№1-Тақырып: Ұйымдастыру психологиясына кіріспе. Ұйымдастыру психологиясының пайда болу тарихы мен ғылым ретінде дамуы.
Дәріс мақсаты:
Қарастырылатын сұрақтар:
Ұйымдастыру психологиясының ғылыми пән ретінде талдау.
Ұйымдастыру психологиясының тарихы мен ғылым ретінде дамуы.
Ұйымдастыру және басқару теориясы бойынша ғылыми әдебиеттерде «ұйымдастыру» жүйенің негізгі қасиеті, сипаты ретінде қарастырылады, яғни жүйенің бөліктерінің үйлесімдігі, тәртібі.
Сонымен қатар бұл менеджменттің қызметі. Ұймдастыру әлеуметтік жүйемен ұқсастырылады. Әлеуметтік ұйымның көп түрлері белгілі: саяси, әскери, шығармашылық, спорттық...
Ұйымның мәнін ашатын белгілер:
- ұйым – адамдардың бірлестігі;
- ұйым жалпы мақсатқа жету үшін құрылып, қызмет етеді;
- жалпы мақсатқа жету шарты – бірлескен іс- әрекет, ол өзара қатынасу нысандарында іске асады;
- ұйымның белгілі шеқаралары бар. Олар: іс-әрекет түрі, жұмысшылар саны, капитал, өңдірістік көлем, территория.
Ұйым –жалпы мақсатқа немесе мақсаттар жүйесіне жету үшін іс- әрекеттері саналы түрде үйлестірілетін, адам топтарынан тұратын әлеуметтік бірлестік. Ұйымға қойылатын талаптар:
- топ бөлігі ретінде 2 адамнан кем болмауы;
- топ мүшелері ортақ деп қабылдайтын кем дегенде бір мақсаттың болуы;
- барлығына манызды мақсатқа жету үшін саналы түрде бірге жұмыс істейтін топ мүшелерінің болуы.
Бұл талаптар ресми ұйымға тән. Сонымен қатар бейресми топтар да болады.
Ұйымның өмірлік цикл тұжырымдамасына сай оның іс-әрекеті келесі 5 негізгі кезендерден өтеді:
1. ұйымның өмірге келуі, басты мақсат - өмірін сақтап қалу;
2. балалық шақ және жастық шақ, басты мақсат- пайда табу және тез өсу;
3. толығу, орта жас, басты мақсат –жүйелі үйлесімді өсу, жеке имиджді қалыптастыру;
4. ұйымның қартаюы, басты мақсат – қол жеткізген нәтижелерді сақтап қалу;
5. қайта қалпына келу, басты мақсат-барлық қызметтер бойынша жандандыруды қамту, персоналдың ұжымшылдығы арқасында ұйымның өсуі қамтылады.
Ұйымның жалпы сипаттамалары: ресурстар, сыртқы ортаға тәуекелділігі, еңбектің көлденең және тік бөлінісі, басқару қажеттілігі.
Ұйымдастыру ұжымға синергия әсерін тигізеді. Өзара әрекет ету адамдардың істерін біріктіреді, ұйымның жаңа сапалы қасиеттерге ие, бөліктер қасиеттерінің сомасына тең емес бір тұтас ретінде қалыптасуына ықпалын тигізеді. Басқарушы жүйеге қарағанда ұйым басқару объектісі болады. Оны құрған кезде мақсаттар, іс-әрекет түрлері, көлемі, ұйым түрі мен көлемі белгіленеді, қажетті ресурстармен қамту атқарылады.
19-20 ғасырдың басында ұйымды құруда механистикалық ықпал пайда болды (Тейлор, Файоль, Вебер). Олар ұйымды машина ретінде қабылдады, ол белгілі тәртіппен жұмыс істейді.
Адамдар автомат секілді, қарапайым қимылдар, операциялар қайталанады, бұл бюрократиялық ұйым. Оның қызмет ету тиімділігі уақытты үнемдеу және жұмыстардың жоғары сапасына қол жеткізуде ғылыми ықпалдарды пайдалану, қызметтермен өкілеттіліктерді таратуда.
Органикалық ықпал – ұйымдастыру мен басқару теориясын дамытуда қазіргі тенденциялардың көрінісі. Адамгершілік қарым- қатынас мектебі, мотивация теориялары ұйымға жаңадан қарау; оның маңызды қасиеттерінде адам және оның тілектері белгілеген.
Канада профессоры Г.Минцберг ұйымдық құрылымның типіне байланысты, орталықтандыру мен мамандануға байланысты келесі ұйым тізімін ұсынды:
- кәсіпкерлік ұйым – қарапайым құрылым, менеджмент иерархиясы дамымаған, тез жаңаруға бейім, шағын;
- Машиналық бюрократия – рационалдаудың, өңеркәсіп іс- әрекетті стандардарттаудың жоғары дәрежесі, жоғары кәсіптілікті қажет етпейді, иерархия, орталықтан; жаппай өңдірісте дамыған;
- Кәсіптік ұйым – аурухана, университет, мектеп... Мамандардың жоғары кәсіптілігімен сипатталатын бюрократиялық ұйым;
- Диверсификациялық ұйым – қатынасты түрде тәуелсіз бөліктерден тұрады;
- Инновациялық ұйым – формализациялаудың төмен дәрежесі, көлбеу маманданудың жоғары дәрежесі;
- Миссионерлік ұйым – идеология, мүшелердің арасында жоғары сенімділік;
- Саяси ұйым – құрамдас бөліктердің арасында келіспеушіліктің жоғары дәрежесі, бөліктер арасындағы іс- әрекеттің қарама қайшылығы.
Паркинсон ұйымдарды қоғамдағы функциялар бойынша өңдіретін, саяси, интегративтік, үлгілерді сақтайтын деп бөледі. Интегративтік ұйымдар әлеуметтік келіспеушіліктерді шешеді, қоғамның түрлі бөліктерінің өзара әрекетін қамтиды. Үлгілерді сақтайтын ұйымдар білім, мәдениет саласында дәстүрлерді қайта өңдеп дамытады.
Сонымен қатар, ұйымдар ресми және бейресми, қоғамдық, бюджеттік, бюджеттік емес, үлкен, орташа, шағын болып бөлінеді.
Басқаруды ұйымдастырудың жетілдіру процесі бір жолғы шара емес: бұл ұзақ мерзімді кері байланысы бар процесс, оның қызмет нәтижелері бастапқы қабылданған шешімге қатты әсер ете алады. Бұл жерде ұйымды қайта құру туралы шешім алдын-ала талдаумен, сондай-ақ келесі өзгерістерді жобалаумен бірте-бірте қабылданады.
№2-Тақырып: Ұйымдастыру психологиясының зерттеу саласы мен пәні.
Достарыңызбен бөлісу: |