Емелтау ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы атқарған жұмыстары туралы ауыл тұрғындары алдындағы есебі



Дата24.02.2016
өлшемі47.16 Kb.
#11743
Емелтау ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы атқарған жұмыстары туралы ауыл тұрғындары алдындағы есебі

Құрметті Халайық! Емелтау ауылдық округі бойынша да бірқатар әлеуметтік-экономикалық, мәдени- тұрмыстық салада жұмыстар атқарылып, соның қорытындысы жылдағы дәстүр бойынша өткен жылға халық алдындағы есеп беру жиналысына жиналып отырмыз. Ең алдымен округ көлемінде төлқұжат бойынша мәліметтерге қысқаша тоқтала кетсем. Бүгінг і күнге округте 441244-га жер, оның 367931 га жайылымдық, 11318 га шабындық жерлер болса, оның 23939 га шаруа қожалықтарының иелігінде 35527 га жер елді мекен тұрғындарының пайдалануына бекітілген. Округте 511 адам, 117 отбасы тіркелген. Оның ішінде қазіргі уақытта ауылда тұрмайтын, бірақ тіркеуден шықпай отырған отбасылар мен адамдар бар. Соғыс ардагері-жоқ.1- Аягөз ауданының құрметті азаматы (яғни Тиыштыбеков Беркін атамыз) бар. Соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер жоқ. 12- Алтын және күміс алқа игерлері тұрады. 45-тен астам зейнеткерлер болса, І-ІІ-ІІІ топтағы мүгедектер -10. Адрестік көмек алушы -1отбасы 5 адам. Балалар жәрдемақысын 12 отбасы алады. Былтырғы жылы еңбек биржасында 4 адам түрлі ақылы қоғамдық жұмыстарда болған ауылда сақшы жұмысын атқаратын адам бар. Ауылда 15 ке тарта студент жастар әртүрлі оқу орындарында білім алуда.

Округ бойынша 12 шаруа қожалығы тіркелген, онда 25- ке тарта адам еңбек етеді. Округ тұрғындары мен шаруа қожалықтарында 60 қа тарта (нақты 57) жүк және жеңілавто-көліктер бар.). 17 доңғалақты тракторлар мен ауыл шаруашылық техникалары бар. 2 сауда дүкені, бірді-екілі дүңгіршектер халыққа сауда қызметін көрсетеді.(Бұл арада бір айтар жайт сауда дүкендері арнайы сауда орындарында, белгілі жұмыс кестесімен, товарлардың сақталу талабына сай болуын, товар бағаларының, сауда мәдениетін сақтап қызмет жасауға көшу қажет деп ойлаймын. Әрине бұл саудамен айналысуда оңай шаруа емес дегенмен қазіргі уақытқа қарай жаңалыққа,мәдениетке қарай қадамдар жылдан-жылға жасалып отыру қажет.) Округте орта мектеп, медициналық пункт, мәдениет үйі, кітапхана, почта-байланыс, электр желісі, телехабар желісі, ауыз –су қызметкерлері халыққа қызмет көрсетеді. «Т.Көбдіков атындағы жалпы білім беретін орта мектепте» 2013-2014 оқу жылында 26 ұстаз және тәрбиешілер қызмет жасаса, оның сапалық құралы 18-жоғары білімді, 3-і арнаулы орта білімді, оның ішінде жоғары санатты-5, бірінші санатты-6, екінші санатты-5 ұстаз. Жалпы 40-тан астам адам техпорсаналды қосқанда жұмыс істейді.Мектептегі оқушылар саны 93. Оқуға тартылмған бала жоқ. Мектепте оқу процесінде толық жағдай, яғни жарық, жылу, құрал жабдықтар мәселелері толықтай шешілген. Ыстық тамақ беру мәселесі де жолға қойылған. Демеушілік арқылы етпен қамтамасыз етуде ауыл ақсақалы Тиыштыбеков Беркін атамыз , Шарық кен өндіру орны ұлес қосты. Сол сияқты ауыл кәсіпкері Азизова Гулжан жазғы сауықтыру лагеріне 50 мың тенге көлемінде жардем жасады.. Мектепте интернет жүйесі іске қосылған, жаңа электр котел іске қосылды. Сонымен қатар мектеп алаңында көркейту жұмыстары көгалдандыру, гулдер өсіру, түнгі безендіру жарықтандыру жақсы жолға қойылды. 3 жылғы ҰБТ нәтижесіне қарасақ: 2011-12 оқу жылында орташа балл 57,8 болса, 2012-13 оқу жылында орташа балл 72,0 болса, 2013-14 оқу жылында орташа балл 84,6 құрап отыр, яғни нәтижелі жұмыстар бар Медициналық пункте -1 медсестра-акушерка, 1-фельдшер, 2 іде арнаулы орта білім, 2-техникалық жұмысшы қызмет жасайды. Мед-пункте жыл бойына жасалған жоспар бойынша профилактикалық егу-емдеу жұмыстары толық дер кезінде жүргізілген. Мед пункте қысқы жылу маусымына толық жағдай жасалған.Бұл мекемеде де түнгі безендіру, жарықтандыру жұмыстары жасалған, мекеме алдында гүл егіліп ағаштар қырқылып ретке келтірілді әр түрлі тақырыпта банерлар ауыстырылып отырады. Жедел-жәрдем машинасы дұрысты жағдайда.

Ауыл халқына мәдени - көпшілік қызмет көрсетуде мәдениет үйі, кітапхана жұмыс жасайды. Былтырғы жылы жыл бойы жоспарланған іс-шаралар толықтай өткізілген. Барлық атаулы күндер, мерекелерге байланысты іс-шаралар атқарылған. Түнгі безендіру, жарықтандыруда біршама жұмыстар жасалған.Мекеме алдына гүлзарлар жасалынып ағаш көшеттері отырғызылды.Ауыл бойынша барлық мәдени мерекелік даталар атап айтқанда Наурыз мерекесі,8 ші наурыз аналар мерекесі ,1 ші мамыр,Жеңіс күні,Балалар мерекесі, қарттар күні мерекесі, Тәуелсіздік күні мерекесі, Жаңа жылдық іс-шаралар жақсы дайындықпен өткізіліп отырылды.

Почта-байланыс мекемесі халыққа біршама қызметтер көрсетіп отыр.Биылғы жылы аудандық телекоммуникация торабының жоспары бойынша ауылымызға (безпроводный) спутниковый байланыс жүйесі орнатылып, бұл жөнінде ауыл әкімінің өкімімен тиесілі жер учаскесі бөлініп тиісті келісімдер жасалынды. Бұл құрылатын байланыс мұнарасының қызметі 50-70 км радиусті (70 км-ге дейін) қамтиды.

.. Халықты ауыз сумен қамтамасыз етуде су құбыры жүйесі жұмыс жасап отыр. Қазіргі уақытта жауапты 1 адам және жұмыссыздық арқылы бір адам қызмет көрсетеді. Қазір 1-ақ су скважинасы істеп тұр. Былтырғы жылы жергілікті бюджет қаржысынан жаңа су айдау насосы орнатылды, жаңа электр жәшігі койылды, ал екінші скважинада ескі су айдау насосы тұр, алайда тозығы жетіп ауыстыруды қажет етеді

Ал енді қысқы жол қатынасы туралы көтерме жолдың жағдайына келсек. Әзірге жол қатынасында қиыншылықтар, іркілістер орын алған жоқ. Былтырғы жылы күзгі (профилировка) жұмыстары жасалынған , алайда сапалы жасалды деуге келмейді, себебі жол қырып тегістеу үшін материал жетіспейді. Ауыл бойынша тазалық жұмыстары халықтың ұйымшылдығымен біршама жасалған. Иесіз үйлердің орны, бұрынғы мекемелердің орнын тазалауда екі жыл қатарынан жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы есебінен біршама жұмыстар жасалынып үйінділер арнайы күл-қоқыс орнына шығарылды.

Міне осы атқарылған жұмыстардың бәрі негізінен, ауылдың экономикалық-әлеуметтік дамуына оның ішінде қарап отырғанымыз мал шаруашылығы, мал басы мен мал өнімдерін өндіруге байланысты екендігі анық. Олай болса қысқаша мәліметтерге тоқталсам: 01.01.2014 ж 01.01.2015 ж Ірі қара 1452 1452 – 100% Аналығы 707 707 -100 % Қой ешкі 10303 10303 - 100 % аналығы 5500 5500 - 100 % жылқы 323 323 -100 % аналығы 175 175 - 100%

Ет өндіру, сут өндіру, жүн өндіру - 100% болып орындалып отыр.

Бұл бағытта табысты еңбек етіп келе жатқан Баубек, Қасқа, Әлібек, Меруерт, Серік, Аслан, Самал, Сағынай, Фариза, Арқаш т.б шаруа қожалықтарын атап өтуге болады. Ауыл бойынша 2013 жылы 6 адам 2020 бағдарламасы бойынша шағын несиелер 3 млн алып өз істерін жүргізуде (мал өсіру). 2014 жылы 2 адам несие алуға тілек білдіріп оның біреуі несие қаржысын алып ірі қара малын өсіруде ал екінші адам несие алуға биылғы жылы кезекте тұр.

Ауылдық округте 1 бас маман мал дәрігері және 3 Аягөз аудандық коммуналдық мекемесіне қарасты мамандар жұмыс атқарады. Соңғы 3-4 жылда округ бойынша бруцеллез ауруы ірі қарадан 2011 жылы 8 бас ол 2 мал иесінен, 2012 ж – 6 бас ол 5мал иесінен , 2013 ж -1 бас қана ол 1 мал иесінен болғаны анықталған , 2014 жылы бірде бір бас бурцеллез ауруы анықталған жоқ. Жалпы анықталған ауру малдар жойылып, мал өлексесін тастайтын орынға апарылды. Сонымен қатар былтырғы жылы 5 шаруа қожалығының мал қоралары КГП Вет мекемесінің арнайы ДУК машинасымен мал қоралары залалсыздандырылды.

Жергілікті алым-салықтар орындалысы туралы: жеке тұлғалар бойынша жер салығы 16267 болса ол -100% мүлік салығы 10915 болса ол- 100 % орындалған



Жалпы қорыта келгенде Емелтау ауылдық округі әкімі, оның аппаратының халықтық әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік- экономикалық мәселелерді шешуге ықпал етуге ауыл келбетін жақсартуда атқарылатын жұмыстары жеткілікті және осы бағытта мақсатты жұмыстар жасайтын болады

Тыңдағандарыңызға Рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет