ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚҰДАЙБЕРГЕН ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
ӨСӨЖ2
Дауысты және дауыссыз дыбыстар
Дайындаған:Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесінің 2-курс студенті Ебесбай Нұршат
Тексерген:Сары.Б.Б
Ақтөбе,2021
Дауыссыз дыбыстар — тек салдыр немесе салдыр мен үн қатысы арқылы жасалатын, буын құрай алмайтын дыбыстар. Дауыссыз дыбыстарды айтқанда көмейде кедергіге ұшырмаған фонациялық ауа ауыз қуысына күшті қарқынмен келеді.Ауыз тар ашылғандықтан, көмей арқылы келген қарқынды ауа әр түрлі артикуляциялық мүшелермен соктығысады. Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п,р, с, т, һ, ф, х, ц, ч, ш, у, Бұлардын ішінде һ дауыссызы кейбір шығыс сөздерінде, в, ф, х, ц, ч дауыссыздары негізінен орыс тілі арқылы кірген халықаралық сөздерде, қалған 19 дауыссыз қазақтың байырғы сөздерінде қолданылады.[2]
Айтылу кезінде ауаның еркін шықпай, кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейді. Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жанасуы немесе толық қабысуы арқылы пайда болады. Дауыссыздардың басты ерекшеліктері:
- дауыссыздардың жасалатын орны – ауыз және көмей қуыстары;
- дауыссыз қатаңдарда мүлде үн болмаса, ұяңдарда үннің қатысы жартылай болады да, ал үнділерде бәсең үн болады;
- дауыссыз қатаң және ұяңдардың ішкі сапасы таза салдырдан тұрады ал, үнділерде сөйлеу мүшелерінің (тіл, ерін, жақ) бір-біріне жуықтауы, түрленуі, көлемін өзгертуі көмей арқылы келген ауаға пәлендей кедергі бола алмайды;
- дауыссыз қатаң және ұяңдарды көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге мүлде болмаса, ал үнділерді керісінше көтеруге, созуға, әуенін өзгертуге болады;
- дауыссыздардың үн сапасында жаңғырық болмайды;
- дауыссыздар сөз ішінде жалқы тұрып буын құрай алмайды.
Дауыссыз дыбыстар дауыс қатынасына қарай үшке бөлінеді:
Қатаң дауыссыздар (глухие согласные) — дауыс шымылдығы қатыспай, тек салдырдан жасалатын дауыссыз дыбыстар: п, к, қ, т, с, ф, х, ц, ч, ш;
Ұяң дауыссыздар (звонкие согласные) — дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын, салдыр мен үн тең болатын дауыссыздар: б,в, г, ғ, д, ж, з;
Үнді дауыссыздар (сонорные согласные) — дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын салдырға қарағанда үн басым дауыссыздар: р, л, м, н, ң, у.
Екі еріннің бір-біріне жабыса тиісуі арқылы жасалатын м, б, п еріндік дауыссыздар (огубленные согласные) деп аталады. Жіңішке дауыссыздар (мягкие согласные) — сөз құрамындағы дауыссыз дыбыстардың көрші жінішке дауыстылармен үндесіп жінішкеруі (сыз — сіз, тұз — түз). Жуан дауыссыздар (твёрдые согласные)— тілдін орта тұсынын қатты тандайға көтерілмеуінен тембрі (әуені) темен, қатаң айтылатын дауыссыздар.[3]
Дауыссыздардың жуандауы орыс. твёрдость согласных — көрші жуан дауысты дыбыстың әсерімен дауыссыздардың жуандап айтылуы. Мысалы: ар, он, тар, бар ср. ер, өң, тер, бер. Әр уақытта жуан айтылып, буын талғайтын дауыссыздар: қ, ғ. Мысалы: қар, ғана, сақ, доға.
Дауыссыздардың жіңішкеруі — тілдің орта шені таңдайдын орта шеніне нық тиіп, сонан соң бірден ашылып кетуі арқылы жасалып, әрдайым жіңішке айтылатын дауыссыздар: к, г. Орыс сөздерінде кездесетін ч, щ дыбыстарының да жуан сыңары жоқ, ал қалған дауыссыздар буын ыңғайына қарай жуан, жіңішке болып айтыла береді. Мысалы: қазақ тілінде am — em, үн — үн, тор — тер, аз — әз.
Дауысты дыбыстар — дыбыстау мүшелерінің бірыңғай толық қатысуынан, фонациялық ауаның кедергісіз, еркін және баяу шығуынан жасалатын дыбыстар. Дауысты дыбыстар фонациялық ауаның көмейде керіліп тұрған дауыс шымылдығына соқтығуынан пайда болған дірілден жасалады. Дауысты дыбыстардың басты қасиеті сөз ішінде буын жасап, дауыссыз дыбыстармен тіркесе алатындығында. Қазіргі қазақ тілінің дауыстылар жүйесі 9 дыбыстан құралған: а, о, е, ы, і, о, ө, ұ, ү. Дауысты дыбыстар айтылғанда жақтың, еріннің, тілдің қатысу дәрежесіне қарай: ашық — қысаң, еріндік — езулік, жуан — жіңішке болып бөлінеді.[1]
Дифтоңдар— екі немесе үш дыбысты біріктіретін: и, у, ю, я
Мысалы: ми [мый], миіз [мійіз], мия [мыйа], тиым [тыйым], тию [тійіу], тию [тыйыу], жиын [жыйын], жиен [жійен], шипа [шыйпа], шие[шійе], сүю [сүйіу], сия [сыйа], би [бій], бидай [быйдай], зиян [зыйан], ию [ійіу], у [ұу], су [сұу] сурет [сүурет] .
Жуан дауыстылар — тілдің кейін жиырылуы арқылы жасалатын дауыстылар: а, о, (у), ұ, ы
Жіңішке дауыстылар — тілдің ілгері созылуы арқылы жасалатын дауыстылар: ә, е, (и), ө, ү, і
Ашық дауыстылар — тілдің таңдайға қарай төмендеп барып көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылар, оларды айтқанда жақ кең ашылып, иек төмендейді. Қазақ тіліндегі ашық дауыстылар: а, ә, е, о, ө.
Қысаң дауыстылар — жақтың кең ашылмай, тілдің таңдайға қарай жоғары көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылар. Қазақ тіліндегі қысаң дауыстылар: ы, і, (и), (у), ү.
Еріндік дауыстылар — айтылуда еріннің алға қарай сүйірленуі арқылы жасалатын дауысты дыбыстар: о, ө, ұ, ү, (у). Бұлар орыс тіліндегі әдебиеттерде "Лабиализованные гласные" деп те айтылады.
Езулік дауыстылар — айтылуда еріннің кейін тартылып, езудің жиырылуы арқылы жасалатын дауысты дыбыстар: а, ә, е, э, ы, і, (и). Орыс тіліндегі әдебиеттерде "Нелабиализованные гласные" терминімен де беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |