Солтүстік Қазақстан облысы
Сартомар орта мектебі
Пән: география
Сынып: 7
Пән мұғалімі: Утеев Нұрхан Саинұлы
Сабақтың тақырыбы: § 11. Табиғат кешені
Сабақтың мақсаты:
-
Табиғат кешені, географиялық қабық пен оның бөліктері арасындағы байланысты анықтау, табиғат кешені туралы ұғымды қалыптастыру.
-
Оқушылардың шығармашылығы мен ой-өрісін дамытуды, ой-пікірдіанық жеткізе білуге дағдыландыру.
-
Өзіндік ой қорыту, мақсат қоя білу, іскерлікке баулу.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электронды оқулық, плакаттар, тірек сөздер, тест
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгелдеу, сынып тазалығын тексеру.
-
Үй тапсырмасын сұрау сергіту сәті арқылы жүргізіледі. Сергіту сәті 2 кезеңнен тұрады.
І. Ой шақыру кезеңі (2 мин.)
Ертіс –
Ніл –
Сахара –
Ява –
Тянь-Шань –
Меркурий –
Дрейк –
Гибралтар –
Каспий –
Шри-Ланка –
Сырдария –
Африка –
Мадагаскар –
Исландия –
ІІ. Адасқан хат кезеңі.
Оқушылар адасқан хаттарды алып, ондағы сөздерді жер қабықтарының қайсысына жататынын табады.
Атмосфера: бұлт, тұман, ауа, жел, тропосфера, шығанақ
Гидросфера: мұхит, Арал теңізі, өзен
Литосфера: Ертіс, Байқал, су, мантия, ядро, жер қыртысы
Биосфера: гранит, найзағай, оттегі, азот, өсімдік, биоценоз, көмір, мұнай
ІІІ. Жаңа сабақ.
Электрондық оқулықты пайдалана отырып басталады. Географиялық қабық дегеніміз – литосфераның жоғарғы бөлігі,атмосфераның төменгі бөлігі және гидросфера мен биосфераның өзара күрделібайланысы мен әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасатын ғаламшарлық дәрежедегітабиғат кешені. Жердің сыртын қоршаған қабықтары, яғни атмосфера, гидросфера, литосфера және биосфераөзара тығызбайланыста дамитындығын байқадық. Соның нәтижесінде Жер қабықтарыжанасатын өңіріндебір-бірімен үздіксіз әрекетте болады. Мәселен, атмосфера мен биосфера, литосфераның беткі қабатын тірі ағзаларкүрделі өзгеріске ұшыратады.
Атмосфера, литосфера және гидросфераның тоғысын, бір-бірінеәсер етуінің нәтижесінде. Жердің ерекше қабығы – географиялық қабық түзіледі. Географиялық тау жыныстарынан, ауадан, судан, топырақтан, өсімдіктерден, т.б. тұрады. Географиялық қабықтың бұл құрамдас бөліктері табиғат компоненттері деп аталады.
Кез-келген аумақтың табиғат компоненттерінің жиынтығы біртұтас жүйе құрайды. Ол жүйетабиғат кешені депаталады. Ең үлкентабғат кешені – географиялық қабық.
Жаңа тақырып бойынша тірек сөздерді жазамыз, тірек сөздер интерактивті тақтаға алдын-ала жазылып қойылған.
А) Тірек сөздер:
-
Атмосфера
-
Гидросфера
-
Литосфера
-
Биосфера
-
Географиялық қабық
-
Табиғат кешені
-
Мұхит
-
Материк
-
Тау жынысы
-
Ауа
-
Өсімдік
-
Тоғай
-
Үгілу
-
Теңіз
Ары қарай есте сақтауды дамыту үшін тірек сөздермен жұмыс басталады. Берілген уақыт өткен соң, сөздер өшіріледі. Оқушылар естеқал ғандарын айтады.
Ә) Одан кейін балаларға тірек сөздерді мәтіннен тауып, оқып шығуға тапсырма беріледі, дәптерлеріне олардың мағынасын ашып жазады.
Б) Тірек сөздер бойынша сұрақтар қойылады.
В) Тақырып бойынша тест сұрақтары (үлестірме қағаздар беруге де болады)
Қорытынды: 36-суретті талдау. Табиғат кешендерінің сызбасы.
Үйге: § 11. оқу, мазмұндау. Өздері тұрып жатқан жердегі антропогендік кешендерге мысалдар жазып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |