ЖОСПАР
Жеке тұлға. Тұлғааралық қатынастар.
Топ. Топ құрылымы, ондағы тұлғаның рөлі.
Топтың жеке тұлғаға тигізетін әсері. Қорытынды.
ТҰЛҒА ТУРАЛЫ ТҮСІНІК Адамзат баласы қоғамдағы өмірі, білім беру, оқыту, қарым-қатынас жасау, адамдармен өзара әрекеттесу әсерінен тұлғаға айналады. Тұлға - бұл сананың тасымалдаушысы ретіндегі адам. К.К. Платонов
ТҰЛҒА
Бағыттылығы
Білімі, дағдылары
Индивидуалды-типологиялық ерекшеліктері
Қажеттіліктері, қызығушылықтары, сенімдері, дүниеге көзқарасы
Өмір сүру, дүниені танып білу барысында түзіледі
Темперамент, мінез, қабілет
ТҰЛҒА психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект.
Тұлға адам ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз “менің” өзге “меннен” ажыратып, есейіп, өз бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек.
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ БАҒЫТТЫЛЫҒЫ
1
Бағыттылық адам алдына қойған мақсатты анықтайды. Сол мақсатты орындауға ұмтылысы тән түрткілер арқылы адам іс-әрекетке көшеді.Түрткілер – қажеттіліктердің нақты көрінуі. Белсенділік –тұлғаның белгілі бір қажеттіліктерді және мұқтаждықтарды қанағаттандыруға бағытталған. Сенімдер – өздерінің көзқарасына, қағидаларына, дүниетанымына сәйкес қажеттіліктер. Ұмтылу – мінез-құлық түрткілері. Ұстаным – белгілі бір іс-әрекетке тұлғаның саналы емес талпыну дайындығы.
2
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Психология тарихында жеке тұлғанң қалыптасу көзқарастарының 2-і қарастрылады. Биогенетикалық – жеке тұлғаның дамуы биологиялық тұқым қуалау факторымен анықталады. Социогенетикалық көзқарас б-ша жеке тұлғаның дамуы қоршаған әлеуметтік ортаның тікелей ықпалының нәтижесі ретінде қарастырылады.
Жеке адамның тұлға ретінде өзін-өзі ұстауы оның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасына байланысты.
Бір адаммен, топпен (үлкен немесе кіші) осындай қатынастар тұлғааралық қатынастар деп аталады. Оларды әртүрлі себептерге байланысты жіктеуге болады.
ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
РЕСМИ ЖӘНЕ БЕЙРЕСМИ.
- Адамдар арасында олардың қызметтік жағдайына байланысты қалыптасатын қатынастар ресми деп аталады (мысалы, оқытушы - студент, директор - мұғалім, Президент- Үкіметі басшысы және т.б.).
- Ресми емес қатынастар (оларды көбінесе жеке қатынастар деп атайды) заң нормаларымен реттелмейді, олар үшін тиісті құқықтық негіз жоқ. Олар адамдар арасында орындалған жұмысқа қарамастан қалыптасады және белгіленген формальды ережелермен шектелмейді.
ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ТҮРЛЕРІ
ТОП ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
ТОП
Үлкен, шағын
Ресми, бейресми
Формалы, формасыз
Ұйымдасқан, ұйымдаспаған
Жасанды, табиғи
Шартты, байланысты
Адам әрдайым топпен бірге өмір сүреді. Соның бірі – нақты топтар. Ортақ мақсатты көздеп, бір уақытта, бір кеңістікте , бір-бірімен тығыз араласып, әрекетке түсетіндер.
ТОП ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ТҮРЛІЛІГІ
Социалды класстар
Этникалық топтар
Кәсіби топтар
Жас топтары
ТОПТАРДАҒЫ КӨШБАСШЫЛЫҚ
Топтың қай түріне жататындығына қарамастан, топтың болуы, оның идеалдары мен мінез-құлық нормалары көбіне көшбасшыға (ресми немесе бейресми), яғни айрықша беделге ие және топ үшін шешім қабылдауға дайын адамға тәуелді.
ТОПТЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА ӘСЕР ЕТУІ
ТОПТЫҚ ДИНАМИКА - топ ішіндегі әлеуметтік-психологиялық процестердің жиынтығы.
Топтық динамикалық процестерге : көшбасшылық; топтық шешім қабылдау; норма қалыптастыру; топтық пікірлерді, ережелер мен құндылықтарды дамыту; топтың функционалдық және рөлдік құрылымын қалыптастыру; митинг; қақтығыстар; топтық қысым; және жеке мінез-құлықты реттеудің басқа тәсілдері жатады.
ТОПТЫҚ ҮЙЛЕСІМДІЛІК - бұл топ мүшелерінің тобына адалдық дәрежесін сипаттайтын топтық динамиканың процестерінің бірі.
Топтық келісімнің көрсеткіштері: тұлғааралық қатынастардағы өзара жанашырлық деңгейі, топтың оның мүшелері үшін тартымдылығы (пайдалылығы) дәрежесі.
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУЫННА ТОПТЫҢ ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ
Топта белгілі бір жұмысты орындай отырып, адам сәтсіздіктер мен қателіктерді мүмкіндігінше болдырмауға тырысады. Демек, адамды топтан шығару бұл адамда көптеген психологиялық өзгерістер туғызады - өзін-өзі бағалау айтарлықтай төмендейді, реніш сезімі пайда болады, өміршеңдік төмендейді. Ал керісінше, топта белгілі бір жетістіктер мен мадақтауға ие болған тұлғаның өзін-өзі бағалауы көтеріліп, өмірге, еңбекке деген талпынысы жоғарылайды.
Әр түрлі функцияларды орындай отырып, адам көптеген топтардың мүшесіне айналады, олардың әрқайсысы белгілі бір дәрежеде жеке тұлғаның санасының қалыптасуына әсер етеді. Тұлға әртүрлі топтардың көзқарастары, идеялары, нормалары, құндылықтар жүйесіне енеді. Топ - тұлғаны қалыптастырудың «микроортасы» деп айтуға болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Достарыңызбен бөлісу: |