Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі баспасөз баяны



Дата19.06.2016
өлшемі36.19 Kb.
#148279
 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

Баспасөз баяны

 

 

Алматы қ., Манас, 13 тел./факс 379-92-25; 379-92-22



П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі www.edu.gov.kz

muzcollege@mail.ru



Іс-шаралар: Алматы қаласының балалар музыка мектебінің қатысуымен «Жас талант 2012» қалалық байқауы

Мерзімі: 12-13 мамыр 2012

Ұйымдастыраушылар: Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі, П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі

Алматы қаласы, Алмалы ауданының әкімдігінің колдауымен, Ахмет Жұбанов атындағы қоғамдық қор, МузZone дүкені



Қатышушылар: Алматы қаласы және Алматы облысының балалар музыка мектебінің оқушылары

Қатысушылар саны: 150

Қатысушылар жасы: 6 жастан 15 жасқа дейін
Конкурстың мақсаты:

  1. Жас таланттарды айқындау.

  2. Қатысушылардың шығармашылық әлеуетін жарыққа шығаруға мүмкіндік беру.

  3. Жастардың музыка өнеріне деген қызығушылықтарын ашу.

  4. Дарынды балалар мен жастарға кәсіби бағыт-бағдар нұсқау.

  5. Қатысушылар мен оқытушылардың кәсіби шеберлігі және тәжірибесімен алмасуға мүмкіндік жасау.

Байқау Алматы қаласы П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің базасында 2012 жылдың 12 мамыр мен 13 мамыр аралығында өтеді.

Қазылар алқасы құрамында П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің ұстаздары.

Байқауда 23 балалар музыка мектептерінен 150-дей балалары қатысады.

Байқауға қатысушылар келесі номинациялар бойынша үш топта өнер көрсетеді: фортепиано, скрипка, флейта, саксофон, домбыра, қобыз, гитара. Байқау құрамында теориялық пәндер бойынша Олимпияда ұйымдастырылады.

Бұл жылы байқау Алматы қаласының мәдениет жылына байланысты өтеді. Ол бірнеше айтулы күндерге арналған. П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің 80 жылдығына, концерттердің аяқталуына, Қазақстанның кәсіби музыкалық білім және өнерінің негізін қалаушы академик Ахмет Қуанұлы Жұбановтың 150 жылдығына, қазақтың айтулы композиторы Ғазиза Ахметқызы Жұбанованың 85 жылдығына және пианисті, П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжініңм ұстазы Роза Ахметқызы Жұбанованың 75 жылдығына арналады.

Байқаудың ашылуы П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің Үлкен залында 12 мамыр сағат 10.00-де басталады. Бағдарлама бойынша, мерекелік концерт хорға дирижерлік ету және эстрадалық аспаптар бөлімдерінің студенттерінің орындауында Г. Глатковтың «Бременские музыканты» мюзиклынан үзіндімен ашылады.

Байқаудың салтанатты жабылуы, лауреаттарды және жүлдегерлерді құттықтау П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің Үлкен залында 13 мамыр күні сағат 17.00-де болады.

Арнайы жүлделерді Алматы қаласы, Алмалы ауданының әкімшілігі, Ахмет Жұбанов атындағы қоғамдық қор және МузZone дүкендері тарапынан бөлінген.

Ең белсенді қатысушыларға П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі білім ордасына түсуге грант қарастырған.


 

 
Барлық аспаптар бойынша бірінші жүлдені жеңіп алған лауреаттар концертте өздерінің конкурстық бағдарламалары бойынша ең үздік шығармаларды орындап шықты:



Қазақ ұлттық аспаптар номинациясы бойынша:

Өскенбай Тоғжан БММ №7. Романова «Күй»

Ермекбай Мерамгүл БММ №5. Қазагғап «18 жасар Балжан қыз»

Бақыт Бексұлтан БММ №5. Махамбет Жұмыр қылыш

Қысатай Наурызбай (П.Чайковский атын. Алматы музыкалық колледжінің педагогикалық тәжірибе секторынан) Құрманғазы Сарыарқа

Тұрсын Арсен  БММ №11. Н. Тілендиев «Әлқисса»

Жумажанова Амаль Құрманғазы атын. ҚҰК жанындағы ОӨМ. Әлікей Жалғыз аяқ

 

Гитара номинациясы:



Донат Александр АШЮ «БЭСТ» Қазақтың халық әні «Қара жорга» , Филиповтың өңдеуі.

Литовченко Данила №79 гимназия. Веницкий Этюд

 

Үрмелі аспаптар номинациясы:



Табаренцев Николай БММ№5. Ахмет  Жұбанов. Вальс «Көктем»

 

Скрипка номинациясы:



Алтынбекова Сұлтана Құрманғазы атын. ҚҰК жанындағы ОӨМ. Мұқан Төлебаев «Поэма» 

Мустафаеева Әмина. БММ №2. Карл Бом «Непрерывное движение»

 

Фортепиано номинациясы:



Возовиков Александр ГМ №83. Б.Қыдырбек «Халық биі»

Туйтебаева Аяжан БММ №7. Ғазиза Жұбанова «Юмореска»

Власов Роман П.Чайковский атын. Алматы музыкалық колледжінің жанындағы студия-мектеп. Сельванский «Метелица»

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет