Ән: «Алтын күз» Көрініс: «Шалқан» ертегісі Мақсаты



Дата11.03.2022
өлшемі13.9 Kb.
#456196
ырысқа толы алтын куз


Мақсаты: Балаларға күз мезгілінде болатын өзгерістер туралы айту, мерекелік көтеріңкі көңіл күй сыйлау, ертеңгілікке белсенді қатысуларын қадағалау.
Жүргізуші: -Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгінгі
«Ырысқа толы –Алтын күз» мерекелік ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Кезекті балалардың жыр-шумақтарына берейік:
Жансая: Алтын күзге сәлем деп,
Жайдары жазға қош дедім.
Ырысқа толы Алтын күз,
Ортамызға қош келдің!
Айзере: Ақтарады мырза күз,
Уылжыған жемісті.
Күзге бізде ризамыз
Аянбаған ел үшін!
Ән: «Алтын күз»
Көрініс: «Шалқан» ертегісі
Мақсаты: Бірлікке,татулыққа үйрету. Ертегі арқылы балаларды қызықтыра білу.
Ендігі кезекті «Көкөністер мен жемістер» айтысына берейік:

Саян: Мен алмамын, алмамын,


Таңдай татар бал дәмім.
Мына тәтті бал-дәмді,
Дастарханыңа арнадым.
Бекнұр: Піскен кезде қызанақ,
Көз тартар қызыл дәмімен.
Бар ма адам сүйсінбей,
Томат шырынын ішпеген.
Айлина: Мен шиемін,шиемін
Күннің көзін сүйемін.
Қажеттілік адамға,
Оны жақсы білемін.
Назар: Мен қиярмын, қиярмын,
Салаттардың сәнімін.
Дәруменім мол менің,
Жегенге қуат сыйлаймын.
Айбибі: Тіл үйірген алмұртпын,
Таңсығымын бар жұрттың.
Жақсы өсіре алмайды,
Қараса егер салғырт кім
Айлина: Кім бар сәбіз шырынын,
Жастайынан ішпеген.
Мені жеген адамдар,
Кем болмайды күшке де!
Ойын: «Жемістер мен көкөністер»
Мақсаты: Жемістер мен көкөністерді ажырату, балалардың ептілігін, шапшаңдығын анықтау
Шарты: Әр бала өзінде бейнеленген жемістердің суреті бойынша қолшатырларға бару қажет.
Би: «Күз келгенде»
Мадияр: Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.
Әміржан: Жеміс мол теретін,
Күз дос екен сіздермен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт жан күз деген.
Әділжан: Алтын, сары,қызыл
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Дәулет: Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп бізде.
Алена: Күн суытып келеді,
Жапырақтар түседі.
Астық-жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз мың алғыс,
Алдың өнім-сыйыңды!
Ән: «Осенняя прогулка»
Жүргізуші: -Осымен ертеңгілігіміз аяқталды, сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет