ЕЛІКТЕУ СӨЗДЕР
Еліктеу сөздер туралы түсінік
Күнделікті ауызекі сөйлеу тілінде және жазба әдеби тілде кеңінен қолданылып жүрген, өзге сөз таптарына мағыналық жағынан да, морфологиялық белгілері жағынан да ұқсамайтын сөздер тобы бар.
Күнделікті түрмыстағы кездесетін алуан түрлі дыбыстарды, түсті, қимыл-амалды біреудің көз алдына елестету үшін, сол болмыстардың еліктеу бейнесіне тағылған атауларды e л i к т e y c e з д e p дейді.
Мысалы: сырт-сырт, сарт-сұрт, тарс-тұрс, шылдыр-шылдыр, қарқ-қарк„ тық-тық, пыш-пыш, apc-apc, пырт-пырт. сылқ-сылқ, жылт-жылт, жалт-жұлт, жарқ-жұрқ, сылаң-сылаң, бұлаң-бұлаң, жымың-жымың, сып-сып, жып-жып, алаң-құлаң тағы тағылар.
Бұл сөздердін өзара біріне бірінің жақындық, үқсас белгілеpi де, бір-бірінен белгілі дәрежеде айырмашылықтары, ерекшеліктері де бар. Олардың ұксастық жағы — белгілі бір болмыстың еліктеуіне тағылған атау екендігінде. Ерекшелігі — бұл сөздер мағыналық жағынан үш топқа бөлінеді. Бірінші топ белгілі дыбыстардың еліктеу атаулары (сырт-сырт, сарт-сүрт, тарс-түрс, шылдыр-шылдыр, қарқ-қарқ, тық-тық, пыш-пыш, apc-apc, ыңқ-ыңқ, пырт-пырт, сылқ-сылқ); екінші топ белгілі түстің бейнелік еліктеу атаулары (жылт-жылт, жалт-жұлт, жарқ-жұрқ); үшінші топ әр түрлі қимылдың бейнелік еліктеу атаулары (сылаң-сылаң, бұлаң-бұлаң, жымың-жымың, сып-сып, жып-жып, алақ-құлақ).
Еліктеу сөздер негізгі екі топқа бөлінеді: 1) еліктеуіш сөздер, 2) бейнелеуіш сөздер.
1. Еліктеуіш сөздер. Айналадағы табиғат құбылыстарының, айуанаттардың, тұрмыстағьІ екі дененің бір-біріне қақтырысуынан пайда болатын алуан түрлі дыбыстарына еліктеуден пайда болған сөздерді e л i к т e y i ш c ө з д e p дейді.
Еліктеуіш сөздер дара күйінде де, қос сөз түрінде де қолданылады. Еліктеуіш сөздер бастапқы түбір тұлға күиінде септелмейді, көптелмейді, тәуелденбейді мйне жіктелмейді.
Еліктеуіш сөздерге сөз тудырушы қосымшалар (жүрнақтар) жалғап, дыбыс атауын білдіретін зат есім сөздерін турызуға болады. Мысалы: тарс — тарс+ыл — тарсыл; қыңқ — қыңқ + ыл — қыңқыл; жалт — жалт+ыл = жалтыл; сарт — сарт+ыл = сартыл; қарқ — қарқ + ыл = қарқыл.
Еліктеуіш сөздердің кепшілігінің түбіріне етістік тудыратын жұрнақтар тікелей жалғанбай, есім тудыратын жұрнақтардан кейін жалғанады. мысалы: тарс+ыл + да, цьщқ + ыл + да, жалт+ыл + да, сарт+ыл + да, қарқ + ыл + да.
Бірқатар еліктеу сөздерге есім тудыратын -ыл, -іл жұрнағы жалғана тұрса да, өз алдына толық дербес мағыналы есім сөзі пайда болмай, етістік сөзін жасау үшін керекті морфологиялық тәсіл ғана болады. Мысалы: сып, жып, пырт, сылқ, шыңқ, аңқ деген еліктеу сөздерге -ыл, -іл жұрнақтарын жалғап, сы-пыл, жыпыл, пыртыл, сылқыл, шыңқыл, аңқыл деген морфологиялық тұлға жасағанмен, бұлар толық лексикалық мағынасы бар есім сөздері емес, етістік сөздерін тудыру үшін керекті морфологиялық саты. Бұл морфологиялық тұлғаның үстінс -да, -де журнақтарын жалтп, сыпыл + да + ды, сылқыл + да + + ды, шыққыл + да + ды, аңқыл + да + ды деген етістік сөздер ту-дыруға болады.
Кейбір еліктеуіш сөздердің еліктеу мағынасы сол дыбыстың есім мағынасымен ұштасып жатады. Сондықтан мұндай сездердің еліктеуіштік ұғымы қосарланып айтылғанда айқын керінеді. Мысалы: сықыр-сықыр, тықыр-тықыр, салдыр-гүлдір, сыбдыр-сыбдыр, салдыр-салдыр, шылдыр-шылдыр.
Мұндай сөздер жеке айтылғанда, белгілі дыбыстық атау түрінде қолданылып, сөйлемде дербес сөйлем мүшесі қызметін атқарып, көптеліп, септеліп, тәуелденіп тұратын болғандықтан, бұл сөздерге етістік тудыратын -да, -де жұрнақтары тікелей жалғанады. Мысалы: сықыр + ла+ды, тақыр + ла+ды, сал-дыр+ла+ды, сыбдыр + ла + ды, шылдыр+ла + ды.
Еліктеуіш сөздер бастапқы түбір тұлғада em көмекші етістігімен тіркесіп айтылып күрделі етістік құрайды да, сөйлемде күрделі баяндауыш қызметінде қолданылады. Мысалы: Қapғa қарқ emmi. Мылтық mapc emmі. Ол сөзін есіттірмей күңк emmi.
Еліктеуіш сөздер бастапқы түбір күйінде қайталанып айтылады да, қос сөз жасалады. Қосарланып айтылған еліктеуіш сөздер морфологиялық тұлғасы жағынан ешқандай өзгеріске ен-бейді. Сөйлем ішінде етістік баяндауышпен не етістіктен болған өзге мүшемен байланысып, үнемі пысықтауыш мүше болады. Мысалы, 1) —Мерзімді бұздым азырақ,— деп, Шығанақ қарқ-қарқ күлді. (F. M.) 2. Екі батыр найзасын сатыр-сұтыр салысты. Сайлап мінген белді аттар тізе бүге қалысты. (Ж- Ж.)
Еліктеуіш сөздер адамның есту қабілетінен туған, дыбыс-тарды еліктеуден пайда болған сездер болса бейнелеуіш сөздер адамның көру қабілетінен туған үғымдардың атауларын білдіретін сөздер болып келеді. Мысалы: Қаңтардың қатты аязында Қap аяқты басқан сайын сықыр-сықыр етеді деген сейлемдегі сықыр-сықыр деген сөз — адамның есту қабілетінен пайда болған, белгілі дыбыстың еліктеуі ретінде тағылған атау. Сондықтан еліктеуіш сөз деп аталады. Ал электр сәулесі қараңғы Түнді қақ жарып жарқ emmі. Жапалақ жалп emmi деген сөйлемдердегі жарқ, жалп деген сөздер адамның көру қабілеті арқылы пайда болған бейнедеуіш сөздер. Жарқ деген сез — электр сәулесінің бейнелік елес көрінісі, жалп деген сөз — жапалақтың ұшу қимылының бейнелік елес көрінісі.
Бейнелеуіш сөздер: жылт-жылт, жарқ-жұрқ, жалт-жалт, лып-лып, лап-лап, жымың-жымың, қылт-қылт, жалп-жалп, салп-салп, елбең-елбең, серең-серең, маң-маң, ербең-ербең, көлбең-көлбең, талтаң-талтаң, қалтаң-қалтаң.
Бейнелеуші сөздер де бастапқы түбір тұлғасында көптеліп, септеліп, тәуелденіп тұлғалық езгерістерге енбейді.
Бейнелеуіш сөздерге сез тудырушы жұрнақтар жалғанып есім сөздер де, етістік сөздер де жасалады. Бір буынды бейне-леуіш сөздердің түбіріне -ыл, -іл жұрнақтары деалғанып, есім сөзі жасалады да, оның үстіне -да, -де жұрнақтаруның бірі жалғанып, етістік сөзі жасалады. Мысалы: жалт+ыл + да, жарқ- + ыл + да.
Екі буынды бейнелеуіш сөздерге есім жұрнақтары жалғанбай, етістік тудыратын -дa, -де жұрнақтары түбірге бірден жалғанады. Мысалы: жымың+да+ды, елбең+де+ді, серең+де+ді, ербең+де+ді, көлбең+де+ді, жалтаң+дай+ды, қал-таң+да+ды т. б.
Бейнелеуіш сөздер де em көмекші етістігімен тіркесіп айтылып, күрделі баяндауыш құрамында жұмсалады. Мысалы: Күн күркіреп, нажарай жалтп emmi. Жұлдыздар жымың-жымың етеді. Қарға қарқ emmі; ірімшік аузынан салп emmi. (A. K.)
Бейнелеуіш сөздер қайталанып айтылып, қос сөз ретінде қолданылғанда, сөйлемдегі етістіктен болған мүшемен байланысып, пысықтауыш болып келеді. Мысалы:
1.Жаттан бетер жамандар
Жалбарынып күн көріп,
Жақынын сатып, жөн көріп,
Қалтаң-құлтаң амалдар. (A. Қ.)
2.Ықырсып колхозымньщ төрт түлігі,
Ауылдан маң-маң басып өріске өрді. (Ж- Ж.)
Достарыңызбен бөлісу: |