Экономикалық



бет1/6
Дата02.01.2022
өлшемі65.8 Kb.
#453689
  1   2   3   4   5   6
Экономикалық өсу



19.11.2021, 23:40

Экономикалық өсу қоғамның əл-ауқаты мен өндірістің тиімділігін арттыру





ҚР-ның экономикалық өсуді қамтамасыз ететін индустриялы-инновациялы саясат

Дамыған елдер тəжірибесі бойынша тек қана нарықтық принциптер негізінде материалдық-техникалық базаның қалыптасуы мүмкін емес. Елдегі инновациялық даму мемлекеттің араласуынсыз оң нəтиже бермейді, сондықтан инновация мен инвестиция мемлекеттік реттеудің оьбектісі болып табылады.


Көптеген дамушы елдер табиғи ресурстарға бай бола тұра, тұрақты дамуға қол жеткізе алмады. Қысқа мерзімде шикізат экспорты бұл елдердің мемлекттік қазынасына табыс əкеліп, тұрғындардың əл-ауқатын көтереді. Алайда, уақыт өте келе жоғары табыс экономиканы құлдыратады, яғни мемлекетті шикізат экспортынан жəне оның рыноктағы жағдайынан тəуелді етіп, шикізатты аз қажет ететін жаңа саланың дамуын ынталандырмайды жəне шикізатты күндердің күнінде таусылатынын еске алсақ, бұл мəселенің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Дəл осы жағдайдан шығудың бірақ жолы бар, ол – жоғары технологиялық өндірісті дамыту.
Қазіргі таңда ел экономикасы дамудың шешуші факторлары – ғылым мен инновациялық технологиялар екеніне күннен-күнге көз жеткізіп келеміз. Бүкіл əлемде озық технология мен техниканы насихаттайтын 1951 ж. Калифорнияда құрылған дүние жүзіндегі ең алғашқы технопарк – АҚШ-тағы «Силикон аңғарының» пайда болуына негіз болды. Өткен ғасырдың 80-ші жылдары технопарктер тек АҚШ, Еуропада ғана емес, Канада, Сингапур, Австралия, Бразилия, Үндістан, Қытай, Жапонияда да құрыла бастады.
Жапондықтар жаңа өнімді ойлап табу жəне оны жасап шығару жылдамдығынан американдықтар мен еуропалықтарды да басып озады. Жаңа автокөлік Жапонияда 1 айдан кейін шықса, АҚШ-та 4, Еуропада 2 айдан кейін шығады. Жапондықтар үшін өнімнің сапасын қажетті деңгейге жеткізу үшін 4 ай жетікілікті, АҚШ-та бұл көрсеткіш – 11 ай .
Ал Қытайда жаңа техника мен жоғары технологияны өндіріске енгізумен 1950ж. құрылған ҒТИП /ғылыми-техникалық индустриялы парктер/ айналысады. Онда технологиялық жетістіктер коммерциялық жəне өндірістік жағынан қарқынды жылдамдықпен игеріледі. ҒТИП қарамағына əр түрлі саладағы ғылыми орталықтар мен кəсіпорындар кіреді. ҒТИП олардың құрылуына жағдай жасайды, ғылыми зерттеулерін жүргізуге көмектеседі, ақпарат жəне қаржымен қамтамасыз етілуін қадағалайды, бір сөзбен айтқанда, кəсіпорынға

«қолайлы орта» жасайды. Қытай экономикасына үлкен үлес қосып, инновацияны дамытып отырғанын ҒТИП құрамына кіретін кəсіпорын санының өсуінен байқаймыз. 1991 ж. – 2587, 1992 ж. – 9678, 1996 ж. 13722, 2000 ж. – 20796.



Ал Корея Республикасының /Оңтүстік Корея/ ғылым мен техниканы соңғы 50 жылда өте қарқынды дамытты. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін əлемдегі ең кедей елдердің бірі болып шығып, соғыстан кейінгі зерттеулердің басым бөлігін қорғаныс, ядролық жəне космостық салаларға бағыттады. Корея Республикасы ғылыми-техникалық саясатын өткен ғасырдың 60-жылдардың ортасында қолға алды. 1967 ж. басты міндетіғылыми- техникалық саясатты жобалау жəне жүзеге асыру болып табылатын Ғылым жəне технология Министрлігі құрылды жəне Ғылым мен техниканы қолдау туралы Заң қабылдады. Осыдан кейінгі дамуы 5 жылдық кезеңдерге жоспарланған.
Финляндия 1991 жылға дейін экспортының жартысын КСРО-ға жіберетін. КСРО тарап кеткеннен кейін жəне 90-шы жылдардағы экономикалық дағдарыс Финляндия экономикасына да жағымсыз əсер етті. Мысалы, жұмысссыздық деңгейі 1991 ж. 3,5 % -дан 1993 ж. 20 %-ға дейін өсіп кетті. Осы келеңсіз жағдайдан шығу үшін Финляндия Үкіметі 1991 ж. жаңа экономикалық бағдарлама қабылдады. Оның міндеті – Финляндияны дамыған елдердің қатарына қосу. Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатымен Үкімет ұлттық инновациялық жүйені құрды. Оның қызметін тікелей Финляндия Президенті қадағалайды.
1990 ж. бүкіл КСРО елдерінің экономикасында жағымсыз жағдай қалыптасты. Қазақстанда барлық салалар дағдарысқа ұшырап, ғылымға көңіл бөлінбеді, көптеген кəсіпорындар жұмысын тоқтату, бөлшектену, тіпті қайта құрылу сияқты құрылымдық өзгерістерге ұшырады. Мұның бəрінің себебі – нарықтың қатал талабы болды. Тозған құрал-жабдық, шығыны көп икемсіз өндіріс, тиімсіз басқару, сын көтермес қаржылық жағдай жəне осы сынды мəселелер аяғына шырмауық болып оралды.
Нарыққа көшу процесі аяқталғаннан кейінгі жылдарда экономиканың жанданып дамуышикізат (газ, мұнай, металл) сатудан түскен валюталық түсімдерге тікелей байланысты болды. 2000-2002 жылдарда Қазақстанда экономикалық өсу байқалды. Бірақ бұл өсім шикізат сатудан түскен пайда есебінен, яғни «көз бояушылық» екенін түсінгенг ҚР Үкіметі қырағылық танытып, елдің индустриялық-инновациялық саясатын қолға алды. 2002 ж. шілде айында ҚР Президентінің Жарлығымен «Инновациялық қызмет» туралы заң күшіне енді.
Əрбір ел дүниежүзілік рынокта өз орнын тауып, үлесінен айырлмауға тырысады. Бұл тікелей инновацияларға қатысты екендігі мəлім. ХХ ғасырдың 50-60-шы ж.ж. дамыған елдер қолға алған мəселе де осы болатын. Алайда, мемлекет құқықтық-нормативтік негізін жасап, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырып немесе басқа қаржы ресурстарын жұмылдырып, бағыт бермесе, бұл саланың қарқынды дамуы да екіталай.

Іс жүзінде ғылыми зерттеулер мен инновациялық процестерді мемлекеттік қолдаудың негізгі кең тараған 3 əдісі бар.




  1. Ғылыми зерттеулерге мемлекеттің тікелей қатысуымен мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын ірі лабораториялар қалыптастыру, нəтижесін ақысыз түрде көпшілікке ұсыну. Əдетте, бұл лабораториялар қорғаныс, энергетика, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы мəселелерін шешумен айналысады;

  2. Қайтарымсыз негізде субсидиялар бөлуде мемлектетті емес лабораторияларда іске асырылатын ғылыми зерттеу жұмыстарына қайтарымсыз негізде мемлекттік бюджеттен қаржы бөлінеді. Негізгі қойылатын шарт – зерттеулер барысы бойынша толық есеп беру, алынған нəтижені ашық түрде жариялау.

  3. Ғылыми-техникалық зерттеулер мен тəжірибеге инвестиция бөлінген жеке бизнеске салық жеңілдіктерін ұсыну;

Мемлекетті қаржылық қолдау жəне инновациялық құрылымдарды құру үшін оған көп мөлшерде қаржы қажет. Осы мəселе қазір елімізде күрделі мəселелердің бірі болып отыр, сондықтан қаржыландыру, сырттан инвестиция тартуға негізделген Инвестициялық, Инновациялық қорлар, Даму банкі, экспорттық несиелер мен инвестицияны сақтандыру корпорациясы сияқты даму институттары құрылды.


Бұл мəселелердің шет елдерде қалай шешілетініне назар аударып көрелік.
Жапонияда инновацияларға ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін көп көңіл бөліне бастады. Елде шағын жəне орта кəсіпорындар бүкіл экономиканың негізін құрайды.
Ал мемлекет инновациялық саясатты солар арқылы жүргізеді. Шағын кəсіпорындар барлық кəсіпорындардың 99 %-ын құраса, олардың ЖҰӨ-дегі үлесі 52%-ды құрайды. Мемлекет саясатының шағын жəне орта бизнестегі кəсіпкерлікті қолдаудың мəні қажетті капитал салымы мен жұмыссыздық туралы деректерді сəйкестендіру болып табылады.
Мемлекттік деңгейде кəсіпорындарға мынадай қолдау көрсетеді:


  1. Мамандандырылған мемлекеттік мекемелер (шағын инновациялық кəсіпорындарға кеңес беретін комиссиялар, кəсіпорындарды қолдайтын бас басқарма, регионалдық органдар, мемлекеттік даму корпорациясы, шағын инновациялық кəсіпорындар академиясы, шағын инновациялық кəсіпорындардың бүкіл жапондық регионалдық орталық комитеті) жаңадан құрылған шағын кəсіпорындарға көмек көрсетеді.

  2. Қаржылық кепіл беру мен қаржылық көмек көрсету;

Оны 59 филиалы бар мемлекттік қаржылық корпорация, 102 филиалы бар ұлттық қаржылық корпорация, 117 филиалы бар сауда жəне өндірістік кооперацияның Орталық



банкі, шағын инновациялық кəсіпорындарға арналған кредиттерді сақтандыру ұйымдары жүзеге асырады.
Шағын жəне орта бизнесті қолдаудың жапондық жүйесінің негізгі элементі ол құқықтық- нормативтік қамтамасыз ету болып табылады. Оған «Шағын жəне орта бизнесті мемлекеттік қолдау» туралы Заңнан бастап «Жаңа қызмет түрін енгізуде туындайтын төтенше жағдайлар» туралы Заңға дейін т.б. заңдар кешенін қамтиды.
Жапонияда орталық банктер кредиттің 47%-ын, ал жергілікті коммерциялық банктер 100% кредиті шағын жəне орта кəсіпорындарға береді. Шағын инновациялық кəсіпорындарды қолдаудың арнайы механизмдері қолданылады. Олар «жеңіл қарыздар» деп аталады. Егер жай қарызды 4-8%-бен алса, шағын инновациялық кəсіпорындар қарызды осының жартысымен алады.
Шет елдер тəжірибесінен инновацияны дамытудағы мемлекеттің рөлінің өте маңызды екендігіне көз жеткіздік, енді еліміздег инновациялық үрдістерді дамытуға қандай мемлекеттік қолдау көрсетілетінін жəне жалпы инновациялық дамудың ерекшеліктеріне тоқталайық.
Экономикалық ғылымдар жəне экономикалық даму тəжірибесі көрсеткендей инновациялық дамуда жаңа технологиялар экономиканы тиімді модернизациялауды қамтамасыз етеді. Бұл əсіресе ҚР үшін өте маңызды, өйткені 1990 ж. бастап елімізде бастап елімізде технологиялық дағдарыс қалыптасты. Өндірістің техникалық деңгейі құлдырады, ғылыми өнімдердің шығуы азайды, ғылыми-техникалық потенциалымыз қысқарып кетті, сондай-ақ бұрынғы экономикалық жүйе түгелімен жойылды, еліміз өзінің ішкі сұранысын қамтамасыз ете алмай қалды. Осының салдарынан да ЖІӨ көлемі де 1990 ж. салыстырғанда 1995 ж. 40%-ға дейін азайды.
Ал ЖІӨ-нің 0,5%-ға өсуімен экономикалық дағдарыс кері бұрылып экономикалық жандану кезеңіне өттік. Осы жылдардағы ЖІӨ көлеміне назар аударсақтек қана 2003 жылы 1993 жылғы деңгейге жеткен екенбіз. Сонымен қатар елімізде ғылым мен ғылыми- техникалық қызметтерге қаржы бөлу өте аз, оның көлемі 0,9%-ды құрап отыр. Ал индустриялы-инновациялық саясатты жүзеге асырмасақ, онда 2015 жылы болжам бойынша оның үлесі 0,6%-ға дейін кемиді екен. Бұл стратегияны жүзеге асырған жағдайда 2015 жылы болжам бойынша ғылым жəне ғылыми-инновациялық қызметке ЖІӨ-нен бөлінетін қаржы 1,7%-ға дейін өсуді жоспарлап отыр. Егер бұны дамыған елдермен салыстырсақ ғылымға бөлінетін қаржы Францияда – 45 %, АҚШ пен Германияда – 36%, Жапонияда – 20% құрап отыр.

Еліміздегі стратегия жүзеге аспағандағы жəне асқандағы ЖІӨ-нің құрылымының болжамы стратегияны жүзеге асырғанда жəне оны жүзеге асырмағандағы үлесі. (%)


Еліміздегі инновациялық саланы мемлекеттік қолдауды ҚР-ның «Инновациялық қызмет» туралы Заңынан көруімізге болады. Оның негізгі бағыттары келесідей:


  1. Инновацияның басым бағыттарын анықтап, инновациялық бағдарламаларды жасау.

  2. Мемлекттің инновациялық саясатын жүзеге асыратын қажетті инвестицияны жұмылдыруды ұйымдастыру жəне жағдай жасау.

  3. Инновациялық инфрақұрылымды құру.

  4. Мемлекеттік бюджеттен инновациялық бағдарламалар мен жобаларды мақсатты қаржыландыру.

  5. Бəсекеге жарамды өндірісті құруға мемлекеттің араласуы.

  6. Мемлекттік тапсырыспен орындалатын инновацияларды міндетті түрде рынокпен қамтамасыз ету.

  7. Отандық инновацияларды шетелге шығару.

Елімізде ғылыми-техникалық инновациялық бағдарламаларды дамыту үшін арнайы даму институттары құрылған. Оның ішінде 3 қаржылық жəне 2 қызмет көрсету институттары бар.


Алдыңғы уақыттарда экономикалық өсу факторы ретінде посткеңестік елдерде инновация екінші деңгейдегі жоспар болып келді. Бірақ əлемдегі дамыған елдер тəжірибесі жəне отандық тəжірибе бойынша тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу инновациялық қызметсіз жүзеге аспайтындығына көз жетті. Міне осы себептен соңғы 3-4 жылда инновацияға деген көзқарас өзгерді. Елбасымыз Н. Ə. Назарбаев Ұлттық академия ғалымдарымен кездесуінде атап өткендей, «елімізде ұлттық инновациялық жүйе құратын уақыт келіп жетті» деп атап көрсетті.
ҚР-ның бүгінгі таңдағы ұлттық инновациялық жүйесі негізінен үш құрылымдық қолдау жəне іске асыру бағыттарынан құралады. Олар:
ҒЗТКЖ ұйымдары, яғни бұған ғылыми зерттеу институттары, инкубаторлар, инновациялық орталықтар, технопарктер, кəсіпорындар, жоғарғы оқу орындары, құрастырушылық орталықтар, кластерлер, шағын бизнес салалары қатысады.

Мемлекеттік реттеудің тікелей жəне жанама құралдары: заңдар, жарлықтар, стратегиялар, салық жəне несие жеңілдіктері, лизингтің дамуы жəне т.б.

Қаржылық институттар: банктер, инвестициялық, сақтандыру жəне зейнетақы компаниялары, инновациялық қорлар, инновациялық банктер, венчурлық қорлар, даму институттары, экспортты сақтандыру жөніндегі корпорация жəне Даму банкі.

Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңінде экономикада кəсіпкерлік қызмет даму үстінде. Кəспкерлік, əсіресе шағын кəсіпкерлік рыноктық жүйеде толыққанды қызмет ету үшін кəсіпорын жаңа технологиялар мен жаңалықтар ашып отыруы керек. Сонда ғана олардың шығарған тауарлары мен қызметтері бəсеке қабілетіне ие болады. Бірақ бүгінде отандық кəсіпорындардың инновациялық қызметі мардымсыз болып, соның салдарынан отанды тауарлардың бəсекеге қабілеттілігі əлсіз екендігі белігілі.


Əйтсе де бұл инновациялық жобаларға көптеген қаржы қажеттілігі туындап отыр, ол қаржыларды ЖІӨ-нің құрамынан көп мөлшерде ала алмаймыз, өйткені елімізде бұдан басқа салаларға қаржы сұранысы туындап отыр, əсіресе əлеуметтік салаларға. Сондықтан қаржы тартудың бірден-бір көзі инвестиция тартуды ынталандыру болып табылады.
Ал Ұлттық инновациялық қор геостационарлық спутникті құру жəне іске қосуды қаржыландырудан бастады. Осы орайда Үкімет «ҚР космос саласының 2005-2007 жылдардағы дамуы» деген мемлекттік бағдарлама жасады. Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық аясында бірқатар маңызды зерттеулер жүргізілуде, оның ішінде қуаты 70 Мвт болатын шағын атом станциясын құру жəне радияциялық техниканы пайдалана отырып, шуды изоляциялайтын материал өндіру қолға алынды.
Индустриялық саясат дегеніміз мемлекттік бəсекеге түсуге қабілетті жəне тиімді ұлттық өнеркəсіпті қалыптастыру үшін кəсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасауға жəне қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенін білдіреді.
Яғни еліміз осы мəселелерді шешіп жоғары бəсекеге қабілетті алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылу үшін, тұрақты экономикалық өсуді жəне экологиялық тиімді өндірісті қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзімді стратегиясын» қабылдады жəне ол алғашқы жылдан бастап оң нəтижелер бере бастады. Сондай-ақ Елбасымыз биылғы жылы

«Бəсекеге қабілетті Қазақстан», «Бəсекеге қабілетті экономика» жəне «Бəсекеге қабілетті халық» деген Қазақстан халқына Жолдауында, еліміз үшін өзекті мəселелердің бірі Индустриялы-инновациялық стратегияның негізгі бағыттарын атап көрсетті.


Стратегияның негізгі мақсаты – бəсекелестікке шыдайтын, импорт алмастырушы жəне экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркəсіптер құрып, қызмет көрсету саласын мығымдау.
Индустриялы-инновациялық даму бағдарламасына сəйкес біз экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустриялануын тездетуге, машина жасау мен

өнеркəсіп жабдықтарын жолға қоюға тиіспіз. Яғни инновация – негізгі қозғаушы күш болмақ.


Енді осы тұрақты экономикалық өсудің бүгінгі таңдағы ең негізгі қозғаушы факторы болып отырған Индустриялы-инновациялық даму стратегиясының мақсаты мен міндеттері туралы тоқталып өтсем деймін.
Стратегияның басты мақсаты шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын əр тараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу; ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады.
Өңдеуші өнеркəсіпте жəне қызмет көрсету саласында бəсекеге түсуге қабілетті жəне экспортқа негізделген тауарларды, жұмыстар жəне қызмет көрсетулер өндірісі мемлекеттік индустриялы-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.
Дүниежүзілік экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстанның қазіргі таңдағы экономикасының дамуында мынадай мəселелер орын алуда:
экономиканың бір жақты шикізатты бағыттылығы; əлемдік экономикаға ықпалдасудың əлсіздігі;

ел ішіндегі салааралық жəне өңіраралық ықпалдасудың босаңдығы;

ішкі рынокта тауарлар мен қызметтерге тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика); өндірістік жəне əлеуметттік инфрақұрылымның жеткілікті дəрежеде дамымауы;

кластерлік желілердің дамымауы, яғни кəсіпорындардың бір орталыққа шоғырланбауы;

мұнай-газ жəне кен-металлургиялық кешенге жатпайтын экономика салаларында қорлардың тез тозуы; кəсіпорындардың жалпы техникалық жəне технологиялық артта қалушылығы;

ғылыми зерттеу жəне тəжірибелік-конструкторлық (ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлінуі; ғылым мен өндіріс арасында ұтымды байланыстың болмауы;

мамандарды жəне жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазіргі заманғы жүйесінің болмауы;

экономиканың өңдешуі секторына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары үшін ынталандыру көздерінің болмауы;

ЖІӨ-нің 1 долларына электр энергиясының жұмсалу деңгейі бойынша, сондай-ақ экономика салаларындағы еңбек өнімділігі бойынша кейбір индустриялық дамыған елдерден 7-10 еседен астам артта қалып отырмыз.

Қазақстан кəсіпорындарының негізгі қорлары құлдырау алдында, 2001 жылдың басында негізгі құралдардың тозу дəрежесі орта есеппен 29,7% құрады. Ал бұл ел экономикасының бəсекеге түсу қабілетінің төмендеуіне душар етеді. Егер Қазақстанда ЖІӨ-нің 1 долларын өндіруге 2,8 киловатт сағат жұмсалатын болса, Ұлыбритания, Германия, Италия жəне Жапония елдерде бұл көрсеткіш – 0,22 — 0,3; АҚШ, Франция, Түркия, Кореяда – 0,4 -0,6; Канада мен Қытайда – 0,8 — 1,2 киловатт сағатты құрайды.

Осы мəселелерді шешу қызметі барысында стратегияның келесі міндеттерін атап өтсе болады. Стратегияның міндеттері:


өңдешуі өнеркəсіпте орташа жылдық өсу қарқынының 8 – 8 ,4 % мөлшерінде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнімділігін кемінде 3 есе арттыру жəне ЖІӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету;

өңдеуші өнеркəсіптің негізгі қорларының өнімділігін арттыру;

кəсіпкерлік құрылымды қалыптастыру, бəсекелестік артықшылықты жетілдіретін қоғамдық институттарды қамту, қосылған құнға барынша қол жеткізе отырып, нақты өндірістерде қосылған құн тізбегіндегі элементтерді игеру;

ғылымды көп қажет ететін жəнежоғары технологиялық экспортқа негізделген өндірістер құруды ынталандыру;

сапаның əлемдік стандартына көшу;

дүниежүзілік ғылым – техникалық жəне инновациялық процестерге қосыла отырып, өңірлік жəне дүниежүзілік экономикамен ықпалдасуды күшейту.
Осы стратегияны іске асыру мерзімі 2003-2015 жылдарды қамтиды жəне ол даму барысында келесідей кезеңдерден тұрады:
І кезең. 2003-2015 жылдар аралығын қамтиды; ІІ кезең. 2005-2010 жылдар аралығын қамтиды; ІІІ кезең. 2010-2015 жылдар аралығын қамтиды.

Күтілетін нəтижелер: Индустриялық саясатты белсенді жүргізу экономиканың өсу қарқынын жылына 8,8 – 9,2 % қамтамасыз етеді. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ЖІӨ-нің көлемін 3,5 – 3,8 % еседей ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа өңдеуші өнеркəсіпте орташа жылдық өсу қарқынын 8 – 8,4 %-ға дейін жеткізуге, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнімділігін кемінде 3 есе арттыруға жəне ЖІӨ- нің энергия сыйымдылығын 2 есе төмендетуге мүмкіндік береді. ЖІӨ құрылымында ғылыми жəне ғылыми-инновациялық қызметтің үлестік салмағын 2000 жылғы 0,9 %-дан 2015 жылы 1,5 – 1,7 %-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.


Əлемдік тəжірибе көрсеткеніндей, нарықтық экономикалы мемлекет экономикада құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруда жеке сектормен ынтымақтастық орната алады. Осындай ынтымақтастықтардың көрнекі мысалдары Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, Малайзияда жəне соңғы отыз жылда өздерінің экономикалық даму саласында ірі бетбұрыс жасаған басқа да елдерде бар.

Проблемаларды шешу жəне Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін Даму Банкінің қызметін жандандырумен қатар Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру жөніндегі корпорация, Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттарын құру көзделіп отыр. Стратегия елде ғылымды жəне инновациялық қызметті ынталандыруға бағытталған белсенді мемлекеттік ғылыми жəне инновациялық саясат жүргізуді көздейді. Стратегияны ойдағыдай іске асыру экономиканың адам капиталын, өндірілген жəне табиғи капиталды тиімді пайдалануға негізделген тұрақты өркендеуіне алып келетін оның құрамында сапалы өзгерістер жасауға, Қазақстанның əлеуметтік дамуының құрылысының сапалық жаңа деңгейіне шығуына ықпал етуі керек.


Экономиканы мемлекеттік реттеу əдістері мен саясатын жетілдіру жөніндегі жекелеген ұсыныстарды негіздеу үшін Стратегияның тиісті бөлімдеріне импортты алмастыратын жəне экспортқа бағытталған саясатты іске асыру жөніндегі шет елдердің тəжірибесі, оның ішінде экспорттық саясаттың əр қилы түрлері мен кезеңдері, сондай-ақ əлемдік рыноктарда бəсекелестік артықшылықтарға қол жеткізуге мүмкіншілік беретін факторлар келтірілген.
Қорытындылай келе, индустриялы шараларды атқаруымыз керек:

елдегі инновациялық -инновациялық саясатты жүзеге асыруда келесідей күштерді қалыптастыру жəне нығайту;

мемлекеттік мекемелердің қызметін индустриялы-инновациялық дамудың мақсаттарына сəйкес қайта құру. Бұл – білім, ғылым, қаржы, фискалдьық жəне тарифтік саясатты жетілдіруді қажет етеді; индустриялы – инновациялы дамуды халық арасында насихаттау;

отандық өнімдердің халықаралық рыноктарда бəсекеге қабілеттілігін арттыру үшін əлемдік стандарттар мен сертификаттарға көшу;

инновациялық қызметке мемлекеттік қолдау көрсету, шағын инновациялық бизнесті ынталандыру.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет