Әлемдегі интернетті пайдаланушылар және оған қолы жетпеушілер саны



Дата21.06.2016
өлшемі37.21 Kb.
#152474
Эссе

Әлемдегі интернетті пайдаланушылар және оған қолы жетпеушілер саны .

Мен бұл эсседе бүкіл әлем қолданатын, алыстағы тума мен достардың араласуына көмегін тигізетін, елдер мен құрлықтарды біріктіретін интернет желісі туралы айтпақпын.Интернетті ең алғаш 1957 жылы Америка Құрама Штаты Кеңес Одағы жасанды жер серігін ұшырғаннан кейін қорғану мақсатында ойлап тапты.Интернетті ең алғаш электронды хабарлама жіберу үшін қолданған.Қазіргі таңда интернет өте қарқынды дамып,жаңадан қызықты сайттардың пайда болып жатқанына қарамастан,интернетке көп адамдардың қолы жетпеуде. Осы эсседе интернет желісі қазіргі уақытта қанша адам және не мақсатпен пайдаланатынын қарастырамын.Неліктен әлемде көптеген адамдардың интернетті пайдалана алмауының себептерін іздестіремін.Қолдана алмаушылардың бірден-бір себебі-мемлекеттің жағдайына ,халықтың санына ,географиялық орналасуы,тарихына байланыстыма екеніне қарастырамын.

Менің сыныптастарымның арасында жүргізген сауалнама бойынша олардың көп бөлігі әлемде интернетке қолы жетпейтін адамдардың саны 4.8 млрд деп ойлайды.2 оқушының ойынша 4 млрд,бір оқушы 2 млрд, бір оқушы 2.4 млрд адам интернет қазіргі таңда пайдалана алмауда деп ойлайды.Қазіргі таңда әлемде 6.8 млрд адамдар болса,оның ішінде статистика бойынша 2 млрд адамдар интернетті қолданады.Қалған 4.8 млрд адам интернетке қолы жетпеуде. Интернетті ең алғаш 1995 жылы 16 миллион адам бастап пайдаланған.2010 жылғы санақ бойынша интернетті қолданушылар саны 1650 млнға көбейді

Жоғарғы кестеде көрсетілгендей интернетті 78.6% Солтүстік Америкада пайдаланады екен.Бұл жақта интернетке қол жетпеушілер саны өте аз.Себебі ең алғаш осы АҚШ-да интернет желісі пайда болып ,осы аймақта таралды.Сонымен қоса Солтүстік Америкада өте жақсы дамыған ел Канада мен АҚШ кіретіндіктен елде интернет жақсы таралған.Және 15% американдықтар интернеттен өз еркімен бас тартқан.Қалған Солтүстік Америкада тұратын адамдардың әлеуметтік жағдайының төмен болуынан интернетке қолы жетпеуде.Бұл аймақ әлем бойынша интернет қолданушылардың 11.4%-ын құрап отыр.Солтүстік Америкада Басқа құрлықтарман салыстырғанда Жерінің көлемі аз,және аймақтардағы адамдар саны да салыстырмалы түрде аз болғандықтан,интернет салыстырмалы түрде пайдалану көрсеткіші аз болып тұр.Америкада әлеуметтік желілер пайдалануда интернеттің қолданылуы көрсеткіші әйел адамдар мен ер адамдарда әр түрлі. Әлеуметтік желіні қолдануда 13 жастан 54 жасқа дейін ер адамдар көп қолданса, 55 жастан 65 жасқа дейін әйел адамдардың қолдануы 19%-бен алдыда тұр ..Ал екінші интернетке аз қолы жетпеушілердің қатарында Аустралия кіреді.Бұл құрлықта интернетті пайдаланушылар 67.6 % -ды алып .Аустралияда интернетті жартысынан көбі пайдаланады.Ал осы қалған бөлігінің пайдалана алмау себебінің бірден-бірі географиялық орналасуында болып табылады.Сонымен қатар осы аймақта интернет бағасының қымбаттылығынан интернетті пайдаланушылар саны аз.Интернет бағасы 60 доллар 10-20мбит/с құрайды.Әлем бойынша интернетті 1% пайдаланады.Кесте бойынша 3 орынды Европа алып тұр.Европа елдерінің 63.2 % интернетті қолданады екен.Европа 45 мемлекет бар. Олардың қатарында дамыған Финляндия,Австрия,Германия секілді мемлекеттерде интернетті көп пайдаланғандықтан алдыңғы қатардан көріну де..Ал қалған интернетке қолы жетпеушілердің себебі кейбір дамушы мемлекеттердің экономиясының төмен болуынан.Ал ең соңғы орында Африка мемлекетінің тоқтауы бұл құрлықтың географиялық орналасуына байланысты .Африкада жанадан дамып келе жатқан мемлекеттердің көп болуына да байланысты болып отыр.Сонымен қатар интернетті мүлде пайдаланбайтын елдерге тоқталсақ.Солтүстік Корея мен Батыс Сахарада интернет мүлдем қолданылмайды. Себебі, 2010 жылдан бастап Солтүстік Корея интернет желісінен бас тартқан, тарихи мәліметтерде кездестіргендей "жабық есік" саясатын ұстанады. Батыс Сахарада климаттың қатты ыстық және ондағы адам санының өте аз (2010 жылы- 405210 адам) болуы басты себепті айқындайды.



Әлемдегі интернетті қолданушылардың жыныстық айырмашылықтарына мысал ретінде Индияны алсақ. Қай жас аралығын қарастырсақ та, ер адамдар интернетті әйел адамдарға қарағанда көп қолданады екен. Ұқсастығы әйел және ер адамдардың ішінен интернетті көп қолданатындар 25-34 жас аралығындағылар болды.Индияда интернет желілері аз таралған,және олардың халық сандарының көп болуына байланысты интернеттің пайыздық көрсеткіші төмен болып саналады.Ал енді болашақтағы интернет жағдайын қарастырсақ.Болашақта қолданушылардың басым көпшілігі планшеттердегі, смартфондардағы және машинадағы интернет желілері арқылы қолданбақ. Алдағы 5 жылдықта географиялық аймақтар бойынша да қазіргі көрсеткіштер өседі екен. Интернетті қолдану саласында 2017 жылы 3 есе өседі екен.Болашақта кесте бойынша төртінші орында тұрған Латын Америкасы өздерінің интернет желісін ашпақ.

Қорытындылай келгенде әлемде қай жерлерде,мемлекеттерде озық технологиялар дамыса және алдыңғы қатарда келе жатқан мемлекеттерде интернеттің көп қолданатындығына көзімізді жеткізе аламыз.Және мемлекеттердің географиялық орналасуына да байланысты болатындығына көзімді жеткіздім.Және егер мемлекеттің эканомикасы қарқынды дамыса онда бұл жерлерде де интернетті жиі пайдаланатын болады. Интернет қолданушылардың басым бөлігі жастар және жыныстық айырмашылықтарғы байланысты ер адамдар екендігіне көз жеткіздім.Болашақта интернетті қолданушылар санынң артатынына сенімдім.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет