Әлеуметтану теориясы



Pdf көрінісі
Дата23.09.2022
өлшемі214.24 Kb.
#461193
leumettanu-teoriyasy 10 lecture (1)
Обратные тригонометрические функции — Википедия


10-дәріс
ӘЛЕУМЕТТАНУ ТЕОРИЯСЫ
2-тарау. Классикалық әлеуметтану теориясы
Георг Зиммель (1958-1918)
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 
АШЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ


Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Әлеуметтану теориясы
2. Классикалық әлеуметтану теориясы
10. Георг Зиммель (1958 – 1918)
2
Өмір философиясы мен әлеуметтік қарым-қатынас мәселелері
Маркс, Дюркгейм мен Вебердің айрықша беделге ие болуларына қарамастан, XX ғасырдың 
басында олардың америкалық теорияға ықпалы салыстырмалы түрде төмен болды. Оларға 
қарағанда, осы кезде Зиммельдің ерте кезеңдегі америкалық әлеуметтанушыларға таны-
малдығы айтарлықтай жоғары еді. Оны Маркс, Дюркгейм мен Вебер ығыстырып тастады, бірақ 
оның қазіргі таңда Конт пен Спенсер сияқты классикалық ойшылдарға қарағанда әлдеқайда 
ықпалды екенін байқауға болады. Соңғы жылдары әлеуметтану теориясына Зиммельдің 
ықпалы артқанын байқалады, ол оның ең маңызды еңбектерінің, яғни «Ақша философиясы» 
еңбегінің нәтижесінде, сондай-ақ постмодернистік әлеуметтік теория туралы ойларының, 
кейінгі жылдарғы философия туралы соңғы еңбектерінің ағылшын тіліне аударылуымен 
байланысты болып отыр. Әлеуметтану теориясына қосқан үлесіне тоқталсақ та, ең алдымен, 
оның философ екенін және көптеген еңбектері философиялық мәселелерді қозғағанын, өзге де 
философтар – Платон, Кант, Спиноза, сондай-ақ Ницшемен қатар қарастырылатынын ескеру 
қажет. Туысқандары, достары, студенттері мен замандастары қалдырған естеліктер Георг 
Зиммель туралы қарама-қайшы сипаттамаларға толы. Оның маргиналдылығы кереғар әрі 
айтарлықтай түсініксіз тұлға болуына байланысты еді. Шоқындырылған протестант екеніне 
қарамастан, сәтсіздікке ұшырауының бір себебі – еврей болғаны, XIX ғасырда Германия жерін 
антисемитизм жайлаған еді. Осы кітап авторлары Зиммельдің жеке сәтсіздіктерін сол кездегі 
неміс академиктерінің әлеуметтануды төмен деңгейде бағалауымен байланысты болуы мүмкін 
деп те топшылайды. Ол 1918 жылы көз жұмғанға дейін Неміс академиялық тобының ортасында 
маргиналды тұлға болып қала берді. Дегенмен соңынан ерушілер көп болды және оның ғалым 
ретіндегі танымалдығы күн санап артты.
Макроскопиялық конфликт теориясына қосқан үлесін санамағанда, Георг Зиммель мик-
роәлеуметтанушы ретінде танымал, ол кіші топтарды зерттеудің дамуына, символикалық 
интеракционизм мен алмасу теориясына айтарлықтай үлес қосты. Осы саладағы еңбектері 
«әлеуметтанушылар, ең алдымен, әлеуметтік өзара әрекетті зерттеуі тиіс» деген сенімде 
болғанын көрсетеді. Роберт Нисбет оның әлеуметтануға қосқан үлесі туралы былай дейді: 
«Зиммель еңбектерінің осы микроәлеуметтану сипаты оны басқа ғалымдардан әлдеқайда 
ерекшелендіре түседі. Ол адам қауымдастығының шағын және жеке топтарына енжар 
қарамады әрі өзінің институттарды талдауында адамдардың басты орында екенін естен 
шығармады». 
Мәселенің деңгейі мен ауқымы
Заманауи америкалық әлеуметтану теориялары тұрғысынан қарағанда, Зиммельдің 
әлеуметтік шындық туралы теориясы әлдеқайда қиын әрі күрделі. Ғалымның еңбектерінде 
алаңдаудың негізгі төрт деңгейі бар. Біріншіден, бұл – оның қоғамдық өмірдің психологиялық 
компоненттері туралы микроскопиялық болжамдары. Екіншіден – оның кең ауқымдағы, 
тұлғааралық қарым-қатынастың әлеуметтану компоненттері туралы қызығушылықтары. 
Үшіншіден – аса макроскопиялығы, оның өз заманының құрылымы, сонымен қатар әлеуметтік 
және мәдени «рухы» мен өзгерісі туралы еңбектері. Зиммель әлеуметтік шындықтың үш 
өлшемді суретімен ғана жұмыс жасап қоймай, сонымен бірге ол «жоғарғы деңгей төменгі 
деңгейден туындайды» деген идеяға негізделген туындау принципін ұстанған болатын. Осы үш 
деңгейдің қосындысы төртінші деңгейді құрайды, ол өз бойына өмірдің барлық метафизикалық 
принциптерін жинаған. Осы мәңгілік шындықтар Зиммельдің барлық жұмыстарына әсер 
етеді және әлемнің болашақ бейнесін танып-білуге әкеледі. Әлеуметтік шындықтың бірнеше 
деңгейін қамтитын бұл мәселе «Әлеуметтанудың мәселелі аумақтары» сипатталған. Ол 
ең алғаш «таза» әлеуметтануды айқындаған. Бұл аймақта психологиялық өзгерулер өзара 
әрекеттесу формаларымен үйлескен. Зиммель әрекет етушілердің өзіндік шығармашылық 
ойлауы бар екенін болжаған, бірақ ол әлеуметтік шындықтың бұл аспектісіне аз көңіл бөлген. 
Оның ең басты микроскопиялық жұмысы өзара әрекет ету формаларымен, сондай-ақ өзара 


3
Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Әлеуметтану теориясы
2. Классикалық әлеуметтану теориясы
10. Георг Зиммель (1958 – 1918)
әрекетке түсетін адамдар түрімен байланысты формаларға: бағыну, жоғарғы деңгейлі іс-әрекет, 
алмасу, конфликт және құзыреттілік жатады. Түрлер туралы жұмысында ол қарым-қатынас 
құрылымындағы позицияларды айқындаған, мысалы «бәсекелес», «қарапайымдылық», 
«әлемге бейімделу, мысалы «дүниеқор», «ысырапшы», «бейтаныс» және «авантюрист». Аралық 
деңгей – Зиммельдің адамзат тарихының әлеуметтік және мәдени өніміне қатысты «жалпы» 
әлеуметтануы. Бұл тұрғыда топ, қоғам мен мәдениет құрылымына және тарихына баса мән 
берді. Соңында, «философиялық» әлеуметтануда адамзат тағдырының негізгі табиғаты 
мен сөзсіздігіне деген көзқарасты қарастырған. Осы дәрісімізде әлеуметтанудың барлық 
деңгейлері туралы сөз қозғалады. Зиммель кей кезде әлеуметтанудың түрлі деңгейлерін бөліп 
талдаған, бірақ көбінесе оларды жалпылама бірлікте қарастырған.
Диалектикалық ойлау
Ғалымның танымдық жолы әлеуметтік шынайылықтың үш негізгі деңгейі арасындағы 
өзара қарым-қатынаспен байланысты. Бұл оның әлеуметтануына Маркс әлеуметтануын еске 
түсіретін өзіндік диалектикалық сипат берді. Диалектикалық әдіс түрлі сипатта және әртүрлі 
бағытталған болып келеді, «фактілер мен құндылықтарды біріктіреді, әлеуметтік құбылыстар 
арасында қатал шектеу сызықтары бар» деген идеяны теріске шығарады. Әлеуметтік қарым-
қатынасқа бағытталады, нақ осы шаққа ғана қарап қоймай, болашақ пен өткенді де қамтиды 
және кикілжіңмен, қарама-қайшылықтармен тығыз байланысады. Маркс пен Зиммельдің 
диалектикалық әдісті қолдануындағы ұқсастықтарына қарамастан, олардың арасында 
маңызды айырмашылықтар бар. Олардың әлеуметтік әлемнің әртүрлі аспектілеріне ден қоюы 
және болашақ әлемнің бір-біріне ұқсамайтын үлгілерін ұсынуы – ең басты маңызды факт.
Ол өзінің диалектикаға бейімділігін әртүрлі сипатта көрсетті. Бір жағынан, оның әлеумет-
тануы әрдайым қарым-қатынаспен, әсіресе өзара әрекетке (ассоциация) байланысты болды. 
Жалпы, ол әрқашан өзі жұмыс жасаған әлеуметтік әлемнің кез келген саласында үнемі 
дуализмге, конфликт пен қарама-қайшылықтарға назар аударды. Дональд Левин тұжы-
рымдамасы бойынша, бұл перспектива «әлемді қарама-қайшы категориялар арасындағы 
шиеленіс пен керағарлықтар арқылы таныған жақсы» деген ойын айқындайды. Бұл ойлау 
әдісінің Зиммель еңбектері барысындағы қолданылуын түсіну үшін қарым-қатынастың бір 
формасы – сән туралы зерттеулеріне назар аударуға болады.
Сән
Ол әдеттегідей қызықты және дуалистік эсселерінде сәндегі қайшылықтарды түрлі тә-
сілдермен суреттеді. Бір жағынан, сән – бұл топтың талаптарын орындауды қалайтын адамдарға 
мүмкіндік беретін әлеуметтік қатынастардың бір түрі. Екінші жағынан, сән жеке-дара болғысы 
келетін адамдар ауытқуы мүмкін норманы білдіреді және өзіне тарихи процесті енгізеді. 
Бастапқы кезеңде барлық адамдар сәнді нәрсені қабылдайды, сөзсіз, адамдар бұдан ауытқиды. 
Соңында, ауытқу процесінде олар сәнге қатысты жаңа көзқарасты қабылдай алады. Сән – 
сәттілік пен кез келген тәсілдің диалектикалық таралуы мен қабылдануының ықтималдығы. 
Демек, айқындылық оның сәнді деп саналуына әкеледі. Алай да көптеген адамдар оны 
қабылдайтындықтан, ол өзіндік ерекшелігін жоғалтады, яғни өзінің тартымдылығынан 
айырылады. Тағы бір екіжақты қыры – сән қозғалысының көшбасшылық рөлін бағамдайды. 
Мұндай адам басқаларға қарағанда сәнді жақсырақ түсініп, оны батыл қабылдай отырып, 
топты басқарады. Сонымен, Зиммельдің айтуынша, сән – салттарға, ерекшеліктерге ғана назар 
аудару емес, сонымен қатар кейбір адамдардың сән-салтанатқа жетуіне күш салу. Сәннен 
алшақ адамдар, сәнді қуатын адамдарды қайталап, өздерін тұлға ретінде қарастырады, бірақ 
Зиммель осы адамдар жай ғана имитацияның кері түрімен айналысады деп пайымдады. 
Адамдар сән амалдарынан аулақ бола алады, өйткені олар өздерінің құрбы-құрдастарымен 
бірге өз даралығын жоғалтады деп қорқады, бірақ, мұндай қорқыныш үлкен күш пен 


Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Әлеуметтану теориясы
2. Классикалық әлеуметтану теориясы
10. Георг Зиммель (1958 – 1918)
4
тәуелсіздіктің белгісі емес. Жалпы, сәнде «барлық... жетекші процестер қарама-қайшы... қандай 
да бір формада ұсынылған».
Өмір
Зиммель – Гёте мен Ницше секілді тұлғаларды және өзінің Анри Бергсон мен Вильгельм 
Дильтей сияқты замандастарын қамтитын қозғалысының маңызды тұлғасы болды. Өмір 
– оның бүкіл философиясы мен әлеуметтануына әсер еткен басты тұжырымдаманың бірі. 
Шындық әрдайым өзгеріп отырады. Өмір – Зиммельдің шындықтың өзгермелі табиғатын 
сипаттау үшін қолданатын ұғым: Өмір – тұрақтылық пен қатып қалғандық емес, ол ағыс және 
ағын. Басқаша айтқанда, өмір дегеніміз – тұрақты өмір сүру ахуалының жеңіл ұғымы емес, ол – 
даму процесі. Өзінің әлеуметтануында тұрақты әлеуметтік нысандарды үнемі сипаттаса да, бұл 
нысандар өзгермелі өмір процесі барысында әркез пайда болып отыратынын ұмытпаған жөн.
Өмір тұжырымдамасы – әлеуметтанудың маңызды салдары. Адамдар мен әлеуметтік 
нысандар өмір ағымынан шығады. Зиммельдің пікірінше, өмір адамның жаратылуымен және 
белсенділігімен нақты бір пішінге енеді. Оның ойынша, өмір тек тұрақты әлеуметтік нысан 
ретінде бекітілген кезде ғана оны байқап білуге болады. Бұл жерде Зиммельдің диалектикалық 
көзқарастарын тағы да көруге болады. Өмір ағынының және әлеуметтік нысандардың 
бір-бірімен байланысы бар. Өмір жай ғана ағын мен өзгеріс емес, сондай-ақ ол әлеуметтік 
нысандарды жасайды, одан кейін бұл нысандарды өткереді немесе «асып түседі» деп түсінген 
жөн. Өмірдің анықтамасына қосымша түсініктеме қосқан Зиммель: «Өмір – өмірден тыс», 
– дейді. Өмірдің қозғалысы, демек, өмір энергиясының айнымалы, еркін қозғалысы емес, 
керісінше, тұрақты қозғалыс адам жасаған әлеуметтік нысандарға айналады. Біздің өміріміз 
бен қоғамымызда өзгерістер мен қозғалыс сипаттары бар, өйткені олар әрдайым оның қуат-
энергиясына толы. Идеялардың күрделілігіне қарамастан, Зиммельдің өмірлік философиясы 
өте қарапайым: адамдар үнемі өзгерістер мен ағымдар әлемінде өмір сүреді. Осы өмірге 
әлеуметтік және мәдени нысандар құру арқылы өз пікірін білдіреді. Өмір өрнектері ретінде 
әлеуметтік нысандар түпкілікті қалыптаспайды, бірақ одан әрі трансформацияға немесе өзін-
өзі үздіксіз жетілдіруге жол ашық.
Құнды өмір, өмірден де құнды
Әлеуметтік және мәдени нысандардың пайда болуын талқылағанда, Зиммель идеялары 
Маркстің кейбір идеяларымен сабақтасып жатады. Маркс адамдар мен олардың өнімдері 
арасындағы бөліністі көрсету үшін тауардың фетишизм тұжырымдамасын қолданды. Ол үшін 
бұл бөліну капитализмде өзінің шыңына жетіп, болашақ социалистік қоғамда ғана жеңіске 
жетуі мүмкін, осылайша бұл бөліну нақты тарихи феномен болды. Бірақ Зиммель үшін бұл 
бөліну – адам өмірінің табиғатына тән. Философиялық тұрғыда «құнды өмір» мен «өмірден де 
құнды» арасында қайшылық бар.
Өмірге бергісіз, өмірден де құнды деген мәселе оның «Өмірге көз қарас» еңбегіндегі «Өмір 
– трансцендент» атты бірінші эссесінің басты мәселесі болып табылады. Трансценденттілік 
өмірге қатысты болып келеді, яғни өмір – бұл үнемі өзінің шегінен асып түсетін нәрсе. Адамдар 
екі еселенген трансценденттілік қабілетіне ие. Біріншіден, тынымсыз, шығармашылық әлеуеті 
арқасында адамдар өз бойындағы мүмкіндіктерінен асып түсе алады. Әрдайым өсіп, өзгеріп 
отырады және бұрынғыдан гөрі өзгеше немесе «артық» болып жетіледі. Екіншіден, бұл 
трансцендент шығармашылық қабілеті бар адамдарға үнемі олардан асатын объектілер мен 
әлеуметтік нысандар жиынтығын жасауға мүмкіндік береді. Бұл құбылыстардың объективті 
болуы – өмір сүруге арналған шығармашылық күштерге қарсы тұрады. Басқаша айтқанда, 
қоғамдық өмір «өмір емес, бірақ жеке мәні бар және өз заңына бағынатын» бір нәрсені тудырып, 
өзінен босатады. Өмір бірлікке және екеуінің арасындағы жанжалға негізделеді. Зиммельдің 
пікірінше, «Өмір – өмір сүру процесінде өзінің жоғары мәнін табады».


5
Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Әлеуметтану теориясы
2. Классикалық әлеуметтану теориясы
10. Георг Зиммель (1958 – 1918)
Бір қарағанда, «өмірден де құнды» тұжырымдамасы Макс Веберге жақын әлемнің 
бейнесін ұсынады. Ол Вебер сияқты, әлемді халықтың бақылауынан тыс әлеуметтік және 
мәдени нысандар арқылы анық көрді. Өмірден құндылық адамдарға өзінің шығармашылық, 
субъективті қабілеттерін шектейтін және қарсыласатын күштер ретінде қөрінеді. Вебер мұны 
«қазіргі заманның темір торы» десе, ал Зиммель оны «объективті мәдениеттің өсуі» деген. 
Дегенмен осы жерде Веберге қарағанда оптимистік көзқараста болды. Уақыт – өмірге бергісіз, 
өмірден де құнды дегеннен алшақтайды. Тіпті ең алыс пен алыстатушы әлеуметтік нысандар 
адамның шығармашылық импульсіне байланысты және адам өмірінің өрнегі ретінде қалпына 
келтірілуі мүмкін.
Индивидуалды сана және индивидуалдық
Зиммель әлеуметтануы, ең алдымен, адамдар арасындағы қарым-қатынас пен ассоциация 
формаларына негізделді. Ол – Вебер сияқты әдіснамалық индивидуалист емес, адамдарды 
«тек өзара қарым-қатынас арқылы өмір сүретін тіршілік иесі ретінде түсінуге болады» деп 
пайымдаған интеракционист. Бұл – оның басты теориялық тұжырымдамасы адам болғанын 
көрсетеді. Қарым-қатынас индивидуалды психологиялық процестерге түйістірілмесе де, олар 
психологиялық процестерге тәуелді болады. Негізінен, Зиммель адамдарды өмірлік процестерді 
«тасымалдаушы» деп атайды. Өмірлік процестерді тасымалдаушы бола тұра, адамдар – 
тиянақты және тұрақтылықты үнемі меңгеруге тырысатын шығармашылық жан иесі. Бір-
бірімен қарым-қатынас барысында адамдардың шығармашылығы әлеуметтік формалардың 
туындауына мүмкіндік береді.
Фрисбидің пайымдауынша, Зиммель үшін әлеуметтік өмір негізі – «бір-бірімен бірқатар мотив, 
мақсат және қызығушылық ықпалымен қарым-қатынасқа түсетін саналы адамдар немесе 
адамдар тобы». Ол психологиялық өмірді жан-жақты зерттемесе де, қоғамдық өмірдің қызмет 
етуін жалғастыруға және дамытуға қажетті қосымша психологиялық дағдыларды қолданады. 
Мысалы, қарым-қатынас формалары туралы Зиммельдің көзқарасы бойынша, акторлар саналы 
түрде бір-біріне бағытталуы тиіс екенін білдіреді. Осылайша, стратификацияланған жүйеде 
басыңқылар және бағыныңқылар бір-біріне бағытталуы керек. Егер оларда өзара бір-біріне 
бағытталу болмаса, өзара әрекеттесудің тоқтауы және стратификация құлдырауы мүмкін. Бұл 
қарым-қатынастың басқа формаларына да қатысты. ол әлеуметтік және мәдени құрылымдар 
өзіндік өмір сүреді деп санағанымен, адамдарға әсер ету үшін бұл сияқты құрылымдарды 
концептуализациялау қажет екенін түсінді. Қоғам тек «сырттағы» емес, сонымен қатар ол сана 
қызметіне тәуелді «ішкі меннің түсінігі» екенін мәлімдеді. Зиммельде жеке инабат сезімі және 
қоғамның нормалары мен құндылықтарының индивидуалды санада меңгерілетіні туралы 
дәйектер бар. Нормалар мен құндылықтар ішкі және сыртқы деп бөлінеді.
«Сана басшылығының екіжақты сипаты бар: бір жағынан, біздің жай ғана бағынуымызды 
қажет ететін өзіндік қасиеті жоқ тәртіп, екінші жағынан, ешқандай сыртқы күш емес, жеке 
ішкі импульстарымыз бізге міндеттейтін сипат. Дегенмен адам өз санасының аясында 
толыққанды тұлға ретінде және топ ретінде бар қарым-қатынасты қайталайды», – деп 
тұжырымдайды Зиммель.Интернализацияның заманауи тұжырымдамасы Зиммель 
еңбектерінде салыстырмалы түрде дамытылмаған. Сонымен қатар ол адамдардың ойша өз-
өзіне қарсы тұрып, өзінің іс-әрекетінен алшақтауы туралы көзқарасты ұстануы тұрғысынан 
Джордж Герберт Мидтің көзқарасына және символикалық интеракционистерге өте ұқсайды. 
Іс-әрекет етуші сыртқы стимулдарды қабылдауы мүмкін, оларға баға бере алады, түрлі іс-әрекет 
арқылы тексереді және соңында қандай әрекет жасау керек екені жайлы шешім қабылдайды. 
Іс-әрекет етуші осы ойлау қабілеттері арқасында тек сыртқы күштерге ғана тәуелді емес. Бірақ 
Зиммельдің іс-әрекет етушінің ойлау қабілеті туралы тұжырымдамаларында парадокс бар. 
Ақыл адамды сыртқы стимулдардың үстемдік етуінен қорғауы мүмкін, бірақ ол әлеуметтік 
шындыққа үстемдік ететін объектілерді жаңадан жасауы ықтимал. Осылайша, интеллект 
адамдарға сыртқы стимулдарға тәуелділіктен құтылуға мүмкіндік бергенімен, құрылымдар 
мен институттарды құрастыруға қабілетті, бірақ олар, өз кезегінде, ой мен іс-әрекетті шектейді.


Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Әлеуметтану теориясы
2. Классикалық әлеуметтану теориясы
10. Георг Зиммель (1958 – 1918)
6
Қорыта айтқанда, индивидуалдық Зиммель үшін этикалық және моральдық идеал ретінде 
аса маңызды болды. «Ол үшін автономия мен адам даралығы – күмән келтірілмейтін және 
талқылауға жатпайтын құндылық». Адам шығармашылықтың қайнар көзі болғандықтан, 
индивидуалдықтың заманауи либералды тұжырымдамасын қолдады. Хеллеге сүйенетін 
болсақ, ол индивидуалдықты заманауи капиталистік, қалалық қауымдастықтың дамуымен 
байланысты эволюциялық жетістік деп білген. Нақтырақ айтқанда, капитализм бәсекелестікті 
әлеуметтік өмір негізі ретінде институттандырады. Бәсекелестік дара шығармашылық пен 
әлеуметтік формалардың әрі қарай дамуын қолдайды. Бұл Зиммельдің мұқияттығын көрсетеді. 
Капитализмді бәсекелестіктен бөліп-жарып оқшауламай, қайта бәсекелестікті қолдауды талап 
ететін әлеуметтік форма ретінде қарастырады. Осы себептерге сүйене отырып, социализмді 
сынады. Социализм адамдар арасында бәсекелестікті жойып, жаңа әлеуметтік формалардың 
пайда болуына себеп болатын шығармашылыққа қауіп төндірді. Іс жүзінде ғалым «социализм 
қоғам үшін шығармашылықты жояды» деп пайымдаған.
Әлеуметтік әрекеттестік. «Қауымдасу»
Георг Зиммель әлеуметтік әрекеттестік формалары мен модельдері түсінігін заманауи 
әлеуметтануға енгізуімен танымал. Әлеуметтік шындық туралы қызығушылық деңгейін 
былайша көрсеткен: «Бұл жерде біз адам материалындағы микроскопиялық молекулярлы 
процестермен жұмыс жасаймыз деуге болады. Адамдар бір-біріне қарап, бір-бірінен қызғанады; 
бір-бірімен хат алмасып, түскі асты бірге ішеді; барлық нақты мүдделерден басқа, маңызды 
қызығушылықтардан бөлек бір-біріне жағымды және жағымсыз әсер етеді; альтруистік 
әрекеттер үшін алғыс ажырамас одаққа жол ашады; бір адам екінші біреуден белгілі бір көшеге 
жол сілтеуін сұрайды; адамдар өзгелер үшін киініп, әрленеді – бұл бір адам мен басқа адам 
арасында болатын қарым-қатынас тізбегіндегі кездейсоқ таңдалған бірнеше иллюстрация. 
Бұлардың шапшаң немесе тұрақты, саналы немесе санасыз, ауыр немесе жеңіл салдары 
болуы мүмкін, бірақ олар үнемі адамдарды бір-бірімен байланыстырып отырады. Әрбір 
кезеңде мұндай байланыстар қозғалыста болады, төмен деңгейге түсіп, қайта көтерілуі мүмкін, 
басқалармен орын алмасады, сөйтіп шырмала береді. Қоғамның атомдары арасындағы бұл 
өзара қарым-қатынасты тек психологиялық микроскопиямен зерделеуге болады».
Зиммель саналы субъектілер арасындағы өзара әрекетке өзінің баса көңіл бөлгенін айтты. 
Ол Дюркгейм сияқты әлеуметтік фактілерге қызығушылық танытпады, әлеуметтанудағы 
микродеңгейді ұстанды. Оның әлеуметтануында өзара әрекет айрықша орын алғандықтан, 
көпшілік, әлеуметтік шындықтың анағұрлым үлкен аспектілері жөніндегі түсініктер назардан тыс 
қалып отырды. Мысалы, кейбір уақытта ол қоғамды өзара әрекеттестікке теңестірді: «Қоғам... 
нақты өзара әрекеттер жиынтығының термині немесе синтезі... «Қоғам» осы қарым-қатынас 
жиынтығына тең». Мұндай тұжырымдарды оның өзара әрекетке деген қызығушылығының 
дәлелі деп қарастыруға болады, алайда Зиммельдің жалпы және философиялық 
әлеуметтануында қоғамның және мәдениеттің анағұрлым ауқымды тұжырымдамалары 
қамтылған.
Өзара әрекеттесу: формалары мен типтері
Зиммель талдаған басты мәселенің бірі – әлеуметтік өзара әрекеттесудің мазмұны 
емес, формасы. Шынайы өмір үнемі өзгеріске ұшырап отыратын сансыз оқиғалар, іс-әрекет 
пен өзара қарым-қатынастардан құралады. Осы шынайылықтың лабиринтін меңгеру үшін 
адамдар оларға шаблондар мен форма береді. Осылайша іс-әрекет етуші шым-шытырық 
көптеген оқиға орнына санмен шектелген формалармен бетпе-бет келеді. Зиммельдің 
пікірінше, әлеуметтанушының мақсаты – қарапайым адам жасайтын әрекетті істеу, яғни 
әлеуметтік шындыққа, соның ішінде өзара қарым-қатынасты жан-жақты талдау үшін оларға 
шектелген санаулы форма енгізу. Бұл әдіснама өзара әрекет етуші нақты қарым-қатынастың 


7
Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Әлеуметтану теориясы
2. Классикалық әлеуметтану теориясы
10. Георг Зиммель (1958 – 1918)
кең спектрінен жалпылықты ажыратады. Мысалы, субординация мен бағынушылықтың 
өзара әрекеттестік формалары түрлі жағдайларда болады: «мемлекетте, діни қауымдастықта, 
астыртын іс-әрекетте, экономикалық ассоциацияда, сурет мектебінде, отбасында». Рицер 
көптеген сынауларға қарамастан Зиммельдің формалды әлеуметтануды қарастырудағы 
тәсілін қорғаудың бірнеше жолы бар екендігін айтады. Біріншіден, ол шынайылыққа жақын, 
оны қолданатын көптеген шынайы мысалдардан байқауға болады. Екіншіден, ол әлеуметтік 
өмірді негізсіз, қатаң категориялармен шектемейді, оның орнына формалардың қоғам өмірінен 
туындауына мүмкіндік береді. Ол үшін форма үнемі өмірдің шығармашылық процестерімен тығыз 
байланыста болатынын ескеруден туындайды. Негізгі мақсат – қоғамдық өмірге тәртіпті зорлап 
міндеттеу емес, адамдардың әлеуметтік формалар арқылы өз өмірін қалай ұйымдастырып, 
қалай қайта үйлестіретінін көрсету. Зиммельдің формаларды сипаттауын қатып қалған 
бейнелер жиынтығы ретінде емес, өмір мен форма арасындағы шиеленісті жандандырушы 
құрал ретінде қарастыру қажет. Үшіншіден, әлеуметтік әлемнің барша аспектілері мәжбүрлеген 
теориялық сызбанұсқаны қолданбайды. Осылайша ол Толкотт Парсонс секілді теорияшыдан 
бойын аулақ ұстады. Формалды әлеуметтану жалпы әлеуметтанудың көп саласына тән нашар 
концептуализацияланған эмпиризмге қарсы шығады. Әрине, ол эмпирикалық мәліметтерді 
пайдаланған, бірақ олар тек әлеуметтік шындық әлеміне белгілі бір тәртіп белгілеу үшін ғана 
қолданылды.
Әлеуметтік геометрия
Зиммель ресми әлеуметтануда әлеуметтік қатынастардың «геометриясын» дамытуға 
айрықша назар аударды. Оны қызықтырған екі геометриялық коэффициент: сандар мен 
қашықтық. 
Сандар. Зиммельдің өзара қарым-қатынастарға адам санының әсері туралы қызығу-
шылықтарын диада мен триаданың айырмашылыған талқылауынан байқауға болады.
Диада және триада. Ол үшін диада және триада арасындағы айырмашылық өте үлкен 
болды. Үшінші адамның қосылуы радикалды және іргелі өзгерістерге әкеп соғады. Сондай-
ақ артық адамның топқа мүше болып қосылуы үшінші адамның қосылғаны сияқты үлкен 
ықпалға ие болмайды. Өзге топтарға қарағанда, диада екі адамнан артық топқа қатысты 
мағынаға ие болмайды. Осылайша диаданың әрбір мүшесі индивидуалдықтың жоғарғы 
деңгейін сақтап отырады. Индивид топ деңгейіне дейін төмендемейді. Бұл – триадаға 
қатысты емес. Триаданың топқа қатысушы адамдардан бөлек мағынаға ие болу мүмкіндігі 
бар. Триадаға қатысушы адамдар санының артық болуы оны тәуелсіз топтық құрылым жасау 
мүмкіндігіне ие етті. Нәтижесінде топқа қатысушылардың даралығына үлкен қатер төнеді. 
Триада топ мүшелері біркелкіленуінің жалпы сипатына ие болуы мүмкін. Топқа үшінші адам 
қосылғаннан кейін жаңа әлеуметтік рөлдердің туындауы ықтимал. Мысалы, үшінші жақ топ 
ішіндегі дау-дамай кезінде өзіне арбитр немесе делдал рөлін ала алады. Сонымен қатар үшінші 
жақ екі жақ арасындағы дау-дамайды өз пайдасы үшін қолдануы немесе екі жақ арасындағы 
бәсекелестік объектісіне айналуы мүмкін. Үшінші топ мүшесі басымдыққа ие болу үшін екі 
жақ арасындағы дау-дамайдың туындауына әдейі ат салысуы ықтимал. Онда стратификация 
жүйесі және билік құрылымы пайда бола алады. Диададан триадаға ауысу индивидтерден 
бөлектеніп, оларға басымдық көрсететін әлеуметтік құрылымдардың дамуында зор маңызға 
ие. Жеке-дара тұрғанда диадада мұндай мүмкіндік жоқ. Диададан триадаға ауысудан басталған 
процесс топтың одан әрі ұлғаюына әкеп соғады, ең соңында қоғам пайда болады. Мұндай 
үлкен әлеуметтік құрылымдарда индивид қоғам құрылымынан бірте-бірте алыстай береді, 
жалғыз, оқшауланған және сегменттелген болып қалады. Бұл соңында индивид пен әлеумет-
тік құрылымдар арасындағы диалектикалық қарым-қатынасқа әкеп соғады. «Зиммельдің 
пікірінше, әлеуметтенген индивид қоғамға қатысты үнемі екіжақты қатынаста болады: ол 
қоғамға енген және оған қарсы шығады... Индивид анықталады, бірақ анықтайды; әрекетке 
ұшырайды, бірақ өз бетінше жасайды». Қарама-қайшылық мәні – «қоғам индивидуалдық пен 
автономиялар жасауға мүмкіндік береді, сонымен қатар оған бөгет болады».


Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Әлеуметтану теориясы
2. Классикалық әлеуметтану теориясы
10. Георг Зиммель (1958 – 1918)
8
Топ көлемі. Жалпы деңгейде Зиммельдің топ көлемінің әсері туралы екіжақты көзқарасы 
бар. Ол «топ немесе қоғам көлемінің артуы жеке тәуелсіздікті арттырады» деген тұжырыммен 
келіседі. Шағын топтың немесе қоғамның адамды толық бақылауы мүмкін. Алайда үлкен 
қоғамда адам бірқатар топтарға қатысады, олардың әрқайсысы өзінің жекелігінің бір бөлігін 
ғана бақылайды. Басқаша айтқанда, «индивидуалдықтың күнделікті өмірде және іс-әрекеттегі 
рөлінің артатыны соншалық – қоршаған әлеуметтік орта кеңейе бастайды». Дегенмен оның 
ойынша, үлкен қоғам көптеген мәселелер туғызады, соңында олар жеке тәуелсіздікке қауіп 
төндіреді. Мысалы, ол бұқара топтарда бір идея – қарапайым идеяның басым екенін байқаған. 
Бұқара топтағы физикалық арақашықтықтың аз болуы адамдарды иланғыш және қарапайым 
идеяларға еруге, мағынасы жоқ эмоциялы іс-әрекет жасауға бейім етеді. Зиммельдің өзара 
әрекет формаларына қызығушылық көзқарасы тұрғысынан ең маңыздысы – әдетте жеке 
адамдар арасындағы байланысты әлсіретіп, олардың орнына бір-бірінен алшақтаған, 
өзіне тән ерекшелігі жоқ және сегменттелген қарым-қатынас орнату үшін көлемнің және 
дифференциацияның артуы. Парадокс: адамға еркіндік беретін үлкен топ индивидуалдыққа 
қауіп төндіреді.
Арақашықтық. Арақашықтыққа байланысты бұл мәселе оның еңбектерінің әр жерінде 
байқалады. Біз мұны екі түрлі тұрғыда талқылаймыз: Зиммельдің ең көлемді «Ақша 
философиясы» еңбегі мен басты эсселерінің бірі – «Бейтаныс адам».
«Ақша философиясы» еңбегінде құндылықтар мен заттарды не құнды ететіні, оның ақшаны 
талдауға қандай негіз болғаны туралы кейбір жалпы принциптерді тұжырымдады. Қандай да 
бір заттың құндылығы оның іс-әрекет етушіден арақашықтығымен анықталады. Егер зат тым 
жақын орналасқан және оңай қолжетімді болса немесе тым алыс орналасқан және қолжетімсіз 
болса, ол зат құнды болмайды. Ең құнды – қолжетімді, бірақ үлкен күш салумен алуға болатын 
объектілер.
Зиммельдің «Бейтаныс адам» еңбегінде де арақашықтық басты орын алды. Эссе тым жақын 
немесе тым алыс орналасқан іс-әрекет етуші типіне арналған. Егер тым жақын орналасқан 
болса, ол бейтаныс болмайды, бірақ тым алыс орналасқан болса, ол топпен байланысын 
жоғалтады. Бейтаныс адам мен топ мүшелері арасындағы орнайтын өзара қарым-қатынас 
жақындық пен арақашықтық үйлесіміне байланысты. Бейтаныс адам мен топ арасындағы 
арақашықтық топ мүшелерімен бірқатар әдеттегіден тыс қарым-қатынас моделін орнатуға 
мүмкіндік береді. Мысалы, бейтаныс адам топ мүшелерімен қарым-қатынас барысында 
объективті бола алады. Тип пен форма – қарым-қатынас моделінің кең спектрін түсіну үшін 
Зиммель қолданылған конструкциялар.
Әлеуметтік типтер
Зиммель ұсынған түрлердің бірі – бейтаныс адам. Басқаларына дүниеқор, ысырапшыл, 
авантюрист және ақсүйек жатады. Бұл саладағы ойлау жолын көрсету үшін оның ұсынған 
түрлерінің бірі – кедейлер.
Кедейлік. Ол кедейлікті өзіндік сипаты бар өзара қарым-қатынас және қарым-қатынас 
модельдері тұрғысынан қарастырғанымен, кедейлер мен кедейлік туралы қызықты 
түсініктердің кең спектрін дамыту үшін өзінің «Кедейлік» эссесіндегі жағдайларды да қамтыған. 
Зиммель мұқтаж адам мен қайырым етуші арасындағы құқықтар мен міндеттер жиынтығы 
олардың қарым-қатынасын анықтайды деп пайымдаған. «Кедейлер белсенді әрі қоғамның 
қауіпті қарсыласына айналмауы үшін, қоғам олардың күш-қуат, әл-ауқатын көтеріп, сонымен 
бірге ұрпақ тоқырауының алдын алу үшін кедейлерге көмек көрсетуді талап етеді». Осылайша, 
кедейлерге көмек көрсету кедейлер үшін емес, қоғам үшін жасалады. Мемлекет бұл жағдайда 
басты рөл атқарады және ол көрсеткендей, кедейлерге деген қарым-қатынас өзіндік қасиетін 
жоғалтады, себебі көмек көрсету механизмі бюрократтанған сипат алып барады.
Сондай-ақ Зиммель кедейліктің релятивистік түрін айтты, яғни кедейлер қоғамның 
азғын бөлшегі емес. Оның пайымдауынша, кедейлік барлық әлеуметтік жікте кездеседі. 
Бұл тұжырымдама осыдан кейін туындаған салыстырмалы депривацияның әлеуметтік 
тұжырымдамасын айқындап берді. Егер жоғарғы топтардың мүшесі болып табылатын адам-


9
Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Әлеуметтану теориясы
2. Классикалық әлеуметтану теориясы
10. Георг Зиммель (1958 – 1918)
дардың өзімен қатарластарға қарағанда үлестері аздау болса, олар өздерін басқалармен 
салыстырғанда кедей сезінуі мүмкін. Сол себепті кедейлікті толық жоюға бағытталған 
мемлекеттік бағдарламалар ешқашан сәтті болмайды. Егер әл-ауқаты ең төмендегілерді кө-
терсе де, стратификация жүйесіндегі көптеген адамдар өзін қатарластарымен салыстыр-
ғанда бәрібір кедей сезінетін болады.
Әлеуметтік формалар
Әлеуметтік формалар әлеуметтік түрлер сияқты. Зиммель алмасу, шиеленіс, жезөкшелік 
пен көпшіл болуды қамтитын әлеуметтік формалардың да кең аясын қарастырған. Оның 
әлеуметтік формаларды зерделеуін өктемдік, яғни қожайын мен бағынышты туралы ой-
толғаулары арқылы көрсетуге болады.
Суперординация және субординация. Суперординация мен субординация өзара тығыз 
қарым-қатынаста. Өзара әрекеттің осы және кез келген басқа формасы өзара қарым-
қатынассыз жүзеге аспайды. Өктемдіктің ең ауыр формасында да жеке еркіндік бәрібір 
болады. Көпшілік үшін суперординация бағыныштылардың тәуелсіздігін толық жою амалымен 
анықталады деп есептейді.Алайда Зиммель «олай болған жағдайда әлеуметтік қарым-қатынас 
мүлдем жойылып кетеді» деп пайымдаған. Ол адам индивидуумға, топқа немесе объективті 
күшке бағынышты болуы мүмкін деп көрсетеді. Әдетте белгілі бір адамның көшбасшылығы 
тығыз байланысқан топқа немесе көшбасшыға қарсы оппозицияға алып келеді. Мұндай топта 
оппозиция туындаған жағдайда да, егер екі жақ бір жоғарғы күш қол астында болса, шиеленіс 
әлдеқайда жеңіл шешіледі. Бірнеше күшке бағыну әртүрлі жағдайға алып келуі мүмкін. Бір 
жағынан, бірнеше күшке бағыну индивидтің ерікті ережелеріне қарағанда объективті болуы топ 
ішіндегі ауызбіршілікке алып келеді. Екінші жағынан, бағынушы көшбасшының жеке ілтипатына 
ие болмаса, араларында өшпенділік туындауы мүмкін.
Зиммель объективті принципке бағыну қорлық болып табылатынын байқаған, оған адам- 
дар арасындағы қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекеттесуінің жойылуы себеп болуы 
мүмкін. Адамдар өз қадір-қасиетін жоғалтқан билікке бағынатынын, оларға әсер ете ал-
майтынын сезеді. Ол индивидтің бағынуын әлдеқайда еркін және тосын құбылыс етіп көрсетеді. 
«Адамға бағыну – тәуелсіздік және абырой элементіне, салыстырмалы түрде заңдарға бағыну 
механикалық және енжар сипатқа ие». Бұдан да күрделірегі – заттарға бағынуды Зиммель 
«кемсітуші қатаң және шартсыз бағыну түрі» деп анықтаған. Индивидті зат билегендіктен, «ол 
өзі психологиялық деңгейде қарапайым зат категориясына енеді».
Әлеуметтік формалар және Зиммель көтерген басты мәселе. Гай Оукс Зиммельдің форма-
лар жайлы талқылауларын оның басты мәселесі – объективті және субъективті мәдениет 
арасындағы арақашықтықтың артуымен байланыстырды. Ол «Зиммельдің объективтікті 
айқындауы – заттардың субъективті немесе психологиялық генезисінен тәуелсіздігі – Ба-
тыстың мәдениет тарихындағы ең үлкен жетістігі еді» деген позициядан бастайды. Осы 
объективтікті қарастырудың бір әдісі – формаларды талқылау, бірақ мұндай формаландыру 
мен объективтендіру қажет әрі қалаулы болып көрінгенмен, олар мүлдем теріс болуы мүмкін. 
«Бір жағынан, формалар – энергия мен өмірге деген құлшынысты жүзеге асырудың қажет 
шарттары. Екінші жағынан, бұл формалар өмірден алшақтаған және шеттетілген бола бастайды. 
Бұл процесс жүзеге аса бастағанда өмірлік процесс пен оны айқындайтын конфигурациялар 
арасында шиеленіс туындайды. Ақыры, бұл конфликт өмір мен форма арасындағы қарым-
қатынасты жоюға қатер төндіреді, сол арқылы өмір процесі автономды құрылымдарда жүзеге 
асуы мүмкін шарттарды жояды».


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет