Елін сүйген, елі сүйген Елбасы Бұл ойды барша қазақстандықтар қуаттайды



Дата25.02.2016
өлшемі24.16 Kb.
#26089
Егемен Қазақстан. – 2015. - №40. -28 ақпан

Біржан С.



Елін сүйген, елі сүйген Елбасы

Бұл ойды барша қазақстандықтар қуаттайды
Кеше Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы» атты патриоттық театрландырылған флеш-моб өтті. Шара барысында ҚазАТУ-дың студенттері үстіміздегі жылдың 26 сәуірі күні өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына жастарды белсенді атсалысуға шақырған үндеу жариялады. Оқу орнында ұйымдастырылған кең ау­қымды шараға Қазақстан халқы Ас­сам­блеясы Төрағасының орынбасары Ана­­толий Башмаков, «Нұр Отан» пар­тия­­сының хатшысы Фархад Қуан­ғанов, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агро­техникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев, Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, т.б. қатысты.

Ақылбек КҮРІШБАЕВ, ҚазАТУ ректоры:

– Бүгін біздің студенттеріміз еліміздегі ең басты саяси оқиға – кезектен тыс президенттік сайлауға қатысты өздерінің азаматтық белсенділіктерін көрсетті. Біздің жастарымыз қоғамымыздағы оң өзгерістердің барлығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен тікелей байланыс­ты екенін жақсы түсінеді. Мемлекет бас­шысының сарабдал да салиқалы саясатының арқасында елімізде жеке адамның үйлесімді дамуына, жастардың интеллектуалдық әлеуетінің толықтай ашылуына барлық жағдай жасалған.

Жоғары білім беру саласында да түбегейлі өзгерістер жүрді. Мәселен, біздің университетіміз үш жыл ішінде әлемдегі жетекші университеттер рейтингіндегі ТОП-700-дің қатарына енді. Сөйтіп, ғылыми-зерттеу ЖОО атанды. Ғылымды қаржыландыру соңғы үш жылда сегіз есеге ұлғайды. Осылайша, жас оқытушыларымыз бен студенттеріміз біздің қабырғамызда жүріп-ақ салмақты ғылыми-зерттеулермен айналысып, инновациялық жобалар жасауға мүмкіндік алды.

Біздің барлығымыз Президентпен бірге «Қазақстан-2050» Стратегиясында бел­гіленген көрсеткіштерге қол жеткізетінімізге сенімдімін. Өйткені, бүгінде елімізде жо­ғары білікті жас кадрлар мен өз елінің шынайы патриоттары өсіп келеді.



Мақсат ЕСМАҒҰЛОВ, ҚазАТУ-дың 4-курс студенті:

– Мен болашақ жас маман инженер ретінде елімізде жоғары білім алу үшін барлық жағдай жасалғанын ерекше атап көрсеткім келеді. Біз әрдайым мемлекеттің қолдауын айқын сезінудеміз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дана да салмақты саясатының нәтижесінде еліміз күн өткен сайын даму үстінде. Сондықтан өз басым Тұңғыш Президентіміз жүргізіп келе жатқан саясаттың жалғастырылғанын қалаймын.

Еліміздің жедел дамуы мен қа­зақ­стандықтардың әл-ауқатының артуына байланысты мен Қазақстан жастарын 26 сәуір күні өтетін кезектен тыс президенттік сайлауды жан-жақты қолдауға шақырамын.

Егер менен қазір Қазақстан прези­денттігіне кандидаттар қатарынан кімді көр­гіңіз келген болар еді деп сұраса, мен ойланбастан-ақ елімізді әрі қарай да Пре­зидент Нұрсұлтан Назарбаевтың басқар­ғанын қалайтынымды айтар едім. Өйт­кені, Елбасының дана саясатының нәти­же­сінде еліміз әлемдегі тұрақсыз ахуал­дарға қарамастан, өзінің бірқалыпты даму бағытынан айныған емес.



Мүмкіндікті пайдаланып, Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтан алдағы прези­дент­тік сайлауға түсу үшін өзінің кандидатурасын ілгерілетуді өтінер едім. Өйт­ке­ні, мен өзімнің болашағым мен елімнің бо­лашағын Тұңғыш Президент Нұрсұлтан На­зарбаевтың қолына толық сеніммен аламын.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет