есептер шығаруды оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері есеп және оны шешу кезеңдері бет



бет1/8
Дата16.11.2023
өлшемі106.51 Kb.
#483456
  1   2   3   4   5   6   7   8
Чокланова.К doc



« Қайнар» колледж
Тақырыбы:
Құрама есептер мен жұмыс


Тобы:БББ -16/9
Орындаған: Чокланова Құралай
Қабылдаған: Уразова Ж


ЖОСПАР


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2 бет
1. ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1 ЕСЕП ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ КЕЗЕҢДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 . 5 бет
1. 2 ЕСЕПТЕУ ТӘСІЛДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6 . 10 бет
1. 3 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ ІС.ӘРЕКЕТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11. 12 бет
1.4 ЖАЙ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУҒА ҮЙРЕТУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13 . 14 бет
2. ҚҰРАМА ЕСЕПТЕРМЕН ЖҰМЫС
2.1 ҚҰРАМА ЕСЕП ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЫҒАРУҒА ҮЙРЕТУ ... ... ... 15 . 17 бет
2.2 ҚҰРАМА ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУДАҒЫ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕР ... ... ... ... ...18 бет
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19 бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20


КІРІСПЕ

Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі, білім, білік – дағдыларды меңгерту мен бірге табиғат қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру мен жаңа техналогияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.


Бастауыш білім беруде математика пәні өзге пәндерді оқытудың алғышарты мен негізін қалайтын және осы пәндерді оқытып-үйретуде қалыптасатын білім, білік, іс-әрекет тәсілдерін тұтынушы болып табылады. Ал математика негізгі мектеп математикасының табиғи бір бөлігі . Мектеп математикасын есепсіз құру мүмкін емес. Математика ғылым ретінде есептен пайда болған және есеп арқылы дамиды.
Математикада құрама есептердің алатын орны ерекше екені белгілі. Құрама есептер арқылы оқушылардың ойлау қабілетін кеңейтуге, практикалық жағдайлармен таныстыруға, сонымен қатар тәрбиелік жағына көңіл бөлуге болады. Оқу үдерісінде қарастырылған математикалық білімдерді меңгеру, оларды іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру үшін есеп шығаруға үйрету мақсат десек, мәтінді есептерді шығаруға үйрету осы мақсатқа жетуге әсерін тигізетін әдіс болып табылады.
Әрине, есептердің негізгі мақсаты алған білімді іс жүзінде әр түрлі жағдайларда қолдануға үйрету және бұл білікті әрі қарай дамыту болып табылатыны белгілі. Құрама есептерді шығару – математикалық білімді өмірмен тығыз байланыстыруға, сондай-ақ оқушылардың өмірден алған тәжірибелерін математиканы оқып білуге кеңінен пайдалануға және мектепте алған білімдерін еңбекпен байланысты іс-әрекеттерінде қолдана білуге көмектеседі.
Сонымен зерттеу жұмысымыздың мақсаты: оқу процесінде оқушылардың құрама есептерді шығарудағы шеберліктерін қалыптастыруға қолайлы жағдай туғызу.
Зерттеудің міндеті: Оқушылардың құрама есептер және оны шығару тәсілдері туралы білімдерін пысықтау, екі амалмен шығарылатын есептерді талдау, шығара білу дағдыларын қалыптастыру
Зерттеудің болжамы: егер бастауыш мектепте құрама есептерді шығару барысында есеп мазмұнына талдау жүргізе отырып, алдымен есептің шешіміне жеткізетін шығару тәсілінің негізгі идеясы қарастырылса, онда оқушылардың математика есептерін шығару біліктіліктерін жоғары дәрежеде қалыптастыруға болады, себебі бұл жағдайда оқушылардың есеп мазмұнын түсінуі мен оны шығарудағы іс- әрекетінің сапасы артады.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет