Әлеуметтік жүйе (ағылш. social system) – өндірістік және бейөндірістік салаларды тұтас қамтитын жүйе болып, әлеуметтануда ол тұлғалар, топтар мен институттар арасында болатын, біртұтас тұтастықты құрайтын қатынастардың жүйелі желісі.
Әлеуметтік өзара әрекет – дәл осы сәттегі және болашақта болатын индивидтің, индивидтер тобының, жалпы қоғамның кез-келген мінез-құлқы.
Әлеуметтік сезім — адамдардың бір-бірімен қатынас жасау қажеттігінен туындайтын және біртіндеп дамып қалыптасып отыратын жан қуаты.
Әлеуметтік стереотип – әлеуметтік объект немесе құбылыс туралы тұрақты, қарапайым түсінік.
Бұқаралық ақпарат – тұлғалардың шектеусіз топтарына арналған баспа, дыбыс-бейне және өзге де хабарлары мен материалдары.
Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ, ағылш. Mass media) — арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер.
Бұқаралық коммуникация – ақпарды (хабарды), білімдерді, рухани байлықтарды, моральдық және құқықтық (праволық) нормаларды және тағыда сол сияқты техникалық құралдардың (баспасөздің, радионың, киноматографияның, теледидардың) көмегімен саны көп, бытыраңқы аудиторияға тарату үрдісі.
Бұқаралық сана — қоғамдағы қалың бұқараның деңгейіндегі идеялардың, көзқарастардың, сезімнің, көңіл-күйлерінің жиынтығы, ұжымдық топтардың қажеттері мен мүдделерін тұтас бейнелейтін, олардың өмірлік мұраттары мен тәжірибелерін талдап, тұжырымдайтын түсінік.
Бұқаралық сана субъектісі — әлеуметтік топтардың қоғамдағы орнына, көздеген мұрат-мақсаттарына қарай белсенді, прогресшіл немесе бейтарап, бейжай сипатта өріс алады.
Кибербуллинг – бұл адамдардың интернет немесе басқа да цифрлық технологиялар арқылы қорлауы мен қудалауы.
Киберқауіпсіздік — құпиялылық, тұтастық және қол жетімділіктің қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын процесс.
Компьютерлік қауіпсіздік — есептегіш құрылғылар (компьютерлер, смартфондар және басқа), сондай-ақ компьютерлік желілерді (жеке және көпшілік желілерді, интернетті қоса алғанда) қорғау үшін қолданылатын қауіпсіздік шаралар.
Мінез-құлық — адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы.
Цифрландыру – бұл цифрлық технологияларды адам өмірінің әртүрлі салаларына: күнделікті өмірден өндіріске, бизнеске және мемлекеттік басқаруға енгізу.
Электронды БАҚ – ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуынан туындаған журналистикадағы жаңа ұғым.
Достарыңызбен бөлісу: |