Әлеуметтанулық дискурстағы білім беру



Дата18.04.2024
өлшемі215.72 Kb.
#499115
stud.kz-37809

Әлеуметтанулық дискурстағы білім беру

Білім беру әлеуметтік институт ретінде.


Білім беру – бір ұрпақтан екінші ұрпаққа əлеуметтік тəжірибені жəне білімді берудің күрделі процесі. Атап айтқанда, білім - бұл жүйелік білімді беру жəне ол өркениетті қоғамда орын алған көп түрлі компоненттер мен элементтердің болуын талап етеді. Білім беру – міндетті екі субъектісі – мұғалім жəне білім алушы, яғни оқытушы жəне оқушы бар, ұйымдастырылған процесс. Осы субъектілер болмаса білім беру процесі болмайды. Білім беру процесі əлеуметтік тəжірибе немесе өткен ұрпақтың қалдырған білімге, нақты материалдарға негізделген, мақсатқа бағытталған процесс.
Əлеуметтік институт — бұл өздерінің нормалары мен ережелері бар, белгілі бір қызметтер атқаратын, қоғамдық өмірдің жеке салаларындағы əлеуметтік қатынастарды реттеп отыратын институционалдық мекемелер немесе ұйымдар.
С.С. Фроловтың айтуы бойынша, «əлеуметтік институт — бұл мəнді қоғамдық құндылықтар мен процедураларды біріктіретін, қоғамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыратын байланыстар мен əлеуметтік нормалардың ұйымдастырылған жүйесі»
Егер де əлеуметтік институттардың маңызды жақтарын айтатын болсақ:
норма мен статус енгізілген еркін жүйе;
əдет, дəстүр, іс-əрекет, жүріс-тұрыс ережелер жиынтығы;
ресми жəне ресми емес ұйымдар;
қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттеп отыратын нормалар мен мекемелер жиынтығы;
əлеуметтік іс-əрекеттер кешені ;

Білім беру: әлеуметтік тап, жыныс және этникалық айырмашылықтар.


Білім беру ол оқу процесі жəне осы мағынада қатысушылардың жаңа білімдерді игеруі. Білім берудің əр түрлі мақсаттары мен міндеттері болуы мүмкін. Бірақ, қазіргі əлемде, көбінесе, білім беру жүйесі туралы сөз қозғалады.
Тап - коғамдық байлық (коғамда игіліктерді бөлу), өкімет, әлеуметтік беделге қолы жету межелері (критерийлері) бойынша басқалардан айрықшаланатын үлкен әлеуметтік топ.
Этникалық-мәдени білім –бұл ана тілі мен төл мәдениетті әлемдік мәдениеттің құндылықтарын қоса игеру арқылы тұлғаның этникалық-мәдени сәйкестілігін сақтауға бағытталған білім.

Білім беру және білімді дәріптеу


Білім беру— тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты;
мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі.
Білім беру ісі үш түрлі бағытта дамыды:
  • қадим мектептері — мұсылмандық дәстүрлі діни мектептер;

  • 2) орыс-қазақ мектептері;
    3) жәдит мектептері — әр түрлі ғылым салаларын оқытатын жаңашыл бағыттағы мұсылмандық мектептер.

Білім беру жүйесінің басты міндеттері — ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпке үйретуге бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады. Білім беру оқыту мен өз бетінше іздену негізінде жүзеге асырылады.

Назарларыңызға рақмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет