Елі үшін жанын пида еткен Қан төгіп кеше



Дата04.07.2016
өлшемі22.11 Kb.
#177798




Елі үшін жанын пида еткен...



«Қан төгіп кеше

Бейбіт күн үшін жердегі

Отанымыздың бір сүйем жерінде

Фашистерге бермеді

Ер жүрек, батыр ерлері.

Ерлігін мақтан етеміз батыр ағалардың

Аманнаттарын ақтаған бүкіл әлемдегі асыл ананың,

Шуақты күнін қорғаған барлық баланың!»

Байбота Серікбаев

1941 жыл... Аталарымыз бен әжелеріміз бұл жылды естіген кезде мұңға батып, күрсінетіндері бар. Неге дейсіз? Себебі, бейбіт жатқан мамыражай халыққа фашистердің басып кіріп, қынадай қырған жылы. Аналарымыздың балаларынан, әкелеріміз бауырынан айырылған қайғылы жыл.

Осылай тұтқиылдан жаулап, басып аламыз деген фашистердің ойы жүзеге аспады. Өйткені, Ресей мен оның құрамындағы ұлттардың ауызбіршілігі мықты, қайсар халықтар екенін ескермеді. Халқымыз бірден есін жиып қарсы шабуылға көшті. Барлық ұлттардан елі үшін, жері үшін жанын қиюға дайын жігіттер мен қыздар ағылып жатты. Әсіресе біздің халықтың үлесі мол еді. Жастайынан батырлар жырын құлағына сіңіріп, батырлықты ту еткен қаһарман халық соғыста көлеңкеде қалмады. Ата-бабаларымыз қанымен аманат еткен байтақ даламызды қорғауға жанын салған батыр ұлдарымыз бен қыздарымыздың көзсіз ерлігі әлі күнге жадымызда.

Ұлдарымыздың батыр болып келуі қалыпты жағдай деп қарасақ. Қыздарымыздың ерлігін сонау Тұмар патшайымнан қалған мирас деп түсінуге болады. Күллі әлем таныған, бүкіл әлемді ерлігімен мойындатқан, қанішер Кирдің басын алған, білікті патшайым қазақ қыздарына дәл осындай от кешкен кезеңде үлгі болды. Тұмар патшайым сияқты қолына қару алып, елін қорғайтын, ерлерімізбен қолтықтасып жауды ойсырата жеңуге көмекке келген батыр қыздарымыз көп болды. Атап айтсақ, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова т.б.

Шығыстың қос шынарынан фашистердің қорыққаны анық. Біреуі мерген, біреуі пулиметші нәзік жандардың ерлерімізге рух беріп, жеңіске жетеледі. Әлия жастайынан жетім қалса да өзінің өмірге деген құштарлығы мен еліне деген махаббатының арқасында қиындықты кедергісіз жеңіп отырды. Ешқашан мойымады. Соның арқасында еліне қауіп төнгенін білген жас Әлия соғысқа сұранды. Таудай талапты, ынталы батыр Мергендер мектебіне қабылданып, үздік бітірді. Енді сол білгенін майданда көрсетуге асықты. Тек қана алға ұмтылғыш, қайтпас мінезімен жау әскерін тізе бүктірді. Соғыста қаза болған құрбы-құрдастарының кегін алуды армандайтынын жазған бір хатынан-ақ фашистерге деген өшпенділік оны көзсіз ерлікке итерді.

Мәншүк Мәметова тек ер адамдар ұстайтын пулиметті қолына алып, Отанын қорғауды борышы санады. Жүректеріне ұялаған асыл қасиет қос шынарымызды ерлік жасауға жігерледі.

Бүгінде халқы асыл қыздарын мәңгі жадында сақтап, үлгі тұтады. Оның бір дәлелі әжелеріміз немерелерін Әлия мен Мәншүктей батыр болсын деп солардың атын қояды. Бұл батырларымыздың өздері өлсе де, аты, мәңгі еске алар елі қалды деген сөз.

Қорыта келгенде, от кешкен, қиын-қыстау заманда болашағының аман болуы үшін жанын қиған батырлар аз болған жоқ. Олардың ерен ерліктері халқының жүрегінде, тарих қойнауында мәңгі сақталмақ.


Богданова Анастасия

7-сынып


Мұғалім: Хадыр Айкүміс



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет