Электрондық ОҚУ ҚҰралын lcds жүйесі бойынша ұйымдастыру



Дата03.07.2016
өлшемі48.3 Kb.
#175190
УДК 004.415.53

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛЫН LCDS ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША ҰЙЫМДАСТЫРУ


Альжанова М.Т.


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi, Астана
Ғылыми жетекші - Нурбекова Ж.К.
Қалыптасқан дәстүр бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалайық» деген 2011 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында (28.01.2011ж.) «Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландыру мен инновациялық дамуының негізі болуы тиіс» деп көрсетілген [1].

Еліміздегі білім беру саласын ақпараттандыруға бағытталған міндеттерді жүзеге асыру, сапалы білім беру арқылы жоғары білікті мамандарды қалыптастыру, оның ішінде қоғамның сұранысына қажетті мамандарды дайындап, білім мен ғылымды интеграциялау арқылы білім берудің сапасын арттыру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білім беру ісіне тиімді қолдану мәселелеріне қол жеткізу, еліміздегі білім беру жүйесін дүниежүзілік озық тәжірибеге сай реформалауды пәрменді жүргізуді қажет етіп отыр.

Сондықтан, білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында ақпараттық – компьютерлік технологияларды тиімді пайдалануға негізделген бағдарламалық құралдар болып табылатын теориялық материалды ұсынатын, оны меңгеруде өз бетінше шығармашылық жұмыстарды ұйымдастырып және білім деңгейін бағалауға қажетті электрондық оқулықтарды жетілдіру және құрудың негізгі мәселесінің көкейкестілігі күннен-күнге өсуде.

Кадр даярлаудың барлық деңгейлерін қамтитын маңызды аспектінің бірі электрондық оқытуды e-learning кеңінен енгізу. Мамандар мұның болашағы зор екендігіне түйінді болжамдар жасап отыр. Жапония, АҚШ, Ұлыбритания, Финляндия, Оңтүстік Корея сияқты дамыған елдерде электрондық оқыту бойынша ұлттық бағдарламалар орындалып, қағаз оқулықтардың орнын алмастыру мәселесі талқылануда. Электрондық тәсілмен оқыту 2015 жылға қарай білім беру ұйымдарының 50%-ын қамту, 2020 жылы бұл көрсеткішті 90%-ға жеткізу жоспарлануда. Сол секілді таяу жылдары мектепке дейінгі тәрбиеде компьютерлік оқыту ойындары, орта мектепте – электрондық оқулықтар, колледждер мен кәсіптік лицейлерде – виртуалды тренажерлар, жоғары оқу орындарында – электрондық ғылыми зерттеу зертханалары пайдаланылатын болды [2].

Қазіргі кезде электрондық оқыту жүйесін (е-learning) құру жеткілікті түрде өзекті міндет болып саналады. Жүйенің мақсаты – жаппай сапалы білім беруге бағытталған жақсы білімдік ресурстар мен техногогияларға білімдік процестің «Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін ақпараттандыру» заңы ғылым мен білім беруді дамытудың басты бағыттарының бір саласы болып табылады [3].

Сондықтан да ақпараттық – компьютерлік оқыту құралдарын оқыту процесіне енгізу мен білім беру саласын компьютерлендіру кезек күттірмейтін мәселе. Мемлекеттік бағдарламада ақпараттық және коммуникациялық технологияны білім беру жүйесін жеделдетіп дамытуға қолдану негізгі міндеттердің бірі ретінде анықталады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсаты – ұлттық білім моделін жасау. Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты – адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психологиялық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жандүниесінің баюына, саяси көзқарасының, шығармашылық еркінділігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. Яғни, XXI ғасырдың маманы – жаратылыстану мен гуманитарлық ғалымдар бойынша ой-өрісі кең, жан дүниесі бай, ұлттық менталитеті жоғары, кәсіби білікті маман, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алатын, басқаның пікірімен санасатын, кез-келген ситуациядан шығудың жолын таба алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда белгілі бір рөл атқаратын, қайталанбайтын дара тұлға болуы тиіс. Ал мұндай мүмкіндіктің негізі – жоғары білімде. Өйткені жоғары білім үздіксіз білім беру жүйесінің шешуші тетігі.

Соңғы жылдары компьютерлік, телекоммуникациялық техниканың, технологияның рөлі мен орны түбегейлі өзгерді. Әлеуметтік кеңістікті ғаламдық ақпараттандыру – қоғамның даму заңдылығының бірі болып отыр. Ендеше, білікті мамандарды даярлауда электрондық – компьютерлік оқытудың рөлі айрықша екендігі белгілі. Электрондық оқыту жүйесінің ішкі жүйелерінің бірі контенттік (мазмұндық) жасақтама болып саналады. Бұл мәселелер электрондық оқулықтарды құру үрдісінде LCDS (Learning Content Development System, Оқу Контенттік (мазмұндық) Жасақтама құру Жүйесі) – электрондық оқулықтарды құру жүйесін қолдануды қажет етеді.

LCDS интерактивті қолданбаны тез құрудың Microsoft ұсынған құралы [4]. Контентті құру максималды жеңілдетілген. Жай электрондық оқулықтарды бірден құруға болатын әр түрлі дайын формалары бар. Мультимедиа элементін қолданып, Silverlight негізінде күрделі электрондық оқулықтарды да құруға болады. Құрылған электрондық оқулықты қолдану барысында электрондық оқулыққа ескертпелерді құруға, бірден баспадан шығаруға болады.

LCDS жүйесінде жұмыс істеу принципін сипаттайтын болсақ, терезесі үш панельден тұрады: сол жағында курстың құрылымы көрсетілген, яғни мазмұны, сабақтардың тақырыптары модульдерге бөлінген, ортасы шаблондар тізімінен, оң жағында ағымдағы шаблонның беті ашылған. «Курстың құрылымы» (Course Structure, Структура курса) бағаны курс жайында ақпарат береді. Электрондық оқулықтың иерархиясы төрт деңгейден тұрады: курс, модуль, сабақ және тақырып. Саймандар панелінен модульдерді, сабақтарды және тақырыптарды әрқашанда қажетті жерінде қосуға болады. «Шаблондар» (Templates, Шаблоны) бағаны алты категориядан тұратын әр түрлі типті мазмұнды – модульдер мен тақырыптарды таңдауға мүмкіншілік береді. Олар мәтіннен бастап аралас медиа-контентке дейін кездеседі. Шаблондардың сипаттамасы LCD жүйесінің анықтамасында берілген. «Беттер» (Page, Страницы) бағанында әр шаблонға сәйкес өріс бейнеленеді.

Курсты бірнеше дара модульдерге немесе сабақтарға бөлуге, олардың өзін қосымша беттермен толықтыруға, кез келген уақытта өзгеріс ендіруге болады. Беттер қажетті шаблонды таңдай отырып құрылады және ақпараттармен толтырылады. Мысалға, курстың кіріспесі мәтіннен, сондай-ақ видео немесе анимациядан, суреттен тұруы мүмкін. Әр сабақты интерактивті тестілердің кірістірілген шаблондарын қолданып, бақылау сұрақтарымен аяқтауға болады, мысалға, «Ақиқат/Жалған» (True/False) немесе «Еркін сұрақ» (Essay) [5].



Сонымен, курстың құрылымын анықтай отырып кез келген модульді, сабақтарды және тақырыптарды өзгертуге, өшіруге және де қалаған орынға жылжытуға болады. Курсты жобалау барысында алдын ала көру батырмасы арқылы жарияланғаннан кейінгі формасын кез келген мезетте көруге, яғни тыңдаушы ретінде бағалауға болады.
Әдебиеттер

  1. Назарбаев Н.Ә. «Болашақтың іргесін бірге қалайық» (Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы) //Егемен Қазақстан, 29.01.2011ж.

  2. Жұмағұлов Б. Бағдарлама баяны нәтижемен өлшенеді. //Егемен Қазақстан, 12 қаңтар 2011 жыл. – 4 б.

  3. Қазақстан Республикасының заңы «Ақпараттандыру туралы». Астана, Ақорда, 2007 жылғы қаңтардың 11–і, №217 – ІІІ ҚРЗ.

  4. https://www.microsoft.com/learning/en/us/training/lcds.aspx#tab1.

  5. Сарвиро Ю. Создание курсов дистанционного обучения с помощью Microsoft Learning Content Development, «День некоммерческих организаций», Конференция, Краснодар, 13 октября 2011 года.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет