|
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті
Ақтөбе облысының Статистика департаменті
|
Баспасөз хабарламасы
|
№13-07/93
25.09.2015ж.
|
Халықаралық қарттар күні – мейірімділік және құрмет көрсету Күні
Ақтөбе облысында әрбір он бірінші тұрғынның жасы 60-тан жоғары.
1992 жылғы 1 қазан Біріккен ұлттар ұйымының Бас ассамблеясымен Халықаралық қарттар Күні деп аталды. Міне, содан бері жыл сайын 1 қазанда біз ата-аналарымыздың, әжелеріміз бен аталарымыздың көңіл-күйіне ерекше ықылас бөлеміз: оларды бүгінгі таңда не ойлантады, олар не туралы армандайды, нені жоспарлайды, неге мұқтаж- осының бәрі бізді толғандырады.
Герантологияда қабылданған сыныптауышқа сәйкес қарт адамдар санына 60 жастағы және одан жоғары жастағылар жатады. 75 жастан кейін кәрілік жасы басталады, ал жасы 90 және одан жоғарыдағы адамдар ұзақ өмір сүретіндер деп аталады. Ақтөбе облысында ағымдағы жылдың басына жасы 90-нан 99-дейінгі 622 адам өмір сүріп жатты, тағы да 58 адамның жасы 100 және одан жоғарыдағылар, оның ішінде 14 ер адамдар және 44-әйелдер.
2015 жылдың басына облыста еңбекке қабілетті жастан жоғары 76,5 мың адам өмір сүріп жатыр, яғни жасы 63-тегі және одан жоғары ер адамдар және жасы 58-дегі және одан жоғары әйелдер, бұл халықтың 9,3%-дан шамалы ғана төмен санын құрап отыр. Еңбекке қабілетті жастан жоғары қала тұрғындарының саны облыс бойынша 47,4 мың адам, ал селолық жерлерде тұратын қарт адамдар саны – 29,1 мың адам.
Сонымен бірге бір статистикалық көрсеткіш көп жылдар бойы өзгермей отыр: облыста ерлерге қарағанда әйелдер көп, оның ішінде қарт адамдар арасында да. 2015 жылдың басына қарттық жастағы әйелдер облыстағы әйелдердің барлық санының 13% немесе 55,2 мың адамды, ал ер адамдар – 5,4% немесе 21,3 мың адамды құрады, яғни 2,6 есеге аз. Зейнеткерлік жастағы 10 ер адамға орташа есеппен 26 әйелден келіп тұр, бұл ер адамдарға қарағанда әйелдердің өмірінің ұзақтығымен байланысты
Некеге тұрған халықтың жағдайы халық санағын өткізу кезеңінде анықталады. Халық санағының соңғы мәліметтері бойынша ерлердің 77% жасы 60-тан жоғары және қарт әйелдердің 39% күйеулері бар. Некеде тұрған қарт адамдардың басым бөлігі жесір. Жасы 65-тегі және одан жоғары әйелдері қайтыс болған ерлердің үлесі 20%, жесір әйелдер үлесі - 58% жоғары.
Алайда, жасы мен ерлердің жетіспеушілігі отбасын құруға кедергі болып табылмайды. 2014 жылы жасы 60-тағы және одан жоғары 13 әйелдер мен 33 ер адамдар ресми түрде некеге тұрды. Сонымен бірге 50 қарттық жастағы ерлер мен 24 әйелдер ажырасты. Ажырасқандардың басым бөлігі ( 68% ерлерде және 87% әйелдерде ) некеде 20 жыл және одан жоғары тұрған отбасылардың үлесінде.
Еңбекке қабілетті жастағы адамдардың негізгі өмір сүру көзі болып отырған - зейнетақы. Біздің облыста зейнетақы төлеу бойынша Мемлекеттік орталық филиалының мәліметтері бойынша 2014 жылдың 1 шілдесіне 77,7 мың зейнеткерлер тұрып жатты немесе 2013 жылдың соңымен салыстырғанда 1076 адамға көп. Орташа зейнетақы 35236 теңгені құрады және 2013 жылғы шілдемен салыстырғанда 12,3% өсті.
Мемлекет жыл сайын зейнеткерлік қамтамасыз етудің біріккен жүйесінен төленетін зейнетақы мөлшерлерін өсіру бойынша шаралар қабылдауда. 2014 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері 5% өсті және 2013 жылғы 20782 теңгеге қарсы 21736 теңге құрады.
Зейнеткерлердің өмір сүру деңгейінің маңызды көрсеткіштері болып отырған күнкөріс минимумы, а.ж. тамызда оның мөлшері 19333 теңгені құрады , орташа тағайындалған айлық зейнетақы зейнеткердің күнкөріс минимумының мөлшерінен 2 есеге жоғары.
Облыс экономикасының әртүрлі салаларында өз табыстарын қолдау үшін 5 мыңнан астам зейнеткерлер қызмет атқарады.
Өзін-өзі бағу қабілетін толық немесе жартылай жоғалтқан жалғызілікті және еңбекке қабілеті жоқ азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету бағытында облыста екі интернат үйі жұмыс жасайды. Онда 646 адамға толық мемлекеттік қамтамасыздық жасалып отыр.
Орындаған:
|
Департамент басшысы
|
Мекен жай:
|
Жаналина Л.М..
|
Жекеев Қ,С.
|
030020, Ақтөбе қ.
|
тел. 8(7132) 542907
|
Тел. 8 (7132)54-43-47
|
Әбілқайыр хан даңғылы,25
|
© Ақтөбе облысының Статистика департаменті
Достарыңызбен бөлісу: |