ӘҺлю-с-сунна уәл жәМА’а жақсылықҚа бұйыруды және жамандықтан тыюды мойнына алған кісілердің барлығын шариғИ Өлшемдердің негізінде пайда мен зиянды ескеруге шақырады



Дата10.06.2016
өлшемі37.06 Kb.
#127106
Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен
ӘҺЛЮ-С-СУННА УӘЛ ЖӘМА’А ЖАҚСЫЛЫҚҚА БҰЙЫРУДЫ ЖӘНЕ ЖАМАНДЫҚТАН ТЫЮДЫ МОЙНЫНА АЛҒАН КІСІЛЕРДІҢ БАРЛЫҒЫН ШАРИҒИ ӨЛШЕМДЕРДІҢ НЕГІЗІНДЕ ПАЙДА МЕН ЗИЯНДЫ ЕСКЕРУГЕ ШАҚЫРАДЫ

Аллаһ Тағала былай деді:



﴿ وَلاَ تَسُبُّواْ الَّذِينَ يَدْعُونَ مِن دُونِ اللَّهِ فَيَسُبُّواْ اللَّهَ عَدْوًا بِغَيْرِ عِلْمٍ كَذَلِكَ زَيَّنَّا لِكُلِّ أُمَّةٍ عَمَلَهُمْ ثُمَّ إِلَى رَبِّهِم مَّرْجِعُهُمْ فَيُنَبِّئُهُم بِمَا كَانُواْ يَعْمَلُونَ ﴾

«Олардың Аллаһтан өзге сиынғандарын боқтамаңдар. Олар білместікпен шектен шығып, Аллаһқа тіл тигізеді. Осылайша, әр топқа өз істерін әдемі көрсеттік. Сонан соң қайтар орындары Раббыларына. Сонда оларға не істегендерін білдіреді» («әл-Әнғам» сүресі, 108-аят).

(Ол) сондай-ақ (былай деп айтты):



﴿ وَمَا مَنَعَنَا أَن نُّرْسِلَ بِالآيَاتِ إِلاَّ أَن كَذَّبَ بِهَا الأَوَّلُونَ وَآتَيْنَا ثَمُودَ النَّاقَةَ مُبْصِرَةً فَظَلَمُواْ بِهَا وَمَا نُرْسِلُ بِالآيَاتِ إِلاَّ تَخْوِيفًا ﴾

«Біздің мұғжизалар жібермеуіміз бұрынғылардың мұғжизаны жасынға шығаруы ғана болды. Сондай-ақ Сәмуд еліне көрнеу түрде аруана жібердік. Бірақ олар оған зұлымдық қылып, өлтірді. Негізінде Біз мұғжизаларымызды тек үрейлендіру үшін ғана жібереміз» («әл-Исра» сүресі, 59-аят).

Айшаның (Аллаһ оған разы болсын) сөздерінен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Егер сенің елің жәхилдікке (надандыққа) соншалықты жақын болмағанда, мен Қағбаның қазынасын Аллаһ жолында жұмсар едім, оның есігін жерге жақын етер едім, әрі оған хижрды қосатын едім» (Муслим, 1333).

Жәбир жеткізген екіжүзділер туралы оқиғада (сахабалар) Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Оларды (екіжүзділерді) өлтірсек қайтеді?», - деп сұрақ қойғаны жеткізіледі. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Адамдар: «Мухаммад өзінің сахабаларын өлтіріп жатыр», - деп айтпас үшін, жоқ», - деп жауап берді (әл-Бухари, 4905; Муслим, 2584).

Сондықтан да, егер қандай да бір адам (немесе топ) өзіне жақсылықты да, жамандықты да қамтыған болса, әрі олардың арасын бөлу мүмкін емес болса, яғни бұл адам не жақсылық пен жамандықты қоса істейтін болса, не жақсылық пен жамандықты тұтас тастайтын болса, онда әрбір нақты жағдай (жеке) қаралмайынша, оны жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыюға болмайды.

Егер жақсылық көбірек болса, онда сол жақсылық бұйырылады, тіпті оның ізінен бір жамандық ұласса да. Әрі егер жамандықтан тыю сол жамандықтан анағұрлым үлкен жақсылықты тастауға алып келсе, бұл жамандықты тыйым салуға болмайды. Аталған жағдайда жамандықтан тыю адамды Аллаһтың жолынан бет бұруға, Аллаһ пен Оның Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бағынудың жойылуына алып келеді.

Ал егер жамандық көбірек болса, онда оған тыйым салынады, тіпті бұл кішігірім бір жақсылықтың жоғалуына әкелсе де.

Егер де жақсылық пен жамандық дәрежелерімен бірдей болса, әрі олардың арасын бөлу мүмкін емес болса, онда еш нәрсе бұйырылмайды да, еш нәрсеге тыйым да салынбайды. Кейде әлдебір нәрсені бұйырған, ал кейде әлдебір нәрсені тыйған абзалырақ болады. Бірақ кейде бұйырмау да, тыймау да жақсырақ болатын жағдайлар болады. Бұл (әрбір) нақты жағдайға қатысты.

Яғни жақсылыққа бұйыру одан да жақсырақ болған нәрсенің жоғалуына әкелмеуі керек. Сондай-ақ жақсылыққа бұйыру қандай да бір жамандықтың пайда болуына әкелмеуі тиіс. Жамандықтан тыю одан да зор жамандықтың пайда болуына келтірмеу керек. Сондай-ақ жамандықтан тыю бұл жамандықтан едәуір маңыздырақ жақсылықтың жойылуына әкелмеуі тиіс. Ал егер (қандай да бір) жағдай толық түсінікті болмай жатса, мүмин адам ақиқат айқындалғанша, ол жағдайды талдап қарауы қажет. Адам білімсіз әрі тура ниетсіз қандай да бір іске кіріспеуі керек.

Бұған мысал ретінде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) екіжүзділік пен арсыздықтың басшыларының қатарынан болған Абдуллаһ ибн Убайй мен сол секілділердің іс-әрекеттері туралы үндемей қалдыруын келтіруге болады, себебі олардың көмекшілері бар болатын. Егер олар жазаға тартылғанда, бұл жақсылықтың жоғалуына алып келер еді. Яғни Абдуллаһ ибн Убаййдің руы Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ашулануы мүмкін еді, ал адамдар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз сахабаларын өлтіріп жатқанын есітіп, Ислам қабылдау ойларынан қайтар еді.

Бірақ (осы жерде) пайда мен зиянның дәрежесін өлшеу шариғаттың таразысында жүргізілуі тиіс екенін атап кету маңызды.



Алынған дереккөз: АбдуЛлаһ ибн Салих әл-‘Убайләннің «Сәләфтардың тәрбие мен түзету мәселесіндегі мәнһажының айқын түсіндірмесі» кітабы (шейх Салих ибн Фаузан ибн ’АбдиЛләһ әл-Фаузанның ескертпелерімен), 18-ереже.

Араб тілінен орыс тіліне аударған: Арсен Абу Яхъя.

Қазақ тіліне орыс тілінен аударған: «Абу Ханифа мирасы» сайтының редакциясы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет