3.2 (15-дәріс). Жоғары білім берудегі менеджмент
Жоспары:
1. ЖОО-ны, оның мәртебесі мен міндеттері.
2. ЖОО-дағы басқару органдарының құрылымы.
3. ЖОО-дағы әртүрлі деңгейдегі әкімшілік жұмысының өзіндік ерекшеліктері.
4. Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру және басқару. ЖОО-дағы өзін-өзі басқару,
ұйымдардың негізгі қағидалары.
Менеджмент (ағылшын тілінен аударғанда «ұйымдастыру, басқару, меңгеру) -
өндірісті, әлеуметтік, саяси және рухани процестерді басқарудың жалпы ұстанымдарының,
нысандары мен әдістерінің жинақтамасы. П.Друккердің пікірінше қазіргі менеджмент –
басқару қызметінің мамандандырылған түрі, ол адамдарды төңірегіне жинап, бірлесе
қимылдау мақсатына қабілетті етеді, олардың күшін тиімді қолдануға жетелейді және
дәрменсіздіктерін басады, өйткені қоғамға үлес қосу адамның қабілетіне, кәсіпорынды
басқара білу шеберлігіне, өз күші мен оның қайтарымына байланысты.
Белгілі ғалым Ю.А.Конаржевский : «Менеджмент – бұл басқарушыға ғана емес, кез
келген маманға қажет білімдердің жиынтығы. Егер сіз белгілі бір салада – медицинада, білім
беру жүйесінде, ғылымда бизнесте кәсіпқой маман болсаңыз, құрылымға біте қайнасып,
араласып кету үшін менеджменттің негізгі қағидаларын білмейінше оңай болмайды», - дейді.
Менеджменттің ерекше саласы – педагогикалық менеджмент. Оның өзіне ғана тән
ерекшеліктері мен заңдылықтары бар
.
Бұл ерекшелік В.В.Крыжконың пікірінше, білім беру
үрдісі менеджерінің еңбек пәні, құралы, өнімі және нәтижесінде болып отыр. Білім беру
үрдісі менеджерінің еңбек пәні басқару субъектісінің іс-әрекеті, ал еңбек өнімі оқу-тәрбие
үрдісі туралы ақпараттар, еңбек құралы – оның сөзі, сөйлеуі, еңбек өнімі педагогикалық
менеджмент нысанының, яғни білім алушылардың дамуы мен білімділік, тәрбиелік деңгейі
болып табылады.
|