Әлеуметтік ғылымдар факультеті Педагогика кафедрасы


 (3-дәріс). Қазіргі заманғы білім беру парадигмалары



Pdf көрінісі
бет28/103
Дата09.02.2024
өлшемі7.85 Mb.
#491487
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   103
Педагигика

 
1.3 (3-дәріс). Қазіргі заманғы білім беру парадигмалары 
 Жоспары: 
1. «Парадигма» ұғымы.. білім беру парадигмалары.
2. Парадигманың түрлері.
3. Білім беру парадигмасының психологиялық аспектілері.
4. Интегралды парадигмалар. 
 
Білім беру парадигмасы өзгерді (парадигма (
гр.
 үлгі деген сөз) – зерттелетін мәселені 
шешу үшін үлгі ретінде алынған 
теория
; т.б. Бүгінде гуманистік, тұлғалық-бағдарлық білім 
беру парадигмасы қалыптасты, оның негізіне адамды жоғары әлеуметтік құндылық деп 
мойындау, тұлғаны құрметтеу, оның мақсаты мен талап-тілегін ескеру, оның қабілетінің 
толық ашылуына, үнемі өзін-өзі жетілдіруіне, өзін-өзі танытуына максималды жағдай жасау 
алынады. Парадигма ғасырлар бойы мәдени-тарихи жағдайларға сай білімнің әлеуметтік 
феномен ретіндегі негізгі параметрлерінің басым болуымен қалыптасады. Белгілі 
парадигмалар ішінен білімге тұрақты қызмет атқарған екі парадигманы ашып айтуға болады, 
олар:ізгілік және классикалық парадигмалар. 
Ғылыми зерттеулерде «парадигма» ұғымына әртүрлі анықтамалар кездеседі: 
Парадигма – (грек. Рaradeigma – үлгі) 1. Берілген білімдер саласындағы белгілі бір тарихи 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
кезеңдегі ғалымдардың зерттеу практикасы, соларға қарап ұйымдастырылатын негізгі 
ғылыми жетістіктер жүйесі. 2. Шындық болмыстың мәнді сипаттарын білдіретін ұғымдар 
жүйесінде қалыптасқан қатаң ғылыми теория. 3. Белгілі бір тарихи кезең ішінде ғылыми 
қоғамдастықта үстем болатын зерттеу әдістерінің, мәселелер қою мен оларды шешудің 
бастама тұжырымдамалық сұлбасы, моделі. 
«Парадигма» ‒ педагогикада міндетті өзгерісті немесе әр түрлі дүниеге көзқарас 
тұрғысында өзгеше мағыналық ойды танытатын ұғым. Педагогикалық сөздікте «парадигма» 
белгілі бір кезеңдегі ғылым дамуының ғылыми зерттеу стандарттарының, алынған 
мәліметтерді, ғылыми зерттеу нәтижелерін бағалау мен жүйелеудің моделі ретінде 
қабылданған теориялық және әдіснамалық ереже, тұжырымдамалық схема» деп беріледі. 
Парадигма ұғымын ғылымға енгізген Бергман, ал оны зерттеген американдық физик,
философ Т. Кун. Ғалымның зерттеуіне сүйенсек, «парадигма» ‒ қарастырылып отырған 
кезеңнің нақты ғылыми зерттеулерін анықтайтын алғышарттардың жиынтығы. 
Философия мен әлеуметтануда парадигма – уақыттың өтуіне байланысты өзгеретін 
және ғылым дамуының қандай да бір кезеңдерін сипаттайтын бастапқы тұжырым. Логикада 
парадигма ғылым дамуының белгілі кезеңінде ғылыми зерттеулерде қолданылатын ғылыми 
қоғамда қабылданған үлгі, нобай, стандарт эталоны мен ғылыми таным үдерісінде ғылым 
негіздерін жүйелеуде, бағалауда қолданылатын теориялық және әдіснамалық қағидалар 
жиынтығы ретінде көрсетіледі. Психология ғылымында парадигма белгілі бір тарихи 
кезеңдегі осы саладағы ғылымдардың зерттеу практикасын ұйымдастыруға болатын 
үлгілерден тұратын негізгі ғылыми жетістіктердің жүйесі. 
Парадигма түсінігі педагогикада екі тұрпаттағы мәнмен толықтырылады. Біріншісіне 
Т. Кунның классикалық түсіндірмесіне сай ғылыми айналымдағы мәселелерді және оларды 
шешу жолдарын үлгілеуде танымал болған ғылыми жетістіктер, ғылыми қызмет үлгісі, 
нормалар, критерийлер, стандарттар жиынтығы деген анықтама беріледі. Парадигманың 
екінші түсінігі В.В. Краевский, Е.В. Бондаревская, И.А. Колесниковалардың пайымдауынша, 
парадигма мазмұны, идеялары, негізгі білім жүйесін жобалаудың тұғырлары, білім 
стратегиясы немесе үлгісі салынған құбылыс қарастырылады. Ғалымдардың зерттеулеріне 
сүйенсек, білім беру парадигмасын анықтайтын элементтер қатарына жататындар: 
адамзаттың белгілі тарихи кезеңіне қажетті анықталатын білім және біліктіліктің 
жиынтығына деген көзқарас; өркендеу бағытындағы мәдениет пен ад

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет