Катонқарағай ауылдық округ әкімінің жылдық есебі. 2014 жылдың 11 қарашасында Елбасының «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол»



Дата27.02.2016
өлшемі42.03 Kb.
#28177
Катонқарағай ауылдық округ әкімінің жылдық есебі.

2014 жылдың 11 қарашасында Елбасының «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» атты Жолдауы еліміздің Жаңа Экономикалық Саясатын алға сүйреп, біздің экономикамыздың таяу жылдардағы өсіміне, Отанымыздың бұрынғыдан да зор биікке көтеретін жаңа шыңдарға қол жеткізетін бағдар екеніне сенеміз.

Өткен кезеңдердегі ҚР мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауларындағы көрсетілген еліміздің әр өңірінде экономиканы нығайтудың жолдарын, міндеттерімен тапсырмаларын басшылыққа ала отырып, Катонқарағай ауылдық округінде де экономиканы дамытуда әр сала бойынша оң көрсеткіштермен орындалуда.

Ауылшаруашылығы саласында мемлекет тарапынан қолдауының арқасында 2014 жылы ауылдық округтен ауылшаруашылық саласын дамытуға «Ауылшарушылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 5 азамат және «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша 11 азамат, барлығы 37 млн тенге несие алып, мақсатты пайдалануда. «Жайлау» бағдарламасымен 2 ШҚ 200 бас қой алып, өсіруде.

Мал бас саны өткен есепті кезеңмен салыстырғанда, ірі қара малы 12 пайызға; жылқы басы 13 пайызға; қой- ешкі 2,0 пайызға өсім беріп отыр. Сол сияқты өткен жылмен салыстырғанда ауылда ет өндіру 6%, сүт-5% өсім берді.



Әлеуметтік салада Жол картасы-2020 бағдарламасы бойынша 17 млн 698 мың теңге қаражатқа Е.П.Рыков атындағы және 17 млн 360 мың теңге қаражатқа В.И.Ленин атындағы орта мектеп шатырлары жаңаланды. 108 млн 704 мың теңге қаражатқа Катонқарағай ауылындағы интернат мекемесіне берілген 3 қабатты ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мекеме іске қосылды. Қазіргі күні осы мекемеде 41 оқушы тәрбиеленуде.

Жұмыспен қамту орталығына тіркелген 64 адамның, 58–і жұмысқа орналастырылды, 2 адам кәсіби дайындықтан өтті. Жаңадан ашылған жұмыс орындары бойынша жылдық жоспарланған 150 адамның орнына 153 адам жұмысқа орналасып, оның ішінде 29 адам тұрақты 124 адам уақытша жұмыспен қамтылды.



Инфраструктураны дамытуда «Аймақтарды дамыту» бағдарламасына сәйкес, Жаңаүлгі ауылында 1,9 млн теңге қаражатқа 19 көше жарық шамын орнатылды.

32 млн тенге қаражатқа ұзындығы 3 шақырым «Сарымсақты» өзені саласы Катонка арнасын бекіту жұмыстары жүргізілді.

Катонқарағай ауылының Қабанбай даңғылы және Абай көшесін барлығы 32 млн. 500 мың теңге қаражатқа жалпы ұзындығы 3,05 шақырым жолға қара жамылғы төсеу жұмыстарын жүргізді. Мал дәрігерлік зертхана құрылысы жұмыстары жалғасуда.

ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару» Заңының 2014 жылдың 18 ақпанындағы өзгерістерімен толықтырулары бойынша ауылдық округ әкімдеріне ҚР Әкімшілік кодекісінің 165, 300, 311, 387 баптары бойынша айыппұл салу құзіреті берілген. Осыған байланысты, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 387 бабына сәйкес, құқық бұзған 45 азаматқа ескерту және әр түрлі мөлшерде айыппұлдар салынды.

«Туған жерге тағзым» акциясы аясында «Әбдікерім атындағы» Шыңғыстай орта мектебінің 30 жыл бұрын бітірген түлектері ауылға кіре берісте қақпа, яғни арка және 20 жыл бұрын бітірген түлектері ҰОС ардагерлеріне арнап ескерткіш тақта орнатып берді. Сонымен қатар Катонқарағай ауылы интернат ғимаратын жөндеуші мердігер «Жарма Құрылыс-Газ» ЖШС-і жобалық сметалық құжаттардан тыс маңайындағы қоршауларын жасауп, өз қаражаттармен демеушілік көрсетті. Және де осы мекемеге «Атамекен» ШҚ басшысы Тоқтасын Бакимбаев өз қаражаты есебінен балаларға арнап монша салып берді.

Барлық салық түрлері бойынша жоспарланған 8 527 680 теңгенің орнына 8882538 теңге қаражат жиналып, жоспар 113 пайызға орындалды. Бюджетке түсетін қосымша салық көздерін іздестіру алгоритмі бойынша ауылдық округте комиссия құрылып, нәтижесінде бюджетке 60746 теңге мүлік салығы, 123502 теңге жер салығы түсірілді.

Кәсіпкерлік саласында 2014 жылы жеке кәсіпкерлер: Кажкенова Баян және Нигметов Аян тойхана ғимараттарын қазіргі талапқа сай күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізіп, іске қосты. Сол сияқты жеке кәсіпкелер: Токпаев Әділжан, Мажинов Саят, Рахимжанов Жігер, Можанова Зарина, Даменова Алмаш дүкендер салса, Кабанбаев Асқарбек, Сакошева Куләми кафелер, Кешилбаев Махамбет, Дузгумбаева Маруа техника жөндеу станцияларын салды.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша 2 жеке кәсіпкер наубайхана, асхана ашуға 4,5 млн. тенге несие алып, олар өз істерін бастады.



Ауылдық округте шешілмей тұрған мәселелер:

  1. Катонқарағай ауылының жылу жүйесін күрделі жөндеуден өткізу.

  2. Катонқарағай ауылының Алтай бөлігіне ауыз су құбырын жүргізу және ауылымыздағы әр үйге су жүйесін кіргізу.

  3. Жаңаүлгі, Шыңғыстай ауылдарындағы ауыз-су мәселесін шешу.

Ауылдық округтің 2015 жылға экономикалық даму жоспары: ауылшаруашылық саласында қосымша 1 тері өңдеу цехын; 1 ірі қара асыл тұқымды мал шаруашылығын және 1 бал құю цехын ашу; 1 сүт өнімдерін жинау пункітін, оны өңдеу цехын ашу, «Атамекен» шаруа қожалығы негізінде шұжық цехын ашу, 6 шаруа қожалықтарында қымыз өнімдерін құю цехы және 1 көкөніс қоймасын салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар мал санын, ауылшаруашылық өнімдерін 10-15 пайызға дейін арттыру.

Кәсіпкерлік салада. Дәрілік шөптерді жинап, алғашқы өңдеуден өткізіп, ары қарай экспортқа шығару өндірісін ашу, ағаш өңдеу цехын ашу, жиһаз жасау цехын, туристік кешен салу, сауықтыру кешені, кірпіш зауыты, кіші наубайхана ашу, қонақ үй салу, өндірістік база салу, көше жарық шамдарын құрастыру бойынша цех ашу, құрылыс материалдарын өңдеу цехын ашу, 3 дүкен, 2 кафе ашу, 2 дәріхана және жанар-жағар май құю станциясын ашу. Қосымша 110 жұмыс орындарын ашу жоспарлануда.

Инженерлік инфрақұрылым және әлеуметтік дамуы

Бұл саланың басты мақсаты ауыл тұрғындарының тұрмыстарын жақсарту болып табылады ауылдың инфрақұрылымын дамыту бойынша жоспарлар:



  1. Катонқарағай ауылындағы жылу жүйесін күрделі жөндеуден өткізу;

  2. Алтай бөлігіне су жүйелерін жүргізу;

  3. Қатты қалдықтар төгетін палигон салу;

  4. Термомодернизация бағдарламасы бойынша 2 көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуден өткізу.

Құрметті Катонқарағай ауылдық округ тұрғындары! Баршаңызға біздің Отанымызды бұрынғыдан да зор биікке көтеретін жаңа шыңдарға қол жеткізуде табыстар тілеймін, Елбасының саясатын қолдауға шақырамын, еліміздің тұтастығы мен бірлігі, татулығы тыныштығы жалғаса берсін!

Катонқарағай ауылдық округінің әкімі А. Балтабаев



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет