10 диета - бүйректің, жүрек - қантамыржүйесінің кейбір аурулары кезінде белгіленеді:рационда ас тұзы мен сұйық ішу азайтылады;
тамақ суға не буға пісіріледі;
қуырлған тамақ жеуге тыйым салынады;
тұзсыз тағамдардың дәмін келтіру үшін сүт, ірімшік, жеміс және жеміс соустарынан жасалған пудингтерді пайдалану ұсынылады;
тамаққа қант, бал, лимон, лимон шырыны мен қышқылын, қою томат шырынын, ванилин, дәмқабық, қалампыр қосуға болады;
күндік ас үлесінің құрамы: белок - 80 г., май - 7 г., углевод - 350-400 г., ас тұзы - 3 г, сусын мөлшері 0,8 литрден аспағаны жөн.
№11 диета - туберкулез және өкпенің іріңді аурулары кезінде, ұзаққа созылған ауыр науқастан жазыла бастағанда белгіленеді:
белоктардың, май, көміртегі, кальций және фосфор тұздарының құрамы арттырылады;
көбінесе сүттен жасалған тамақтарды пайдалану арқылы рациондағы мал өнімдерінен алынатын белок мөлшерін арттыру;
С дәрумені бар (көкөніс, жеміс-жидек, итмұрын, қайнатылған су);
В дәрумені тобы (бауыр, ашытылған сусындар);
күндік тамақ ішу жиілігі - 4 рет;
күндік рацион құрамы: белок -120 г., май - 120 грамға дейін, углевод - 500 г., кальций - 1,6 - 2 г., фосфор - 1,6 г.
№12 диета - жүйкежүйелері ауруларына шалдыққанда белгіленеді.
№13 диета - асқынған жұқпалыаурулармен ауырған науақастарға белгіленеді.
№14 диета - бүйрекке тас байланған кезде белгіленетін диета.
№15 диета - арнайы емдік тағам белгіленбейтін басқа ауру түрлеріне қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |