«Бекітемін»
«Әлеуметтік экономикалық» ПЦК
__________Эшанкулова Ф.
«____» ____ 2020 ж .
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән
|
Қазақстан тарихы
|
Отырықшы- егінші өркениеттің мәдени ошағы.
Орталық Азияның отырықшы –егінші өркениетінің ерекшеліктері –бірнеше тұрақты мәдени ошақта өмір сүруі және көшпелі өркениетпен тығыз байланыстылығы.Бұл өркениеттің негізгі тоғыз ошағын бөліп қарастыруға болады: Маргуш (маргиандық), Бактрия, Хорезм, Соғды, Ферғана, Шаш, Сырдария жазирасы, Жетісу және Шығыс Түркістан.
Маргуш (маргиандық). Б.з.б. ХVIII-XIII ғасырлардағы қола дәуірінде, Орталық Азияның оңтүстігінде Мурғаб жазирасында Маргуш (маргиан), отырықшы-егінші және қалалық мәдениеті пайда болды.Бұл мәдениет Әмударияның төменгі ағысындағы Бактрияға таралды.Оны кейде «Окс өркениеті» деп те атайды.Маргуштың екі негізгі қаласы – V Намазгадепе мен Алтын-депенің мықты қорғандары, сарайлары, ғибадатханалары мен көп бөлмелі үйлері болды. Б.з.б. II мыңжылдықта астанасы Гонур болды.Маргуштықтар алдыңғы Азия мен Инд өзені аңғарындағы өркениеттермен байланысты орнатты. Б.з.б. I мыңжылдықтың бірінші жартысында Мерв қаласы пайда болды.Ол мұсылман дәуіріндегі Орталық Азияның ең басты қалаларының бірі саналады.
Хорезм – Әмударияның төменгі ағысында орналасқан ірі аймақ. Б.з.б. II мыңжылдықта аймақта хорезмдік отырықшы –егіншілік өркениет пайда болды.Бұл мәдениеттің негізі Даладан бастау алған. Б.з.б. I мыңжылдықтың басында өлкеге хорезмдіктер қоныстанып, Әмудариядан су тартып, канал жүйелерін жетілдірді.Суландыру жүйелері хорезмдік өркениеттің негізіне айналды.Өйткені тоған жүйелерін жыл сайын тазалап, күтіп ұстау ұйымдасқан еңбекті қажет ететін еді.Хорезмнің астанасы Топыраққалада әртүрлі суреттермен, мүсіндермен безендірілген сәулетті сарайлар болды.Хорезмнің бұдан кейін дербес мемлекет ретінде өркендеген кезі Хорезмшах мемлекеті, кейін Хиуа хандығы кезінде болды.Осы мәдени ошақтардың негізгі көнеден жеткен суландыру жүйелері болды.
Соғды. Әмудария мен Сырдария аралығындағы ірі егіншілік аймағында Мараканд (Самарқанд) қаласы пайда болды.Соғдының солтүстігінде Шаш (кәзіргі Ташкент) жазирасы орналасқан.Соғдыда халық тығыз қоныстанды және бұл аймақ әр уақытта түрлі мемлекеттердің құрамында болды.Соғдылықтардың өз жазуы болды, негізінен, сауда мен қолөнершілікпен айланысты.Соғдының Ұлы Жібек жолының бойында орналасуы саудада делдалдық қызметтің артуына және гулденуіне әкелді.Олар Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Шығыс Түркістан, Жетісу және Тараз өңірлерінде сауда орындарын ашты.Кейіннен арабтар жаулап алған соң Самарқанд Мәуреннахрдың , кейін Әмір Темір империясының астанасы болды.Бұдн кейінгі ғасырларда Соғды Бұхара хандығының құрамына кірді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |