Ортасы
|
Мұғалім жаңа сабақты оқушыларға бастау үшін зерттеу әдістерінің түрлеріне байланысты терминдермен таныстырады. (нысан, зерттеу, әдістер,құралдар,дерек көздер,график, диаграмма,профиль).
Бұл терминдерді қайда қолданамыз?
Қандай мағана береді?
Бүгінгі өтетін тақырыбымызға қатысы барма?
Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды.
. Мақсат қою
Оқушыларға бүгінгі сабақтың мақсатын анықтау үшін сұрақтар қойылады.
Зерттеу әдістері дегеніміз не?
Зерттеу әдістерінің қандай түрлерін білесіңдер?
Зерттеу нәтижелерін қандай үлгіде көрсете аламыз?
Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, оқу мақсатын анықтайды.
Оқушыларға тақтадан найзағайдың суреті көрсетіледі. Найзағай құбылысының атауының мағынасын түсіндіруді сұраңыз.
Құбылысты найзағай атаудағы себеп қандай болды?
Құбылысты басқаша қалай атар едіңіз?
Қазақ халқының географиялық терминдеріне бірқатар мысалдар келтіруді сұраңыз.
Оқушылар «тау,дала,тас,жартас», «су,теңіз,мұхит,көл», «ауыл,қала,елді-мекен», «қоян,жылан,жылқы,ит» сөздері арқылы төрт топқа бөлінеді. Олар өздеріне берілген сөздер арқылы топқа бөлінеді және өздеріне қатысты тақырып бойынша жұмыс жасайды. Қазақстан бойынша кемінде 3 терминнің мағынасын түсіндіреді
Жұппен жұмыс:
1.Тапсырма.Төмендегі статистикалық мәліметтерді пайдаланып Қазақстан халқының ұлттық құрамының пайыздық ара қатынасын салыстыра отырып,диаграмма тұрғызыңыздар.
Қазақстан халқының ұлттық құрамы.
Республикада қазақтардан басқа 131 ұлыстың өкілдері тұрады. 2013 жылы өткізілген халық санағының қорытындысы бойынша халықтың этноқұрамы келесідей болды: қазақтар - 65,2%, орыстар - 21,8%, өзбектер - 3%, украиндар - 1,8%, ұйғырлар - 1,4%, татарлар - 1,2% , немістер - 1,1%, корейлер - 0,6%, түріктер - 0,6% .
Тапсырма орындалып болғасын жұптар орындаған жұмыстарын қарсы жұптармен алмастырып бағалайды
Бағалау дескрипторы.
1.Пайызға шаққандағы ара қатынасын анықтайды.
2. Ұлттық құрамын салыстырады.
3. Салыстыра отырып диаграмма тұрғызады.
|
|
Сабақтыңсоңы
|
Рефлексия.
«Плюс-минус-қызықты» әдісі.
Оқушыларға сабақ соңында кестені толтыру ұсынылады: П(+); М(-); Қ (қызықты).
«П»-«плюс» бағанына сабақта ұнаған нәрсе жазылады: ақпарат, жұмыс түрлері, т.с.с.
«М»-«минус» бағанына сабақтың ұнамаған немесе түсініксіз сәттері, оқушы пікірі бойынша оған ешқандай қажеттілігі жоқ ақпарат жазылады.
«Қ»-«қызықты» бағанына оқушылар сабақта естіген қызықты мәліметтерді жазады, оған қоса тақырып бойынша білгісі келетін мәселелер бойынша мұғалімге сұрақтар жазуға болады.
|
Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды
|