Сабақтың тақырыбы:
Біздің айналамыздағы ақпарат
Оқу мақсаты:
5.2.1.1. Әртүрлі формада ақпаратты атап шығу және көрсету
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: Әртүрлі ақпаратты атап шығады және көрсетеді
Оқушылардың көбісі: Әртүрлі ақпараттың түрлерін ажыратады
Кейбір оқушылар: Ақпараттың берілу формаларын анықтайды
Бағалау критерийі
- Ақпарат ұғымын біледі
- Ақпарат түрлерін біледі
- Ақпараттың берілу формаларын ажырата алады
Тілдік мақсаттар
Ақпарат- информация-information
Сан- число- number
Мәтін-текст- text
Графика-графика- graphics
Дыбыс-звук- sound
Бейне- изображения- image
Құндылықтарға баулу
- Қарым-қатынас жасау қабілеті
- өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау
- жауапкершілікте болу
Пән аралық байланыс
Орыс тілі, ағылшын тілі-
үш тілділікте болу
Математика- сандар туралы мәлімет
Алдыңғы білім
Оқушылар қауіпсіздік ережелерін, компьютердің құрылғыларын, қызметін біледі
Сабақтың басы
- Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал туғызу
бір-біріне жылы лебіздер білдіру арқылы мысалы, «Мен саған қуаныш тілеймін!»
«Мен саған жақсылық тілеймін!»
«Үлкен азамат бол!» т.б.
II. Топқа бөлу
асық арқылы бөлу
III. Үй тапсырмасын сұрау
« Допты лақтыру» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру
Жаңа сабақты өзектендіру
-Сендер ақпаратты қайдан аласыздар?
- Сендер бүгін қандай ақпарат алдыңдар?
Достарыңызбен бөлісу: |