Елеуова Гүлжайна Қуанышбайқызы Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы



Дата10.06.2016
өлшемі112.4 Kb.
#126156
Елеуова Гүлжайна Қуанышбайқызы
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы.

Бәкір Тәжібаев атындағы балалар музыка мектебінің

Домбыра аспабының мұғалімі.

«Ұлылықтың басында Ұстаз тұрар»

Сахна «Қазақ» биімен ашылады.

1-жүргізуші: Құрметті аяулы ұстаздар қауымы! Сіздерді қазан айында Республика көлемінде аталып өтетін тамаша мереке- Ұстаздар мерекесі құтты болсын.Ұстаз мектептің айнасы, бәйтерегі.Егеменді Тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы-мектеп десек, мектептің басаты тұлғасы, жүрегі-Ұстаз.Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арнаған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыр берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Құрметі ұстаздар мен білім саласының ардагерлері! Сіздерді мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, мықты денсаулық, шығармашылық табыстар, ізгі махаббат пен мейірім тілейміз!

2- жүргізуші: Ұстаз! Ұстаздық – ұлы нәрсе. Ұстаздық ету өзіңнің уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау. Жарық дүниеде бұдан асқан қиын, бұдан асқан қиямет қайым қызмет жоқ. Патшалық құру ұстаздық етуден он есе жеңіл. Ұстаздық міндетті батыр да, бай да, патша да атқара алмас. Ұстаздық ұстаздан басқа ешкімнің қолынан келмейді. Қысқасы патшалық құру – рахат, ал ұстаздық ету – бейнет. : Сол бейнеттің зейнетін көріп отырған аяулы ардагер ұстаздарымыз бүгін ортада отыр.

1-жүргізуші : Ұстаз болу-жүректің батырлығы

: Ұстаз болу- сезімнің ақындығы

Ұстаз болу-мінездің күн шуағы

Азбайтұғын адамның алтындығы

2- жүргізуші: Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылмемен емдейтін,
Болса дағы малға кедей өмірде.
Бар байлығым шәкірттеррім сен дейтін


1.И.Нүсіпбаев. «Мұғалім ғазиз-мұғалім».

2.Ә.Еспаев. «Ұстазым» Орындайтын хор жеке дауыста Алиысов Алтынбек

1-жүргізуші Ұстаз,ұстаз!!!
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық.
Әль фараби, Ыбырай мен, Ақаңды
Осы сөз ғой қойған бізге үлгі қып.


2- жүргізуші Асыл ұстаз-мәңгі мектеп жүрегім,

Есіміңді әнге бөлеп жүремін

Пейіліңе ұқсап тұрып бір сенің,

Әлемдегі әсем сұлу гүл едің,-деп, келесі кезекті сұлу әуенмен

жан тебірентіп, көңілдің ажарын келтірер, әсем әнге берейік, қабыл алыңыздар.

3.Дуэт «Мектебім»

1-жүргізуші Ақырын жүріп анық бас.

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!

2-жүргізуші:


Алайық ескі күйдің бәрін жиып,
Жандырған ой-қиялдың, қалың күйін,
Шерттіріп құнарлырақ домбараға,
Тербеліп ырғағына тамылжиық.
Күмбірлепқобыздан төгілетін тағы бір күй бүгінгі мереке иелеріне арналмақ.



4. Ендеше сахнада Аязова Жангүл !Тәттімбеттің күйі «Сылқылдақ».Қошемет.


1-Жүргізуші: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.



2-жүргізуші: Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

5.Алдарыңызда «Ұстаздар» әнімен Қожабаев Елдос



1-жүргізуші : Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,

Перне басқан оркестрдің үніндей

Әр баланың жүрегіне жол тауып,

Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.

Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,

Жыр оқисың нөсер болып құйылып



2-жүргізуші:
Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,

Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп

Жалын атып, от боп, бірге жанасың,

Білім беріп, содан бақыт табасың

Бар өмірің өрнектеліп баламен,

Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.



6.
М.Әубәкіров «Наркескен». Орындайтын оркестр.


7.Құрманғазы «Қызыл қайың».

1-жүргізуші: Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,

Ол болмаса, кім береді парасатты.

Асылын беріп шәкірт бойларына,

Ағартқан сол үшін де қара шашты

2-жүргізуші: Ұстазға әркім басын ию керек,

Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.

Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,

Жеткізген сол ұстаз деп білу керек

8.Халық әні. «Құрбым-ай» Сахнада Алпысов Алтынбек.2

1-жүргізуші: Қазақ қызы күлімдер күн көзіндей,
Дөңгеленіп билейді ай жүзіндей.
Жұлдыздардай өрнекті аспандағы,
Биші қыздар бұрала билейді би.


2-жүргізуші: Сәйгүлікті құйрық-жалы таралған,

Сүйетұғын қазақ осы,

Қараңдар!

Қазақ осы:

Күй шығарып, ән салып,

Көкпар тартып, қыз қууға жаралған,-деп Қадір Мырзалиев жырлағандай ендігі кезекте «» биін тамашалаңыздар.

9.Сахнада Нұрғазы Жанар. «Қазақ биі»

1-жүргізуші:

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.


2-жүргізуші

Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!


10.«Айналдым елім» орындайтын Ибраимова Сара

1-жүргізуші: Мың рахмет саған мұғалім ардақты адам

Айналаң толсын гүл баққа

Ұлы елдің баулып ұланын жасарып жылда

Жасай бер әрбір ұрпақта

2-жүргізуші: Тал бойы нәзікке тұнып тұрған

Биімен барша жұртты қызықтырған

Өнерде алдына жан салмаған

Қазақтың қыздарын-ай жанып тұрған

11. Шапағат би тобы « Харезім» биімен .

1-жүргізуші: Ашық болсын нұрға толы көгіміз,

Аман болсын еліміз бен жеріміз.

Аманаттап тапсырамыз тағдырды -

Анамыз деп қабылдадық сені біз!

 2-жүргізуші:



Әр таң сайын жаңа арман құшамыз,

Ұстазымыз - үлгі бізге ісі аңыз.

Жақсылықты, тәтті үмітті танытқан

Өзіңізді мәңгі үлгі тұтамыз!

12.ән. « Туған жер » орындайтын Қожабаев Елдос

1-жүргізуші: Ұстаз,ұстаз!

Ардақты да,құдіретті бұл есім.

Үнемі сен жүрегімнің түкпірінде жүресің,

Тұлғаң сенің,тұрады менің көз алдымда әрқашан

Қасиетті әр сөзіңнен өз жаныма нәр қосам.

 2-жүргізуші: Ән салса әншілерім шайқаларсың,



Әр сөзін тоқсан тоғыз қайталарсың.

Осындай ән туғызған қазағымды,

Қалайша тар пейіл деп айта аларсың.

13. Ән.« Ұстаз туралы ән » Орындайтын Ибраимова Сара

1-жүргізуші: Ұстаз,ұстаз!

Сен көрсеттің білім жолын іздеген,

Жүріп кеттім мен де алға,

Сен көрсеткен ізбенен.

Талай ғалым, талай ақын,

Қанаттанды өзіңмен.

Дүние сырын таныды олар,

Сенің айтқан сөзіңнен!

2-жүргізуші : Ақ көңіл ағызайын әннің майын,

Жас дәурен шалқып жатқан айдындайын.

Астынан алты қырдың шыққан даусым,

Жетсе екен құлағына қалқатайдың.

14.Ән. « Мектебім » Орындайтын Көшербаева Ақнұр

1-жүргізуші: Мен мәңгі қарыздымын ұстаз саған,

Құдіретіне бас имей қалған ба адам.

Мінезіңе байсалды ғашық болып,

Мен де өзіңдей болуды армандағам.

2-жүргізуші: Ең қадірлі мамандық ұстаздық-ол,

Адамзатқа ашатын білімге жол.

Жетсем деп осы асыл арманыма

Күннен-күнге асығып созамын қол.

15.«Ұстазға» әні Орындайтын Қолдасбаев Нұрәділ.

16.Келесі тыңдайтын әндеріңіз «Байғанин жастарының маршы ».

1-жүргізуші: Игіліктен теріп маржан-жақұтты,
Ізгілікке арнаған бар уақытты.
Қиындықтан қаймықпаған ешқашан,
Барлық ұстаз бола берсін бақытты!


2жүргізуші: Қиындықтың көргенменен қандайын,
Басқалардың қақтырып бір таңдайын.
Әр мереке ұстаздарға осылай
Шаттық алып келе берсін әрдайым!


1-жүргізуші:

Мұғалім – мамандық, ұстаздық – қасиет. Яғни, ұстаз болу – адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Ендеше, осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған, ұстаздарға қандай мақтау, мадақ айтсақ та артықтық етпейді.

2жүргізуші

 Шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыр, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір ұстаздар төл мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!!!


Егеменді еліміздің аяулы ұстаз анасы, тілеулісі, қамқоры болып, халқымыздың құрметіне бөлене беріңіздер.


Аяулы ұстаздар!

Сіздерге арналған концертіміз аяқталды.Тыңдағандарыңызға рахмет.

Елеуова Гүлжайна Қуанышбайқызы

Бәкір Тәжібаев атындағы балалар музыка мектебінің

Домбыра аспабының мұғалімі.

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы

Ашық сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Е.Брусиловский «Қыз арманы».

Сабақтың мақсаты: Күйсандықпен әнді нақышына

келтіріп орындау.



Сабақ түрі: Қайталау.

Сабақ көрнекілігі: Аспап, кітаптар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Сәлемдесу, амандасу.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Гамма E-dur, қысқа, және ұзын арпеджионы ойнату, әр түрлі қағыспен.

Қ.Мерембаев «Этюд». Екпіні жүрдек, үштік қағыспен ойналады, өлшемі 2/4.

Құрманғазы «Ақсақ киік» күйі. тональносі F-dur.

Күй бірнеше түрге бөлінеді, соның (І-түрі) саспай, нақпа-нақтай, орындалады. Күй 7 бөлімнен тұрады. Күйді аяғына дейін ойнап, жіберген қателігін тексеремін. Құрманғазы күйлері төкпе күйге жатады.
ІІІ.Жаңа сабақ. Е.Брусиловскийдің әні “Қыз арманы”. өлшемі 2/4. Тональносі His-dur. Екпіні жылдам, күйсандық сүйемелдеуімен орындалады.

Е.Г. Брусиловский 1905 жылы дүниеге келген. Оның шығармалары: “Қыз-Жібек”, “Ер-Тарғын”, “Жалбыр”, “Дудар-ай” опералары болса, көптеген әндердің авторы. Композитор Е.Г. Брусиловский қазақ музыкасын дамытуға зор үлес қосып, көптеген жас композиторларды тәрбиелеген профессор, ұстаз. Енді осы тақырыпты сызба (таблица) арқылы таныстырып өтемін.


IV.Сергіту сәті.

1. Құрманғазы кім?

2. Күйлерін ата?
VI.Бағалау

Оқушының білім деңгейіне, домбырада ойнауына қарай өте жақсы деп бағалаймын.


VII.Үйге тапсырма беру.

“Ақсақ киік” күйін жаттау.

“Қыз арманы” әнін нотаға қарап, санап ойнау.
Елеуова Гүлжайна Қуанышбайқызы

Бәкір Тәжібаев атындағы балалар музыка мектебінің

Домбыра аспабының мұғалімі.

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы



ОРКЕСТР КЛАСЫНЫҢ САЙЫС САБАҒЫ

Бүгінгі оркестрдің сайыс сабағына қош келдіңіздер!

Ошағынан от кетпеген, белдеуінен бесті ат кетпеген дана халқымыз дауына қамшысын,жауына найзасын кезек сілтеген,ел басына күн туған алмағайып заманда да ұрпағының ашық,өнерлі боп өсіп өрге асуын,көңілінің ояу болуын назардан тыс қалдырмаса керек. Кешегі ел іргесінің бүтіндігін аңсап, халқының қамын жеп, «Желмаяға мініп жер шолған» қазына кеуде қарияларымыз «жігітке жеті өнер де аз», - деп өсиет айтқан екен.

-Күй ғой бұл – достастырған дос-тарымен,

Күй ғой бұл - сыйластырған сыйласымен.

Көлбеңдеп көз алдыңа келе қалар

Қазанғап, Құрманғазы, Динасымен, - дей отырып, бүгінгі кешімізді бастау үшін ортаға оркестрдің орындауында «Балбырауын»

Орыстың халық әні «Полька»

- Ішек,құлақ,перне,шанақ,тиегі

Шебер саусақ әр жерден бір тиеді.

Жошы ханға баласын да естірткен,

Не тең келер домбыраға киелі.

Күй «Бөгелек»Жеке орындауда Бексұлтанұлы Бірлік

Мұғалім: Құрманғазы жас кезінде, елге аты шығып жүрген кезінде бір күні екі үлкен қария Құрманғазыны іздеп келеді. Амандық-саулық сұрасқаннан кейін қарияның үлкені "Балам, қызметімізді айта отыралық, біз сенің атағыңды естіп, күйлеріңді тыңдауға келдік" - дейді. Содан Құрманғазы өзінің күйлерін біршама орындап береді. Риза болған қариялар: "Балам, жас болсаң да жігіттің жайсаңы екенсің, өнеріңе ризамыз, біз де қара жаяу адамдар емеспіз, домбыраны бізге берші" - деп үлкен қария бір күй бастап тарта бастайды. Содан күй аяқтала бастағанда домбыраны екінші қария алып сол күйді жалғастырып отырып аяқтаған екен дейді. Сонда екі қария "бұл біздің саған арнаған күйіміз, күйдің аты - Баламайсаң" деген екен. Содан қарияларды шығарып салып тұрып, Құрманғазы: "Кездесуіміздің соңы болмасын" деп, екі адамның атына күй арнамай, кездескен жердің атына байланыстыра "Сарыкөл самар" күйін шығарып тартқан екен.

Оркестердің орындауында Құрманғазының күйі "Сарыкөл самар".

Орыстың халық әні «Светит месяц»

- Не бір сазды әнге салып өрлетіп,

Тыңдаушының көңілін баурап,терлетіп.

Домбыраның қасиетін қастерлеп,

Талай ұрпақ толысыпты ержетіп.

Қысылмағын,келгін бала ортаға,

Сенім жүгін артты сенің арқаңа.

Өнер күрес,өнер-көкпар түсінсең,

Қатйпас қайсар ер шыдамақ додаға.

Күй тартыс орындайтындар Алтынбек және Елдос ағайларымыз

- Домбыра, жүрегіммен үндес едің,
Өзіңмен сырласымдай тілдесемін.
Бабамнан қалған мұра сен болмасаң,
Өнердің не екенін білмес едім.

Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл - сәл кем бұра.
Қазақ – нағыз қазақ емес
Нағыз қазақ - домбыра.

Ә.Желдібаев «Ерке сылқым» орындайтын дуэт

- Үніңнен айналайын халық әні

Тыңдаудан өзіңді кім жалығады?

Жиын мен мерекеде шырқалмасан,

Қамығып, халқың сені сағынады.

Арқалап ғасырлар асып жеттің ғажап,

Тарихын халқымыздың көрген азап

Таңғажайып үніңнен нәр алғанда,

Табынар құдіретіңе исі қазақ!

Ән «Туған жер» орындайтын Бексұлтанұлы Бірлік

Оркестрдің орындауында «Плясовая» Александр Федорович Гедике

Халық күйі «Салкүрең»

- Жаны құштар жаңалыққа жансындар,

Ата тұғын туған елге таңсыңдар.

Ұстаз жаққан кеудедегі от сөнбей,

Біз аспаған биіктерден асыңдар!

Асау жүрек жанығып алқынбасын,

Бойына біткен өнер сарқылмасын.

Шыңға біткен шынардай биіктерде,

Халқымның күй өнері жарқылдасын!
Арқалап ғасырлар асып жеттің ғажап,

Тарихы халқымыздың көрген азап.

Таңғажайып үніңнен нәр алғанда,

Табынар құдіретіңе исі қазақ!-дей келе,бүгінгі концертімізді аяқтаймыз! Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізне көп рахмет!



Қош сау болыңыздар!

      

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет