Тәрбие шығуы. Ежелгі және орта ғасырлардағы тәрбие мен оқытутақырыбы бойынша прагма кәсіби тапсырмалар:
1.Алғашқы қоғамдағы тәрбиеге тән ерекшеліктерді ашып көрсету.
Тәрбие тәжірибелік-практикалық сипатта болды, яғни тәрбие еңбек тәжірибесінен, еңбек дағдысынан туындады.
Ересектер балалар өмірге қажетті негізгі амал-жолдарды үйретті: азық табу, үй шаруасына қажетті заттарды даярлау, өзінен кішілерге қарау, киім-кешек даярлау және т.б. балалар бәріне ортақ болды.
Кіші балалардың тәрбиесімен қауымның әйелдері айналысты (олар балаға еңбектің қарапайым түрлерін үйретті).
Ересек балалар ер азаматтармен аң, балық аулауға машықтанады.
Қыз балалар үй шаруасына көмектесті.
Алғашқы қауымдық қоғамдағы адамдар тіршілігінің басты шарты – еңбек құралдарын жасау және оларды пайдалану болды.
Кейіннен жағдай өзгереді. Қоғамның ыдырай бастауы және әлеуметтік жағдайының күшеюі оларды қаталдыққа итермеледі. Адамды ұрып-соғу, жазалау қолданылды.
Тәрбиенің ұжымдық дәстүрі «Жастар үйі» пайда болуына алып келді. Жастардың тәрбиесімен рудың тәжірибелі қарттары айналысты. Олар жастарды: өмірге, еңбекке, сынаққа дайындады.
Біртіндеп еңбек түрі күрделенді (мал бағу, жер игеру, қолөнер дамыды), осыған орай тәрбие де күрделеніп, көпжақты болды
2.Ежелгі шығыс өркениеттеріндегі мектептер тәжірибесін негіздеу.
Құлиеленуші мемлекеттер ең алғаш ежелгі Шығыс елдерінде пайда болды, онда рухани мәдениеттің негізі қаланды. Мемлекеттің құрылуымен қатар үстем таптың балаларына, әскери адамдарға арнап арнайы мектептер ашыла бастады. Мектеп пен тәрбиенің дамуына әртүрлі әлеуметтік , экономикалық, мәдени, этникалық, географиялық жағдайлардың әсері мол болды. Тәрбие қоғамдық сипат ала бастады. Мектепте жазуға, оқуға аса мән берілді. Ежелгі Шығыс мемелекеттеріндегі мектеп пен тәрбие нақты тарихи, мәдени , адамгершілік, идеологиялық құндылықтармен бірлікте дамыды. Месопотамияның ежелгі қалаларында оқу орындары, парктер ашылып, ірі көпірлер салынды. Оқу орындарында: философия, әдебиет, музыка, тарих, геометрия, география, математика оқытылды. Дін мәселесін меңгерді. Ежелгі Египет мектептерінде сабақ ертеден кешке дейін оқытылды: әдемі жазуға, оқуға, іс-қағаздарын әдемі толтыруға үйренді, математика, география , астрономия, медицина басқа халықтардың тілдері меңгертілді. Ежелгі Индияның діни және ақсүйектер мектебінде элементарлық білім берілді, діни мектептердегі білімде діни бағыт басым болды. Кейбір мектептерде философия, математика, медицина т.б. меңгертілді. Тәрбие ақыл ойды, денсаулықты, руханилықты, дамытуды көздеді, әдемілікті қабылдауға, ұстамды болуға бағдарлады. Ежелгі Қытай мектептеріндегі сабақтар қысқа да нұсқа өтті: сабақтың жеңілдігі оқытушы мен оқушы арасындағы түсінушілік, оқушының дербестігі ескерілді. Оқытушы оқушыны әртүрлі тапсырмаларды өздігімен дербес шешуге үйретті. Оқытудың басты мақсаты – иероглифті жазбаны меңгерту болды.
Достарыңызбен бөлісу: |