Әлеуметтік серіктестіктің құрылымы: кітапхана тәжірибесінен



Дата02.07.2016
өлшемі68.5 Kb.
#173065
Әлеуметтік серіктестіктің құрылымы: кітапхана тәжірибесінен

(А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхана директоры К.М.Ақжігітованың баяндамасы; республикалық кітапхана конференциясы, Атырау қ., мамыр 2010)


Құрметті мәдениет комитетінің төрағасы, әріптестер! Сіздердің алдарыңызда баяндама жасауға шақырғандарыңыз үшін шынайы алғыс білдіремін!
Станислав Ежи Лец «Адамдар жеке дара өмір сүреді, өйткені көпірдің орнына дуал тұрғызады», - деген еді. Сондықтан адамнан адамға байланыс көпірдерін орнатуды бастайық. Бірлескен күш дара күштен әрқашан тиімдірек – ол бәрімізге белгілі. Мәселе - соны қалай іске асыру. Менің сөзім осы туралы.
Біз әлеуметтік серіктестіктің мынандай анықтамасын пайдаланамыз:
Бірінші. Әлеуметтік серіктестік Жарғыда жазылмаған. Бұл - қандай да міндет жүктемейтін іс-әрекет. Бұл - ізгілікті істің бірі.
Екінші. Әлеуметтік серіктестік өзара пайдалы табысты іске негізделген. Сондықтан «Сен – маған, Мен – саған» – фразасынан қысылмауымыз керек.
Үшіншіден. «Бірлесе істейік» деген үндеу үнемі жүзеге аса бермейді. Сондықтан серіктестік қарым-қатынастар орнату үшін нақтылы іске көшкен жөн.
Әлеуметтік серіктестік құрылымына келгенде, біз мынандай сұрақтарға жауап береміз:

I. Кіммен? – бұлар Қатысушылар.



II. Не? – бұл серіктестермен алмасу ретінде ұсынылатын қызметер.

III. Қалай? - Әлеуметтік серіктестікті іске асыру жолдары.
Сонымен, бірінші пункт. Кіммен?

I. Әлеуметтік серіктестікке қатысушылар. Бұлар, бірінші тараптан, кітапхана, екінші тараптан, мынандай топтар болуы мүмкін:

  1. Билік

  2. НПО

  3. Бюджеттік сала ұйымдары

  4. Бизнес-құрылымдары

  5. Қорлар

  6. БАҚ

Қатысушылар тізіміне басқа серіктестерді енгізіп жалғастыра беруге болады.
Екінші пункт – Не?

II. Мұнда біздің барлық серіктестерге не ұсынатынымыз туралы айтылады. Біз ұсынатын қызмет түрлері:


    1. Ақпараттық ресурстар (біздің кітапхананың, қашықтағы ақпараттық орталықтардың және т.б.)

    2. Азаматтық қоғамды дамытуға ықпалын тигізетін бағдарламалар

    3. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға ықпалдық

    4. Білім беру қызметі (курстар, семинарлар, тренингтер)

    5. Іс-шаралар өткізу

    6. Іс-шараларға қатысу

    7. Консалтингтік қызмет

    8. Аударма қызметі

    9. Баспа-дизайнерлік қызмет

    10. Заманауи құрал-жабдықтар (проектор), қызықты бағдарламалардың есебінен құрал-жабдықтар, залдардың арендасы

    11. Веб-серверден хостинг ұсыну

    12. Ұйымдар сайтын құру және оны техникалық қолдау

    13. Серіктестердің өндірістік міндеттерін шешуге кеңес беру қызметі (Бибі Ана)

    14. Делдалдық қызмет

    15. Психологиялық лекторий

    16. Заң дерекқорларын пайдалану және адвокаттың ақысыз кеңестері

Бұл тізімді жалғасыра беруге болатыны сөзсіз.


Осы «Не?» деген екінші пунктінде біз міндетті түрде басқа бір сұраққа жауап беруеміз керек. Ол сұрақ: Біз орнына не сұраймыз?

Біздің сұрайтынымыз:

  1. Қолданыстағы ақша

  2. Біздің қызметімізге төлемақы

(Мәселен, ақысыз кітап басып шығару, провайдердің құрал-жабдықтарды ақысыз жөндеуі. «Coca-Cola» фирмасы біздің «Ашық аспан астындағы кітапхана» деген жобамызды қолдап, үстелдер және оған арналған зонтиктертерді тарту етті).

  1. Ақпараттық ресурстарды сатып алу.

(Біз Ресейден «Нобелевские лекции», «Терра» энциклопедия басылымдарын тегін алдық).

  1. Құрал-жабдықтар сатып алу.

  2. Бағдарламалық өнімдерге жеңілдіктер.

(Касперский ПО, Ирбис, және т.б. жазылу).

  1. Білім көтеру.

(Біздің кітапханашылар Америка, Германия, Франция, Ресей елдерінде тәжірибеден өтті. Биылғы жазда біздің маман Швецияда өтетін ИФЛА кездесуіне грант жеңіп алды).

  1. Консалтингтік қызмет.

(Адвокат, журналист және т.б. мамандардың қызметі)

  1. Буклеттер, басқа өнімдерді басып шығару және олардың таралымын көбейту.

  2. Жарнама өнімдерін орналастыру.

(Мысалы, БАҚ, көліктерде)

  1. Аумақты көріктендіру.

Бұл тізімді де одан әрі жалғасыра беруге болады.

III. Енді ең соңғы үшінші пункт – Қалай? Мұнда іске асыру жолдарын қараймыз.
Егер тау Магомедке бармаса, біз тауға, яғни, серіктестерге қарай жүреміз. Және оларға құр қол емес, нақтылы қызметімізді ала барамыз (бізде 16 қызмет түрі).

Серіктестік орнатуда кімнің бірінші қадам жасайтыны өте маңызды. Әдетте ол қадамды кім барынша ақпаратты, білімді, бастамашыл болса, сол бастайды. Біздің тәжірибемізде бірінші қадамды кітапхана бастайды. Сонымен:



    • кәсіпорын басшысының жүрегіне жол табу үшін оның өзінің және кәсіпорын қызметінің ерекшелігін білуге тырысамыз,

    • біздің әріптестер әлеуетті серіктестермен жеке жүздесуге барады,

    • хаттар жазамыз,

    • жарнамалық буклеттер апарамыз,

    • кітапхана бағдарламаларына шақырамыз,

    • өз қызметімізді ұсынамыз,

    • серіктестердің іс-шаралар өткізу үшін өз залдарымызды ұсынамыз, сонда «қармаққа ілуді» көздеп жаңа адамдармен танысамыз, олардың тілек-талаптарын білеміз,

    • БАҚ құралдарын пайдаланамыз: жаңалықтар сюжеті, теледидарға сұхбаттар және көптеген мақалалар,

    • веб-сайт сапасын көтереміз – оны тартымды және талапқа сай жасаймыз,

    • нақтылы көмектер береміз және жаңа іскерлік қарым-қатынас құрамыз,

    • серіктестердің іс-шараларына қатысамыз және өзіміздің ресурстарымыз бен қызмет түрлерін ұсынамыз,

    • барлық жеке байланыстарымызды пайдаланамыз.

Ал енді «Сен – маған, Мен – саған» екінші пунктке (II) толығырақ тоқталғым келеді.



Билік орындарына ұсынамыз:

  1. Ақпараттық ресурстар.

  2. Білім ресурстары.

(Біз бес жылдан аса уақыт бойы Мемлекеттік қызметкерлердің білімін көтеру және қайта дайындаудың Өңірлік орталығымен бірлесіп қызмет істейміз. Тек өткен жылы бізден ауылдық, аудандық және қалалық әкімдіктерден 832 мемлекеттік қызметкер оқыды).

  1. Іс-шаралар өткізу.

(Біздің кітапханада Мәдениет басқармасының коллегиялары, облыс Әкімімен кездесулер, мемлекеттік құрылымдар жобаларының презентациялары т.б. өткізіледі).

  1. Баспа-дизайнерлік қызмет.

(Жуықта Мәдениет басқармасы үшін буклет әзірлеп, басып шығардық, облыс Әкімі буклетті басқа облыстық департаменттерге үлгі ретінде ұсынды).

  1. Делдалдық қызмет.

(Ол әсіресе е-үкіметте ерекше көрініс табады. Біз халыққа мемлекеттік онлайн-қызметті пайдалануға көмек береміз: шенеуніктерге хат-хабар жіберуге, билік өкілдерінің Интернет конференциясына сұрақтар қоюға, салық декларацияларын жіберуге т.б.).

  1. Консалтингтік қызмет.

(Нормативтік құжаттарды, баяндамалар мен хабарламалар әзірлеуге көмек береміз)
Осындай кәсіби білікті қызметіміз арқылы танымал болып, биліктің сеніміне қол жеткіздік.
НПО-ға біз әдеттегі қызмет түрлерін ұсынамыз. Бірақ мынандай ерекшелігі бар: НПО-ның материалдық ресурстары жеткіліксіз, ал, негізгі қызметі әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған. Сондықтан біз олардың жобаларына қатысамыз және қызмет түрлерінің бірқатарын ақысыз немесе үлкен жеңілдіктермен ұсынамыз. Мысалы, бірге семинарлар өткіземіз, кітапхана серверінен ақысыз орын береміз, электронды мемлекеттік сатып алу веб-сайтымен жұмыс істеуге оқытып-үйретеміз және т.б.
Келесі топ - бюджеттік сала ұйымдары. Ол: білім, медицина, мәдениет. Бұл топтардың ерекшелігі мынада - олар осындай бірлескен қызметке психологиялық және интеллектуалдық тұрғыда үнемі әзір. Біздің қызмет түрлерінің тізімін түсінікпен қабылдайды, бірақ, өкінішке орай тең жағдайда қайтара алмайды.
Бизнес тобы

Бұл топтың ерекшелігі – олар байланыс орнатуға белгілі бір себептер бойынша жабық. Оларда психологиялық кедергі мықты. Сондықтан бұл топпен байланыс орнату үшін біз көп күш жұмсаймыз.


Тәжірибе көрсеткендей, бұл топқа мынандай қызмет түрлері қажет: ақпараттық қолдау (Интернеттен іздеу, заңдардың толық мәтіні, ...) және залды арендаға алу, аударма қызметі.
Келесі серіктестер – Қорлар мен шетелдік ұйымдар
Қорлар серіктестік байланыс жасауда өз шаттарын ұсынады. Осы жағдай бұл топпен бірлескен жұмыстың ерекшелігі. Қорлар өзіне жауапкершілік алғаннан кейін, серіктестерді де жауап беруге мәжбүрлейді. Дегенмен олардың миссиясы әлеуметтік мәселелерге бағытталған: демократияландыру, гендерлік теңдік, халықтың күнкөрісі төмен буындарына көмек беру және т.б. Сондықтан жоғарыда айтылған бірінші 4 бағытары дәл осы қорларға арналған. Олар:

  1. Ақпараттық ресурстар.

(Мы бесплатно предоставляем свои фонды и базы данных, организуем доступ к Интернет и дистанционные услуги).

(Біз кітапхана қоры мен дерекқорларымызды ақысыз ұсынамыз, Интернетті пайдалану және қашықтық қызмет түрлерін ұйымдастырамыз).



  1. Қоғамды демократияландыруға ықпал ететін бағдарламалар.

(Біздің барлық жобаларымыз ресурстарды дамытуға, ақысыз қызмет түрлерін кеңейтуге, білім алуға және жеке тұлғаның дамуына бағытталған).

  1. Білім беру қызметі.

(Біз компьютерлік және Интернет-сауаттылық тренингтерін, үлкендер мен балаларға ағылшын, неміс, француз тілдерін оқытып-үйрету курстарын, шетелдік мамандардың қатысумен көпшілік лекциялар мен семинарлар ұйымдастырамыз және т.б.)

  1. Іс-шаралар өткіземіз.


Енді БАҚ тобы
Олар біздің ақпараттық ресурстарымызды өте қажет етеді. БАҚ үшін ақпараттарды жедел ұсыну керек. Жедел ғана емес креативті болуы шарт. Біздің кітапханамыз осы талаптар үдесінен шығады.
Біз нарықтық қатынастар кезінде өмір сүреміз. Ол өзінің заңдылықтарына бағындырады. Кітапханалар мынаны жақсы білуі тиіс - егер біреуден жай ғана өтініп сұрап, орнына ештеңе қайтара алмасақ, онда біз ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмаймыз.
Әлеуметтік серіктестікте өзіңнің сенімді серіктес екендігіңді, саған сенуге болатындығын дәлелдеу қажет. Қазіргі күні біздің 20-дан астам серіктесіміз бар.
Сонымен, біз сіздерге Кімге? Не? Қалай? - деген сұрақтар енген әлеуметтік серіктестіктің үлгі-схемасын ұсындық.
Осы үлгі арқылы өз кітапханаңыздың әлеуметтік серіктестік жағдайын жеңіл талдап, әлеуетті немесе әлсіз жерін анықтауға болады. Оның ең бастысы - әлеуметтік серіктестіктің одан әрі даму келешегін анықтау.
Құранда былай жазылған: «Егер Құдай қаласа, ол біздің бәрімізден бір халық жасай алар еді, бірақ ол бізді сынаққа алады». Біз осындай сынақтарды жеңіп шығуға мүдделіміз.
Көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рахмет.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет