Әлеуметтік экономикалық жоспарлау



бет2/6
Дата25.02.2016
өлшемі441.5 Kb.
#21517
1   2   3   4   5   6

Жедел болжамдар бойынша болжанып отырған кезеңде ешқандай өзгерістер болмайды, және зерттелетін объектіде сандық және сапалық өзгерістердің болмайтынынан негізделеді. Оларда күтілетін жайттардың сандық бағалануы басым болады.

Қысқа мерзімді болжамдар тек қана сандық өзгерістерге сүйенеді.

Орта мерзімді және ұзақ мерзімді болжамдар – зерттелетін объектіде сандық қана емес сапалық өзгерістерге де бағынышты болады. Орта мерзімді болжамдарда баға сандық-сапалық болса, ұзақ мерзімді болжамда керісінше сапалық-сандық болады.

Зерттелетін объектінің мінезіне байланысты болжамдардың бөлінуі өндіргіштік үрдістің әр түрлі аспектілерімен байланысты болады.

- өндіргіш күштер мен өндіргіштік қарым-қатынастардың дамуы, әлеуметтік-экономикалық алғышарттар және ҒТП қорытындылары;

- халықтық шаруашылықтың өсу динамикасы, темпі, факторлары және құрылымы, еңбек ресурстарын өндіру, табиғат ресурстарын экономикалық тұрғыда пайдалану, негізгі қорлар мен капиталдық салымдардың қайта жасалынуы;

- халық өмірінің деңгейі, қаржылық қарым-қатынастар, кірістер мен бағалар, сыртқы экономикалық байланыстар.

Келтірілген бағыттардың әр қайсысының өз мағынасы бар және де өз негізіне сүйеніп жасалына алады. Сонымен қатар олардың арасында әдістемелік бірлік бар, ал ол жалпы халықтық шаруашылықтың болжамына ғылыми негізді қамтамасыз етеді.

Экономикалық болжам болжамның басқа түрлерімен бірігіп жұмыс істейді. олар: әлеуметтік, саяси, демографиялық, ғылыми-техникалық, табиғи ресурстарды болжау. Бұл болжамдардың қорытындылары халықтық шаруашылық және экономикалық болжамның басқа да түрлерінде ескеріледі. өз кезегінде, экономикалық болжам – басқа да барлық қоғамдық үрдістердің дамуының жоспары мен болжамын құрайды. Болжамның әр түрлі түрлерінің байланысы оларды жасау ретінде де айқын байқалады. Сонымен, экономикалық болжамдар ғылыми-техникалық болжамдардан кейін , табиғи ресурстар және демографиялық үрдістерден кейін жасалынады.
3 Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың методологиясы
Жоспар мен болжау методологиясының ғылыми негіздері

Методология – бұл қазіргі нақты жағдайды мойындау және қайта қалыптастыру мақсатында зерттелетін әдістердің жиынтығы болып табылады. Ол ортақ философиялық әдіспен бірге, нақты ғылым әдістерін де қосып алады. Философиялық әдіс диалектиканы қосып алады, оның негізін табиғаттың және қоғамның дамуының ортақ заңдары, сонымен қатар ғылыми ойлау қағидалары құрайды. (индукция, дедукция, талдау, синтез, аналогия, салыстыру, экс­перимент).

Формальды, математикалық заңдармен қатар диалектикалық логикадағы заңдар да қолданылады. Нақты жетістіктерге жетуге қажетті формальдық логика дедукцияның логикалық жүйесін құруға мүмкіндік береді. Математикалық логика, формальдық логиканың даму кезеңі бола тұра, белгілер мен формулалардың арнайы тілімен қаруландырады, оның көмегімен логикалық есептер, бағдарламаландырулар жүргізіледі. Диалектикалық логика білім мен ойлаудың ортақ әдісі болып табылады. Өзара өткізе алатын қарама-қайшылықтарды тіркейтін логикалық категориялар жүйесі абстрактыдан нақтыға, қарапайымнан күрделісіне қарай өтуге мүмкіндік береді. Танып білу теориясы болып жатқан жайттарды ойлауға көрсеткіш үрдіс түсіндіріледі.

Әлеуметтік-экономикалық дамуды жоспарлау экономикалық теориямен қалыптасатын объективті түрде қызмет ететін заңдар және заңнамаларды біліп және пайдалануға тәуелді. Экономикалық ғылым жоспарлы қызметтің объектілерін зерттейді және сәйкес түсініктер, категориялар мен заңдарды қалыптастырады.

Заң қатаң тәуелділікті, экономикалық жайттар арасындағы себепті-тергеу шарттылықты көрсетеді. Заңнама тенденция түрінде, белгілі деңгейлер мен байланыс тығыздығымен сипатталады. Болжам мен жоспарлаудың методологиясының негізін ортақ заңдармен қатар, қоғамдық өнімді өндірудің ерекшелігінің экономикалық заңдары да құрайды.

Экономикалық және әлеуметтік дамудың жоспарлау және болжау методологиясының әлемдік тәжірибеде екі түрі қалыптасқан.

Біріншісі кең өндірілетін маркстік теорияға негізделген.

Екіншісі – кейнстік, монетарлық және басқа да теориялар.

Біріншісінде командалық-әкімшілік жүйе шарттарындағы жоспарлау (директивті жоспарлау) байқалады.

Ал екіншісі нарықтық экономикасы бар мемлекеттердегі болжау мен жоспарлаудың негізі болып табылады. Бұрынғы социолистік мемлекеттердің нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты ортақ біріңғай методология қалыптасады.



Экономиканы жоспарлауды болжау мен жоспарлаудың методологиясы болжанатын және жоспарланатын есептердің негізгі қағидалары мен әдістерін анықтайды, болжамдар мен жоспарларды қалыптастыру логикасы мен оларды орындаудың амалдарын ашып сипаттайды.

Қағидалар – бұл жоспарлау мен болжаудың негізін қалаушы тәртіп, яғни ол дегеніміз, олардың нақты бағыттылығының, жүйелігінің, құрылымының, логикасы мен ұйымдастыру тарапынан жоспарларды болжау және негіздеуді қалыптастырудың алғашқы күйі. Басқаша айтқанда бұл болжам мен жоспарды жасаудағы негізгі талаптар болып саналады.

Әдістер – бұл болжамдарды, жоспарларды, бағдарламаларды жасауда қолданылатын әдістер, тәсілдер. Олар болжау мен жоспарлаудың методологиялық қағидаларын іске асыруға мүмкіндік беретін құрал ретінде қызмет етеді.

Логика болжамдық есептер мен негізделген жоспарлы шешімдерді келтірудегі ісәрекеттердің тәртіпті реті.

Методологияны құраушы негізгі бөлігі болып методика қарастырылады. Ол өз алдына жеке Она но­сит частный характер и находится в соподчинении с методоло­гией.



Методика нақты болжамдарды немесе жоспарлы есептерді жүргізу үшін қолданатын әдістер мен тәсілдердің жиынтығын айтады. Оған мысал ретінде макроэкономикалық көрсеткіштерді болжау бойынша Халықаралық валюталық қор методикасы немесе ғылыми-техникалық іс-шараларды еңгізу әсерлігін анықтау методикасын және микродеңгейдегі көрсеткіштер деңгейін келтіруге болады.

Әлеуметтік-экономикалық үрдістерді зерттеуге ортақ методологиялық ықпал диалектикалық әдісті анықтайды, олар зерттелу объектілеріне жататын зерттелетін жайттар мен фактілереге жетік енуді, олардың арсындағы байланысты құруды қамтамасыз етеді. Ал ол зерттеудің ортақ ғылыми әдістерінің негізімен қатар ерекшеліктерімен бірге іске асырылады.

Ортақ ықпалдардың ішінен келесілерді ажыратып көрсетуге болады:

тарихи оның мағынасы әр жайттың оның тарихи үлгілерімен өзара байланыста болуымен түсіндіріледі;

кешенді – өзара байланыстағы жайттарды қарап, оның басқа да үрдістермен, жайтттармен байланысын көрсетеді;

жүйелі-құрылымды бір жағынан дамушы тұтастықтың экономикалық жүйесін қараушы болса, екінші жағынан жүйенің өзің құраушы элементтеріне және онымен әсерлесушілерінің мүшенленуін айтады.

Кешенді ықпалдың өз шегінде келесі түрлері бөлінеді: генетикалық және мақсатты ықпалдар. Генетикалық ықпалдың мағынасы даму заңдылықтарын зертеуді анықтау және шыққан деңгейіне баға беруге сүйеніп, болашақтағы дамуының кезеңдері мен мүмкін бағыттарын қадағалап отырумен сипатталады. Бұл ықпал өткен шақта болған, қазіргі екпінді жайттарды, сонымен қоса болашаққа әсер ететіндерді толыққанды ескереді. Осы ықпалды іске асыру барысында құбылыстардың реті өткен және қазіргі жайттардан болашаққа өтетіндігі қарастырылады. Генетикалық ықпал объектіні жан-жақты қарап, олардың даму тенденцияларын және осы объектіге әсері тимейтін мүмкін боларлық шешімдерді анықтайды.

Мақсатталған ықпалда мақсат анықталады, және оған жетудің мүмкін боларлық жолдары белгіленеді, яғни ол келешекте іске асырылатын нақты қорытындыдан шығады. Бұл ықпалда жайттардың байланысы келешектегіден қазіргіге дейін қарастырылады.

Бұл екі ықпал бір-бірімен өзара тығыз байланыста болғанда пайдаланылады, себебі объект туралы мәлімет алып отыру керек, оған еш әрекет етпестен, және де мақсат қоя отыра, оған қол жеткізу жолдарын анықтау керек.



Жоспар мен болжаудың методологиясының ғылыми негізі болып қоғамның даму заңдары мен экономикалық теория жатады. Болжамдық қызметтерді диалектика заңдары орындайды: қарама-қайшылықтардың бірлігі және олармен күрес заңы, сандық және сапалық өзгерістердің өзара ауысым заңы, теріске шығару заңы. Экономиканың болашақ дамуы бойынша ғылыми қөзқарастардың қалыптасуының теориялық негізі болып экономикалық теория саналады. Кейнстік, монетарлық және маркстік теориялардың маңызды қырларын қарастырайық, олар экономикалық және әлеуметтік үрдістердің болжау және жоспарлау методологиясына бағынады.

Кейнстік теория жиынтықтық шығындар (жиынтықтық сұраныс) мен оларды құраушыларға бекінеді. Кейнстік теңдіктің негізгі құраушылары:


C + G + I + (E~ М) = Y,
мұнда С жеке сектордағы ішкі сұраным, қолданыс;

G мемлекеттік шығындар;

/ – инвестициялар;



Е тауарлар мен қызметтер экспорты;

М тауарлар мен қызметтер импорты;

У – аралық пайдалануды алып тастағандағы тауарлар мен қызметтердің көлемдері.

Теңсіздік жағдайында сол жақ бөлігі (жиынтықтық шығындар) он жақ бөлікке (мемлекеттегі өнім көлемене) тең болады. Экономикалық өсудің кейнстік моделі балансты өсуді қамтамасыз ететін сұраным роліне негізделеді. Осы модельде ҮҰӨ есептеу методикасы, мүмкін боларлық инвестициялық ағымдар, тауарлар мен өнімдердің экспорты мен импорты көрініс табады.

Монетарлық теорияның негізін қалаушы М. Фридмен болып табылады. Осы теорияға сәйкес тұрақтандырылған саясаттың негізгі параметрі болып, ақша ұсынысының көлемі саналады, яғни осыдан монеторизмнің басты бағыты ақшаға негізделеді. Негізін қалаушысы – айырбас теңдігі болады


MnV = PQ,

мұнда МД ақша ұсынысы;

V ақша айналымының жылдамдығы;

Р бағалар деңгейі;

Q – өндірілген тауарлар мен қызметтердің физикалық көлемі.

Монетарлық саясат – ақша ұсынысына әсер ететін ақшалы-несиелі жүйенің мүмкіндігіне, сәйкесінше процент ставкасына сүйенетін негізгі макроэкономикалық құралдардың бірі болып табылады.

Маркстік теорияның негізгі күйлерінің ішінен келесілерді ажыратып көрсетуге болады: қоғамдық өндірісті екі сфераға бөлеміз, біріншісі – материалдық өндіріс сферасы, онда материалдық игіліктері мен қызметтері өндіріледі, ал екіншісі өндірістік емес сфера, ол өз кезегінде әр түрлі материалдық емес қызметтер көрсетеді, яғни өндірісті сфераны екіге бөліп қарастырады:

I бөлімі – өндіріс құралдарының өндірілуі,

II бөлімі – тұтыну құралдарының өндіру; жиынтықты қоғамдық өнімге және өндірілген өнімнің (тауар) кез-келген түрінің бағасы бойынша екі бөлікке бөлінеді: пайдаланып кеткен өнім заттарының құны (с) және жаңа құрылған құн (v + т), мұндағы v –қажетті өнімнің құны және т қосылатын өнімнің құны; q жағдайы қосылатын өнім жиын көзі ретінде, және жиын туралы, ол кең көлемдегі өнім көзі ретінде болады. Бұл жайттар болжанатын (жоспарланған) кезеңдегі ортақ экономикалық сәйкестіктердің қалыптасу барысында үлкен маңызға ие болады. Солардың негізінде приоритеттері, яғни артықшылықтары бөлінеді, тұтыну қорлары және жинақтар арасындағы, өндіріс пен тұтынушы арасындағы және басқаларының қарым-қатынасы қалыптасады.

Болжам мен жоспарлаудың методологиялық қағидалары

Болжам мен жоспарлардың жасалынуы методологиялық қағидаларына негізделеді. Болжамның негізін қалаушы қағидалар келесілер:



Альтернативтік қағида, ол көп нұсқалық болжамдық жасалымдарды (альтернативаларды) талап етеді. Осы қағидаға сәйкес, негізгісі болып осы екеуінің ең жақсы нұсқасы немесе бірнеше мүмкін нұсқалары алынады. Бұл қағида болжамның бар мінездерінен шығады, және де экономиканың дамуының мүмкіндіктерімен, сонымен қатар оның әр түрлі траекториялар бойынша буындарына байланысты болады.

Болжамның, және де жоспарлаудың маңызды методологиялық қағидаларына келесілерді жатқызуға болады: жүйелілікті, үздіксіздікті, кешенділікті, баламалықты, мақсаттылықты және приоритеттілікті, оптимальділікті; бірегейлікті және қарама-қайшылықты, әлеуметтік бағытталушылықты, жоспарлаудың кешенді және аймақтық аспектілерінің бірлестігін айтуға болады.



Жүйелілік қағидасы экономикалық жүйелердегі сандық және сапалық заңдылықтарды зерттеуді түсіндіреді, логикаға сүйенсек, мұндай зерттеу тізбегін құрудың өзі жүйенің ортақ мақсаттық анықтамасынан кез-келген шешімді жасау және негіздеу үрдісінен шегіну керектігін және де барлық жүйе бөлімдерінің қызметін алға қойған мақсатқа жетелеу керектігін көрсетеді. Ол кез-келген жүйені көптеген жүйе бөлімдеріне мүшелеуге мүмкіндік береді (экономика кешендерге бөлінеді, ал кешендер – кешен бөлімдеріне жәнек т.б.). Бұл қағида 38 моделдік әдісі бойынша көрсеткіштер жүйесін құрады, және олар әр объектінің мағынасына сай келіп, оның дамуының тұтас бейнесін құруға мүмкіндік береді.

Экономикалық дамудың үздіксіщдігіне байланысты ғылым мен техниканың даму деңгейіндегі өндірістің жаңдануында жоспарлаудың үздіксіздік қағидасы сақталауы керек, яғни болжамдар мен жоспарлардың ауыспалылығы. Осы қағидаға байланысты әр түрлі уақытша аспектідегі болжамдар мен жоспарлар жасалынуы керек және өзара байланыста болу керек. Сонымен, орта мерзімді жоспарлар ұзақ мерзімді жоспарларда көрініс табатын перспективті бағыттардың негізінде жасалынуы керек, ал қысқа мерзімділер – сәйкесінше орта мерзімді жоспарлардың көрсеткіштеріне сүйену керек. Ұзақ мерзімді жоспарлар түзетуге жарамды болу керек, және қажетті сәйкес кезеңге ұзартылып отыруы тиіс. Бұл қоғамның жаңа қажеттіліктерінің пайда болуымен, техникадағы үлкен өзгерістердің болуымен және басқа себептерге байланысты болады.



Мақсатты бағытталған және артықшықты қағидалар әр жоспардың мақсатты болуын талап етеді, басқаша айтқанда нақты мақсатқа жетуді көздеу керек, ал артықшылық ретінде экономика салалары мен әлеуметтік-экономикалық мәселелер бөлінеді, олардың дамуынан және шешілуінен жалпы экономиканың дамуының қандай деңгейде екенін білуге болады. Осы қағида ресурстарды экономиканың дамуының басты бағыттарына, жалпы мемлекеттік мағынасы бар мәселелерді шешуге жетелейді.

Артықшылық қағидасы кешенділік қағидасымен тығыз байланыста іске асырылады, ол зерттеудің барлық жақтарын қарастырып, оның басқа үрдістер және жайттармен байланысының тәуелділігін көрсетеді. Маңызды кешендердің дамуында артықшылықты қамтамасыз етуде оның басқа да кешендердің сай дамуы қарастырылады. Оы қағидалармен бірге әлеуметтік бағитталған қағида да тығыз байланыста іске асырылу керек, ол әлеуметтік мәселелердің артықшылығының шешілуін қамтамасыз етеді.

Экономиканың жүзеге асырылуының ең бір әсерлі дамуын қамтамасыз ету мақсатында, ең қолайлы қағидасы сақталу керек. "Оптималді" термині ең күшті деген мағына береді, яғни барлық мүмкін боларлық нұсқалардың ішінде ең күштісі, ең әсерлісі. Оптималділік әрине өнімділіктің әсерлілігінің жоғарылауымен байланысты болады. Оптималділік – бұл экономиканың мынадай бір түрі: халықтық шаруашылық пен қоғамның бар ресурстарын, оларды тиімді пайдалануын ескере отыра керекті қажеттіліктерді максималды түрде қанағаттандырумен сипатталады. Бұл қағида оптималды жоспарлауды дамыту жоспарларымен, яғни ЭЕМ пайдалануға негізделумен, экономикалық-математикалық моделдеумен, БЖА (басқару жүйесін автоматтандыру) шегіндегі оптималдық амалдарды шешумен іске асырылады.

Адекваттылық қағидасы әлеуметтік-экономикалық үрдістердің жасалынуында көп жағдайда міндетті түрде қарастыру мақсатты болып саналады. Экономиканың дамуын болжауда және тиімді жоспарлауда үрдісінде қолданылатын экономикалық-математикалық моделдеулер барабар болуы тиіс, яғни шынайы үрдістерді көрсетуі тиіс. Барлық жоспарлық және болжамдық есептердің шешімдері көп жағдайларда осыған байланысты болады.

Экономиканың бірегей және үйлесілімділіктің дамуы бірегей және үйлесілімділік қағидасының жоспарлары мен болжамдары жасау үрдісін есептеу барысында ғана мүмкін болады. Бұл қағиданың өмір шендігі көрсеткіштердің бірегейлік байланысымен, үйлесілімділікті құрумен, оларды сақтауды қамтумен байланысты болады.

Барлық үйлесілімділіктердің келбеті және мағынасы жағынан бірнеше топтарға бөлінеді:

- ортақ экономикалық;

- аралық және ішкі салалық;

- аймақтық;

- сыртқы экономикалық.

Нарықтық қарым-қатынастарға өту кезеңінде аса үлкен көңілді ортақ экономикалық үйлесілімділіктерді қалыптастыруға және оларды орындауды қамтамасыз етуге бөлуіміз керек. Ортақ экономикалық үйлесілімділіктерге келесі қарым-қатынастарды жатқызуға болады: сұраныс пен ұсыныс арасындағы, тұтынушылық және жинақталушылық арасындағы, мемлекеттің кірістері мен шығыстары арасындағы, ақша массасы мен тауар ресурстарының арасындағы, өнеркәсіп өнімдерін өндіру және тұтыну өімдерін өндіру арасындағы, еңбек өндіргіштігінің өсуі және жалақы арасындағы және т.б. айтылған қарама-қайшылықтарың бұзылуы экономикада теріс көрініс табады (инфляция, өндірістің төмендеуі және сол сияқты).

Экономиканың әр түрлі салаларының арасындағы қарым-қатынасты көрсететін сала аралық үйлесілімдіктер де маңызды. Олар сала аралық баланстың көгімен құрылады.

Ішкі салалық үйлесімдер біріккен өндірістердің жекеленген түрлерінің арасындағы қатынастарға байланысты болады.



Мысалы, жеңіл өндірістегі, жіпті иіру өндірісі (иіру), маталар (тоқымашылық) мен оларды өндеу өндірістері арасындағы қатынас.

Аймақтық үйлесімдер өңірлер арасындағы қатынасты көрсетіп, мемлекет территориясы бойынша өндірісті орналастыруды реттеп отырады.

Сыртқы экономикалық үйлесімдер – бұл мемлекет ішіндегі өндірілетін өнім мен тауарлардың экспорты мен импорт көлемінің арасындағы қатынас.

Жоспарлаудың салалық және аймақтық аспектілерінің үйлесімдік қағидасы, чсалалық жоспарлардың белгілі бір аймақтың қызығушылықтарын ескере отры жасалуын және жергілікті ресурстарды тиімді пайдалануын қадағалап отыруды талап етеді. Салалық жоспарлау әр салада бірыңғай техникалық саясатты жүргізуге, сала өніміне сұранысты анықтауға, қажетті үйлесілімділіктерді қолдауға (сала ішілік, сала аралық), берілген тәжірибені пайдалануға және тағы да басқа амалдарды орындауға мүмкіндік береді. Өңірлердің шаруашылығының кешенді дамуын, өндірістің тиімді орналасуын, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуде аймақтық жоспарлаудың маңызы өте зор. Осы қағиданы ұстану қоғамық өндірістің, халық жағдайының және қоршаған ортаның жағдайының жақсаруының әсерлігін жоғарылатады.

Жоспар-болжам көрсеткіштер жүйесі

Экономиканың дамуын көрсеткіштер жүйесі сипаттайды, ал олардың құрамы мен қатарын болжамдар және жоспарлар мағынасы анықтайды.



Көрсеткішэкономикалық котегорияның, үрдістің немесе құбылыстың сандық түрдегі үлгісін көрсетеді.

Көрсеткіштер жүйесіне сонымен қоса нормативтер және лимиттер қосылады.



Нормативтер қатысты көріністегі көрсеткіштер.

Лимиты бекітілген соңғы қорытындыларға жету үшін шығынның барынша мүмкін шамасы көрсетітінресурстық көрсеткіштер.

Көрсеткіштер жүйесі блоктардан құралады, олар кең өндірілудің әр түрлі аспектілеріне сай келеді. Экономикалық және әлеуметтік үрдістердің болжам және жоспарлау көрсеткіштерінің негізгі блоктары болып саналады: өндіріс, еңбек ресурстарының, негізгі және сыртқы қорлар, капиталдық салынымдар, табиғи ресурстар, ғылыми-техникалық прогресс, қаржы және ақша айналым, халықтың әлеуметтік дамуы және деңгейі, сыртқы экономикалық байланыстардың көрсеткіштері.

Экономиканы басқару деңгейіне байланысты оны макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша салалық және аймақтық деп ажыратады. Көрсеткіштердің бір бөлігі өтпелі сипат алады, олар барлық деңгейлерде қолданылады, мысалы қоғамдық өндірістің әсерлі көрсеткіштері (көп заттылық, қор алушылық, еңбек өнімділіг). Басқа көрсеткіштер салалық және аймақтық ерекшеліктерді анықтайды.

Болжау мен жоспарлаудың көсеткіштері есеп және статистика көрсеткіштерімен тығыз байланысты бола тұра әдістемелік бірлік және салыстырушылықты игеру керек. Көрсеткіштер жүйесі кешенді болу керек, яғни тек қана экономикалық қана емес, сонымен қоса әлеуметтік үрдістерді де көрсете білу керек.

Барлық көрсеткіштер бөлінеді: табиғи және құнды, абсолютті және қатысты, сандық және сапалық, бекітілген, индикативті және есептік.

Көрсеткіштерді табиғи және құнды деп бөлу еңбектің екі жақты сипатынан туындайды, және тауарлы-ақшалы қарым-қатынастардың бар болуымен байланысты болады.

Табиғи көрсеткіштер қайта өндірудің заттық аспектісін көрсетеді. Олар физикалық және шартты бірлік өлшемімен бекітіледі: тонналарда, метрмен, данамен, банктің шартты мыңдығымен, жанармайдың шартты тоннасымен және т.б.

Құндық көрсеткіштер ақша үлгісінде анықталады. Олардың көмегімен өнімді өндірудің ортақ мөлшерлері, өндіріске жіберілген шығындар, кәсіпорынның және мемлекеттің кірістері мен шығындары және тағы да басқалары есептелінеді.

Көрсеткіштерді сандық және сапалық етіп бөлу өндіріс масштабының сипаттамасы және оның интенсификациясының қажеттілігімен байланысты.

Көрсеткіштер абсолюттік сипатта, және қатысты сипатты есеп алысады. Біріншісі – көрсеткіштердің жиытықтық абсолюттік көлемін көрсетсе, екіншісі – өсу қарқыны мен өсу барысын, яғни белгілі бір уақыт аралығындағы сәйкес көлемдердің динамикасы туралы мәлімет береді.

Экономиканың төменгі звеноларының жоғары деңгейлерімн қарым-қатынасы бекітілген, индикативтік және есептік көрсеткіштерінің жүйесінде көрініс табады.

Бекітушілік көрсеткіштерге жоғары дәрежелі органдармен бекітіліп, төмеңгі дәрежелілерге тапсырма түрінде берілетін көрсеткіштерді айтамыз, мысалға, өнімді жеткізу туралы немесе табиғи ресурстарды пайдалануға шектеу қоюлар сияқты және т.б. Оларға, сонымен қатар экономиканы реттеп отыратын реттеуіштер түрінде қолданатын экономикалық нормативтерді жатқызуға болады.

Индикативтік көрсеткіштер ақпараттық сипатта болады. Олардың көмегімен мемлекет шаруашылық субъектілерін қажет етілетін экономикалық саяат туралы ақпараттандыра алады. Олар бизнес-жоспарларды жасау барысында негіз бола алады.

Есептік көрсеткіштер басқаларымен салыстырғанда, қосалқы, көмекші түрінде болады.

Экономиканың төменгі звеноларының өз бетінше қызмет етуінің кеңейюімен байланысты нарықтық қарым-қатынастарға көшуде бекітілетін көрсеткіштердің шеңбері тез қысқарған, соның салдарынан индикативтік көрсеткіштер айналасы кеңейген.

Қазіргі уақытта бекітетін көрсеткіштерге мыналар жатады: мемлекеттік тапсырыс, олжа лимиттері мен табиғи ресурстарды ортақтандырылған мемлекеттік инвестицияларды, экономиалық нормативтер (монополистік кәсіорындар үшін тиімділік нормативтері, салықтар ставкасы, минимальды тұтынушылық бюджет, минимальды жалақы және т.б.).

Мемлекеттік тапсырыс экономиканы реттеуші ролін атқарады. Ол шет елдерде (АҚШ, Жапония, Франция және т.б.) және ТМД елдерінде кеңінен қолданады.

Шет елдерде ол ертеден пайдаланып келеді. Мысалы, АҚШ-та мемлекеттік тапсырыс 1933 жылы алғаш бекітілген. Бұрынғы КСРО елдерінде ол ең алғаш рет 1988 жылдың әлеуметтік эәне экономикалық дамуының мемлекеттік жоспарының құрамында құрылған болатын.

Мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру барысында келесідей қағидалар сақталу керек: оны конкурстық негізде орналастыру; тапсырыстың орындалуын ынталандыру; екі жақтың бірегейлі жауапкершілігі, сәйкесінше, орындаушы мен тапсырыс берушінің.

Мемлекеттік тапсырыстың құрамына мемлекеттік қажеттілікті қанағаттандыру үшін қажетті маңызды өнім түрлерін жеткізу, өндірістік күштер мен ортақ мемлекеттік мағынасы бар объектілерді ске қосу, маңызды мәселелерді шешу бойынша ғылыми-техникалық бағдарламарды іске асыру, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін өндіріске еңгізу кіреді, осылардың барлығы алдағы уақытта маңызды әсер береді.

Мемлекеттік тапсырысты орындауды ынталандырудың шаралары ретінде жеңілдіктік шарттардағы несиелер пайдаланады:салық бойынша және бюджетке түсетін басқа төлемдердің жеңілдіктері; мақсатты дотациялар және суб­сидиялар; заттық ресурстарды ортақтандырып бөлуді басты қамтьамсыз ету және тағы да басқа жеңілдіктер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет