Енді ұзын-соңар ой-иірімдерімізді жинақтап, сөзіміздің негізгі түйініне келейік



Дата25.05.2024
өлшемі20.5 Kb.
#501847
Халқының даңқын қорғаған батыр


Халқының даңқын қорғаған батыр – Сырымның қазасының арты жыл өткен сайын үлкен тоймен аталып, ұрпақтарының есінде сақталған.
Ал, романның тілі , суреттеу, бейнелеу құралы , Ғ. Мүсіреповтың сөз шебері ретінде әбден толысқанының куәсі боларлықтай. Оның суреттеулерінде жансыз заттың өзі жанды бейнеге айналып жре береді. Мына үзіндіге назар аударайық:
“ Самауыр, Шынар, Ұлпан, Есеней , Әсіреп, Мүсіреп, Науша, Жаниша, Кенжетай,- дастарханды айнала отырған. Бәрі де ақ жарқын жүзбен күлісіп алды. Шай енді сорапталды, сорапталды келіп..” Дастарханды айнала отырғандардың бірі – самауыр. Ғабеңнің бейнелеуінде ол да көп адардармен бірге оқиға араласушы.
Ұлпан бейнесі – бүкіл қазақ әйелінің қиынтық бейнесі. Осы образдың ішкі түйінінде қазақ әйелінің феодалдық қоғамда көрген зорлық-зомбылығыда , ел билеген , ел басқарған даналығы мен батырлығы да, шаңырақты сүттей ұйытып , мейірімге бөлер аналық қадір – қасиетте жатыр!

Қорытынды


Енді ұзын-соңар ой-иірімдерімізді жинақтап, сөзіміздің негізгі түйініне келейік.
Мүсіреповті қара сөз бәйгісінде шашасына шаң жуытпас жүйрік десек, оның шығармалары дау тудырмас даналығымен қымбат.
Мүсіреповті тілі мірдің оғындай жазушы десек , оның шығармалары – айтар ойының дәлдігімен, құлжаның асығындай шымыр – әрі салмақтылығымен құнды.
Мүсіреповтің осындай дәрежеде жазылған шығармаларының ішіндегі ауыз толтырып айтарлығы -’’ Оянған өлке’’ мен ’’Ұлпан ’’ романдары. Міне , осы екі шығармада халық мәдениеті қалай көрініс табады? Халық мәдениеті және оның көркемдік – эстетикалық қызметі қандай? – деген сұрақтар төңірегінде шама – шарқынша ойланып, ізденіп сөз қозғадым.
Көз жеткізген жағдай – бұл тақырыптың тың тақырып екендігі. Сондықтан ба , дәл осы тақырып жөнінде жазылған іліп алар зерттеулер жоқ. Осы жұмыста қолданылған әдебиеттердің тапшылығынан көп қиналдым. Тақырыбым ашылғанмен, оны жан–жақты , терең зерттей алмадым. Соған қарағанда, бұл тақырып зерттеуді ауадай қажет етіп тұр–ау деген ойға келдім. Осы ойымды пайдаланып, зерттеушілер бірінің айтқаныН қайталап бергенше, осындай тың тақырыптарға жөн салса, болар еді, дегім келеді. Өзінене – өзі зерттеуді қажет етіп тұрған осындай тақырыптар зерттеушілердің назарына іліксе , біраз мәселенің түйіні шешілер еді...
Қай заманның болмасынөзіндік тарихы бар, мәдениеті бар, әдебиетә бар. Өткенімізді талай даттасақта, тарихымыздан жалы жауып тастай алмаймыз. Тарих күйінде қалатын құбылыс. Оны ешкім қолмен қойғандай түзете де , кеміте де алмайды.
Жазушының шығармасына қазіргі тұрғыда баға бере алмаймыз, себебі әр заманның өз ағымы болғаны ақиқат. ’’Оянған өлке’’ мен ’’Ұлпан ’’ романдары төңірегінде соңғы кездерде айтылып жүрген сын– ескертпелерді, қазіргі заман тұрғысына дұрыс айтылған десек те , бұл екі романның біздің әдебиетіміздегі орны теңдесіз. Қазақтың қазақ екендігін танытқан шығарма ’’Абай жолындағы’’ халық мәдениетінің көріністерін толықтыра түскен, мөлдіретіп көз алдымызға әкелген ’’Оянған өлке’’ мен ’’ Ұлпан’’ романдары деп несін айта аламыз.
Халық мәдениеті – отбасы, ошақ қасынан , табалдырық пен босағадан басталатын мәдениет. Олай болса, жүріп–тұру , сөйлеу, қалт еткен қимылының бәрі – мәдениет. Салт–дәстүр , әдет–ғұрып, кісі күтіп, қонақ қабылдау, амандық–саулық, ән мен жырға әуестік, келін түсіру, қыз ұзату, ұлттық ойындар, әсемдік, сұлулық көре білу, көшпелі қазақ елінің киіз үй тігу көріністері , табиғат пен дала , аңға шығу суреттері , сыйластық, әдеп; сәби дүниеге келген кездегі шілдехана,ат қою, қуанышқа шашу шаша білу, діни–наным–сенімдер, емдеу тәсілдері, намаз оқу рәсімі, мақалдап, тұспалап сөйлеу, алғыс, қарғыс, ақ бата, теріс бата беру сияқты сан қилы дәстүр , салт–халық мәдениетінің ірілі–ұсақты бөлшектері. Міне, дәл осындай жағдайдағы көріністер. ’’Оянған өлке’’ мен ’’ ’ Ұлпан’’ романдарында табиғи берілген. Ешбір боямсыз, қоспасыз берілген романдардағы халық мәдениетін бейнелейтін суреттер арқылы , біз бұл жағдайларға көз жеткіземіз. Жоғарыда атап, санамлап өткен әдет–дәстүр, салт көріністерінің бәрін нақты мысалдар арқылы көрсетіп, өз ойымды салмақтадым.
Жалпы, екі романдағы кейіпкерлердің өзіне тән болмыс–бітімі , ауыздан шыққан әр–бір сөздері мен ұсақ–түйен қимыл–әрекеттерінің өзі деп басып көрсетілген. ’’Оянған өлке’’ былай қойғанда ’’ Ұлпан’’ романындағы әйел теңсіздігі – мол кездегі халық мәдениеті , салтына жат құбылыс емес еді. Тарихи шыдықтың романдағы көріністері , меніңше , асырып не кемітіп айтары жоқ суреттер.
Жазушы осының бәрін щебер киюластырып ым–жымын білдірмей, соқталы туындыларға айналдырды. Көшпелі халықтың сан түрлі адамының бойындағы психология, жалпы көшпелі жағдайдағы халық психологиясы – екі романда да ұтымды берілген. Романды оқи отырып, ол қай халық туралы жазылғанын жазбай танисың. Міне, бұл біріншіден, жазушының шеберлігі болса, екіншіден, қазақ халқының өзіне тән қасиеті, өзіне тән мінезі өзіне тән болмысы.
Қысқасы , ’’Оянған өлке’’ мен ’’ ’ Ұлпан’’ романдарындағы дәстүрлі халық мәдениетінің көріністері және оның эстетикалық қызметі осындай.

Пайдаланылған әдебиеттер


Негізгі әдебиет

  1. Мүсірепов ғ. , ’’Оянған өлке’’ романы. Алматы ,19.2.

  2. Мүсірепов ғ. Таңдамалы шығармалары, III том, Алматы , 1980.

Арнаулы зерттеулер

  1. Алтынсарин Ы. Очерк обычаев при свотовстве и свадьбе у киргизов Оренбургского ведомства . избр.праиз. А., 1957

  2. Алтынсарин Ы. Очерк при похоронах у киргизов

Оренбургского ведомства . избр.соч ., А., 1957.
5.Арғынбаев Х.А. Қазақ халқының семья неке. А., 1978.
6. Ахтанов Т.Ғ. Мүсірепов . А., 1956
7. Әбілдаев Х. Талант. Талғаш. тағдыр. А., 1971.
8. Бенбергенов М. Сөз кергері А., 1967
9. Бердібаев Р. Қазіргі қазақ романының ерекшелігі. А., 1982
10. Базарбаев М. Өлең сөздің патшасы – сөз сарасы . А., 1976
11. Дәуренбеков И. Беташар . А., 1991
12. Қабдолов З. Жанр сыры. А, 1964
13. Қабдолов З. Сөз өнері. А, 1982
14. Қабдолов З. Арна . А, 1988
15. Қаратаев М. Әдебиет және эстетика . А,
16. Мұқанов С. Алтыбақан. А,1970
17. Марғұлан Ә. Казахская юрта и ее убранство. А,1964
18.Нарымбетов Ә. Уақыт шыңдығы – көркемдік кейілі. Әдеби мақалалар.А,1989
19 Нүрғалиев Р. Телағыс . А,1986
20.Омаров І. Әдеби толғамдар . А,1988
21. Сапаралы Б. Адалбақан . А,1992
22. Сағыңдықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары. А,1991
23. Габдуллин Ы. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. А,1974
24. Фольклор шыңдығы. Куллективтік монография. А,1990
25.Елеукенов Ш. Жаңа жолдан. А,1988
26.Мейер Л. Киргизская степь Оренбургского веломства. СПБ.1865
27. Уәлиханов Ш. Таңдамалы . А,1985
28. Күнісов А. Бабалар дәстүрі. А,1992
29. Яиушкевич А. Күнделіктер мен хаттар. А,1979

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет