқытуды, оқытудың ақпараттық және ақпараттық-іс-әректтік модельді, оқушылардың танымдық іс-әрекетінің белсенділігін арттыруды, оқушылардың оқудағы жеткен жетістігін бақылау және бағалауды жүзеге асырудағы электрондық білім беру ресурстарын пайдаланудың мүмкіндіктерімен танысады.
Келесі блок мультимедиа құралдарымен электрондық білім беру ресурстарын жасаудың теориялық негіздеріне арналады. Мұнда 4 негізгі модуль қарастырылады:
1. Мультимедиа технологиясының негізгі түсініктері;
2. Білім берудегі мультимедиа технологиялары;
3. Электрондық білім беру ресурстарын жобалау және оны жасау кезеңдері;
4. Электрондық білім беру ресурстарын жасауға арналған қазіргі инструментальдық - программалық құралдар.
Бұл бөлімді оқытудың негізгі мақсаты мультимедиа технологияларының теориялық және ақпараттық негіздерін қарастыру, оқыту процесінде мультимедиа технологияларын пайдаланудың ерекшеліктері, сондай-ақ электрондық білім беру ресурстарын жасауға арналған қазіргі тәсілдер мен программалық құралдармен танысу болып табылады.
Үшінші блок электрондық білім беру ресурстарының медиа компоненттерін жасауға арналады. Мұнда 4 негізгі модуль қарастырылады:
1. Мәтіндік ақпаратты құру және өңдеу техноглогиялары;
2. Графикалық ақпаратты құру және өңдеу техноглогиялары;
3. Аудио және видео ақпараттарды құру және өңдеу технологиялары;
4. Macromedia Flash ортасында анимация құру және оны өңдеу, стандартты құралдардың көмегімен сурет салу, анимация түрлері, уақыт шкаласы, маска, қабаттарды басқару, күрделі анимациялар жасау.
Бұл бөлімнің мақсаты студенттерде мәтіндік, графикалық, дыбыстық, видео ақпарттық файлдар құру, өңдеуге арналған мультимедиа технологияларымен жұмыс істеу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар мұнда студенттер басқа да программалық құралдардың жұмысымен танысады және оларды Macromedia Flash форматымен байланыстыруды үйренеді.
Төртінші блок Macromedia Flash негізінде электрондық білім беру ресурстарын жасау технологиясына арналады. Бұл 5 модульден тұрады:
1. Электронды оқу басылымының дизайны мен құрылымын жасау;
2. Мультимедиа қосымшаларын ақпараттық объектілермен байланыстыру (анимацияны құрылымдау, кітапханадағы объектілердің жұмысы, дыбыспен және видеомен жұмыс);
3. Интерактивті анимацияны жүзеге асыру құралдары. ActionScript тілі;
4. Оқу ақпаратын көрнекілендіруге бағытталған интерактивті қосымшалар құру;
5. Оқыту нәтижелерін бақылауға арналған интерактивті қосымшалар құру.
Бұл бөлімнің мақсаты Macromedia Flash технологиясында интерактивті білім беру ресурстарын құрушы ретінде пән мұғалімінің кәсіби құзырлығын қалыптасытыру болып табылады. Бұл бөлім негізінен технологиялық және практикаға бағдарланған болып табылады. Практикалық сабақта студенттер мектептегі оқу пәнінің үлкен бір бөлімі немесе тарауы бойынша оқу материалын іріктеп, сценарийін жасап, электронды оқу басылымын даярлайды. Сондай-ақ студенттер өздерінің төл электрондық білім беру ресурстарының құрылымын жобалап, техникалық тапсырмасын, интерфейсін жасайды.
Бесінші блок оқу процесінде электрондық білім беру ресурстарын пайдаланудың әдістемелік аспектілеріне арналады. Бұл блок екі модульден тұрады:
1. Оқу процесінде электрондық білім беру ресурстарын пайдалану әдістемесін жасау;
2. Электрондық білім беру ресурстарын іріктеу және сапасын бағалау іс-әрекетіне сараптама талдау. Бұл блоктың мақсаты электрондық білім беру ресурстарын пайдалануға негізделген оқытуды ұйымдастыру туралы білімдер жүйесін қалыптастыру; ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын пайдалануға негізделген оқытуды жоспарлау, сүйемелдеу, шығармашылық тұрғыдан ұйымдастыру, кәсіби іс-әрекетте электрондық білім беру ресурстары кешенін кәсіби іс-әрекетте қолданудың педагогикалық тәжірибелерін меңгерту. Сонымен қатар практикалық сабақтарда студенттер әртүрлі электрондық оқу басылымдарын пайдаланудың мазмұны мен мүмкіндіктерін талдап, оларды іріктейді және олардың дидактикалық тиімділігін анықталған критерийлер бойынша бағалайды.
Қорыта келгенде, «Электрондық білім беру ресурстарын құру және пайдалану технологиясы» атты курсты оқу нәтижесінде студенттер электрондық білім беру ресурстарын әдістемелік тұрғыдан сауатты іріктеу, пайдалана білу және қазіргі уақыт талабына сай оқушылар мен педагогтарды қанағаттандыратын өздерінің төл программалық өнімдерін құра білу іскерліктері мен дағдыларын меңгереді.
Соңғы жылдары мұғалімдер оқу үрдісінде ақпараттық – коммуникативті оқыту технологияларын белсенді қолданып келеді. Заманауи компьютерлік технологиялар негізіндегі мектептерді ақпараттандыру электронды оқулықтарға жол ашты.
Қазіргі кезде электронды оқулықтың көптеген анықтамалары бар. Солардың кейбіреулеріне төменде көрсетілген:
- Бұл баспаға шығарылған оқулықтарды толықтырып жаңа ақпарат ұсынуға арналған компьютерлік, педагогикалық бағдарламалық құрал. Олар жеке және дербестендірілген оқыту үшін қызмет етеді және алынған білімді тексеруге мүмкіндік береді.
- Бұл оқулықты немесе оның бір бөлімін, тарауын жүйелі түрде мазмұндайтын мемлекеттік стандартқа әрі оқу бағдарламасына сай келетін электронды оқу курсы.
- Бұл жеке пәнді оқуға арналған ақпараттық, әдістемелік және бағдарламалық құралдардың кешені, оның құрамында тақырыпқа байланысты сұрақтар, тапсырмалар, өзін-өзі тексеруге арналған тестілеу бар.
Электронды оқулықтар төмендегідей педагогикалық міндеттерді шешуге көмек бола алады:
- пәннің негізімен, пәнге байланысты негізгі түсініктер мен оның құрылымымен танысу;
- білім деңгейі бойынша дайындалу;
- білімі мен ептілігін бақылау және бағалау;
- түрлі әрекетерге қабілетін дамыту;
- білімі мен ептілігін қалпына келтіру.
Электронды оқу құралдары білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде қолданылуы мүмкін: мектептер мен колледждерде, институттар мен университеттерде, біліктілікті жоғарылатуда.
Әртүрлі электронды оқу басылымдарын құрудың әдістерін талдау арқылы электронды оқулықты жобалау барысында назарға алуға тиісті негізгі оң және теріс тенденцияларды бөліп көрсетуге болады. Сол бағанда электронды оқулықты жобалау мен іске асыру барысында ұмтылуға қажетті жағдайлар, ал оң бағанда теріс тенденциялар 1 кестеде көрсетілген.
1 кесте
Электронды оқулықты жобалаудағы оң және теріс тенденциялар
Достарыңызбен бөлісу: |